Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18550

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоғарыда айтылғандай қарым-қатынастар туралы келтірілген Дюркгеймнің теориясы ескірді. Қазіргі кездегі этнологтар австралиялық аборигендер дінін басқаша деп ойлайды. Бірақ, Дюркгеймнің этнология мен әлеуметтік антропологияға қатысты негізгі теорияларда бастапқы болып есептелмейді, бастапқы болып есептелетін «Діни өмірдің элементарлы формалары» атты еңбегінде баяндалған жалпы қоғамның әлеуметтік теориясы болды. Осыған байланысты діннің қоғамдағы рөлі қандай, яғни оның функциясыны не деген сұрақтар – қоғамның болмысы туралы сұраққа жауап береді: әлеуметтік ақиқат өз болмысы бойынша индивидуалды емес, «коллективті ойлар» бірінші және әрекеттердің қажетті бейнесін айта отырып, бөлек адамдарды біртұтастыққа байланыстырады. Осындай әлеуметтік механизм әрекеттері адамдардың үстінен үстемдік жүргізгенқоғамның рәміздік суреттелуі болып табылатын киелі заттардың беделділігімен негізделеді. Осф жерде функционализм Дюркгеймді мынаған алып келгенін көруге болады, яғни дінді жан-жақты түсіну дәстүрлі түсініктен анағұрлым айырмашылығы мол. «Қолтырауын» тотемі – шектен тыс сезімтал зат болып табылады. Егер қолтырауын біреу үшін тотем түрінде қабылданбаса, онда ол тек қана сезімтал зат, оның ешқандай тылсым күші жоқ болып есептеледі. Бірақ, қалай ғана ол қоғамды рәміздесе, онда ол сол мезеттен бастап тылсымдылыққа ие болады, бірақ өзінің әдеттегісін жоғалтпайды. Әлеуметтік көріністегі құдай – бұл әртүрлі діндердегі рәміздік тұрғыда бейнеленген қоғам. Дюркгеймнің «Құдай немесе қоғам» формуласы негізінде оның ілімінің негізі болып табылады.

ХХ ғасырдың басында Францияда зайырлы білім алу туралы сұрақтан туындаған қоғам мен католик шіркеуінің арсында үлкен дау болды. Дюркгейм қоғам мен құдай арасында ешқандай айырмашылық көріп тұрмағанын айтқан, яғни католиктіктің орнына зайырлы мораль келеді, ол құлдыраған қоғамда келісім құралын іздеді, оның құралы ұжымдық тыйымдар мен императорлар болып табылады. Дюркгейм үшін тұлғаны құрметтеу және оның тәуелсіздігі қоғамның жоғарғы принципі болып есептеледі. Бірақ, егер ұжымдық нормалар бір уақытта бекітілмесе, онда қоғамға құлдырау төніп тұрады. Дюркгейм рационалистік индивидуализмді қолдай отырып, бірақ сонымен қатар ұжымдық нормаларды құрметтеу керектігін айта отырып, индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас проблемаларын шешкісі келді.

Дюркгейм өзінің әлеуметтік ілімінде, сонымен қатар діндер теориясын қоса отырып, ол интерпритация мен байланысты таба алмады. Яғни, бір жағынан консеватизм мен ұжымдықты байланыстыратын, басқа жағынан либерализм мен индивидуализмді байланыстыратын интерпритация, діндер талқысының кемелденген түрін таба алмады. Р. Аронның байқағанындай: «қоғам деніміз мүлдем жоқ нәрсе, адамдардың бірігуі бар», – деді. «Қоғам» дегеннің астарында не бар екені әлі де түсініксіз, мағына екі тарапты болып тұр. Қандай қоғам құдайға тең? Отбасы? Қоғамдық тап? Ұлттық қоғам? Адамзат? Осыған байланысты Конт философиясында да ешқандай күмән жоқ: қоғам ретінде діни құлшылық объектісі болып белгілі адамзат емес, бүкіл адамзатты айтамыз, яғни ғасырлар бойы адамдардың бойындағы жақсы қасиеттер.


