Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18556

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы функциясы бiр қарым-қатынаста жеке адамдарды, топтарды, институттарды бiрiктiредi, ал басқасында бөлектендiредi. Интеграция тұлғаның, жеке әлеуметтiк топтардың, мекемелердiң және жалпы қоғамның тұрақтылығына, орнықтылығының сақталуына септессе, дезинтеграция олардың әлсiреуiне әкеледi. Интеграциялық функция азды-көптi бiртұтас, жалпы дiни сенiм мойындалатын жерлерде орындалады. Егер тұлғаның дiни санасы мен жүрiс-тұрысында бiр-бiрiмен келiспейтiн үрдiстер байқалса, егер әлеуметтiк топтар мен қоғамда әр түрлi және бұған қоса бiр-бiрiне қайшы келетiн конфессиялар болса, дiн дезинтеграциялық функциясын атқарады.

Дiн мәдениеттiң құрамдас бөлiгi бола отырып, мәдениет тасымалдаушы функция атқарады. Ол мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – жазбаның, кiтап баспасының, өнердiң дамуына септеседi, дiни мәдениет құндылықтарының қорғалуы мен дамуын қамтамасыз етедi, жинақталған мұраның ұрпақтан ұрпаққа берiлуiн жүзеге асырады.

Заңға сәйкестендiрушi-заңға сәйкестендiрушi емес функциясы кейбiр қоғамдық тәртiптердi, институттарды (мемлекеттiк, саяси, құқықтық және т.б.), қарым-қатынастарды, нормаларды, үлгiлердi қажеттi деңгейiнде заңдастыру немесе, керiсiнше, олардың қайсыбiреулерiнiң заңсыздығын бекiту дегендi бiлдiредi. Дiн белгiлi бiр құбылыстарға баға беру мен осы құбылыстарға деген белгiлi бiр қарым-қатынастың қалыптасуын қамтамасыз ететiн жоғары талап – максиманы (лат. maxima – жоғары ұстаным) ұсынады. Максимаға мiндеттi және мызғымас сипат берiледi.

Дiннiң рөлiн талдау ұстанымдары

Дiни функциялардың орындалғанының көрiнiсi, нәтижесi, яғни дiннiң рөлi әр түрлi болған және бола бередi. Дiннiң рөлiн анық бiр мекен мен уақыт кеңiстiгiнде объективтi түрде, тарихи тұрғыдан нақты талдауға көмектесетiн кейбiр ұстанымдарды қалыптастырсақ.

1. Дiн экономикалық қатынастар мен қоғамдық өмiрдiң басқа да салаларына қайтарыла әсер еткенмен, оның рөлiн бастамалық және анықтаушы, шешушi деп санауға болмайды. Ол белгiлi бiр көзқарастарға, әрекетке, қатынастарға, институттарға рұқсат етедi, оларды “қасиеттiлiкке бөлейдi” немесе “абыройсыз”, “төмендеген”, “зұлымдыққа батқан”, “күнәға батқан”, “Құдай заңына”, “Құдай сөзiне” қарсы деп жариялайды. Дiни фактор экономикаға, саясатқа, мемлекетке, ұлтаралық қатынастарға, жанұяға, мәдениет саласына осы салалардағы дiншiл индивидтердiң, топтардың, ұйымдардың әрекетi арқылы әсер етедi. Дiни қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың “үстiне таңылады”.

2. Дiннiң әсер ету дәрежесi оның қоғамдағы орнына байланысты, ал бұл орын бiр жола берiлiп қоймайды, ол сакрализация (лат. sacer - қасиеттi) және секуляризация (кейiнгi лат. saecularis – дүниелiк, зайырлы) процесстерiнiң контексiнде өзгерiп отырады. Сакрализация дiни санкция саласына қоғамдық және жеке адам санасының формаларын, әрекеттi, қарым-қатынасты, адамдардың жүрiс-тұрысын, институттарды тарту, дiннiң қоғамдық және адамдардың жеке өмiрiнiң әр түрлi салаларына әсер етуiнiң өсуi дегендi бiлдiредi. Секуляризация, керiсiнше, дiннiң қоғамдық және жеке адам санасына әсерiн әлсiретуге, сан алуан әрекет түрлерiн, адамдардың жүрiс-тұрысын, қарым-қатынастар мен институттарды дiни санкциялау мүмкiндiктерiн шектеуге, дiншiл индивидтер мен ұйымдардың өмiрдiң әр түрлi дiни емес салаларына “кiруiне” бастайды. Көрсетiлген процесстер әр түрлi типтегi қоғамдарда, олардың бiрiн-бiрi ауыстыратын даму сатыларында, Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерi мен аймақтарында бiр сызық бойымен жүретiндей емес, қайшылыққа толы, бiр қалыпты емес.


