Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18570

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Токугава династиясы (1603-1867 жж.) билік құрған кезеңде конфуцийшілдіктің әртүрлі ағымдары синтоны этикалық идеялармен байытып, синто-конфуцийшілдк синкретизмнің күшеюінің ауқымды негізін қалады. Тарихи деректер негізінде императорлық билік культі мен институтын негіздеуді мақсат еткен мектептер қалыптасты. Көне мифологиялық жинақтарға сүйенген бұл мектептер жапон императорлары әулетінің құдайылық тегі мен іс-әрекеттерінің нанымдылығы идеясын жан-жақты баяндап, насихаттайды. Олар «ұлттық» бірегейліктің бейнесі мен бастауы ретіндегі «тэнно» (император) рөліне басты назар аударады. Ұмытылған Жапон «жолы» - «мити» (қыт. «дао») даналығы қайта өркендеп, «көне синто» («фукко синто») қалпына келтірілді. Императорды қорғау, императорлық билікті реставрациялау идеялары сегунат жүйесін құлатуға бағытталған оппозициялық қозғалыстың идеологиялық негізіне айналды.

XIX ғ. ортасындағы ел есігінің ашылуы, шет елдіктердің келуі мен батыс мәдениетінің ағыны тұрғындардың басым көпшілігінің тұрмысын қиындатып жіберді. XX ғ. басында Мито мектебінің ғалымдары, әсіресе, оның көрнекті өкілі Аидзава Сэйсисайдың (1781-1863 жж.) «сонно дзей» (императорға табыну, варварларды қуу) ұраны қоғамның әртүрлі таптары тарапынан, оппозициялық самурайлар арасынан қолдау тапты. Шетелдіктерге және сегунға қарсы қозғалыс бір ұранның төңірегіне шоғырланды.

Сегунат жүйесінің талқандалуына алып келген күрестің аяқталуы және императорлық биліктің реставрациялануы, Жапонияның жаңа жолды таңдағанын – елдің модернизациялануын, қоғамдық өмірдің, соның ішінде діни сананың да трансформациялануын білдірді. Алайда алған мақсаттарға жету үшін жаңа өкімет органдарына елдің тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшелігімен және мәдениеттің өзінділігімен санасуға тура келді. Бұл бағыттағы оңтайлы жол «вакон есай» - «жапон рухы, еуропалық білім» принципі болып көрінді.

1868 ж. наурызында діни ритуал (әдет-ғұрпы) жүйесі бірлігіне қайтып оралу және мемлекеттік істерді басқару (дін мен саясат бірлгі) туралы жарлық жарияланды. Дзингихан – «көк» және «жер» тәңірлері ісі жөніндегі басқарма қалпына келтірілді, жапон тарихының мифологиялық кезеңі император Дзимму таққа отырған– «Жапон империясының негізі қаланған б.з.б. 660 ж.» жылсанаудың бастауы деп жарияланды. Сонымен қатар император әулетінің діни және саяси беделін көтеру үшін көне синтолық рәсімділік қайта жаңғыртылды. Император культі – тэнноизм, көп құдайылықты жалғыз «тірі құдайға» табынумен алмастырып, мемлекеттік синтоның негізіне айналды. Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі «кокутай» (мағыналық аудармасы «ұлттық мән», сөзбе-сөз «мемлекет тәні») болды.

Кокутайдың компоненттері – жапондықтардың шығу тегі мен мемлекеттілігінің «құдайылық» бастауы, ғасырдан-ғасырға жалғасқан императорлық әулет, жапондықтардың менталитеті мен моральдық ізгіліктері ретінде танылған императорға берілгендік пен үлкенді сыйлаудан көрініс тапқан ұлттық ерекшелік.


Тұтас алғанда мемлекеттік синтоға император отбасының ұлағаты болып табылатын династиялық синто, жалпы жапондық және аймақтық құдайларға табынатын храмдық синто; қасиетті рәсімдер атқарылатын храмның кішкене көшірмесі – үй камиданы кірді.

Жапония екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан соң, жалпы демократиялық өрлеу жағдайында ел демократиялануға бағыт алды. Осы орайда милитаризм мен тэнноизмнен тазару шаралары жүргізілді.

