ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Религиоведение (Религия)
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 18586
Скачиваний: 9
Шеткі шииттердің жалпы алғанда барлығына ортақ сенім негіздері бар. Олар:
- Алланың қасиеттерін имамдарына және адамдарға ұқсатады. Құдайды материалдық тұрғыдан елестетеді. Алиді Тәңір деулері осыны көрсетеді.
- Шектен шыққан шииттер көбінесе құдайдың имамдардың және адамдарың денесіне еніп, бірігетініне сенеді. Имамдардағы рухтың Тәңір екендігін қабылдай отырып, Тәңір деп біледі.
- Өлген адамның рухының жағдайға байланысты келесі бір адамның немесе хайуанның денесіне өтетініне сенеді.
- Шеткі шииттердің барлығы Ислам дінінің тиым салған нәрселерін өздеріне рұқсат деп біледі.
Бұлардың «шектен шыққан шииттер» немесе «шеткі шииттер» деп аталуының басты себебі, барлығы өздерін Алидің және Мұхаммед Пайғамбардың әулетінен келетіндіктерін алға тарта отырып, Алиді және шыққан тектерін сенімдерінің негізіне айналдырулары жатады.
Мұсылманшылықтың тарихына өшпес із қалдырған шииттердің шеткі бағыттарынан бірі – исмаилиттер болды. Исмаилиттер алтыншы имам болып есептелетін Жафер ас-Садықтың ұлы Исмаилды және одан кейінгі оның ұлы болып табылатын Мұхаммедті имам деп есептейтіндерге айтылады. Исмаилиттерден Убайдуллах Махдидің (өлімі 934) 909 жылы Мысырда құрған Фатимиттер мемлекеті 1171 жылға дейін билік құрды. Фатимиттер халифасы Мунхасырдың өлімінен кейін исмаилиттердің бір бөлігі оның үлкен ұлы Низар, келесі бір бөлігі кіші ұлы Мусталидің артынан ерді. Осылайша исмаилиттер, низарилер және мусталилер болып екіге бөлінді.
Мусталилер өздеріне Йемен жақтан жақтастар тауып, осы арадан Үндістан тараптарына өтіп, таралып кетеді. Үндістанда бұларды көбіне «бохралар» деп атады. Қазіргі кезде Бомбей, Хайдарабад, Барода секілді қалаларда тыныш, жайбарақат өмір кешуде. Яғни бұлар бүлікшіл емес. Өздерінің жамағаттары, мешіттері бар. Бөтендермен некеге тұрмайды. Тәңір, Мұхаммед Пайғамбар және Құран туралы көзқарастары сунниттерге жақын келетін бохралардың басты ерекшеліктері мынау:
- Вилаят (Имамдық): Алидің имам екенін мойындау сенім негіздерінен болып табылады.
- Исламдағы бес уақыт намазды қосып үш рет оқиды. Құлшылықтан кейін имамдарды еске алады. Құлшылық орындарын «жамағатхана» деп атайды.
- Зекет беру міндетті парыз болып есептеледі. Зекет арнайы адамдар тарапынан немесе көсемдері тарапынан жиналады. Жиналған зекет көсемге беріледі. Ол жамағаттың қажеттіліктеріне жұмсайды.
- Рамазан айында ораза ұстайды.
- Қажылық Меккеде орындалады. Сонымен қоса Кербела секілді жерлердегі имамдардың мазарларына зиярат етіледі.
- Имам және көсемдердің талабын орындау үшін жанымен, мал-мүлкімен жихад ету парыз (міндетті).
Негізінен бохралар суннитерге жақын бір ұстанымда. Бұлардың көсемдерін «даи» деп атайды. Бас даи әлі күнге Үндістанның Гуджерат аймағындағы Сурат деген жерде отырады. Орталықтары осы жер.
