Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18568

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Буддистердің түсінігі бойынша, жоғары қасиетке қолы жеткен әрбір тірі жан будда бола алады, яғни нұрлануға жете алады. Бұл өмірде Шакьямуни деген аты болған («шакьилер руынан шыққан тақуа») буддалардың бірі адамдарға «құтқарылу» жайындағы ілімінің сырын ашқан. Оны ізбасарлары әдеттегідей санскриттік сөзбен «дхарма» деп атады (ілім, заң). Сол себепті «будда» терминімен әдетте осы Шакьямуниді білдіреді.

Буддизм діни сеніміндегі маңызды тұсы болмыс пен азап шегу арасындағы тепе-теңдік идеясы болып табылады. Буддизм брахманизм дамытқан жанның көшуі жайындағы ілімді, яғни өлгеннен кейін кез-келген тіршілік иесі жаңа тірі жан ретінде (адам, жануар, құдай, рух, және т.б.) қайта тіріліп шығады деген сенімді жоққа шығарған жоқ. Алайда, буддизм брахманизм іліміне елеулі өзгерістер енгізді. Егер брахмандар әрбір таптың («варна») өзіне арналған ғұрыптар, құрбандық шалу және дұғалары арқылы «жақсы қайта туылуға» қол жеткізуге, яғни раджа, брахман, бай көпес, патша және т.б. бола алатын болса, ал буддизм әркім қайтадан басқа түрге ене алады, болмыстың барлық түрі бақытсыздық пен зұлымдықтан қашып құтыла алмайды. Сондықтан буддистің ең жоғары мақсаты қайта туылуларды тұтастай тоқтатып, нирванаға, яғни болмыс емеске жету болып табылады.

Көптеген адамдар үшін ол қайта туылулар арқылы нирванаға жету мүмкін емес. Будда көрсеткен құтқарылу жолдарымен жүре отырып, тіршілік иесі әдетте әлсін-әлсін қайта туылып отыруы тиіс. Бірақ «жоғары даналыққа» жету жолы болады. Оған жеткен тіршілік иесі «шеңберлі болмыстан» шыға алады, өзінің қайта туылулар шеңберін аяқтай алады. Будда іліміндегі ең маңыздысы ретінде оның ізбасарлары оның болмыстың мәні мен себебі – қайғыны танығанын, оны адамдарға ашқанын, сондай-ақ қайғыны жеңуге, құтқарылу мен болмыс емеске алып келетін жолды да ашқанын айтады.

Буддистер Будда жеткен «төрт қайырымды ақиқатты» мойындайды. Ол төрт ақиқаттың біріншісі - барлық өмір сүруің – бұл азап шегу делінеді. Екіншісі – ол азап шегудің себебі адамның өзінде жатыр, ол оның өмірді аңсауы, рахат өмірді, билікті байлықты аңсауы, ол кез-келген түрдегі өмірді аңсауда жатыр. Үшінші ақиқаты – азап шегуді тоқтатуға болады. Ол үшін өмірді аңсаудан босану керек, және барлық күшті ынтық сезімдер болмайтын, барлық ынтызарлығы сөнген күйге жету керек. Соңғы «төртінші ақиқаты» - «қайырымды сегіз орта жолды» көрсетуі болып табылады.

Ол «сегіз жол» әдетте медитация (санскрит. «дхьмна», қытай тілінде – «чань», жапон тілінде – «дзэн») деп аталатын: «дұрыс ойлау, дұрыс ұмтылу, дұрыс сөйлеу, дұрыс мінез-құлық, дұрыс өмір, дұрыс ілім, дұрыс пайымдау, дұрыс қайғырудан» тұрады. Буддизмнің негізі осы «төрт қайырымды ақиқат» іліміне негізделген. Барлық діндер нақты дүниелік өмірді материалдық емес, қайтыс болғаннан кейін басталатын өмірге қарсы қояды. Мұнда алғашқысы қашанда жұтаң кейіпте бейнеліп, құдаймен бірігіп кетуге кедергі келтіретін күнәлі деп есептелсе, екіншісі адам ұмтылуға тиіс, жердегі бейнеттің зейнетін көретін мекен ретінде сипатталады. Буддизм бұл жағынан өзге діндерден негізінен ерекшелене қоймайды, бірақ ол біз өмір сүріп отырған әлемге сыни баға беруді логикалық түрде аяқтайды. Болмыс пен азап шегудің арасына теңдік қоя отырып,буддизм әсіресе дүниеге солғын кейіп береді. Онда барлығы бірдей азап шегіп қана қоймайды, сонымен қатар тіпті кез-келген қуаныш тірі жанның осы өмірге деген құштарлығын күшейте отырып зұлымдыққа толы жаңа шексіз қайта туылулар қаупін туғызады.


