ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Религиоведение (Религия)
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 18569
Скачиваний: 9
Екіншісі тек қана адам мүшелерін қалпына келтіріп, организмнің анатомиялық-физиологиялық, мықты қалыпты бүтіндігін қамтамасыз етеді, бірақ оны тегінде адамқылмайды. Бұл рөлді ағынды су ғана ойнай алады. Тек сол ғана адамды тұлғалық қасиетіне қайтарады, жалпы сана-сезім мен шығу тегінің этикалық нормаларын білу үрейге алып бармайды. Жүріс-тұрыстағы жоғары және өмірлік іс-әрекеттерді тасымалдаушы кезеңде физикалық денеден бөлінумен анықталады.
Адам әлемі мен табиғатын түсінудедегі тағы бір аспект мантиканың барлық орында таралуы (мантика гр. сөзі – mainomai – «экстазға түсу»), сәуегейлік, пайғамбарлық (жиі орын алатын ерекше жағдайдағы экстаздық күй), әртүрлі тәсілдермен белгісіз нәрселерді және болашақты болжау өнерін меңгеру т.б. нәрселерде өзінің көрінісін берді.
Сәуегейдің сиқыршыдан айырмашылығы болашақта алда не болатынын болжайды және оған белгілі бір салт-жоралғылармен ырымдармен ықпал етуге болмайтынын, әлемде зорлық-зомбылыққа, басынушылыққа көнбейтін, өзгермейтін, тәуелсіз тұрақты бірнеше орынды нәрселер бар екендігі мойындалады және адамзат көңіліне түюі қажетті адамның түгел қажеттіліктері орындала бермейтіндігі және тағы басқа объективті жағдайлар. Осы негізде ежелгі уақыттың құрылымдық цикліне негізделген күнтізбе пайда болды.
Адамзат еңбек қажеттіліктеріне орай тапырақтан, металдан әртүрлі жаңа еңбек құралдары, жаңа құрал-саймандар мен жаңа қолөнер түрлері жасауды меңгерді. Осыған орай қолөнерші өзінің затын жасап шыққан сияқты құдайдың адамды жаратуымен сол арқылы басқа нәрселерді басқарып отырады деген миф қалыптасты. Құдайдың антроморфты кескіні қалыптасты, сол дәуірдегі адамның өзін-өзі алғашқыдай жабайы емес жоғары бағалауы көрініс беріп, құдайдың кескіні әлемдік жоғары күшті іске асыруға лайықты жалғыз күш ретінде сипатталды.
Ежелгі өркениеттердегі құдай туралы алғашқы түсінігі адам туралы түсініктен аз болғандығы – құдай да адам сияқты әйелге үйленетіндігі, адамдармен қарым-қатынас жасайтындығы, жалпы адам жасайтын іс-әрекеттерді жасайтындығы, бірақ мінез-құлық пен көңіл-күй, жас ерекшелігі мен қызмет сферасы арқылы ерекшеленеді. Құдайлар адамдардың үлкен топтары сияқты бірнеше ұрпақ иеленуі мүмкін, бірақ қартайған буын өлмейді, жалпы айтқанда сол сияқты адамдар да өлмейді, олар жер астындағы терең тұңғиыққа әлемнің перифериялық орны – аралға кетеді. Құдай өлімі болуы да мүмкін. Мысалға Үндістанда жай атқыш құдайы Индра басында ойланып қалай космогониялық актыны жасауды – құрғақшылық құдайы Вертраны өлтірудің айласын ойлайды. Сондықтан құдай өлімі жартылай болса да көрініс береді.
Әлеуметтік катаклизм негізінде халықтардың қоныстануы арқылы алып империялардың пайда болуы құдайлар әлемі туралы түсініктің өзгеруіне алып келді. Құдайлар өткендер рухымен туысқандық қатынасты тоқтатты, олар құдіретті туысқандар емес, жердің қожасы, әміршісі, мемлекеттік қорғаушы екендігін түсінуді бастады. Халықтық, дәстүрлі-егіншілік мерекелерден бөлек мемлекеттік мерекелер пайда бола бастады. Туысқандық, дәстүрлі түсініктерге қарсы мемлекеттік түсінік қалыптаса бастады.
Политеизм мен генотеизм басты орынға бір Құдайды қоятын жалғыз деп саналатын, қалғандары одан туындаған көрініс пен кескін деп түсіндірілетін монотеизмге ауыса бастады. Жаңа діни жүйені жасау ерекше мамандардың –абыздар мен патшалардың орынға ие болуын қажет етті. Сол себептен бұл жүйе ешқандай авторды қажет етпейтін және барлық белгілі орындарда стихиялы «табиғи» пайда бола алатын магизм, анимизм, политеизм және генотеизм сияқты «табиғи» дінге қарсы «жасанды» дін деген атқа ие болды.
