Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18562

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ресей империясы әкімшілігі басында қазақтарды православиеге қаратуға тырысты, бірақ бұл ойлары жүзеге аспады. Ішінара осындай жағдайлар болғанымен қазақтардың басым бөлігі ислам дініне адалдықты сақтады. Кейінірек олардың саясаты исламды жақтауға ауысты. Патша әкімшілігі татар молдаларын қазақ жерлеріне жіберіп, оларға ақы төлеп, мешіттер мен медресе салуға ақша бөлді. Қазақтардың ішінен де діндарлардың шығуына көп көңіл бөлді, өйткені оларды өз саясаттарына көмектеседі деп ойлады. Күнделікті өмір де исламға дейінгі дәстүрлермен байланыстырылды.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде исламның таралуы ХIХ ғасырдың 70-80 жылдарында көрші Қытайдан біршама ұйғырлар мен дұнғандардың көшіп келуімен байланысты болды. Қытай үкіметі мұсылман жұртшылығын терең бақылауға алып, ал Шығыс Түркістан аймағында бостандық үшін күреске қарсы қысым күштер жүргізді. Осының нәтижесінде көптеген дұнғандар мен ұйғырлар Қазақстанға қашуға мәжбүр болды. Бұл жерде олар өз тілдерінде еркін сөйлеп, ата-бабалардың сенімі – исламды сақтады.

Статистикаға сәйкес, ХIХ ғасыр соңында мұсылмандардың көбін қазақтар құраған ( 90%). 1897 жылы басқа ұлттардың арасында: өзбектер – 4,95%, ұйғырлар – 3,7 % , татарлар – 0,63 %, дұнғандар – 0,3 % құрады. Ұйғырлар мен дұнғандар Жетісу өңірінде тұрса, ал өзбектер Оңтүстік Қазақстан бөлігінде тұрақтаған. Татарлар ірі қалаларда қоныстанды.

1917 жылғы революция көп адамдардың тағдырын өзгертті. Кеңес үкіметінің исламға деген саясаты үнемі ауытқып, қатаң түрдегі исламға қарсы саясатқа да жетті.

1926 жылы саясатта қатаң түрде исламды қудалау жүріп, жаппай репрессия болды. Дін жұмысшы топтың жауына айналды.

1929 жылы исламды уағыздауға мүлдем тиым салынды. Кеңес Одағының барлық жерінде, соның ішінде Қазақстанда да мешіттер жабылды. Осы саясат ХХ ғасырдағы 80 жылдардың ортасына дейін жүргізілді десе болады. Үкімет мешіттердің көбеюіне жол бермеді. Бүкіл Қазақстанда өткен ғасырдың 60-80 жылдарында 22-28-дей мешіт болды.

Сонымен 1961 жылы мешіттері бар 25 мұсылман бірлестігі тіркелген. Жалпы мешіттерде намазға жығылған мұсылман саны 40 мың адам болса, оның 10-20%-ға дейіні әйелдер. Сондай-ақ, үкімет деректері бойынша тіркелмеген 66 исламдық қауымдастық болған. Кең танымал болған «бродячих мулл» қызметі, олар (жерлеу рәсімдері, үйлену тойы) жораларын өткізеді. 1961 жылы республикадағы культтік қызметтің 521-ін «бродячих мулл» жүргізді. Тек қана тәуелсіздік алған жылдардан кейін ғана мешіттер саны 68-ге жетті. Кеңес үкіметі кезеңінде мемлекет атеистік саясатты жүргізіп, ар-ождан бостандығы қағидаларын тек қағаз жүзінде ғана жасады. Соған қарамастан Кеңес үкіметінің саясатта жүргізген дінді жою бағыттары іске аспады. Жүргізілген зерттеулерге қарағанда Қазақстанда 80 жылдардың аяғында жоғарғы деңгейдегі дін ұстанушылықтың болғанын көрсетіп, кейбір аймақтарда оның көрсеткіші 20-дан 70 %-ке дейін өскен. Осыған қарап атеизмнің исламды жеңе алмағандығын көруге болады. Жергілікті халықтың күнделікті тірлігінде діни жоралардың нышандары көптеп көрінбесе де, адамдар ішкі жан дүниесімен, рухани болмысымен исламды түсіне білді. Қазақстан тарихында тәуелсіздік алғаннан кейін исламдық институттардың көбейгендігін көрсетеді. Мұсылмандық қауымдастық күн санап өсіп келеді. Егер 1991 жылы олардың жалпы саны 68 болса, ал 2000 жылдар басында 1652-ге, 2009 жылы 2488-ге жетті. Бүкіл елімізде жүздеген мешіттер салынды.