Буддизм адам өз тағдырын, өзінің жаңа қайта туылу формасын өзі жасайды деп үйретеді. Жаңа қайта туылудың нақты белгілерін білдіретін күш карма деп аталады. Буддизмдегі карма – адамның өзіне дейінгі барлық қайта туылуларындағы істеген амалдары мен ойларының жиынтығы болып табылады. Карма туралы ілім брахманизмде де бар. Брахмандар да карманы тиісті жаза – жанның көшуін қамтамасыз ететін күш деп үйретті. Өзінің варнасына тиісті құрбандықты жасау немесе жасамау, брахмандарды құрметтеу немесе құрметтемеу, көптеген тыйым салуларға мойынұсыну немесе бұзу арқылы адам өзінің жаны көшетін ең жексұрын жануардан бастап патшалар мен құдайларға дейінгі форманы өзі жасап алады. Буддизм «жазасын өтеу заңын» (карма) қабылдап алды, бірақ оған жаңа мағына берді. Адамның осы өміріндегі барлық іс-әрекеті кармасы арқылы анықталып қойылғанымен, ол өзінің мінез-құлқында, ойлауында, сөзі мен іс-әрекетінде белгілі бір деңгейде бостандыққа ие. Буддизм адам осы аз ғана бостандыққа ие болуы арқылы құтқарыла алады деп үйретеді. Онда да ол құтқарылу мәселесі құрбандық шалу, ғұрыптар мен тыйым салулар арқылы емес, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы шешіледі. Адамның осы дүниеде қылған дәл осы амал-әрекеті, істеген нәрселері мен ойлары оның ары қарайғы кармасы - жаңадан «қайтадан жаңа түрге енуін», яғни жаңа азап шегуін анықьтайды. Бірақ бұл аз. Буддизмде, әсіресе оның түрлі мектептері мен бағыттарының ілімдерінде сезімдік әлемнің өзі жоқ, болмайды деп айтады. Ол тек біздің қиялымыз, біздің адасқан, ауруға шалдыққан санамыздың ойлау нәтижесі. Буддизм бойынша, дәл осы сана бір ғана бұлжымас карма заңына бағына отырып бізге сезімдік әлемнің азап шегуге толы қайғылы көрінісін жасап береді.Бұны пайымдау көптеген ұсақ бөліктер – дхармадан, яғни сананың элементтерінен тұрады. Карманың әсер етуімен белгілі бір кешенге жинала отырып, дхарма аталған қайта туылудың дербес санасын және бізді қоршап жатқан сезімдік әлемді жасап шығарады. Дхарма тыныштық таппайынша, ол адамның өлгеннен кейін де ол дербес жеке сана қайта туыла береді, болмыс шеңбері өзінің айналымын жалғастыра береді.

Буддизмнің ілімінен адамның осы өмірдегі орны мен міндетіне қатысты көзқарасы да келіп шығады.

Буддизм іліміндегі болмыс азап тарту ретінде антагонистік қоғамдағы еңбектенетін топтың айқын жағдайын көрсетеді, сонымен қоса өзіндік әлеуметтік құрылымның сөзсіз үздіксіз қиындық көруі мен азап тартуына ұшырайды. Буддизм таптық қоғамда шарасыздықтың орнауынан басым көпшілік халықтың азаптануына, жерден, қоғамнан безінуге (кері тебіну) алып келіп, қате шешім шығаратын дін болып табылады. Бұл азаптануды абсолютті шекке дейін жеткізеді және оны әртүрлі болмыстардың негізгі заңы етіп, азаптанудан туатын құрылымды заңдастырады да шарасыздың бейболмысқа, нирванаға өтуін марапаттауды уәде етеді.