3. Дiннiң қоғамға, оның жүйелерiне, ру-тайпалық, халықтық-ұлттық, аймақтық, әлемдiк дiндердiң, сондай-ақ жеке дiни бағыттар мен конфессиялардың индивидтерi мен тұлғаларына әсерi өзгеше. Алдыңғы бөлiмдерде көретiнiмiздей (қар. “Дiндер тарихы” бөлiмi), олардың дiни iлiмдерiнде, культiнде, ұйымдастыру мен этикасында спецификалық белгiлерi бар, олар дүниеге деген қатынас ережелерiнен, жолын ұстаушылардың қоғамдық және жеке өмiр салаларындағы күнделiктi жүрiс-тұрысынан көрiнедi, сондай-ақ “экономикалық адамға”, “саяси адамға”, “моральдық адамға”, “көркемдiк адамға” белгi қояды. Мотивация жүйесi де бiркелкi болған жоқ, иудаизм, христиандық, ислам, католицизм, кальвинизм, православие, ескi ғұрыпшылдық және басқа да дiни бағыттарда тұрмыстық әрекеттiң бағыттылығы мен нәтижелiлiгi де осыдан. Этника аралық, ұлтаралық қатынастарға ру-тайпалық, халықтық-ұлттық (индуизм, конфуцийшiлдiк, сикхизм және т.б.), әлемдiк дiндер (буддизм, христиандық ислам), олардың бағыттары мен конфессиялары түрлiше түстi. Буддист, христиан, мұсылман, синтоист, даосист, ру-тайпалық дiн ұстанушының моралiнде, әдептiлiк қатынастарында көзге түсерлiк айырмашылықтары бар. Ана немесе мына дiндермен жанасқан өнер, оның түрлерi мен жанрлары, көркемдiк образдар өз бетiнше дамыды.

4. Жоғарыда айтылғандай, дiн элементтер мен байланыстардың бiр қатарын қамтитын жүйелi құрылым болып табылады: өзiнiң сипаттық белгiлерi мен деңгейлерi бар сана, культтен тыс және культтiк әрекет пен қарым-қатынастар, дiннен тыс және дiни салаларда бағдарлана алу үшiн құрылған мекемелер. Аталған эелементтер мен байланыстардың қызмет етуi оларға, олардың мазмұны мен бағытына сәйкес нәтижелер берiп отырды. Дұрыс бiлiмдер әрекеттiң нәтижелi бағдарламасын құруға мүмкiндiк бердi, мәдениеттiң шығармашылық потенциалын көтердi, ал адасулар табиғатты, қоғам мен адамды дамудың объективтi заңдылықтарына сай қайта құруға септiгiн тигiзбедi, қолайсыз жағдайларға әкелiп соқтырды. Әрекет, қарым-қатынастар, мекемелер адамдарды шоғырландырады, дегенмен оларды бөлiп-жара да алады, қақтығыстардың пайда болып, өсуiне де әкеле алады. Материалдық және рухани мәдениеттi қалыптастыру мен жинақтау процесi – мекенделмеген жерлердi меңгеру, егiн шаруашылығын, мал шаруашылығын, қолөнердi жетiлдiру, храмдар тұрғызу құрылысын, жазбаны, кiтап баспасын, мектеп желiсiн, сауаттылықты өнердiң сан алуан түрлерiн дамыту процесi дiни әрекет пен қарым-қатынастар, дiни ұйымдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету жолы бойынша жүрген және жүрiп келедi. Бiрақ, басқа жағынан алғанда, мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – пұтқа табынушылық мәдениетiнiң көптеген компоненттерi, скоморохтық, күлдiргiштiк мәдениетi, исламдағы портреттiк бейнелеу, католицизмнiң тиым салынған кiтаптар Индексiне енген туындылар, бiрқатар ғылыми ашылымдар, еркiн ойшылдық итерiлдi, шеттетiлдi. Мәдениет дамуының мәселелерi жөнiнде дiни ұйымдардың позициялары мен практикасы тарих барысында өзгерiп отыратынын да ескерген жөн.


