ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Религиоведение (Религия)
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 18560
Скачиваний: 9
Солардың ішінде кең тараған пятидесятниктер, просвитериандықтар және харизматикалық ағымдар. Бұл қауымдар ХХ ғасырдың 90 жылдарында пайда болды. Олардың көпшілігі шетелдік миссионерлердің құруымен болған, сондықтан олар көмекті де шетелден алып отырды. Өз қызметтерінде бұл бірлестіктер белсенділікті әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы насихат жұмысымен байланыстырады.
Нәтижесінде пятидесятниктер шіркеуі саны 2009 жылдың басында – 64, пресвитериандықтар – 248, харизматикалықтар – 351. Солардың ішіндегі ең кең тарағандары: «Грейс Блогодать», «Еммануил», «Новая жизнь», «Агапе», «Сун Бок Ым» бірлестіктері. Көптеген пятидесятниктік және пресвитериандық шіркеулері Оңтүстік Корея мен АҚШ миссионерлері арқылы құрылған. Олардың ішіндегі пасторлар мен өкілдерінің көбісі корей диаспорасына жататындар.
Протестандық бірлестіктер шетелмен тығыз байланыста және гуманитарлық көмек алып тұрады. Олар әртүрлі халықаралық конференцияларды, фестивальдерді, кездесулерді белсенді ұйымдастырып, жастармен және басқа да топтармен жұмыс жасайды.Солардың ішінде Жаңа апостолдық шіркеуі, Адвентистердің жетінші күні, Иегова куәгерлері және мормондар( Церковь Иисуса Христа святых последних дней). Олар тарихи протестанттық қозғалыс нәтижесінен пайда болды. Православие мен католицизмнің көзқарасы арқылы қарасақ протестанттықтардың оқулары сектанттық болып саналады.Көп жағдайда протестанттық шіркеулердің өзі де олардың бұған жататынын мойындамайды, сонымен қатар осы қауымның өкілдерінің өздері өздерін протестанттықпыз деп есептемейді.
Сондықтан Қазақстандағы протестантизм өздерін көп ғасырлық тарихы бар конфессиямыз (лютерандар, меннониттер, баптистер және т.б.) деп есептейді, сонымен қатар жаңа дәстүрлі емес қауымдар, бірінші кезекте пятидесятниктер, провитериандықтар және харизматикалық ағымдар. Жалпы еліміздегі протестанттық бірлестіктер саны 1200-ден асады. Олар көбіне республикамыздың ірі қалаларында орналасқан.
Қазақстандағы иудаизм
Қазақстанда иудаизм бастапқыда қағанмен хазар ақсүйектерінің шектелген тобымен қабылданды. XIV ғасырда еврейлердің Түркістанға Парсы елінен көшіп келуі туралы тарихи мәліметтер бар. Бұдан басқа XIX соңында - XX ғасыр басында Қазақстан аумағында еврей - қол өнершілері пайда болды. Еврей халқының республикаға жаппай көшуі Сталин жазалау шараларымен және қазақ халқының еврей халқына деген үлкен төзімділігімен байланысты, бұндай жағдайда Украинада және КСРО Еуропа бөлігінде зардабы көптеген еврейлердің және еуропалық бөліктен Қазақстанға көшіп келуіне себеп болған «дәрігерлер ісінен» белгілі. Республикада қазіргі уақытта қазіргі заман иудаизмінің барлық үш тармағы бар, ол Израильмен және АҚШ-да халықаралық байланысты нығайтумен негізделген. Қазақстанда мұсылмандар мен еврейлердің көптеген жылдар бойына қатар өмір сүруі конфессияаралық келісімнің оң мысалы бола алады. «Иерусалим Пост» Израиль газеті былай деп жазады: «Қазақстан - соңғы үш жыл ішінде он жаңа синагога іргетасы қаланған әлемдегі жалғыз мұсылман елі болып табылады». Қазіргі уақытта синагогалар Астанада, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. 2001 жылы тамызда Павлодар қаласында жаңа еврейлер ғибадатханасы ашылды. Республиканың барлық облыстарында жеке еврейлік діни қоғамдастықтар құрылған. 2004 жылы Қазақстан еврейлері, сондай-ақ дүниежүзілік еврейлер үшін үшін маңызды іс-шара Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі ғибадатхана «Бейт Рахель - Хабад Любавич» ашылуы болды. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, қазақстандық мемлекет қайраткерлері, бүкіл әлем раввиндері және Израиль, АҚШ, Еуропа мен ТМД қоғамдық еврей ұйымдарының өкілдері қатысты. Еврей күнтізбесіне сәйкес жыл сайын көне еврей мерекелерін тойлау өтеді.