Буддалық ілімдегі өмірлік-азаптану бұл барлық тіршілік иесінің өзінің өміріне жеткілікті азаптану сынағынан өткізіліп, өзінің кінәсінан арылуы. Өйткені карма заңы барлығына бірдей міндетті. Әлі адамның санасында өмір кешкен ежелгі буддизмге назар аударып, оған адамдар да, жануарлар да, ведалық пантеондағы ескі құдайлар да бағынады. Азаптанудағы адамдардың теңдік идеясы буддизмнің әлеуметтік рөлін анықтайтын өзара бірін-бірі құтқару ақиқаты ғана емес сонымен қоса жануарлармен, құдайлармен қоса маңызды идеялық фактор болды.

Құлға не болмаса феодалды шаруаға жаңаша буддизм келесі өмірде қожа, радж не болмаса өмір сүруді толық тоқтататын – нирвананы уәде етеді. Буддистердің пікірі бойынша, керісінше барлық дүние мен мүлікті пайдаланғандар өзін-өзі түпсіз терең иірімге қамап ең жаман жағымсыз қайта туылуға алып келеді. Азаптанудағы барлық тіршілік иесінің теңдігі туралы сенімі мен қанаушыларға қарсы күресте еңбеккерлердің қарусызданудан құтқару мүмкіндігі бұл «әлемде барлығы иллюзия» деген сияқты мүліктік және әлеуметтік теңсіздік тұрақты емес ол өзгеретін жағдай деген түсінік.

Азаптан құтылудағы көбірек ықпалды фактор адам дүниеге келмей тұрғанда әлемдік өмірдің шегінен шығу сонымен қоса сангхаға қадам басу – монахтық орден.

Ертедегі буддизмдегі сангха ерікті түрде барлық жер шарын уайымдайтын құштар адамдардың бірлестігі. Сангхаға кірген адам ең бірінші өзін, жанұясын ұмытуы, өзі қатысқан басқа Варнаның бұйрығынан (ежелгі Үндістандағы касталар) бас тартып, рухани тазалық арқылы діни ант қабылдап, монахқа арналған бекітілген сары тога кию рәсімінен өтеді.

Монахтық өмір толық уақытты қамтиды. Монахтар үшін 253 тыйымдар қойылып, оның өтелу ережесі немесе бұйрықтың шегі оның барлық өмірімен анықталады. Қатардағы сенушілер үшін монахтар ерекше, табиғаттан тыс, ғажайып адамдар болды. Оларды қорғап құрмет тұтып, бас иген, әсіресе кейінгі уақытта басқа да мемлекеттерде буддалық дінбасыларын тікелеу құдай деп тану орын алды.

Христиан антропологиясының ерекшеліктері. Христиандықта адам Құдайға «талпынбайды», керісінше Құдай мейрімділік пен шапағаттылықпен адамға «жақындайды». Христиандықтың өзіне ғана тән, басқа діни жүйелерде кездеспейтін қарама-қарсылығы адамзат пен құдай арасындағы түсіністік пен елестету. Иисус Христостың өзі Құдай: «Ең бірінші Сөз (кітап) болған, сосын Сөз Құдайда болды, кейін Сөздің өзі Құдай болды» [Иоанна I, 1], осының негізінде Иисус Христос ақиқат ілімді ғана бейнелемейді сонымен қоса жоғарғы өмірге жол сілтейді, бірақ Өзі ақиқат өмір, өйткені Ол – Құдай. Христиандық ілім Жаңа Заветке сүйене отырып, «дала әлемі» мен «тау әлемі» құндылықтарын құдайлық пен адамзаттықты белгілі бір шекте қарама-қарсы қояды. «Әрқандай талпыныстар игілік жасау мен жетілу жолындағы қозғалыс пен талпыныстар болып табылады; әрқандай игілікке талпыныс Құдайға талпыныс болып табылады; игілік ол Құдай,оны былайша айтуға да болады, Құдай ол игілік». Сондықтан, адам әлемі: әлем, табиғат, қоғам, адамзат тарихы, адамның өзі – «Құндылық пен құндылық» қатынасының алаңы, сол сияқты Құдайдың адаммен және адамның «Жер мен көкті жаратушы, адамзат баласын ұстап тұрушы мен құтқарушы» Құдаймен қатынасы.


Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және шектеулі болмыстардың себебі мен түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық жаралыстар өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын жасаумен болады, ол өзіндік пікірі жоқ абстракция емес, бірақ дараланған «Тірі Құдай».

Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да болмыстардың барлық заттардың, процестер мен жүйелердің (көрінетін және көрінбейтін, көктегі және жердегі) себебі мен бастамасы болып табылады. Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және шектеулі болмыстардың себебі мен түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық жаралыстар өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын жасаумен болады, ол өзіндік пікірі жоқ абстракция емес, бірақ дараланған «Тірі Құдай».

Жаратылыс – жаратушымен ерікті сырласатын бостандықтағы актісі. Әлем Жаратушы арқылы өмір сүріп отыр, егер кенеттен Жаратушының әлемді орнықтырудағы іс-әрекеті «жаратылу» тоқтайтын болса, онда «Жаратушының ықпалынсыз барлық нәрсенің тағдыры оның ішінде адамның да өмір сүруі мүмкін емес, өйткені «әлем Жаратушының үздіксіз жаратуымен өмір сүріп отыр».

Інжіл кітабында адамның пайда болуының екі түрлі үлгісі кездеседі. Біріншісі, «Қасиетті кодекске», көтеріліп бара жатқан «Алтыкүндік» [Болмыс, 2.бөлім]; екіншіден, адамның пайда болуында «технологиялық процесс» деп сипатталатын ескірек үлгі, «Ягвистқа» көтерілуші [Болмыс, 2.бөлім].

Христиандық догмат бойынша адамды Құдай образында және оған ұқсас жаратуы христиандық аппологеттердің адамның жоғары мүмкіндігін мойындауға және оған құдайлық образдың белгілерін іздеуге алып келеді.

Христиандықтағы діни-догматтық және философиялық түсініктегі құдайлық жарату ерекше бір түсіндірудің нюансы болып табылады. Христиандық дүниетаным бойынша адам мәселесін түсіндіргенде не талдағанда арнайы, дербес мән береді. Өйткені адам – Құдай жаратылысы, оның табиғаты, өмір сүру формасы және өзіндік тұлғалық қасиеті өзінен өзі туындаған жоқ ол дара жаратушыдан бастауын алады. Сондықтан адамға Құдайдың образы мен үйлесімділігісіз әлемде өмір сүрудің мәні болмайды. Христиандықта адамның өміріндегі өзіндік құндылықтарын «жою, өшіру», адам болмысының көндігуі мен дезинтеграция мүмкіндіктеріне алып келеді. Субъектіні идеалдандыру қажеттілігі христиандықта әлемнің және адам болмысының дематериализациясына соқтырады. Шындығында болмыстың нақтылану нәтижесі – адамның (жалпылама) қажеттіліктері, мүддесі, жүріс-тұрысы, өмір сүру стилі ретінде болмысқа сүйеніп қабылдайды. Бұл индивидтің материалды психофизикалық ықпалдасуы, ол немен бетпе-бет келсе соған қарсы тұрады. Сондықтан адамның (субъект) «объективті шындыққа» қатынасы – бұл идеалды қатынас емес, бірақ практикалық тұрғыда – нақтының нақтыға қатынасы рухани ықпал болады. Адам «объективті шындықты» болмыс алдына емес мәнге орналастырады, ал ол оның ішінен табылады. Субъект – мәндінің ішінде (мән бұл сезімдік жүйеге, бостандыққа, құндылықтарға, жүріс-тұрысқа, өмір сүру стиліне ие) орналасқан адам. Барлық ерекше адамзаттық белгілер абсолюттің сипаты ретінде түсіндіріледі, ал адамдарға олар «Құдайлық образбен, үйлестікпен» еркін түрде «сыйға тартылады». Осындай жағдайда адамзаттық қасиеттер, мүмкіндіктер, белгілер және сипаттамалар адамнан «бөлініп», «иесізденіп», гипортрофтық түрде Абсолютқа, «Тірі және ақиқат Құдайға» беріліп, ұлы жаратушы өзінің қасиетін адамға сыйға тартады. Бұл мағынада христиандық дүниетаным әрдайым теоантроморфты.