5. Дiндегi жалпы гуманистiк және жекенiң ара қатынасын назарға алған маңызды. Қазiргi күндерi дiни мен жалпы гуманистiктiң ұқсастығы жөнiндегi пiкiр кең тараған. Бұл пiкiрдiң көптеген деректердi ескермейтiндiгi көрiнедi. Дiни жүйелерде, бiрiншiден, қоғамдар қандай типке жатпасын, олардың барлығына ортақ қатынастар; екiншiден, қоғамның осы типiне тән қатынастар; үшiншiден, синкреттi қоғамдарда қалыптасатын байланыстар; төртiншiден, этнос, тап, жiк, басқа да топтардың тұрмыс жағдайлары бейнеленедi. Дiндерде ең әр түрлi мәдениеттер де көрiнiс тапқан. Халықтық-ұлттық, аймақтық, ру-тайпалық дiндердiң көптiгi туралы айтпағанның өзiнде, тiптi әлемдiк дiндердiң өзi үшеу. Дiндерде, кейде тiптi таң қаларлық түрде, өркениеттiк, формациялық, таптық, этникалық, партикулярлық, жаһандық және жергiлiктi компоненттер шиеленiсiп жатады. Нақты бiр жағдаяттарда аналары немесе мыналары алғашқы орынға шығып, өзектiлiк алады; дiни көшбасылар, топтар, ойшылдар көрсетiлген үрдiстердi бiр тектi көрсете бермейдi. Мұның бәрi әлеуметтiк-саяси бағдарларда да көрiнiсiн табады – дiни ұйымдарда әр түрлi: прогрессивтi, консервативтi регрессивтi позициялардың болғанын және бар екенiн тарих көрсетедi. Қайсыбiр нақты топ және оның өкiлдерi осылардың бiреуiне ғана қатты “таңылып” қалмайды, олар бағдарын ауыстыра алады, бiреуiнен екiншiсiне ауыса алады. Қазiргi замандық жағдайларда кез келген институттың, топтың, партиялардың, көшбасыларының, соның iшiнде дiни нысандардың маңыздылығы бәрiнен бұрын гуманистiк құндылықтарды бекiтуге қандай дәрежеде үлес қосатындығымен анықталады.


Бақылау сұрақтарының тапсырмалары

  1. Діннің әлеуметтік қызметтерін атаңыз?

  2. Діннің дүниетанымдық қызметінің мәнін неде?

  3. Діннің реттеушілік қызметі күнделікті тұрмыста қалай көрініс табады?

  4. Діннің заңға сәйкестендірушілік қызметі дегеніміз не?

  5. Діннің компенсаторлық қызметінің мәнін ашыңыз

  6. Діннің қоғам мәдениетінің сабақтастығын қамтамасыз етудегі рөлін айқындаңыз

  7. Діннің құқықтық мәдениетпен арақатынасын талдаңыз

  8. Діннің тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлін ашыңыз



Екiншi бөлiм


ДIН ТАРИХЫ


Тарау VI


. “Прамонотеизм” теориясының мәнi мынада: барлық алуан түрлi нанымдардың, соның iшiнде артта қалған халықтардың нанымдарының түбiнде жалғыз Құдай-жаратушыға деген ең ежелгi сенiмнiң қалдықтарын байқауға болады. Дәл сол сенiм дiннiң барлық формаларының бастамасы болды, тек содан кейiн ғана оған оны ластаған элементтер араласты. Бұл теорияны дәлелдеу үшiн В. Шмидт орасан зор этнографиялық деректер қорын келтiрдi, оларға теологиялық түсiнiктемелеу бердi, ал өзiнiң схемасына сәйкес келмейтiн деректердi, назарынан тыс қалдырды. Бұл деректер монотеизм - дiни төңкерiстiң бастама нүктесi емес, дiндердiң шежiре ағашының бiр бұтағының даму сатысы болып табылатынын көрсеттi.