Алматыда қазақ-египет Ислам университеті «Нұр-Мүбәрак» ашылды. Жыл сайын елімізде жаңа медреселер ашылып жатыр. Көптеген адамдар орта және жоғарғы діни білім алуда. Меккеге қажылыққа барушылардың саны көбеюде. 2001 жылы Қажылыққа 228 адам барса, 2003 жылы – 360, 2005жылы – 900-ге жуық, ал 2007 жылы желтоқсанда - 4300-ге жуық адам барған.

2006 жылдан бастап мұсылмандық мереке Құрбан айттың бірінші күні Қазақстанда ресми түрде демалыс деп жарияланды.

Қазақстан 50-ден аса мұсылман мемлекеттерін біріктіріп отырған Ислам конференциясы ұйымының толық мүшесі болып саналады.

Қазіргі уақытта еліміздегі мұсылман қауымдастығын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ( ҚМДБ) басқарады. ҚМДБ басқарып отырған төраға – мүфтий. ҚМДБ жеке дербес ұйым ретінде 1990 жылы құрылды. Бұрын республикадағы мұсылмандық қауымдастық Орта Азия мұсылмандар діни басқармасы құрамында болып, оның орталығы Ташкентте (Өзбекстан) болатын. Бірінші мүфтияттың басшысы Ратбек қажы Нысанбайұлы болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның Жоғарғы мүфтиі ретінде Әбсаттар қажы Дербісәлі сайланды. ҚМДБ ханифаттық мазхаба сүннизмі ұстанымын уағыздайды.

Тарихта ханифиаттық мазхаба сүннизмінен бөлек басқа тағы екі бағыт - шиизм мен суфизм бар. Қазақстандағы сүнниттер арасынан бірнеше мазхабтар кездеседі. Біздің еліміздегі мұсылмандардың көпшілігі ( қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар және т.б.) ханифаттық мазхаба сүннизмін ұстанады. Шешен және ұңғыш халықтары арасында шафиит мазхаба суннизмі таратылған. Ханбалит мазхаба суннизмін жақтаушылар да бар. Оңтүстік облыстарда суфизмді сақтаушылар да кездеседі.

Қазақстандағы шиизмді ұстанушылар әзірбайжандар мен ирандықтар. Пәкістандықтар мен үнді насихатшылары арқылы келген Ахмадие (Ахмадие жамағаты) өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды. Ахмадие жамағаты 1994 жылы ресми тіркеуден өткен.

Христиан дінінің психологиясы. Орталық Азия аумағына христиандықтың бірінші келуі Мерва қаласынан басталғандығын орта ғасырлық тарихшы Бируни III ғасырда дәлелдеме жасаған. Тарихи деректерге қарағанда III-IV ғасырларға жататын христиандық культке жататын ғимараттар оның дәлелі. IV ғасырдың басында Согда астанасы - Самарканда ең ежелгі христиандық (несториандық) бағыттың құрылуы басталды. Византия мен Сирияда қудалауға ұшырауына байланысты олар Орталық Азияға қоныс аударады. Патриарх Тимофейдің кезінде (VIII-IХғ.) көптеген түркілер христиандықты қабылдаған деген деректер бар.

Орталық Азияға несториандықтармен бірге яковиттер – сириялық монофизиттер енгізілді. Сонымен қатар аймақта мелькиттер – ежелгі сириялық православтардың патриарх Антиохийский өкілдері де болған.

Бірақ түркілердің исламды қабылдауымен қатар христиандықтың әсері нашарлап қалды. ХII-ХIII ғасырда Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады деуге болады.


Қазақстандағы православие. Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастарымен көрініс табады.

Қазақстанда православиенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстармен байланысты. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды. ХХ ғасырдың басында орталық Азияда 391 мың православ хрестиандары және 306 шіркеу болды. 1917 жылы совет үкіметінің бұйрығымен масштабты атеистік топтар шыға бастады. Бұндай топтардың шығуымен шіркеулер, храмдарға қысым көрсетіліп, мүліктерін конфескелеу басталды. 1920-1930 жылдары көптеген дін қызметкерлерін жаппай атып тастау немесе ұзаққа абақтыға жабу басталды.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазастанға дінге сенушілер жер аударылып келді. Дәл осы кезең Қазақстанның коллективтендіру кезеңімен сәйкес келіп, қазақтардың көшпенділігі ыдырай бастады. Ауылдардың күйреуі және орыс көшіп келушілерінің крестьяндық шаруашылығы талан-таражға айналды. Бұл бұрын соңды болып көрмеген миллиондаған адамдар қырылған аштыққа алып келді.