Христиандық анропология үздіксіз христологиямен байланысты. Оның ішінде христиандықтағы «Құдай адам Иисус Христос» «Жаңа Адам», жетілген адамның идеалды бейнесі, құдай іспеттес құдайлық болып табылады, Құдайдың «балалық сенім»: менің рахым, мархабатымдағы «ғашығымның баласы» [Матфея 3, 17]; Осылай Құдай әлемді сүйді өйткені халқына, оған сенушілерге өлмейтін, мәңгілік өмір сүруші өз баласын берді. Онда Құдай әлемнен сынақ алу үшін өзінің баласын жібермейтін еді, бірақ әлем сол қайта құтқарылады. Оған сенушілер сұраққа алынбайды, ал сенбейтіндер олар сұралады, сыналады, өйткені бүкілхалықтық Құдай баласына иман келтірмеді [Иоанна 3, 16 – 18].

Мұндай жағдайда христиандық сенімге сәйкес христиандықтағы біртұтас орталықтандырылған және генерализацияланған құндылықтар көрініс беріп, Иисус Христос туралы адамдарға ақиқат толығымен және терең ашылады».

Христиандықтағы адам табиғаты үш сипатта түсіндіріледі.

  1. Адам ата мен Хауа ананың күнә жасағанына дейінгі.

  2. Түсірілген адам (оның алдыңғы жағдайы).

  3. Иисус Христоспен қайта жаңартылған адам.

Адам христиандық сенімге сәйкес «Жаратушы» қолынан пәк, таза болып шықты және өзінің «Жаратушысымен» бірге татулықта өмір суруі бекітілді, бірақ шайтанның азғыруымен, қысымымен Құдайдың жеме деген жақсылық пен зұлымдық танымы ағашының жемісін жеп, күнә жасап, өзінің келесі ұрпақтарына дейін құдайлық игіліктен айрылады. Болмыс бастамасынан үзілген адам ауруға, қамқорлыққа жат, құмарлық істерге, өлімге, ылдилауға әуестенеді. Құдайға ұқсастылық, жасалған күнәмен жуылып-шайылып жоқ болып, байырға құдайлық адам адамзат жетілуінің идеалы ғана болып қалды. Адамзат трагедиялық, «жыртылған», екіге бөлінген, қарама-қарсы пікірдегі трагедиялық болмыс игілік іс пен күнә, рух пен нәпсі, Құдайдың игілік істері мен лас гипноздық істер ретіндегі тірі жан болып қана қалды. Бүлінген адамзат табиғатын қайта қалпына келтіру тек қана «»Жеке дара туған Құдай баласы, құдай құрбаны – Иисус Христосқа» берілу мен бас ию арқылы ғана болмақ.

«Құдай баласының» «әлемнің күнәсін» өзіне алып, «өліммен өлімді түзеп» ертедегі күнә жасаушы Адам атаның күнәсін өзінің азапты өлімімен нақтылы түрде көрсеткен болатын. Иисус Христостың құтқару әрекетінен кейін адамдар «жаңалықтар жасап», не «сеніп» христиандықтар дара ақиқат бейнелі, құдайсипат қасиетті Иисус Христосқа барып тұрды.

Адам Құдай бейнесімен және Соған ұқсас жасалғандықтан оның ерекше қасиеттері: қызметі, ақылдылығы, еріктілігі, ар-ұжданы тағы да басқалары оның тек құдайлық бейнесін ғана көрсетпейді, олар әр адамның ерекшеліктерін алып жүретін және негізі (болмысы) – мәңгілік жанмен тығыз байланысты.

Христиандық антропология ілім бойынша, адам тән мен жаннның бірлігі [Бытие 2, 7; Матфея 10, 28]. Жан тәнді тірілтеді, оны рухтандырады, жансыз тән – мәйіт, сондықтан да Қасиетті кітаптарда жан «өмір тынысы», «өмір рухы» немесе «рух» деген анықтама алған. Жан өзіне Құдайды қайнар көз қылып, мәйітті тірі жанға айналдырып жіберетін ерекше күш. Адам жанын Жоғарғы Абсолют материалдық әлемнен бөлек, жеке, ерікті қылып жасалды. Жарату әдәсі- «Құдайдың дем беруі» [Бытие 2, 7]. Адам жаны Құдайдан кемелділікті алды, ол оны «Жаратушы мен Жасаушыға» жақын қылады. Жанның ерекше қасиеттері оның бірегейлігі (ерекшелігі), руханилығы және мәңгілігі. Адам жанының сапалық өзгерістері оған берілген «Құдайлық сыйлардан»: сөйлеу сыйы, ойлау сыйы, еркіндік сыйынан тұрады.