1946 ж. Жаңа жылдағы халыққа жолдауында император Хирохито шыққан тегінің құдайылығынан бас тартты. Білім беру жүйесінде прогрессивті реформалар жүргізілді, император культіне негізделген моральдық тәрбие тиылды. 1947 ж. Конституция император статусын өзгертіп, енді ол «мемлекет пен ұлттық бірліктің рәмізі» деп жарияланды. Бірақ мемлекеттік синто түбегейлі өзгеріске ұшырамады. Тэнноизмді жаңғырту саясатының басты бағыты – синтоизмді мемлекеттік дінге айналдыру болды.

1946 ж. жоғарғы синто басшылығы «Синтолық храмдар Ассоциациясын» («Дзиндзя хонтё») құрды. Ол храмдарды басқарудың біртұтас орталықтандырылған жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ассоциацияға олардың басым бөлігі – 78 мыңнан астамы кірді. Бұл бұрын мемлекетке тиесілі болған храмдық жерлерді храм меншігіне қайтарып алуға мүмкіндік берді.

1952 ж. император сарайында болатын рәсімдер ресми мемлекеттік церемониялар сипатын алды. 1959 ж. мемлекеттік акт ретінде Акихитоның (билік етуші Хирохито ұлы) мұрагер ретінде жариялануының және оның үйлену тойының синтолық церемониялары жасалды. Мемлекеттік синто идеяларының нығайған кезеңі – обарай рәсімі – барлық жапон ұлтының жамандықтан тазару рәсімінің қайта жаңғыруы болды. Бұл рәсімге дін басының қатысуы ұлттық дін мен императорлық биліктің бірлігін байқатты.

Императорлық әулет пен халықтың «құдайылық» тегі туралы деректер келтірілген тарихтың мифологиялық кезеңі қайтадан мектеп оқулықтарына енгізілді. Тэнноизмді қалпына келтіруде император үшін қаза тапқан жауынгерлерге арналып 1868 ж. Киото қаласында тұрғызылып, буржуазиялық революциядан соң Токиоға көшірілген Ясукуни храмының маңызы зор болды. Храм армия мен әскери – теңіз флоты қарауында болды.

1969 ж. «Синтолық храмдар Ассоциациясы» негізінде «Синтолық саяси лига» – мемлекеттік басқару ісіне араласуды ашық мақсат еткен ұйым құрылды. 1989 ж. қаңтарда император Хирохито қайтыс болды. Синто жүйесі тақты мұралану рәсіміндегі барлық церемониялар кешенін белгіледі. «Құдайылық регалияларды», мемлекеттік және императорлық мөрді тапсыру, лазауымды адамдарды өкімет шешімімен императордың алғашқы қабылдауы тек діни церемониялар ретінде ғана емес, мемлекеттік акт ретінде өткізілді.

Синто бүгінгі күндері жедел қарқынмен модефикациялануда. Синтолық ұйымдар индустриалды дамыған өз елдерінің барлық сферасына белсене араласады, әлеуметтік өмірге ат салысып, қоғамның әртүрлі салаларына өз ықпалдарын күннен-күнге арттырып келеді. Ең алдымен бұл синтолық қауымдарда жүргізілетін көп салалы жұмыстарға қатысты. Қаладағы немесе ауылдағы әрбір квартал белгілі бір храмға қарайды. Соңғы жылдары синтолық приходтардың қызметкерлері халық арасында мәдени-ағартушылық шараларды іске асырады, синто, буддизм, конфуцийшілдіктің тарихы мен дамуына байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіледі.


Әдебиеттер:

1. Накорчевский А.А. Синто. – СПб., 2000.

2. Конрад Н.И. Древняя Япония. Буддизм и синтоизм. – М., 1987.

3. Кодзики. Записи о деяниях древности. – СПб., 1994.


ИУДАИЗМ

Еврей халқының ұлттық діні Иудей аңызы бойынша, жаратушы Тораны (Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынған. Тек Еврей ұлты ғана қабылдауға келіскен. Сондықтан, діни мағынада «Израиль» бір Құдайды мойындағандар мен заң кітабы - Тора арқылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіреді.

Иудаизм термині (Ивритте «Яаадут») Иуда еврей тайпа бірлестігінің атынан шыққан. Иуда ең ірі Израиль тайпасы болатын. Иврит тілінде «Иудаизм» термині XIX ғасырдың соңында кең тарала бастады.

Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б XI ғасырдың соңында болды.

Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моралдық-этикалық, философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап отыр.