Орыс православ шіркеуі Ұлы Отан соғысы жылдарында солдаттарға патриоттық рух беріп, неміс басқыншыларымен болған соғыста халыққа үлкен күш берді. Қазақстанда қайтадан храмдар ашыла бастады.

Республика аумағында шіркеу өмірінің қайта түлеуі Қазақстандық епархияның құрылуымен және оған басқарушы архиерей (1945-1955 жж) архиепископ Николайды (Могилевский) тағайындаумен тек 1945 жылы басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдар да дінге сенушілер көптеп қоныс аударылып жатты. Мемлекет 1980 жылдардың соңына дейін атеистік саясатты жүргізді. Үкімет діни қызметті қатаң бақылауға алды.

Православ шіркеуінің қайта өркендеуі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қайта келіп, діни сенім бостандығына ие болды. Егерде Қазақстанда 1956 жылы Орыс православ шіркеуі (РПЦ) барлығы 55 приход болса, 1999 жылы республика аумағында 212 приход пен 8 монастыр болды. Соңғы онжылдықта оның өсуі байқалады.Қазақстанда 2009 жылы 280-ден аса православ қауымдастығы болып, 255 шіркеу мен басқа да культтік ғимараттар, 9 монастыр тіркеуден өткен. Шіркеулер ішінде және құлшылық ету үйлерінде православие негіздерін оқытатын мектептер мен жексенбі мектептері ашылған.

Мемлекетіміз 1995 жылы Алматыдағы ХХ ғасырдың басында салынған Вознесенский кафедралды соборын шіркеуге берді.Ол сәулет өнерінің озық үлгісі болып саналады. Православ қауымдастығына басқа қалаларда да храмдар қайтарылып берілді. Қазіргі уақытта ескі культтік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары және жаңа шіркеулер мен құдайға сыйыну үйлері салынып жатыр.

Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Алексий II( 1990-2008жж. РПЦ басқарған) 1995 ж. шілде айында Қазақстанға ресми сапармен келіп, Алматы мен Қарағанды қалаларында болып, Орталық Азияның ішіндегі ең әдемі және ірі Свято-Введенский соборында шырақ жақты.


Соңғы жылдарда православтық храмдар Алматы, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Қостанай, Сатбаев және т.б. қалаларда салынды. Бірнеше монастырлар ашылды.

Қазақстанда тойланатын ресми мерекелердің қатарына Рождество Христово (7 қаңтар) мерекесі де қосылды.

7 мамырда 2003 жылы Синодтың Қазақстанда Митрополит өңірін құру шешімі қабылданды, оның құрамына Астана, Орал және Шымкент епархиялары кірді. Өңірді орталығы Астана қаласында құрылған митрополит Мефодий - Немцов Николай Федорович басқарды. Митрополит өңіріне 3 епархия кіреді:

Астана және Алматы епархиясы (1999 жылға дейін Алматы-Семей епархиясы) Астана және Алматы, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары қаларарының қауымдарын қосады.

Орал және Гурьев епархиясы Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстары қоғамдарын біріктіреді.

Шымкент және Ақмола епархиясы Акмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қауымдастарын біріктіреді.

Қазақстандағы рим-католиктік шіркеуі. Қазақстан аумағында католицизмнің бірінші пайда болуы XIII ғасырдан бастау алады. Олар Рим бастапқы священниктерінің тапсырмасы бойынша Ұлы хандарға сапар шегетін католик миссионерлерінің (францискан монахтары Джиованни дель Плано Карпини - 1245 ж., Гильома де Рубрука - 1253 ж. Және т.б. миссиялары) келуімен байланысты.

Рим-католиктік шіркеу басшысы Николай IV және Иоанн ХХII.

Католик қоғамдарының пайда болуына Сібірге ХІХ ғасырдың ортасында ХХ ғасыр басында айдалған поляктардың Қазақстанға келуі және Ресейдің еуропалық бөлігінен католик-немістер мен латыштардың көшуі елеулі рөл атқарды. 1917 жылы қостанайлық приходта 6 мың католиктер мен 8 мінажат үйі болған. Петропавл қаласында Пресвятого Сердца Иисуса шіркеуі (жалғыз революцияға дейінгі кезеңнен салталған Қазақстандағы католиктік храм) болды.

1930-1950 жылдарда біздің елімізге немістер, украиндықтар, латыштар, поляктар жер аударылып көптеп келе бастады. ХХ ғасырдың 50 жылдарының ортасында тұтқыннан босаған католиктік священниктер заңсыз қызмет атқара бастады.

