ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Религиоведение (Религия)
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 18566
Скачиваний: 9
Осылайша, христологияда адамның жасалуы, құдайға ұқсауы, екі жақтылық табиғаты және күнәхарлығы туралы тұжырымдар болды. Адамның күнә жасағаннан кейінгі жеке әлемі тек Құдайға ғана белгілі, басқалар үшін ол мүлде белгісіз, сондықтан әр тұлғаның ішкі өмірі оның «адам тәнін Жасаушымен» қарым-қатынасы оның соңғы тағдырын анықтайтын, шешетін фактор болып табылады. Адам өзінің ойымен, ісімен және өмір сүру стилімен тек Құдайға ғана бағынышты
Исламдағы антропологиялық мәселелер. «Ислам» сөзі көбінесе «бойсұнушы» деп түсіндіріледі, этимологиялық тұрғыда өзін беру, өзін сеніп тапсыру дегенді білдіреді. Соған сай мұсылман бұл өзін Құдайға сеніп тапсырған адам. Мұсылман үшін Құранның рөлі қандай екенін білу де міндет. Құран исламдық ілім бойынша Құдайдың Ашылуы. Бұл ашылуда Құдай сөзімен қоса адам сөзі естілмейді, яғни Құдаймен рухтанған адамның мүмкіншілігі заманмен, қоғаммен шектеулі, ол тек осы рухтың жетелеуін түсіндіруші ғана. Құран Құдайдың Ашылуы, Мұхаммед Пайғамбар тек оны жеткізуші. Құранда тек Құдай ғана сөйлейді. Сондықтан мұсылмандар үшін Құран өзіне арналған Құдайдың сөзі.
Ислам бойынша Құдай адамдар үшін Өзін Құранда, Құдайдың ашылу заңында ашады. Адам «араб тілінде, түсінікті» түсірілген Құран заңы бойынша өмір сүреді (Коран 1б:105).
Ислам – бұл теистік дін. Абсолют әлемге трансцендентті, әлемді ерікті түрде жасаушы және оны ерікті қолданушы шексіз тұлғалық бастама ретінде түсіндіріледі. Яғни бұл жаратушы және тіршілік беруші бір Құдайға сенуді уаыздайтын дін. Сонымен қоса, исламда Құдайды адамның көруі мүмкін емес, адамның Құдайтүрінде келуі де, құпияшылдық арқылы ізгі хабар алу мүмкіндігі де жоққа шығарылады. Исламда құпияшылдық деген ұғым да жоқ, тек құпия, жасырын ұғымдар бар. Құран мұсылмандарды Құдайдың құпиясына сенуге міндеттейді.
Құранда Мұхаммед Пайғамбар жаңа хабар айтуға емес, ол бастапқы таза бір Құдайға деген сенімді қайта орнатуға шақырылды деп айтылады. Бұл сенім әр адамда бар, оның табиғатына тән, себебі Құдай Адам Атаның балаларына яғни адамзат тегіне берген өсиетінде: «сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?», - ( дегенде), олар: «Ірине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер. Немесе: «Бұрынғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз...» (Құран 7: 172-173)
Құрандық антропология туралы айтсақ бұнда жүйелі түрдегі адам туралы ілім туралы сөз болмауы түсінікті, себебі Құран философиялық немесе діни еңбек емес, дәстүрге айналған діни заңнама.
Құрандық антропология үш мәселе төңірегінде жоспарланады: адам өзінің Құдаймен қатынасын қалай қоюы керек, ол жақсылық пен жамандықты қалай ажыратуы керек және қалай ол тозақ азабынан құтқарылы алады.
Құран бойынша адам – Құдайдың жаратқаны, Оның таңдаулысы, Құдайдың жердегі әміршісі (халифы). Бірақ, ол Құдайдан жаратылған болғандықтан өзінің табиғатының екі: онтологиялық (адамға өлім тән) және адамгершілік (адам күнә жасайды) әлсідігінен Құдайға тәуелді. Бұл мәселені қарастыруда үш монотеистік діндер ортақ ұйғарымда десе болады. Ал Құдай алдындағы адамның статусын бағалауда біраз өзгешеліктер бар.