Қазақстанда 28 иудилік қауымдастығы тіркеліп, барлық облыстарда жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап Қазақстанда «Шалом» газеті шығарылады (құрылтайшысы - Қазақстандағы Еврейлік конгресі).Жыл сайын еврей мерекелері кең ауқымда аталып өтеді.
Еуроазиялық раввиндер конгресі ТМД мемлекеттерінің көптеген қалаларында өткізіледі,соның ішінде Алматы қаласында да өткізілген. Конгресс еврей қауымдастығында діни қызметтің үйлестірушісі ретінде конфессияаралық келісімді нығайтуға қатысады. Көп жылдардағы еврей халқының Қазақстан жерінде орналасып, өрістеуі конфессияаралық келісімнің үлгісін көрсетеді.
Иудаизмнің өкілдері Астанадағы 2009 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезіне Израильдің бас ашкеназийлік раввині Йона Мецгер, Израильдің бас сефардиялық раввині Шломо Амар, сонымен қатар Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қатысты. Маңызды оқиғалардың бірі Астанадағы форум жұмысына Израиль Президенті Шимон Перестің қатысуы болды.
Қазақстандағы буддизм
Үнді елінен Орталық Азияға буддизмнің келуі Пәкістан және Ауғаныстан аймақтары арқылы біздің эрамызға дейінгі I ғасырда басталды. Буддизм Парфяндық хандығында, Кангюй, Бактрия, Согдиана елдерінде кең танымал болды, әсіресе II-III ғасырларда буддизм оқуының таралуында миссионерлер айналысты, олардың ішінде согдиліктер де болды.
Сол дәуірдің көріністері буддизм мәдениетін көрсетуші ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Түркіменстан және Қырғызстан аумақтары) бойынша өтер жолдардағы көптеген ескерткіштер. Солардың ішіндегі ең атақтысы II-III ғ. Термез қаласындағы Қаратөбе монастыры; Согдедегі Санзар аңғарындағы культтік ғимараттар; Марадағы ескерткіштер жиынтығы; Тохиристандағы VII-VIIIғ.Аджин-тепе буддистік монастыры; Кубадағы( Ферғана) буддистік храм; Семиречьедегі (Жетісу) Ақ-Бешима және Қызыл шағын өзен храмдары.
Шу алабында табылған Ақ-бешімдегі ( ежелгі Суяб) қалашығындағы екі ірі буддистік храмдардағы қазбалар үлкен қызығушылық тудыруда. Храмдарда Будда мүсіні табылған. Орталық Азиядан көптеген үнділерге жататын бұйымдар: мүсіндер, қола белгілер мен ұсақ-түйек заттар, басқа да рәсімдер жасауға қажет заттар табылып жатыр.
VI ғ. бастап буддизм түркілерге өз ықпалдарын тигізе бастады. Батыс түрік қағанатының басшылары буддизмді қабылдаған немесе осы дінге көп ынта берілді деуге болады. Батыс түркілердің отаны Семиречье мен шығыс Қазақстанда археологтар храмдарды, монастырларды, мүсіндерді буддистік кейіпкерлерді және сахналарды тапқан. Осындай ескерткіштер Жамбыл облысындағы Талас өзені өңірінен – Тектұрмас пен Баласағұннан табылған. Сонымен қатар Тараз өңірінен – Қостөбеде қазба жұмыстары жүргізілуде. Орта ғасырлық Исфиджаба (Сайрам) қаласы маңынан жер асты буддистік монастырь табылған.
Буддизмнің таралуына үлкен рөл атқаруда қытайдың ықпалы болды. Көптеген архитектуралық ғимараттар мен мүсіндер Қытайда және Шығыс Түркістанда сақталған ескерткіштерге ұқсайды. VIII ғ. Тибет мықты мемлекет болып, бұған көрші жерлер Түркістан мен Қырғызстанның кейбір өңірлері кірді. Бұл Орталық Азияда тибеттік буддизмнің дамуына ықпал етті. Х ғ. ислам өзін Қағаттардың мемлекеттік діні деп танытқаннан кейін өз позициясын жоғалта бастады. Тұрғылықты халықтың көпшілігі мұсылман дінін қабылдай бастады, дегенмен буддизмнің ізі келесі жүзжылдықта да сақталып қала берді. Людовик IХ–ның елшісі Гийома де Рубруканың растауы бойынша Семиречьедегі буддистік храмдар ХIIIғ. дейін болған. Рубруканың жолы шығыс Қазақстан жолынан өтіп, сол жерде ол «идолопоклонников» храмдардын көрді. Жаңа толқында дамыған буддизмді алып келушілер Қазақстанға ХVI-ХVIIIғ. жоңғар шапқыншылығымен келді.