Ал низарилер Сирия және Ирак жолдарымен Иранға өтті. Негізінде имамия шииттігіндегі Хасан Саббах исмаилиттердің ілімін қабылдап Аламут Қорғанында бір мемлекет құрды. Бұл мемлекет 1256 жылы Құлағу тарапынан талқандалғанға дейін өмір сүрді. Кейіннен бұлардың бір бөлігі Үндістан тарапына өтіп кетеді. Басшыларына Аға Хандар деп айтылатын низарилердің негізгі ерекшеліктері мыналар:
- Аллаға, Пайғамбары Мұхаммедке, Құранға және өлгеннен кейін тірілетіндіктеріне сенетін низарилердің ең басты сенім негізі «Имамдық» болып табылады. Бір исмаилиттің өз заманының имамын білуі, тануы және бұйрықтарына бас июі міндет. Имамға бас ию, Аллаға бас июмен тең. Сенім негіздері «әрбір көрінген ашық нәрсенің бір көмескі жағы бар және ең маңыздысы осы көмескінің түбінде жатқанды түсіну» дегеннен тұрады. Осы түсінік негізінде олар ғибадатты, яғни намазды бір «дұға» деп түсіндіреді. Күніне үш уақыт намаз оқиды. Намаздарында бүкіл мұсылмандар секілді Қағбаға емес, имамдары отырған жаққа қарайды. Кербела топырағынан жасалған «мөр»деп аталатын керамитке сәжде етеді. Рамазан және Құрбан айт мейрамдарында басқа мұсылмандармен бірге намазға тұрады. Ирандағы низарилер болса еш намаз оқымайды.
- Жылына бір рет, онда да Рамазанның 21-күні ораза ұстайды.
- Қажылық имамдарын зиярат етуден тұрады.
- Зекет имамға беріледі. Имам, яғни Аға Хан бұл қаржыны өз қалауы бойынша жұмсайды.
- Жиhад адамның өз нәпсісімен күрестен тұрады.
Әр түрлі елдерде өз ілімдерін насихаттаумен айналысып жүрген низарилер шииттіктегі «тақийа» әдісін қолданып өздерін басқа мұсылмандар арасында байқатпай жүре береді.
Шииттік исламды Қазақстанда әзірбайжан ұлтының өкілдері ұстанады және Алматы қаласында бір шииттік мешіт қызмет етеді. Дегенмен исламдағы бұл бағыттың Қазақстандағы даму қарқыны жоғары емес.
Әдебиеттер:
1. M. Ebu Zehra. Islamda Fikhi Mezhepler Tarihi. – Istanbul, 1978.
2. Аш-Шахрастани Мухаммед Ибн Абд ал-Карим. Книга о религиях и сектах (Китаб ал-милал ван-нихал). - М., 1984.
3. А. Али-заде. Исламский энциклопедический словарь. – Москва: Ансар, 2007.
4. Иванов В.А., Трофимов Я.Ф. Религии в Казахстане. – Алматы, 2003. – С. 38.
Тарау-ХІ
ҚАЗІРГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС КУЛЬТТЕР
(НАНЫМ-СЕНІМДЕР)
“Дәстүрлі емес культтер”, “Жаңа ғасыр діндері”, “Неодіндер”, “Конфессиялық емес, канондық емес сенімдер”, “баламалық культтер”, “жастар діні” – Еуропа мен АҚШ-та ХХғ. 60-70 жж. кең таралған діни құбылыстар қатарын осылай деп көрсетеді. Аталған уақыт діни сананың тарихи қалыптасқан, дәстүрлі формаларының дағдарысымен сипатталады, солардың ішінде, әсіресе, христиан дінінің дағдарысымен белгілі жылдар. Христиан діні - батысеуропалық және американдық құндылықтар жүйесінің маңызды элементі. Әлеуметтік құрылымға үйлесімді түрде еніп отырған дәстүрлі діндер әлеуметтік зардаптар үшін “жауапты” болыпты. Тұтынушылық, технократтық қоғамның ресми құндылықтарынан көңілі қалу, жалғыздық сезімі, өмірзаялық сезімі – осылардың барлығы жаңа құндылықтар жүйесін, жаңа “өмір ғылымын” іздестірудің әлеуметтік-психологиялық факторына айналды. Жаңа қозғалыстардың бастаушылары, орталық тұлғалары қоғамдық көңіл-күйлердегі ауытқуларға тез арада назар аударып, “күнәћар” әлемнің зұлматтарын бірден сынап, өздерін біртуар құтқарушылар есебінде жарнамалап, жоғары даналық пен моральдың жаршылары деп анықтады.