Құранда адамның Құдай бейнесімен және Соған ұқсас жасалғандығы туралы идея жоқ. Нақтырақ айтсақ Құдай адамды сол өзінің бейнесі бойынша жасаған: «Ол сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің сол жақ» (Құран 64:3). Немесе тағы бір жерде: «Ол сондай Аллаһ, сені жаратты Толықтап теңестірді. Ол сені қалаған бейнеде құрастырды» (Құран 82:6-8). Құран Аллаһның жаратқандарының ішінде адамды ерекше қаситеттерімен бөлектеп, ерекше орынға қояды. Жаратушы адамды Өз қолымен жасап, Өз рухынан дем бергені туралы айтады. Адам Құдайдың құпиясымен ерекше ізгілікті Аллаһтың жаратқаны болу мәртебесіне ие болды. Жаратушы адамға табиғи бейімділік беру арқылы оны Өзінің жердегі орынбасары етті: «Расында да адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрылым артық жараттық » ( «Ісра» сүресі, (70) )
Аллаһ Тағала жерді де, көкті де әлемдегі барды толық адамға бағынышты етіп, оларды өзінің қажетіне қолдануға икемдеп жасады: «Және де Ол өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларды түсінген ел үшін белгілер бар.» ( «Жасия» сүресі, (13) ) Аллаһ Тағала адамды өзімен-өзін қалдырған жоқ және де бостан бос немесе ермек үшін жатақан жоқ, керісінше олардың арасынан адамдарды дұрыс жолға салатын, осы өмірде бақытты қылытын, о дүниеде Фирдаусуға (Жұмақ) оралтып, рахатқа батыратын Киелі сөзді алып келетін «Пайғамбарларды Аллаһ Тағала адамдарды дұрыс құлшылыққа лайықты Тәңірімен таныстырып, ешқандай серігі жоқ жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін жібереді. Оларды адамзатты жаннаттан сүйіншілеп, тозақтан сақтандыру үшін жібереді. Оларды адамдарға дұрыс құлшылық пен жақсы мінез-құлықты өнеге болу үшін жібереді.» (Пайғамбарлар қиссасы 8-бет. Алматы, 2007)
Аллаһ Тағала Адамға төрт артықшылық берді. Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте пайғамбарымыз «Қиямет күні мүміндер жиналып «Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек» деп Адамға келіп: «Сен адамзаттың атасысың, Аллаһ сені Өз қолымен жаратты, періштелерді саған сәжде жасатты және өзіңе барлық нәрсенің атауын үйретті, бізге Раббымыздың алдында шапағат ет», -дейді, - деген (әл-Бухари, Муслим).
Адам – дене мен рухтан (жаннан) құралған тіршілік иесі. Сондықтан оның өз жеке басы алдында міндеттері екіге бөлінеді:
1) Тән алдындағы міндеттер: тәнді аурулардан қорғау және бұл үшін қажетті шараларды орындау, тазалықты сақтау;
2) Рух алдындағы міндеттер: рухты негізсіз және жалған сенімдерден тазарту, дұрыс және берік сенімдерді орнықтыру, дұрыс және пайдалы білімдермен қаруландыру, жаман ойлар мен жағымсыз мінез-құлықтардан тазарту, жақсы ойлар мен тамаша мінез-құлықтармен безендіру. (Негізгі діни мағұлматтар. Алматы, 2008. 277б.)
Алғашқы күнә – тәкәппарлық. Сондықтан ғұламалар: «Барлық күнәлардың негізі - тәкәппарлық», - деген. Сол үшін: «Жүрегінде тарының салмағындай менмендік бол,ан адам жаннатқа кірмейді», - деген (Әбу Дәуд) және осы мағанада көптеген хадистер келтірілген. Киімімен, үй-жайымен немесе руымен, ата-тегімен мақтану күнәлардың негізі болып табылады. Сол себепті пайғамбар сахабаларының бірінің: «Ей ансарлар!», ал басқа бірінің: «Ей муһажирлер» - деп өз жақтастарын шақырып жатқанын естіген кезде: «Қойыңдар оны, расында ол – жиіркенішті нәрсе», деген (әл- Бухари).
Ұлтшылдық, рушылдық және адамдар арасындағы бақталас, мақтанушылық – тәкәпарлыққа жатады.Қарапайым қызметкерге, жалгер жұмысшыға менменси қарау аса ауыр күнә. Өткені, Аллаһ Тағала күпірліктің басы тәкәппарлық деген.
Кінәні мойындау – Адам мен Ібілістің арасындағы үлкен айырмашылық. Ібіліс қарсылық танытып, менменсіді және осы әрекеті үшін мәңгілік тозаққа лайық болды. Ал адам Аллаһтың әміріне қарсы келіп күнә істегенмен Одан өз күнәларын кешіруін сұрады. Сондықтан ғалымдар: «Кіші күнә мойындаумен, ал үлкен күнә кешірім сұрау арқылы жуылады», - деп айтқан.
Адам дүние салар алдында пайғамбарлықты Шиске тапсырды. Шис Адамның ұлы, Аллаһ Тағала оны Абылдың өлімінен кейін берген еді. Өйткені, Адам ұлы Абыл өлтірілген кезде қатты қай,ырған болатын. «Шис» сөзінің мағынасы – Аллаһтың сыйы, нығметі дегенді білдіреді.