Жоңғар хандығы дәуіріндегі монастырлар Балқаш көлі мен Орталық Азияның аудандарынан, яғни Семиречьеден табылды. Буддистік храм қалдықтары Қарқаралыға жақын Жезқазған жанындағы Ұлытау тауында жазулар мен кескіндер табылған. Кейбір тастан жасалған монастырлар Балқаш көлі жағасында ХIХғ. ортасына дейін сақталған. Сондай-ақ Алматы қаласында Медеу мұз айдыны жанында ағаштан жасалған буддистік монастыр салынған.
Теңдессіз археологиялық ескерткіш бірнеше буддалардың кескіні мен буддистік мәтін жазылған Алматы жанындағы Тамғалы-Тас.
Қазіргі заманауи Қазақстанда ресми деректерге қарағанда бес буддистік діни бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар тибеттік ламаизм мен корейлік вонбуддизм. Тибеттік-буддистік орталықтар 1996 жылы Орал қаласында орналасты. Буддизмнің ізін жалғастырушылар көбінесе қалмақтар мен корей диаспорасының өкілдері. Олардан кейін Будда оқуларына қызығушылық танытатын басқа да ұлт өкілдері де көптеп саналады.
Жаңа діни ағымдардың діни психологияға әсері.
Қазақстандағы діни өмір соңғы онжылдықта діни бірлестіктердің күрт өсуімен және бұрын елімізде болмаған бірқатар конфессиялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Жаңа діни ағымдардың өсуі сонау советтік кезеңде миссионерлік қызметтің етек ала бастауымен, соның ішінде мына бағытта (кришнаиттер, бахаилер, «Трансцендентальная медитация»), харизматикалық протестантизм, Иегова куәгерлері, «Дианетика» қоғамы» және тағы басқалар пайда болды. Әсіресе олар ХХ ғ. 90 жылдарында өздерін белсенді көрсете білді.
Егер де дәстүрлі емес діни ағымдардың тарихына келетін болсақ, оларды екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдарда басталды.Осы кезеңде Қазақстан аумағына діни оқуларды жүргізушілер келе бастады, олардың қатарында Иегова куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, пятидесятниктердің түрлі ағымдары, түрлі конфессиялардың өкілдері бар.Сол кезеңнен және Совет Одағының күйреуине дейін үкіметтің атеистік саясатының күштілігіне қарамастан бұл бірлестіктер өмір сүре берді.
Екінші кезең 80 жылдардың аяғында басталып осы кезеңге дейін жалғасып келеді. Коммунистік идеологияның күйреуі рухани күйзеліс жағдайына алып келді. Сол кездерде шығыс культтеріне қызығушылық басталып, оккультизм тамыр жая бастады. Осы негізде жаңа діни ағымдардың белсенділігі күшейіп, ірі қалаларда( Алматы, Астана, Қарағанды және т.б.) орын тебе бастады.
Белсенді түрде «Общество создание Кришны», Виссарион шіркеуі, «Трансцендентальная медитация», «Церковь унификации»(«Церковь объединения» өздерін көрсете білді. Баспасөзде жарияланымдардың шығуына байланысты сатанистердің, пұтқа табынушылардың шыға бастағаны белгілі болды.
90 жылдардың басында протестанттық шіркеулердің сандық көбеюі белгілі болды,олардың көбісі батыста кең танымал, бірақ Қазақстанда бұрын соңды болмаған. Миссионерлік қызметтің белсенді болуы протестанттықтың түрлі жақтаушыларының өсуіне алып келді. Әсіресе (харизматикалық, пресвитериандық, методистік, евангелдік) шіркеулер көбейді. Олардың ішінде «Грейс», («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Новая жизнь» «Агапе», «Живая лоза» сынды бірлестіктер бар.Дәстүрлі діндер (православие мен ислам) басшылары жаңа діни ағымдардарды прозелитизға қатысы бар деп айыптайды.
Тәуелсіз Қазақстандағы конфессиялар
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қатар елімізде конфессияаралық қатынастар аясында сарапталған мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді.Қазақстанның Конститутциясы ұлтына немесе діни сеніміне қарамастан азаматтардың тең құқықты екендігін дәлелдейді.Барлық этникалық топтардың мәдениеттері мен рухани мұрасы елімізде жалпы ұлттық игілік деп қаралады.Барлық азаматтарға өзінің діни қызығушылығына тең құқықтыққа кепілділік беріледі.
Конституцияның 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігі айтылған.
Қазақстан Республикасының негізгі бабындағы 22 бабта былай делінген:
«1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс..»
Сол сияқты Конституция мына құқықтарды да қарастырады:
- нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды (14 бап);
- Әркiм өзiнiң қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы(19 бап);
- Діни астамшылықты насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi(20бап);
Дін саласындағы мемлекеттің саясаты дінді мемлекеттен бөлек алып қарау, ар-ождан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктердің теңдігі, мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпау, мемлекеттің діни бірлестіктер мен ынтымақтастығы принципіне жүйенеді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетімізде дін мәселесін реттеуші құқықтық алаң құрылды. 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы барлық конфессиялардың діни сеніміне кепілдік береді.