“Дәстүрлі культтердің” жолын қуушылар, негізінен, орта топтан шыққан жастар еді. Олар жоғары білімді, әл-ауқатты жандар болғанмен, олардың өзара әлеуметтік байланыстары бұзылған еді. Әлеуметтік қарсылықтың түрлі формаларының ашынған, түңілген қатынасушыларынан басқа “дәстүрлі емес культтер” үйреншікті өмірлік жол арнасынан адасып қалған адамдар үшін бассауғалар қонысқа айналған. “Жаңа ғасыр” діндерінде күшті ұйымдастық, қатал адамгершілік және мінез-құлықтық өмірлік ержелер, рухани бағып-баулушы рөлін алған көшбасшылардың авторитаризмі басым.
“Дәстүрлі емес культтердің” өзіндік ерекшеліктері мен жіктемесі.
Жаңа “дәстүрлі емес культтер” діни ұйымдастықтың өзіндік ерен түрін танытады. Оларда, әдетте, қатал дайындалған дінтанымдық жүйе жоқ. Бұл ұйымдардың құрылымы, көп жағдайда, иерархиялы (сатылы бағыныштылыққа сай), онда харизмалы лидердің, көсемнің қатаң авторитаризмі бар. Оларға ресми құндылықтар мен мақсат-мұраттарға әрі соларды ұстанатын шіркеулік ұғымдарға қарсылық сипаты тән. Олардың бойында әсіресе “біз-сезімі” күшті дамыған. Қауымдастықтың ішкі өмірін олар жарғылар мен ережелер арқылы реттейді. Онда қауымға кіру және қауым алдында міндетті болу ережелері де көрсетілген. Солай десек те, қатал институтционалды құрылымы жоқ жаңа діни ұйымдар да баршылық. Ал оның ішкі құрылымы аморфтылығымен сипатталады әрі, негізінен, ол діни-философиялық трактаттарды бойға сіңіруге барып тіреледі. Мысалы, Нью Эйдж (“жаңа ғасыр”) қозғалысына қатысы бар ұйымдар сондай болып келеді. Осы жаңа қауымдардағы культ, көп жағдайға, ұжымдық түрдегі культ. Онда психотехнологиялар, психотерапия пайдаланылады. Ол жерде көп назар прозелиттерге, яғни жаңадан келгендерге, олардың топ ішінде көңілденуіне аударылады. “Жаңа ғасыр” дінінің бірлестіктері мықты ұлтаралық корпорациялар ретінде әрекеттенеді, ірі бизнеспен айналысады, олардың әлемнің көптеген елдерінде филиалдары бар. Алуан түрлі культтердің барлығын шартты түрде бөліп-жарып көрсетуге болады.
-
Неоориенталистік культтер: “Кришна Санасының Қоғамы”, “Тынық мұхиттық дзэн-буддалық орталық”, “Құдайи сәуле Миссиясы”, “Трансценденталды медитация” және т.б.
Неоориенталистік культтердің тегі Шығыстан тараған. Олар, көбінде, индуизм мен буддизмнің түрлі нұсқаларын жаңашаландырған діни құрылымдар. Неоиндуистік және необуддистік ілімдер арылудың (мокша) тылсым жолын ұсынады. Ол – адам бойында бар имманентті құдайи бастаманы ояту жолы. Әлемде бар нәрселердің ешқайсысы құрдан құр болмайды, оның арғы жағында нағыз құдайи табиғат жатыр, ол - үйлесімді де әділетті табиғат деп түсіндіріледі. Мақсат – көптеген медитация түрлерін пайдалана отырып, сол бір шынайы табиғатпен біржола бірігу. Медитация процесі (ойға шому, аңдау, іштей зейін салу, қоршаған ортадан түңілу) мантралар – мистикалық мағына беретін дыбыстар әлде арнайы сөздер қосағын айтудан тұрады. Дінтанымдық ерекшеліктер екінші орынға кетеді де, алға шынайы жолға түсу, жеке бас тәжірбиесі, гурудың, свамидің нақты беделі шығады.