Адамзат тарихында “дiнге дейiнгi кезеңнiң” болғандығы жөнiнде болжам ұсынылды. Бұл болжамның жақтаушылары қоғам дамуының алғашқы сатыларында өмiр сүрген адамдардың дiни наным-сенiмдерi болмаған, себебi олардың санасы тiкелей практикамен жалғасып жатты және қандай да болсын абстракциялар, соның iшiнде дiни абстракцияларды туындата алмады деп тұжырымдайды. ХIХ-XX ғғ. аралығында көптеген этнографтар, антропологтар мәдени дамуы жағынан өте төмендiгi сондай, дiни түсiнiктерi мен ұғымдары мүлдем жоқ тәрiздi тайпалардың бар екендiгi жөнiнде мәлiметтер келтiрдi. Бiрақ осы тайпалардың өмiрiн, олардың әдет-ғұрыптарын, ойлау ерекшелiктерiн мұқият зерттеген соң, зерттеушiлер оларда дiни наным-сенiмдердiң және культтiк практиканың нышандарын әрдайым байқап отырды. Сондықтан “дiнге дейiнгi кезеңнiң” болғандығы жөнiндегi болжам сол болжам күйiнде қалды.

Антропогенез процесi 2-3млн. жылға созылғандығын және адамзат тарихының басым бөлiгi әлi күнге дейiн жеткiлiктi дәрежеде зерттелмегенiн ескере отырып, қазiргi замандық дiнтанушылар “прамонотеизм” теориясына да, “дiнге дейiнгi кезеңнiң” болғандығы жөнiнде болжамға да шүбәмен қарайды. Ал бүгiнгi күнi дiни нанымдардың қарапайым формалары 40 мың. жыл бұрын пайда болғанын ғана сенiммен айтуға болады. Болжамды түрде келтiрiлген алдындағыларға қарағанда, дене бiтiмiмен, физиологиялық және психологиялық мiнездемесiмен қатты ерекшеленетiн және ұғымдар мен белгiлi бiр деңгейдегi абстракцияларды жасауға қабiлеттi ақыл-парасатты адамның (Homo Sapiens) пайда болуы да осы кезеңмен байланысты.

Тарихтың сол кезеңiнде дiни нанымдардың болғандығы жөнiнде алғашқы қауымдық адамдарды жерлеу практикасы куәландырады. Сапиенттi адам өзiнiң жақындарын арнайы қабiрлерге жерлегенi және мәйiттiң басында оны келесi өмiрге дайындау рәсiмдерi алдын ала жасалатыны анықталған. Олардың денесiн бояумен жаққан, қасына қару-жарақ, үй тұрмысының заттарын, әбзелдердi және т.с.с. қойған. Демек, алғашқы адамдардың жер бетiндегi өмiрмен қоса, өлген адамдар мекен ететiн басқа дүниенiң болатындығы жөнiнде түсiнiктерi болған.

Дiни нанымдар үңгiрлiк бейнелеу өнерiнiң туындыларынан да көрiнiс тапқан. Ежелгi жартастық суреттердiң басым бөлiгi – бұл аңшылық сахнасы, адамдар мен жануарлардың суреттерi, кейде аң терiлерiн киген адамдар, ал кейде – зооантроморфтық жаратылыстар. Бұл суреттердi талдау зерттеушiлерге алғашқы адамның адамдар мен жануарлар арасында ерекше бiр байланыс бар екенiне, сондай-ақ жануарлардың әрекетiне кейбiр магиялық амалдар арқылы әсер етуге болатынына сенгендiгi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ алғашқы адамдарда сәттiлiк әкелетiн және қауiп-қатердi аластайтын әр түрлi заттарды қастерлеу кең таралғандығы анықталды.