Әбу Зәрр: «Пайғамбар: «Аллаһ жүз төрт жазба түсірді. Содан елу жазбаны Шиске түсірген», - деді», - деген (Ибн Хиббан).
Ол жазбалар адамзаттың өмірін ретке келтіретін қағидалар мен шариғи заңдарды қамтыды. Өйткені, адамзаттың бастапқы кезеңдегі өмірі реттеуді қажет етті.
Адам Шиске өз білімінің басым бөлігін үйретті. Бірақ, ол Адамның білімін толығымен игере алмады. Өйткені, Адам Аллаһ Тағала тарапынан тәлім алған еді. Шис Адамнан білім алған, көп нәрсені үйренген ғұлама кісі. Ол адамдарға өркениет пен өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті.
Исламның мақсаты – адамдарды игі ахлақ (әдеп) иесі етіп тәрбиелеп, кемелдендіру. Пайғамбар былай дейді: «Мен көкем мінездерді толықтырып, кемелдендіру үшін жіберілдім» («Кәшф әл-Хафа», 1 том 211б.). Бір мұсылманға берілетін баға оның парасаттылығымен өлшенеді. Исламда ғибадаттар діннің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да діннің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты – адамдарды жаманшылықтан алшақтатып, игі ахлақты болуға тәрбиелеу.
Шынайы сенім иесі болған адам, барлық іс-әрекеттерін Аллаһ Тағаланың көріп тұрғанына және оларды періштелердің жазып отыратынына сенеді. Дүниеде істеген әрбір іс-әрекетінің қиямет күнінде өзінен сұралатынын біледі. Жақсылық жасағандардың сый көретініне, ал жаманшылық жасағандардың жазасын тартатынына сенеді.
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Кімде-кім титтей жақсылық жасаса, оның сыйын алады, ал кімде-кім титтей де жамандық жасаса, оның жазасын тартады» (Зілзәлә сүресі 7-8 аяттар). Бұл сенім адамды жаманшылықтан алыстатады, жақсылық жасауға себепші болады. Жүрегі мұндай сенім мен жауапкершілік сезімдерінен жұрдай адам адамдардан жақсылық күтуге болмайды.
Ал жүрегі сенімге толы мұсылман барлық іс-әрекеттеріне көңіл аударып, бақылап отырады. Ешкімге жаманшылық істемейді. Қолынан келген жақсылықты жасауға тырысады. Ғибадаттар адам жүрегіне иманды арттырады, әрі парасатты болуға шақырады. Бес уақыт намаз адамға үнемі Аллаһты еске салып отырады, әр түрлі жаман әрекеттерден бас тартқызады. Ораза болса шапағат, мейірім сезімдерін дамытып, адам қолын харам нәрселерден, тілін жалған, өтіріктен сақтайды. Зекет – сараңдықтан құтқарады, басқаларға жақсылық жасап, қол ұшын беруге, адам бойындағы көмек көрсету сезімдерін оятып, халыққа пайдалы болуға себепші болады.
Ең тамаша ахлақ үлгісі – Хазреті Мұхаммед – Аллаһтың тәрбиесінде болған. Ол мінез-құлқын Құраннан алып, жақсылықтардың бәрін бойына жинаған. Пайғамбар ахлақтың міндеттерінен тағлым бере жүріп, өзі үлгі көрсетіп отырған. Ол еш уақытта туралықтан, шындықтан жақсылықтан бір сәт ажырымаған, тамаша мінезімен, іс-әрекетімен басқаларға үлгі болған. Алааһ Құран Кәрімде: «Аллаһтың расулінің бойында, сіз үлгі алатындай тамаша өнеге бар» (Ахзаб сүресі 21 аят) дей отырып, Пайғамбардан үлгі алуға шақырған. Адамдардың міндеті – Пайғамбардың парасаттылық пен адамгершілікке толы өмірін біліп, үйреніп, оның іс-әрекетін үлгі тұту.
Исламдағы адамға берілген тағы бір әмір – еңбек ету. Кез-келген мұсылман күн көру үшін және ешкімге мұқтаж болмай өмір сүру үшін еңбектенуі қажет. Еңбектеніп, ақша табуда аса мән беретін нәрсе – ақшаны адал еңбекпен табу және оған харам нәрсе араластырмау. Пайғамбар: «Бір мұсылманды алдаған, оған зиян тигізген немесе айла жасаған адам – бізден емес» (250 хадис, 159 б.). Мұсылмандардың маңызды қағидасы шыншылдық, туралық, адалдық, адамгершілік қасиеттер.