Танах үш бөлімнен тұрады.. Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап ) Нэбиим (Пайғамбарлар), Кэтувиим (Жазба), Танах б.з.б Х ғасырдан б.з.б ІІ ғасыр аралығында қалыптасты. Талмуд екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Мишна (Қайталау). Бұл Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта, қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тиымдар және 248 бұйрық әмірлер жинақталған иудей әдет-ғұрыптар жүйесі бар. Иудей діни ілімінің негізі дүниені жаратушы бір құдіретті Яхве Құдайына деген сенім. Иудайзмда құтқарушының келуіне деген сенім бар. Иудаизмда бұл мессия (мәсіх) деп аталады. Иудаизм бойынша Мессия жер бетінде әділетті тәртіп орнатады деп есептелінеді.

Ақырзаман және өлілердің қайта тірілуіне сенім, еврей ұлтының жаратушының таңдаулы халқы екендігіне сенім. Бұл түсінік бойынша Жаратушы Моисей (Мұса) арқылы Израиль халқына Заң (Торы) беріп одақ құрған.

Израильда Иудаизмнің діни институттары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жоғарғы раввинат діни ұйымдар мен бірлестіктерді қадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддесін қорғайтын басты діни- саяси партия Мафдал болып табылады.

Таяу Шығыс, Солтүстік Африка Балкан елінен келгендер – Сефард қауымын құрады. Еуропа, Америка, Австралия, ОАР келушілер ашкеназиялық қауымды құрады.

1921 жылы Сефард және Ашкеназийлік бас раввиндер басқаратын жоғары раввинат кеңесі сайланды.

Израиль мемлекетінің қалалары мен елді мекендерінде 200 діни кеңестер( моацот, датиот) жұмыс жасайды, Израиль елінде 24 раввинат соттар жұмыс жасайды. Діни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орындарының 17% құрайды. Израильдің барлық мектептерінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін мамандары діни институттарда дайындалады.


Иудаизмнің негізгі қағидаттары XII ғасырда өмір сүрген атақты философ - талмудшы, рабби Моисей бен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей 13 ережелерден тұрады:

1. Құдай бар.

2. Құдай бір.

3. Құдай деңелік пішінде болмайды.

4. Құдай мәңгі.

5. Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс.

6. Құдаймен қарым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады.

7. Моисей (Мұса) - ең ұлы пайғамбар.

8. Тораның шығуы қасиетті.

9. Тора өзінің мән-мағнасын еш жоғалтпайды.

10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі.

11. Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды.

12. Құдай өзінің Мессиясын жібереді.

13. Құдай өлілерді қайта тірілтеді.

Сенім қағидаттары «Йигдаль» (иврит - «ұлылық») әнұранында баяндалған. «Өмір беруші Құдай ұлылығы мен даңқы шексіз», - бұл әнұранды Иудаизмді ұстанушылар Синагогада орындайды.

Иудейлерде Құдай аты Яхве (Яху, Яго, Иегова немесе Адонай). Яхве бастапқыдан Иудей-Израилдік пантеонда айрықша орын алады. Құдай атын атауға болмайды.

Ежелгі түсінік бойынша Құдай атын атау - бұл ажалға алып келеді. Яхвенің орнына Адонай («менің әміршім») «Менің Құдайым -Яхве» сөзі қолданылады. Алғашқыда ежелгі еврей құдайлар пантеонында Яхве жерді түзеуші, жай атқыш, жаңбыр беруші ретінде көрінеді. Аманесендік игілік Яхвемен байланыстырылды. Тек кейінрек Яхве басты Құдай атанды. Яхве культін орталықтандыру процесі және Яхвені барлық еврейлердің жалғыз құдайы ретінде мойындату үшін күрес ұзаққа созылды.

Кез келген иудей үшін Құдай, Тора және еврей халқы ең маңызды мағынаға ие. Бұл әлемнің барлық еврейлерін біріктіруші діни және ұлттық идея. Мұны қысқа, нұсқа түрде иудей теологы Льюис Еврейлердің құдайдың таңдаулы халқы екендігі идеясы догматикалық сипат алды. Яхве еврейлермен айрықша одақ құрып, тек еврейлерді өз халқы деп есептейді. Бұл идея сионизмнің діни негізін құрайды.

Зайырлы және діни Иудаизмнің ерекшеліктері бар. «Зайырлы Иудаизм ұғымы белгілі бір Иудей құндылықтарын, тіпті кейде діни мағына берілмейтін діни негіздегі еврейлердің философиясын сипаттайды.