Абыздар әлемнің қозғалысқа негізделген, шындық туралы, белгісіз, болмыстық құдай туралы қасиетті білімдерді жүйелеуді бастады. Ежелгі дәуірлердегі мифтер теориялық және теологиялық концепциялардың трансформациялануына байланысты қайта өңдеу, қайта жүйелеу мен реттеуге ұшырады. Ежелгі шығыс өркениетінің храмдары ең алғашқы лаборатория және обсерватория оқу орындарына айнала бастады. Ең алғашқы анатомиялық атлас, ең бірінші математикалық формула, ең бірінші географиялық карта осы орында ойлап табылды. Антикалық ғылымдағы көптеген ғалымдар сонымен бірге діни ойшылдар да болды. Соның ең ежелгі біреуі математика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан, өзінде эзотерикалық діни одақ көрініс беретін, көптеген шығу тегі шығыстық концепцияларға негізделген философиялық мектеп – пифагорлықтар болды.
Әлеуметтік-өнегелі нормалардың қалыптасуы және олардың діни сипатта көрініс беруі. Діннің пайда болуы тарихи конфессионалдық түрде халықтың ерекше және кеңкөлемді моральдық принциптеріне және олардың тәубә жасауына ықпал етті. Діни мораль дінмен бірге таралып, діни мәтіндерде таңбаланады. Аңғаратын мәселе монотеистік дінде көпқұдайлық тәжірибесімен салыстырғанда жақсылық пен жамандықтың арақатынасы нақты, қатаң анықталған. Қарайтын болсақ пұтқа табынушылық жағдайында да түгел мәдениет пен өркениетте мораль мен құндылықтар қалыптасты (ежелгі гректер өнегеліліктің алтын ережесін қалыптастырып, этика түсінігін ойлап тапты) немесе дінсіздерді салыстырып көруге болады (қытай өркениетіндегі конфуцийлік).
Дін мен мораль бейнеленген біртұтас нормативті реттелген жүйенің әртүрлі әлеуметтік нормалар кейпінде көрініс береді және бірнеше жалпы белгілерді иемденеді. Олар да бірыңғай нормативті негіз; олар соңғы есепте белгілі бір мақсат пен міндетті – қоғамдық өмірде тәртіпке салуды әбден жетілдіру, оған ұйымдастырушылық бастама енгізу, тұлғаны дамыту, жетілдіру, әділдікке негізделген идеалды гуманизмді бекітуді көздейді.
Дін мен мораль таптарға, топтарға, олардың талаптарына көп жағдайда сәйкес келетін сол белгілі бір адамдарға бағытталады. Мораль да дін де қоғамның мәдени-әлеуметтік даму көрсеткіші және оның жасампаз және дисциплинарлы бастамасы тұрғысында тұрақты жалпы тарихи құндылықтарға шақыруды үндейді.
Тәуелсіз бола тұра, мораль мен дін өзара бір-біріне ықпал етеді.
Моральдің діннен басты ерекшелігі оның нормалары мен принциптерінің (мысалға: қасиетті жазбалар) арнайы тасымалданбауы. Мораль өнегелі міндет пен сену дағдысын бейнелейді. Дін және діни мораль арнайы құралдар мен механизмдерді пайдалану арқылы арнайы орындарда (шіркеу, храм) қолданылады.
Мораль – әмбебап реттеуші және оның ықпалы адам іс-әрекеті орын алған барлық салаларда таралған. Ал дін барлық жағдайда таңдап ықпал етеді. Оның ықпал етуіне болмайтын салалар да бар немесе оның ықпалы белгілі бір деңгейде шектеулі.
Әлемдегі моральды құндылықтардың дамуы және жалпыадамзаттық моральдың өмір сүруі туралы, моральды жүйе тарапынан идеяның таралуы діннің өзінің және оның қасиетті жазбалардың түсірілуі кей жағдайда көңіл көншітерлік болмайды. Мысалға, басқа діндегі не дінге сенбейтін, бірнеше дінмен айналысатын адамдарға қатал және әділетсіз қатынаста болып, оларды әдетте бейморальды деп те атайды.
Мораль қоғамдық түсінік формасы, қарым-қатынастар мен нормалардың жиынтығы ретінде ерте кезде діни және саяси түсініктің формасы ретінде пайда болған және бұл ауқымды ұғым. Әдет-ғұрып пен мораль алғашқы қауымдық қатынастарда адамдардың жүріс-тұрысын реттеп отырған.
«Моральда адамның жақсылығы, әділдігі, адамгершілігі, ар-ұяты, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі туралы көрсетілген. Мораль нормалары – адамзаттың тарихи дамуының жетістігі, олар жақсылықты нығайту мен жамандықпен күрес негізінде қалыптасқан. Моральдың дамуында әртүрлі қоғамдық пікірлердің ықпалы болды»[7].