-
Неохристиандық бірлестіктер: “Бірігу шіркеуі”, “Құдай балалары
отбасы” және т.б. Бұл культтерге христиандық идеологияның шығыс діндерінің элементтерімен қосылған синкретизм тән, эсхатология мен мессиандыққа екпін салу, жетекшіні Құдай жіберген елші мәртебесінде қабылдау, оны жаңа аян беруші, жаңа жоғары адамгершілік ережелерін әкелуші деп қарастыру тән.
-
Сайентологиялық бағыттар - “Сайентология Шіркеуі”, “Ғарыштық
діндер” және т.б. құрайды. Ол культтерде түрлі физикалық аспап- құралдарға мистикалық мән беріледі, сөйтіп, қайбір елге белгісіз және тылсым жоғары шындықтар мен факторлардың физикалық, биологиялық табиғатқа әсерін тіркеу және тіпті өлшеуге болатындығы айтылады. Онда психика мен қоршаған табиғаттың зерттелген құбылыстары мистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.
-
Жаңа сиқыр, спиритизм. Сақталып қалған үйреншікті сиқыршылар,
бақсылар, балгерлермен қатар, жаңа магиялық ілімдер мен институттар үлкен беделге ие болып келеді. Олар шығыстық және батыстық, ежелгі және қазіргі дәстүрлердің тәжірбиелері мен көзқарастарын біріктіреді, сол сияқты, жаңа сиқыршылар мен балгерлердің аяқ астынан туындаған шығармашылығын да қосады. Ондай бағыттарға, мысалы, Карлос Кастанеданың ілімін жатқызуға болады. Ол - мексикалық үндістердің мифологиясына негізделген ілім. өткен ғасырдың өзінде-ақ Еуропа мен Солтүстік Америкада басталып кеткен спиритистік қозғалыстар әлемге кеңінен тарала бастады. Олар өлген адамдардың әруақтарымен араласумен, тілдесумен айналысады.
-
“Сатаналық” топтар. Сатанизм көне Ирактан келген. Оның өсиет-уағыздары Көк кітапта жатыр. Сатаналық культтер зұлымдық пен зорлық-озбырлықты дәріптейді, сөйтіп, зұлымдықтың мистикалық көздері – шайтанмен, демонмен және т.б. қарым-қатынасты уағыздайды. Мысалы, “Сатана қоғамы” өздерін зұлымдықтың саналы тасымалдаушысы және христиандықтың антиподы деп жариялайды.
Алғашқы төрт культ топтары арасында нақты бекітілген шекаралар жоқ, оларды шартты түрде ғана бөліп қарастыра аламыз. Сонымен, “Трансценденталды медитацияны”, Махариша Махеш Иоганың ілімін сайентологиялық культтерге жатқызуға болады. Р.Хаббардтың “Сайентология шіркеуі” буддизмнің кейбір идеяларын қабылдады, дәлірек айтсақ, ішкі тыныштық пен қамсыздық (нирвана) күйіне жетуді қабыл алды. Неохристиандық культтер шығыстық жүйелерден алынған медитацияны, сиқыр-дуаны пайдаланады. Сонымен бірге, неоориенталистік ілімдер, көбінде, өзінің ұғымдық аппаратын христиандық және зайырлы батыс философиясынан алып отыр. Жалпы алғанда, бұлар - синкретикалық культтер.
