Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 647
Скачиваний: 12
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балл қою кестесі
Жазылым
Балл саны | Сипаттамасы |
9-10 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізген, қателерді жібермеген. |
7-8 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізген, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды. |
5-6 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ келісу-келіспеу эссесі бір жақты болмаған, жіберілген қателер жалпы әсерді бұзады. Ойын анық жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген. |
3-4 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы жүйесіз. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) жібереді. |
1-2 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы сақталмаған. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерді бір жақты тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы. Көркем тіл құралдары аз қолданылған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
1-2 | 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. | Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 190-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
3-4 | 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу; 6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. | Ашық жауап, сәйкестендіру | А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқиды. Мәтінге коментарий жасайды. Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып, берілген мысалдар арқылы көркемдік ерекшеліктеріне сай сәйкестендіреді. | 15 | 6 |
4 | |||||
5 | 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу; 6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар жазба жұмысын орындайды. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 80-100 сөзден тұратын құрылымы сақталған өмірбаян құрастырып жазғаны бағаланады. | 25 | 10 |
Барлығы | 40 минут | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.
2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.
[10]
А мәтіні.
Мерейтой мәзірі
Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 15 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы әзірленген ауқымды бағдарламамен басталған мерейтойлық кеш ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Айман Мұсақожаева мен «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни стиліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасымен ашылды.
Концертке Франция, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия мен Италияның белгілі өнер қайраткерлері мен жоғары оқу орындарының басшылары арнайы келді. Мерекелік кеште жұртшылық Өнер университетінің бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктерін тамашалап, дәстүрлі және әлемдік музыка жауһарларымен сусындап қайтты.
Осы мерейтой құрметіне Астанада он күн бойы халықаралық өнер форумы өтті. Онда италиялық пианист Бруно Канино, Ресейдің Халық әртісі Максим Федотов, Граф Муржа, германиялық әйгілі музыкант Михаил Ваймен сынды тұлғалар қатысып, өнер көрсетті. Ал кеше халықаралық Өнер форумы аясында «Шабыт» шығармашылық сарайында скрипкаға арналып жазылған әуендердің концерті өтті. Онда С.Франк және И.Брамстың скрипка мен фортепианоға арналған шығармалары әуелесе, екінші бөлімде «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі мен Астана Мемлекеттік филармониясының концерті көрермен қауымға жол тартты.
Енді Айман Мұсақожаева басқаратын шығармашылық топ «Әлемнің сегізінші кереметі – Астана» атты осы мерейтойлық концерттік бағдарламасын Астанадан бөлек, Милан және Турин, Вашингтон мен Париж, Токио мен Лос-Анджелес сынды әлемнің ірі мегаполистерінде де ұйымдастыру мақсатында, гастрольдік сапарға аттанбақ. Түпкі мақсат – қазақтың өнерін төрткүл дүниеге таныту. (198 сөз)
https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/
Ә мәтіні.
Астанадағы ұлттық театр
Астана төрінде 2000 жылдың қаңтар айында «Ақ Орда» опера және балет театры болып ашылды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. Театрдың алғашқы маусымы М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды. Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал М.Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады. Ұлттық театр әншілерінің есімдері кеңінен таныла бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Х.Қалиламбекова, Ж.Бақтай сынды бірқатар опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. 2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты
. (198 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
9-10 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді. |
7-8 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді. Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады. Сырттан көмек қажет етеді. |
3-4 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. | Сырттан көмек қажет етеді. Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
1-2 | Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады. |