Моральдық принциптер мен нормалар соңғы есепте қоғам өмірінің экономикалық жағдайымен анықталады. Адамзаттың дамуы мен өнегелі мәдениеттің рөлінің өсуі жалпылама алғанда өнегелі прогресс болып табылады. Осы өнегелі даму қайшылықты тудырады. Жалпыадамзаттық мораль топтық моральдық түсініктің көрінуімен қақтығысқа келеді. Мораль әрекеттестік қатынасына байланысты таптық және жалпыадамзаттық болып жіктеледі.
Моральға ерекше ықпал еткен жағдайдың өзінде жалпыадамзаттық нормалар мен түсініктерді анықтауда, адамның жүріс-тұрысында дін орын алады.
Дін мен мораль өзара шектеулі байланыстағы қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде өркениет тарихы дамуының куәсі. Дін мемлекет халқының қоғамдық мораль мен өнегелі мәдениетінің жай-күйін ескереді. Сонымен қоса мораль сенім бостандығын да ескереді.
Мораль қамтитын қатынас аймағы діни қарым-қатынас болғанмен өте кең ауқымды алады. Адамдардың тұрмыста, коллективте, жанұяда орын алатын көптеген қатынастары мораль объектісі болып табылады және оған діни көзқарас кең ауқымда, көпспектрлі және бостандықта қарастырылады.
Өзара тығыз байланыстағы реттеуші сол сияқты тығыз әлеуметтік және функциональды өзара қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Олар қоғамдық қатынастарды реттеуде бірін-бірі сүйемелдеп, тұлғаға оң ықпал етіп, азаматтың өнегелі мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастырады.
Көпшілік жағдайда оның (Христиан дініндегі Иисус Христостың 10 ізбасарының: өлтірме, ұрлама, жала жаппа, зинақорлық жасама т.б.) талаптары сәйкес келеді. Дін мораль сияқты құқықтық және өнегелік жағдайда қылмыс жасаумен айыпталады.
Барлық заңға қайшы іс-әрекеттер өнегесіз және дінге қарсы болып табылады. Дін де мораль қол жеткізуге тырысатын заңның сақталуын бұйырады. Христиандық моральдағы «өлтірме», «ұрлама», «жалған куәгер болма» деген сияқты өсиеттері бұзылмауы үшін заңмен қорғалады. Көріп отырғанымыздай дін мен моральдың өзара қатынасында адамдарға қатысты тәрбиесіне және оның жоғары азаматтық сапасына оның талаптарында тікелей үйлестік табады. Дін мен мораль өзінің қызметін атқару процесінде өзіне тән әдіске сүйене отырып, жалпы ортақ мақсатқа жету үшіін бір-біріне көмек береді. Осыдан шығатындай олар бір-біріне объективті түрде қажет. Осындай өзара қатынасты орнату үшін барынша икемді және терең болу қажет. Әсіресе бұл заңдық тұрғыдан жазаланған және қоғамдық тұрғыдан қымтырылған шекарасында құқықтық және өнегелік критерилері өзара тығыз үйлескен қатынастарда қажет.
Мораль мен дін бір-бірін жоймайды керісінше бірін-бірі толықтырады және болжайды. Шіркеудегі діни нормалар мен догматтар мораль тасымалдаушыларға қызмет жасайды және қызмет жасауға міндетті сонымен қоса қоғамның өнегелі бастауларын қорғайды және күшейтеді. Және діннің тиімділігі көп жағдайда бара-бар тәуелді ол осы талаптарды көрсетеді. Егер ол өзінің тек билігіне сүйенбей моральға сүйенсе діннің қуаты жүз есе артады. Өз кезегінде мораль әрекеттері адамның рухани жағынан қарағанда басқа да әлеуметтік нормалар сияқты аз да болса діни жүйенің қызметіне тәуелді. Өйткені осы барлық реттеуіштер бірыңғай нормативті алаңды құрайды.
Әлеуметтік жүріс-тұрыс пен адамдардың іс-әрекеттері де әдет-ғұрыппен реттеледі. Әдет-ғұрып – бұл ереже, қаншама рет қолданылу нәтижесінде қоғамдық тәжірибеде бекітілген, адам мен әлеуметтік топтың іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын бағалаудағы белгілі бір қарым-қатынас орнату жүйесі. Әдет-ғұрып қоғам мүшелері мен қоғамдық реттеуші әлеуметтік топтың қалыптасқан дағдылары болып табылады.