Тора мен Талмудтағы түсініктер мен діни ілімге сәйкес сенушілердің бүкіл өмірін реттеуші әдет-ғүрыптардың күрделі жүйесі жан-жақты, бүге-шігесіне дейін айқындалған. Киіну, тамақтану, салт-жораны сақтау және мейрамдарды өткізу туралы нұсқаулар көрсетілген.

Маңызды әдет- ғұрыптық талаптар қатарына:

- Сүндетке отырғызу - ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл Яхвеге сиынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель - атқарады.

- Сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте Сенбі-шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды (малаха); Іс-әрекетттің шұғыл формалары: жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б. рұхсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тиым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б.


«Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отбасы анасының батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы синагогаға барады. Үйіне келген соң ол балаларына бата береді және әйелін Соломон Өсиет кітабының 31 тарауының сөздерімен мадақтайды. Отбасы сенбілік тамақ ішуге кіріседі . Тамақ ішер алдында нан және шарап негізінде бата жасалады. Шаббат күні от жағуға болмайды. Егер от бұрыннан жанып тұрса, онда от жанып тұра береді.

Сенбі күні ұзақ сапарға шығуға болмайды. Корабль бортында отырған жолаушыларға борттан түсуге болмайды. Ортодоксалды еврей синагогадан жаяу жүретіндей қашықтықта тұрады. Өйткені ол сенбі күні автомобиль жүргізе алмайды. Ол қоғамдық транспортты да пайдалана алмайды».

- Күшейтілген дұға жасау, (тфила) дұға жасауға (кавана) толық берілуі қажет. Қол жуарда, тамақ алдында және тамақтан кейін дұға оқу керек. Тамақтың әрбір түрі үшін өзіндік дұға мәтіні болады. Сенбілік, мерекелік шырағданды жағар алдында дұға оқылады.

- Синагогада біріккен құлшылық ету он ересек адамның, яғни «діни қатынаста құқығы бар еркек болғанда ғана жүргізіледі. Бірақ ерекше жағдайда жалғыз дұға жасауға болады».

- Пост (ауыз бекіту) - күнәдан тазару, тәубаға келу күндері, ұлы апат және т.б. Иудейлік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың, шехит ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады. Шошқа, жылқы, қоян етін жеуге, бір уақытта ет және сүт тамақтарын колдануға тиым салынады. Егер тамақ алдында иудей сүт тағамын ішсе, онда ет тағамдарын жеу алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап (нан түйірін) тағам жеуі керек. Тамаққа қанды қолдануға айырықша тиым салынған.

- Шавуот (шабуот) - апта мейрамы немесе Мұсаға Синай тауында Тораның берілуіне байланысты мейрам. Иудей діни ойшылдарының пікірінше, бұл мейрам пасханың бірінші күнінен соң 50 күні өткізіледі.

- Иудаизмның көп ғасырлық тарихында жікшілдік, секталар, бағыттар, қозғалыстар пайда болды. Бүгінгі уақытта, ғалымдардың пікірінше, төменгідей иудаизм бағыттары қалыптасты: караим, хасидизм, реформаторлық, консерваторлық, ортодоксальды. ХІІ-ХІІІ ғасырда еврй діни ойшылдарының, арасында Каббала философиялық көзқарастар жүйесі тарала бастады. Каббалистердің қасиетті кітабы – “Зогар” (“Шұғыла”).

Иудаизмнің діни мейрамдары: бірінші мейрам Рошха-Ашана (Рош-Хашана) - діни Жаңа жыл, бүл күнді керней дыбыстары күні деп те атайды. Бүл мейрам жаман, зұлым рухтарды керней дыбыстармен аластайтын ай мейрамымен байланысты. Вавилондық тұтқындалудан кейін, вавилондық мәдениет ықпалымен бүл мейрам «аспан соты» мейрамына айналды. Бүл күні Яхве бүкіл тіршілікке үкім шығарады.

Келесі маңызды мейрам - Йом-Киппур - сот күні, кешірім, тәубаға келу және күнәдан арылу, о дүниелік болған ата-ана, жақын туысқандарды еске түсіру күндері. Раввиндер іліміне сәйкес, Рош-Ашанадан кейін 10 күн ішінде (тәубаға келу күндері) Яхве барлық адамдардың іс-шаруасын тексереді және әрбір адамның келесі жылғы тағдыры туралы өзінің соңғы шешімін дайындайды.