Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 655

Скачиваний: 12

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балл қою кестесі

Жазылым


Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған.

Ұсынылған тақырып бойынша көлемі 100-110 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізген, қателерді жібермеген.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданған.

7-8

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған.

Ұсынылған тақырып бойынша келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізген, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды.

Жазба жұмысында тыныс белгілердің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданған.

5-6

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ келісу-келіспеу эссесі бір жақты болмаған, жіберілген қателер тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданбағаны жалпы әсерді бұзады.

Ойын анық жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген.

3-4

Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы жүйесіз.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы ішін-ара тыныс белгілерінің түрлері сөз және сөйлем ішінде орынды қолданбаған.

1-2

Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы сақталмаған.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерді бір жақты тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған.

Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер бар. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданылмағандықтан мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1-2

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.


Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 150-170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді.

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады.

Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет.

Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға

3-5 минут беріледі)

5

5

3-4

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Ашық жауап, сәйкестендіру

Тапсырма жеке орындалады.

А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Көтерілген мәселені анықтауға әр мәтінге үш-үштен сұрақтар құрастырады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.


15

2

6

2

5

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін дұрыс қолданып, берілген тақырыптан ауытқымай, «Техниканың біздің елімізде дамығанына келісесіз бе?» немесе «Францияның Ұлттық кітапханасында 2700 қызметкер жұмыс жасайтынына келісесіз бе?» деген тақырыпқа абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп көлемі 100-120 сөзден тұратын «келісу, келіспеу» эссесін жазады.

25

10

Барлығы

40 минут

30


Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа

Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.

2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.

[10]

А мәтіні.

Денсаулық саласындағы жетістіктер

Денсаулық сақтау саласында да 2012 жыл жемісті жыл болды. Сәуір айында Ұлыбританияның ғалымдары сүт безі тканьдарына жүргізілген генетикалық зерттеу қорытындысын жариялады. Олар аурудың 10 типі болатынын анықтап, ауруды емдеу мен науқастың өмірін ұзартуға зор көмек болуы ықтимал.

Шынайы зат пен оны сканерлегеннен кейінгі 3D форматтағы кейпі. Ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен.

Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ. Көптің назарын аудартқан 3D технологиясы тек медицинада ғана қолданылмайды. Қазір 3D принтері де танымал болды.

«Қағаздағы типографиялық бояудың орнына мынадай шағын пластикалық катушка қолданылады. Нұсқауына қарап, оны қалаған формаға келтіре аласың. Интернетке кіріп, дизайнын тауып жүктеп, 3D принтеріңізге жібере аласыз. Тапсырысыңыздың оңай-күрделілігіне қарай белгілі уақыт аралығында құрастырып шығарады» дейді АҚШ-тағы Gizmodo порталы бас редакторы Брайан Барет.

Техинсайдерлер 3D принтерінің келесі жылы кеңінен қолданыла бастайтынын айтады. Оның екі мың таңбаға дейін қысқартуға мүмкіндігі бар. (160 сөз)

https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/

Ә мәтіні.

Әлемнің ғылым мен технологиядағы жетістіктері

2012 жылдың тағы бір маңызды жаңалығы АҚШ-тың Брукхейвен ұлттық лабораториясында жасалған сынақ. Мамандар кварк-глюонды плазма өндіріп, оның температурасын төрт триллион градус цельсийге жеткізе алды.

Бұл күн ядросынан 250 мың есе ыстық. Заттың мұндай күйі секундтың бір бөлшегінде ғана сақталады. Мұндай температура алтын иондарын жарық жылдамдығымен соғыстырған кезде пайда болған.

Ғалымдар 2012 жылы Жаңа Гвинеядағы тропикалық ормандарда мекен ететін омыртқалылардың ең ергежейлі түрін тапты. Латынша Paedophryne amauensis атауына ие болған ең кішкентай бақаның ұзындығы - 7,7 милиметр.


2012 жылы болған тағы бір айтарлықтай жаңалық – «Титаник» режиссері Джеймс Кэмеронның су астындағы Мариан шұңғымасына саяхат жасауы. Бұл ойпат жердің ең төменгі нүктесі – Тынық мұхиты табанынан 11 шақырым төмен жатыр.

Кэмерон – жердің ең төменгі нүктесіне барған алғашқы адам. Бұл саяхат нәтижесінде бұрындары белгісіз болып келген бірнеше тіршілік формалары ашылды.

Биыл австриялық скайдрайвист Феликс Баумгартнер де «тұңғиыққа секірді». Бірақ ол суға емес, 39 шақырым биіктен жерге секіріп, дыбыс жылдамдығынан да озды. Ол ең жоғарғы жылдамдықты бағындырған тұңғыш адам болды. (154 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді.


7-8


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді.

Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады.

Сырттан көмек қажет етеді.

3-4


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

Сырттан көмек қажет етеді.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2


Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады.



Оқылым

Тапсырма

Берілген тапсырманы орындаңыз.

1. А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.

2. Берілген мәтіндер бойынша көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз.

3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

[10]
А мәтіні.

Әлемге танымал кітапханалар

Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.

Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.

Ал, Британдық кітапхана – Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр. (168 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855
Ә мәтіні.

Әлемнің ең үлкен кітапханалары

Гейзель атындағы кітапхана – Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.

Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997 жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат.

Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006 жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.