Қазақстан азаматтары және басқа да мемлекеттер қандай да дінге сенуіне немесе сенбеуіне болады. Діни бірлестіктердің барлығы заң алдында тең.
Еліміздің Заңнамасы азаматтардың діни сенім бостандығына кепілдік беріп,сонымен қатар адам құқығы туралы халықаралық актілер мен келісімдермен бекітіп берген.
Қазақстанда тәуелсіздік алған екі онжылдық ішінде діни институттардың сандық және сапалық өсуі байқалады. Діни бірлестіктердің саны едәуір өсіп, рухани дәстүрлер қайта жаңғырып, жаңа культтік ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, синогогтар, дұға қылу үйлері салынуда.Тұрғылықты халықтың діни деңгейі өсуде.
Сарапшылардың бағалауы бойынша 80 жылдар ортасымен салыстырмалы түрде қарағанда екі есе 20-25-тен 60-65% - ке дейін өскен. Осы процестер жүргізіліп отырған ар-ождан бостандығы, рухани жандану бағытындағы саясаттың арқасында дамып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға бағытталғанын көрудеміз.Дінге сену дәстүрі бойынша мұсылмандар мен православ христиандар діни бірлестіктері алдыңғы орындарда болып, олар 90% құрайды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің қоғамымыздағы діннің рөлі біршама өсті. 1989жылдың 1 қаңтар есебі бойынша 671 діни қауымдастық, 20 конфессиялар мен деноминациялар болған. 20жыл ішінде діни бірлестіктер саны алты рет өсті десек болады, 2009жыл есебі бойынша олардың саны 4365 болса, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40 шақты.
Жалпы діни бірлестіктер: ислам – 2634, орыс православ шіркеуі – 295, рим-католиктік шіркеу – 86, протестанттар – 1200-ден аса, дәстүрлі емес діни бірлестіктер(бахаи, Кришнаны тану қоғамы, «Церковь последнего Завета» және т.б) – 47. Діни бірлестіктерге 3249 культтік ғимараттар жатады, оның 2312-сі мұсылмандар мешіттері, 266-сы православ шіркеулері, 90-ы католистік костельдер, 5-і синогогтар, 500-ден аса протестанттық және басқа да шіркеулер.
Елімізде 8 жоғарғы( оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 орта мамандандырылған және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары үнемі күрделі мешіттерде курстар және шіркеулер жанынан құрылған жексенбі мектептерін ұйымдастырып отырады.дәл осы кезеңде республикамызда 20 елден 300-ден аса шетелдік миссионерлер жұмыс жасауда.
Қазақстандағы дінге сенушілер саны жылдап өсіп келеді. Қоғам өмірінде діни фактордың рөлі арта түсуде.Бұларды мынадай үлгіден көрінеді:
- әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген сферасында діннің ықпалы күшеюде;
- діни бірлестіктердің тұрғылықты халықтың күнделікті өміріне әсері көбеюде;
- діни білім алу аясы кеңеюде, оның материалдық базасы мен қаржыландануы нығаюда;
- конфессияаралық және дінаралық диалогтың дамуымен байланысты процестер белсендірілуде.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып тұрады.
I Съезд 2003жылы 23-24 қырқүйекте, IIСъезд 2006 жылы 12-13 қыркүйекте,
III Съезд 2009 жылы 1-2 шілдеде өткізілді. Бұл діни форумға әлемдегі ірі конфессиялардың басшылары, атақты саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан басшысының шақыруына исламның, православия, католицизм, протестанттық, буддизм, индуизм, конфуциялық, иудаизм және басқа дін өкілдері ынтасымен ден қойды.
Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің өтуі – Қазақстанның мәдениеттер диалогы мен өркениет дамуындағы жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механиздерінің бір түріне қосқан нақты үлесі.
Астанада съездердің өтуі үшін әдейілеп Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды.Пирамида түрінде салынған бұл ғимарат атақты британдық сәулетші Норман Фостар жобасымен салынған. Ғимарат шын мәніндегі біздің еліміздегі рухани орталық болып, қазіргі кезеңде бұл жерде түрлі халықаралық форумдар мен конференциялар өтілуде.
Қазіргі кезеңде Бейбітшілік пен келісім сарайында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жұмыс жасауда. Орталық міндеттерінің бірі түрлі мәдениет өкілдерінің үнқатысу аясын кеңейтіп, сонымен қатар діни және зайырлы БАҚ және жастар бірлестіктерін, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымды тарту. Елбас атап айтқандай: «Орталық әлемдегі келісім мен әділеттіліктің, зияткерліктің зертханасы болуы тиіс».