ХХ ғасыр діндерінің “жолын қуушылардың” көпшілігінің сыртқы бет- әлпеті мен культтік практикасының экстраваганттығы (әдеттегідей еместігі) назар аудартады. Оларда алғы шепке культтің эмоционалды-психологиялық жағы шығып отыр.
“Дәстүрлі емес діндердің” өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Бірігу шіркеуі
Ресми атауы – “Әлемдік христиандықтың бірігуі үшін қасиетті Рух Ассоциациясы”. Кейде “Бірігу қозғалысы”, “Унификациялау шіркеуі” деген атаулар да пайдаланылады.
Шіркеудің негізін қалаушы – Сан-Мен Мун (6.01.1920). 1935 жылы пасха кезінде оған аян берілген-міс. Онда Христос оған бұдан екі мың жыл бұрын Иисус жасауға тырысқан миссияны тәмәмдауға Сан-Мен Мунды шақырған көрінеді. Оның жолын қуушылардың айтуы бойынша, Мун “Иисуспен және әулиелермен жұмақта емін-еркін әңгіме-дүкен құрған. өзінің Құдаймен құпия сырласуы кезінде Сан-Мен Мун Адам өмірі мен Құдай еркі арасындағы қатынас туралы баяндайтын Аян алған”. Мун ілімінің алғашқы ізбасарлары 40-шы жылдардың ортасында Кореяда пайда бола бастады. 70-ші жылдары Мун Американы кезіп шығады, сөйтіп, барлық 50 штаттарда өз уағыздарын таратады. Содан соң ол ірі іскер азаматқа айналады, түрлі елдердегі станок соғатын текстильді және машина соғатын өнеркәсіптердің иегері болып табылады, корпорация жетекшісіне дейін көтеріледі. Бірлесу шіркеуіне АҚШ-тың аса ықпалды басылымының бірі - “Вашингтон таймс” газеті тиесілі. Бүгінде 2 миллионнан астам Мунның ілімін ұстанушылар бар және әлемдегі 160 елдің ішінде таралған.
Діни ілімнің дереккөзі ретінде Мунның “Құдайи принцип” деген кітабында баяндалған Құдайдан түскен Аян алынған. Бірігу Шікеуінің іліміне сай, Құдай – барлық дүниенің жаратушысы, ол –жалғыз, абсолютті және мәңгі мән. Ол адам мен ғарышты шын ғашықтық сезімімен жаратқан әрі сондай махаббат нысаны болуы үшін ғана жаратқан. Иисус – Мессия. Ол адамдарды күнәсіз күйге қайта апаруға жол көрсету үшін жер бетіне арнайы жіберілген жан. “Құдайлық принципі” бойынша, Құдай ұлының крест (айшық) үстіндегі өлімі о бастан анықталған болса керек. Оны айшыққа керу сол кездің жаћұдийлерінің түсінбегендігі мен дінсіздігінің салдары болған. Айшыққа керу арқылы күнәні жуу арқасында тек рухани құтқарылуға қол жеткізу мүмкін болмақ, ал адам тәнінде бастапқы күнә бәрібір қалып қоя бермек. Сондықтан Христос жерге қайтадан айналып келуі керек, сөйтіп қана ол өзінің тәндік құтқарылуын тәмамдауы тиіс. Бірақ ол Авраам тұқымына қайтып оралмайды, ол Кореяда пайда болады. өйткені тек осы ел және оның халқы ғана бүгінгі күні Мессияны қабылдау құрметіне ие бола алады делінеді /1/.
Адамның мақсаты - Құдайдың үш аманатын орындауда жатыр – жеке кемелдікке қол жеткізу, армандағы отбасын құру және өзінің әлемге жүргізер билігін жетілдіру. Осы аманаттарды орындау армандағы әлемге жеткізеді, сөйтіп, жер үстіндегі Құдай патшалығы мүмкін болмақ.
Сан Сен-Мун мессия, “шынайы ата-ана” ретінде, әлемді зұлымдық пен әділетсіздіктен босататын, сөйтіп, құдаймен бірліктегі отбасын жасайтын адам ретінде мадақталады.