Алғашқы наным-сенiмдер

Дiни наным формаларының бiрi португал сөзi fetiςoдан (магиялық зат) шыққан “фетишизм” деген атауды алды, ал ол өз кезегiнде factitus (магиялық шебер) деген латын сөзiнен шыққан. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңiзшiлерi XV ғасырда тапқан, содан кейiн фетишизмнiң бiрқатар баламалары әлемнiң көптеген аймақтарында табылады.


Фетиш ретiнде адам қиялын несiмен болмасын таң қалдырған кез келген зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кесегi, жануар тiсi, шебер жасалған фигурка, зергерлiк бұйым. Бұл затқа оның өзiне тән емес қасиеттер таңылады (дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу және т.с.с. қасиеттер). Егер мұндай затқа табынған соң, практикалық әрекетiнде адам табысқа қол жеткiзе алса, ол өзiне фетиш көмектестi деп санай отырып, оны өзiне қалдырған. Егер адам қандай да бiр сәтсiздiкке ұшыраса, онда фетиш лақтырылып тасталынатын немесе басқамен алмастырылатын.

Алғашқы адамдардың фетиштерге мұндай көзқарасы таңдап алған заттарына деген құрметтiң бiрқалыпты болмағанын көрсетедi: көрсетiлген көмегi үшiн алғыс айтқан, ал көмектеспегенi үшiн жазалаған. Бұл тұрғыдан африкандықтардың фетиштердi азаптау ғұрпы қызықты, ол фетиштердi жазалау үшiн ғана емес, оларды әрекетке итермелеу үшiн жасалатын болған. Мысалы, фетиштен бiр нәрсе сұрай отырып, афикалықтар оның денесiне темiр шегелер қаққан, себебi осылайша фетиш адамдардың сұрағанын жақсы есiне сақтап, мiндеттi түрде оларды орындайды деп есептеген.

Дiни нанымдардың басқа ежелгi формасы ретiнде тотемизм - адамдардың қандай да бiр тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгiлi бiр жануарлардың немесе өсiмдiктердiң түрiнiң арасында ерекше байланыстың бар екенiне сенiм болып табылады. Дiни нанымдардың бұл формасының атауы “ототеман” сөзiнен шыққан, ол солтүстiк американдық үндiстердiң оджибве тайпасының тiлiнде “тегi оның” дегендi бiлдiредi.

Тотемизмдi зерттеу барысында оның пайда болуы алғашқы қауымдық адамның тұрмыстық әрекетi – терiмшiлiк және аңшылықпен тығыз байланысты болғаны анықталды. Адамдарға тiршiлiк етуге мүмкiндiк беретiн аңдар мен өсiмдiктер табыну объектiсiне айналды. Тотемизм дамуының алғашқы сатыларында мұндай табыну тотемдiк жануарлар мен өсiмдiктердi тағамға пайдалануды жоққа шығармады, тiптен солай жасау ұйғарылды. Сондықтан кейде Австралия аборигендерi тотемге деген өздерiнiң қатынасын мынандай сөздермен анықтаған: “Бұл бiздiң ет”. Дегенмен адамдар мен жануарлар арасындағы мұндай байланыс өте ерте заманда болған, олардың болғандығы жөнiнде тек көне әңгiмелер мен зерттеушiлерге тарих қойнауынан жеткен тiлдегi тұрақты айналымдар ғана дәлел бередi.

Бiраз кейiнiрек тотемизмге әлеуметтiк, бiрiншi кезекте қандық-туысқандық қатынастар енгiзiлдi. Рулық топтың мүшелерi (қан жағынан туыстар) өздерiнiң адамдар мен олардың тотемiнiң сипаттарын бiрiктiрген ата-бабалардан шыққандарына сене бастады. Бұл, бiр жағынан, ата-баба культiнiң күшеюiне, екiншi жағынан, тотемге деген көзқарастың өзгеруiне, соның iшiнде тотемдi тағам ретiнде пайдалануға салынған тиымдардың (табу) пайда болуына әкелдi, әрине тотемдi жеу рәсiмдiк сипатта болып, ежелгi нормалар мен ережелердi еске түсiру жағдайларын санамағанда.