Адам парасатты, адамгершілікті болуы үшін жақсы тәрбие, мінез- құлық керек. Мінез-құлқы жаман адамдармен жолдас болған адамдар да уақыт өте келе өздерінің жақсы мінездерінен айрылып, жаман мінезге түсіп кетеді. Сол себепті игі ахлақ иесі өз құлқын сақтау үшін, жақсы ахлақты тәлім – тәрбиесі бар адамдармен араласуы керек, ал әдепсіз адамдардан аулақ болуы тиіс.
Пайғамбар:
«Жақсы адамдармен жолдас болуды хош иісті сулар сатылатын дүкенде отырғанға ұқсатады. Дүкеннің қожайыны оған ештеңе қсынбаса да ол жердің хош иісінен әсерленеді.»
«Жаман адамдармен жолдас болуды темірші ұстаханасына ұқсатады. Ол жерде отыр,анкісіге оттың бір ұшқыны шашырайды,я болмаса иісі мазасын алады». (Жами әс-Сағир)
Адам жора-жолдас таңдағанда абай болуы керек. Жақсы және білімді адамдармен дос болу, олардың сөз және іс-әрекеттерінен жақсы өнеге алу, жаман адамдардан қашық болу міндет. Бірақ оларды сол жаман іс-әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып, адамгершілікке тарту қажет.
БЕСІНШІ БӨЛІМ
ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫ
Батыстың белгілі ғалымы Самюэл Хантингтон өзінің «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында «Дүние жүзіндегі екі лагерьдің бірі – Кеңес Одағы құлағаннан кейін әлемде екінші бір қарама-қарсы күштер пайда болды, ол – діндер, өркениеттер қақтығысы, дәлірек айтсақ, христиан діні мен ислам дінінің арасындағы қақтығыс. Болашақта адамзат тағдырын осы екі діннің арасындағы диалог шешеді» деген пікір айтады.
Әрине, бұл пікірмен келісуге де, келіспеуге де болады. Бүгінгі саясаткерлер бұндай байламды мойындай бермейді. Бірақ та әлемдегі діндердің арасында күрделі мәселелердің бар екенін жасырмайды. Өйткені бұл көзге көрініп тұрған дүние. Оны мемлекет басшыларынан бастап қарапайым адамдарға дейін сезіп, біліп отыр. Иудаизм, будда діндерінен гөрі ислам мен христиан діндерінің ортақ шешімге келуі әлемнің тағдырына оң әсер ететіні бүгінде әмбеге аян.
Бұрын Кеңес өкіметі мен Батыс мемлекеттерінің арасында идеологиялық, экономикалық бәсеке болғанымен діни алауыздық болған жоқ. Өйткені КСРО - дінсіз мемлекет еді. Ол құлап, социалистік жүйе ыдыраған соң көптеген халықтар өз діндеріне оралды. Ислам, христиан һәм басқа да діндердің жаңа күш-қуат алатын кезі келді.
Жалпы, ислам мен христиан діндерінің арасындағы тәжіке бүгін басталған жоқ. 1979 жылы Иранда Аятолла Хомейнидің АҚШ-қа ашық қарсы шығуы бұл ислам діні мен мәдениетінің Батысқа деген қарсылығының үлкен көрінісі еді. Бірақ ол кезде бұл қарсылық әлемдік сипат алады деп ешкім ойлаған жоқ.
Сол тұста әлем мемлекеттерінің коммунизмнің де жай ғана таптық мәдениет екеніне көзі жетті. Барлық діндерді ығыстырып оны коммунистік идеологиямен ауыстырғысы келетінін пайымдады. Батыс пен социалистік елдерден біржолата түңілген мұсылман мемлекеттері енді әлемге өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін үлгі ретінде ұсына бастады.
1980 жылы КСРО-ның Ауғанстанға басып кіруін мұсылмандар елге өзге діннің кіруі деп есептеді.
1990 жылы АҚШ-тың Кувейтке байланысты Иракқа соғыс ашуын да мұсылман мемлекеттері жаратқан жоқ.
2001 жылы 11 қыркүйектегі қаралы оқиғадан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш «бұл – үшінші дүниежүзілік соғыс» деп жариялағаны мәлім. Тіпті ол басында «крест жорығын» жариялаймын» деп қалып, артынан кешірім сұрады. Ол сол тұста дүниені екіге бөліп тастады. «Біріншісі – ислам, бұл діндегілер терроризмді қолдайды. Екіншісі – біз, өркениет таратушылармыз» деп соқты. «Бізді қолдамайтындар – біздің жауларымыз!» деп мәлімдеді. Бұл мұсылман мемлекеттерін ызаландыра түсті. Шынында да ол мұсылмандардың емес, экстремистердің әрекеті еді ғой. Ал экстремист – мұсылман бола алмайды. Сол оқиға кезінде бұл зұлымдық әрекетті ең алдымен мұсылман мемлекеттері қатты айыптады.