Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 657
Скачиваний: 12
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
1-2 | 6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 100-120 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) идеясын анықтайды. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында жан-жақты тұжырымдап, көтерілген мәселені түсіндіреді. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беруі, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруі қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін лексикалық бірліктерді көркемдік ерекшелігіне сай қолдануын бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
3-4 | 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу. | Ашық жауап, ақпаратты детальді анықтау | Мәтіндерді оқып, А және Ә мәнідерінен негізгі және қосымша ақпараттарды детальді анықтайды. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме немесе құттықтау құрастырып жазады. | 15 | 8 |
2 | |||||
5 | 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп «келісу, келіспеу» эссесін жазу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша жазба жұмысын орындайды. «Ата-ана отбасының ұйытқысы дегенге келісесіз бе?» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша айқын көрсетіп «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Көлемі 100-120 сөзден тұратын құрылымы сақталған эссе жазғаны бағаланады. | 25 | 10 |
Барлығы | 40 минут | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, құрылымдық ерекшелігіне назар аударыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Негізгі ойын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні.
Ғажайып Көктөбе
Көктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, Сіздер таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие боласыз. Биіктіктен тау-тастар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді.
Әсіресе бұл жер түнде, қала әралуан түсті жарықтарға толған мезгілде, айрықша әсемдікке бөленеді. Көктөбе таулардан алған айрықша әсер таза ауа мен бостандықты сезіну ғана емес, сонымен қатар достардың кездесетін, ғашықтардың серуендейтін, бала-шағамен бірге қыдырып демалатын, уақытты жақсы өткізетін орын.
Көктөбе аумағында шағын зообақ, «Fast Coaster» америкалық төбешіктері, жартасқа өрмелеу алаңы «Киіз үй» мейрамханасы, концерт залы және өзгеде нысандар әп-әдемі орналасқан. Әдемі әткеншектері де балалар қуанышына айналған. Көктөбеге кешкі уақыттарда келсеңіз ерекше күйге енесіз. (113 сөз)
massaget.kz22 Маусым 2018
Сұрақтар:
-
Көктөбе теңіз деңгейінен қанша метр жоғарыда орналасқан? -
Көктөбе несімен есте қалады?
Ә мәтіні.
Бурабай шатқалы
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және тап-таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері жиі-жиі орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10000-15000 теңгені құрайды. Онда жыл он екі ай балалар лагері жұмыс жасайды.
(111 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Сұрақтар:
-
Бурабай демалыс орны қай облыста орналасқан? -
Бурабай несімен ерекше?
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
9-10 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады. |
7-8 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
3-4 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды. |
1-2 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде аз қатысады. |
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз.
[10]
А мәтіні.
Мысыр пирамидасы
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадатханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды. (136 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125
Ә мәтіні.
Семирамида аспалы бағы
Семирамида аспалы бағы – Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б. 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгілген. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол «әлемнің жеті кереметінің» біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі
. (142 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125
А) Берілген мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Мысыр пирамидасы | Семирамида аспалы бағы | ||
Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат | Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат |
| | | |
| | | |
[8]
Ә. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме немесе құттықтау құрастырып 7-8 сөйлем жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесі
Оқылым
№ | Жауап | Балл |
1 | Негізгі ақпарат | 4 |
2 | Қосымша ақпарат | 4 |
3 | Жазба жұмысы | 2 |
Барлығы | 10 |
Жазылым
Берілген тапсырманы орындаңыз. Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша жазба жұмысын орындайды. «Ата-ана отбасының ұйытқысы дегенге келісесіз бе?» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.
[10]
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________