Әдет-ғұрып адамзаттың ежелден жүріс-тұрысын реттеуші формасы болып табылады.қоғамның дамуымен қатар әдет-ғұрып жүйесі де өзгеріп отырады: бір әдет-ғұрып өзінің өмірін жойып, келесі бірі қалып ол өзгеріп, содан адамдардың мүддесі мен қажеттілігіне сай жаңа әдет-ғұрып пайда болады. Өз табиғатында әдет-ғұрып консервативті. Әдет-ғұрыпта наным-сенім, ескілік, өткен сияқты болмыстық түсініктер қатаң бекітіліп, жаңа замандағы әлеуметтік өмірде теріс дәріптеледі.
Мемлекет тарапынан бекітілген және мойындалған әдет-ғұрыптар құқықтық мәнге ие болады, яғни мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі, құқық формасы (түпнегізі) болып табылады. Әдет-ғұрып сауда қатынасында сатушы мемлекет пен сатып алушы мемлекет арасында реттеуші ретінде халықаралық салада да ықпал жасайды.
Өнегелі сипаттағы әдет-ғұрып өнегелі деп аталады. Өнегеде (әдет-ғұрыпта) әлеуметтік топтың, белгілі бір мекенде өмір сүретін тұрғылықты халықтың психологиясы көрініс табады. Адамдардың, топтың, қоғамның өмір сүруінде, олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін жүріс-тұрысының сақталуында салт-дәстүр өте маңызды рөл атқарады.
Әдет-ғұрып пен салт-дәстүр белгілі бір ұқсастыққа ие. Екеуі де тұрақтылыққа ие әлеуметтік және мәдени мұра элементтерінен құралған. Салт-дәстүр әдет-ғұрыпқа қарағанда кеңірек ауқымды білімді қамтиды. Салт-дәстүр белгілі бір идеялар, құндылықтар, әлеуметтік бекітілген жүріс-тұрыс нормалары ретінде көрініс береді.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрмыстық, жанұялық, діни қатынастарда рәсім, ырым-жоралғы ретінде көрініс береді. Мысалға: үйлену рәсімі, сәби дүниеге келгенде куәгердің сүйіншілеу рәсімі, жас маманның жаңадан жұмысты бастауына арналған рәсім, бейнеті сіңген еңбеккердің зейнетке шығу рәсімі.
Әлеуметтік топтың басты және маңызды нормасын діни норма құрайды. Бұл нормалар діни ұйымдардың қызметі мен құрылымдарындағы Құдайға, шіркеуге, бір-біріне сенушілерге қатысты реттеледі. Моральды-этикалық орнатылған жиынтық – діни сенім, діни мекеме мен ерекше іс-әрекет діннің құрамдас бөлігі болып табылады. Діни норманың Құдайлық беделі бәрінен бұрын діни сенім байланысымен анықталады. Діни канондардың жиынтығы (бұйрық, ереже) адамзаттың ең алғашқы даму кезеңдерінен бастап қоғамда әрекет етуші реттеуіш жүйесі болып көрініс береді.
Антикалық қоғамда дін, мораль, саясат барлығы бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Әлемдік діндер: иудаизм, христиан, буддизм, ислам қоғамның тек қана рухани және құлықтық өміріне ғана ықпал еткен жоқ, сонымен қоса мораль заңдары сияқты құқықтық жүйенің дамуына да үлкен септігін тигізді.
Дін мен моральдың тұтастығы нормативтілік, әмбебаптылық, жалпылық болып сипатталады. Нормативтілік адамдардың жүріс-тұрысын бағалаудың үлгісі мен эталоны болып табылатын белгілі бір нормалардың жиынтығы. Әмбебаптылық дін мен моральдың барлық қоғамдық қатынастарға тарап, әлеуметтік нормалар жүйесінде әмбебап реттеуші болып табылатын көрінісі. Жалпылық мораль мен дін бірдей бағаланады немесе адам тіршілік әрекетіндегі идеология, өнегелік, құқық, саясат және т.б.
Дін мен моральдың өзара әрекеттестігі олардың бір-бірімен сіңісуі мен ықпалдасуымен бейнеленеді. Діннің қорытындысында моральға негізделуі сіңісумен анықталады. Дін моральды принциптер: әділеттілік, өнегелілік, шынайылық, жақсылық және жамандықпен бекітіледі. Ықпалдасуда мораль дінге белсенді түрде ықпал етіп, көп жағдайда оның канондарын жеңілдетеді, оны адамзаттық эволюцияда, уақыт ағымында, қоғамға оң ықпал етуде, экономиканың, ғылым мен мәдениеттің дамуында, төзімдірек етеді.
Буддизмдегі адамгершілік проблемасы. Буддизм – (санскриттік «будда» сөзінен алынған, сөзбе-сөз алғанда – нұрланған деген мағына береді) – әлемдік үш ірі діндердің бірі, Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Қиыр Шығысқа дейінгі елдерде таралған.