Ресми түрде храмдар салуға ХХ жылдардың 70-жылдарында ғана рұқсат етілді. 1978 жылы Қарағанды қаласында Святой Иосиф храмы салынып, 1979 жылы Целиноградта (қазіргі Астана) діни бірлестік тіркелді. Заңды түрдегі католиктік қауымның болуы тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды.

1992 жылы қазанда Қазақстан Ватиканмен дипломатиялық қатынас орнатты. Бұл туралы келісімге 1998 жылы 24 қыркүйекте қол қойылған.

1998 жылы Қарағанды қаласында Орталық Азиядағы бірінші католиктік жоғарғы оқу орны ашылды. Ол «Мария – Матерь Церкви» рухани семинариясы деп аталды.

Ең ірі оқиға Қазақстанға 2001 жылы қыркүйекте Рим Папасы II Иоанн Павелдің Астанаға келуі болды.

2003 жылы мамырда Қазақстанда жұмыс істейтін католиктік шіркеулер құрылымдары бекітілді. Барлық аумақ католиктік митрополийге кірді.


Қарағанды Епархиясы (Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарының қоғамы) болып қайта құрылды, онда қызмет ету епископ Ян Павел Ленгаға тапсырылып, тағы үш Апостоль Администратуралары құрылды:

Астаналық (Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамы) оны епископ-администратор Томаш Пэта басқарды;

Алматылық (Алматы қаласының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қауымдары) - оны епископ Генрих Феофил Хованц басқарды;

Атыраулық (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қауымдары) - басшысы администратор Януш Калета.

Қазіргі уақытта РКЦ құрылымында Қазақстанда 80 рим-католиктік , 4 греко-католиктік қауымдастығы қызмет етеді. 60 священник (негізінен шетелдіктер: итальяндықтар, поляктар, литвалықтар, латыштар, кәрістер және т.б.) жұмыс істейді. Көптеген қалаларда жаңа католиктік храмдар салынып жатыр.

Қазақстанда 300 мыңнан аса католиктер бар. Шіркеулердегі діни оқулар орыс, украин, латыш, кәріс тілінде өтеді. Сенушілердің этникалық құрамы әртүрлі: немістер мен поляктармен қатар орыс, украин, латыш, кәрістерді көруге болады.

Қазақстандағы протестантизм

Қазақстанда протестанттық Ресейге қосылу уақытынан бастап тарала бастады. Бұл Ресей армиясы құрамында Қазақстан аумағына лютерандық сеніммен немістер болуымен негізделеді, кейіннен азаматтық шенеуліктер, шеберлер мен шаруалар да пайда болды. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға меннониттердің, лютерандардың, баптистердің көшуі басталды. Столыпин реформасы осы процесті жеделдете түсті, алайда протестанттардың республикаға келуінің негізі 30 жылдары ССРО еуропалық бөлігінен кулак деп танылып Қазақстанға арнайы көшірумен және 1930-1940 жылдары республикаға немістер мен поляктардың келуімен байланысты. Қоныс тебушілердің қатарында мысалы, 360 мыңдай Поволжья немістері бар еді. 1950 жылдардың ортасында республикамызға лютерандық шіркеу қауымдастығы, евангельдік христиан-баптистер, адвентистер, меннониттер пайда бола бастады. Көп жылдар бойы олар жасырын өмір сүрді. Бірінші лютеранттық шіркеу Ақмолада (қазіргі Астана) 1955 жылы тіркелген.

Үкімет ықылассыз діни бірлестіктерді тіркеп жатса да олардың саны үнемі өсіп отырды.СССР-дің күйреу кезеңінде Қазақстанда 109 евангельдік-баптистер болып, олар мұсылман мешіттері санынан екі есе өсіп кетті.

Протестанттық шіркеулер санының өзгеруі ХХғ. 90 жылдарында Германияға, Ресейге, басқа да қалаларға көшіп қоныс аударумен байланысты.

Бұл лютеран бірлестіктерінің, меннониттер мен басқа да конфессиялардың азаюына әкеліп соқты.

Басқа қауымдастықтар көпұлттылыққа айналды.Бұлар протестантизмді дәстүрлі дін деп есептемейтін басқа да ұлт өкілдері арқасында көбейді. Баптистер арасында қазір орыстар, украиндер, белорустар,қазақтар, кәрістер де бар. Соның арқасында Қазақстандағы баптистік шіркеулер өсті. Бұны статистикада да көрсетіп тұр. Егер 1993 жылы 129 баптистік бірлестік тіркелген болса, ал 2002 жылы – 281, 2007 жылы – 290 бірлестік тіркелген. 2009 жылы Қазақстанда ресми 358 діни бірлестік пен евангелдік христиан-баптистік топтар, олардың ішіндегі 50-і үкімет органдарында тіркелмеген.