Егер дін оның әлеуметтік функциясы арқылы анықталатын болса, оның функционалды эквиваленттерін бірдей деп айтуға бола ма? Негізінде Дюркгеймнің ойындағы барлық зайырлы идеологияларды діннің функционалды эквиваленттері деп қарастыруға болады. Сөздің дәстүрлі түсінігінде олардың дінмен қарым-қатынасын қалай анықтауға болады? Егер Поппердің жабық қоғамы мен Дюркгеймнің механикалық ынтымақтастығын салыстыратын болсақ, онда Дюркгейм діни өмірдің элементарлы немесе анағұрлым қиын түрінің әмбебап түрін таба алмады.

Діннің құрылымдық-функционалдық анализі: Б. Малиновский және

А.Р. Рэдклифф-Браун. Діннің функционалды анализінің дамуын Дюркгеймнен және оның ықпалынан соң Б. Малиновский мен Рэдклифф-Браун өз еңбектерінде жалғастырды. «Функционализм дәуірінің» басталуын 1922 жылға бастауға болады. Сол кезде Б. Малиновскийдің «Тынық мұхитының батыс бөлігінің аргонавтары» және Рэдклифф-Браунның «Андромандық аралдықтар» атты монографиялары бір уақытта басылып шықты. Екі монография да зерттеулердің нәтижесінің жалпылыққа ие болды, екеуі де алғашқы діндердің қоғамдағы функциясы мен олардың идеяларына өз үлестерін қосты. Дюркгеймнің көптеген зерттеулеріндегі шешілмеген мәселелерінің орнын басты. Рэдклифф-Браун алғашында 1910 жылы институттарды зерттеді. Ол Австралиядағы аборигендерге Дюркгеймнің жазған теориялары мен анықтамаларын қолдану үшін барды. Рэдклифф-Браун әрбір халықтың мәдениетін қоғамға қажетті функцияларды жасауға міндетті болған әлеуметтік институт (нормалар, салттар, нанымдар) ретінде қарастырды. Сонымен қатар, ол элементаризмдегі құбылыстарды өздігінен емес, әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды. Жүйелік қатынас – интеграцияны зерттеудің негізгі әдісі болып табылады.

Рэдклифф-Браун Дюркгейм қағидасындағы «ұжымдық көрініс» қоғамдағы тотемдік көріністер мен рәсімдерді толық ашпайтынын айтты. Егер андамалдарда немесе эскимостарда таптық ұйымдастыру болмаса, онда оларда тотемдері жоқ болуының себебі негізге алынады.

Рэдклифф-Браун діни сенім мен әдет-ғұрыптың біріктіруші қызметі жеке индивидтің санасындағы діни «моральдық күшке» ықпал ете отырып ұжымдық бірегейлікті құру сезімінен тапты. Рэдклифф-Браун тотемизмнің қызметін анықтады: «Локалды тотемдік ру үшін Австралияда тотемдік орталық бар, ондағы табиғи заттармен (жануарлар мен өсімдіктер) тотемдер, мифтер, әдет-ғұрыптар әлеуметтік байланыста, себебі оларды индивиттердің жалпы ортақ бірегейлігі байланыстырады.

Рэдклифф-Браун қоғамның функционалды бірлігінің қайшы табиғатын ашты, сол арқылы ынтымақтастық түсінігін нақтылады. Ол әртүрлі жағдайлар арқылы екі жақтың бірігуі мен қақтығыстардан құтылу жолдарын ұсынды. Олардың ішінде әлеуметтік қарым-қатынастың өзіндік типі бар. Ол оны «оппозицияның қарым-қатынасы», «салттық даудың көрінісі» деп атады. Ондай қарым-қатынастың пайда болуы «әзілдеуден», «мазақтаудан» туды.


Б. Малиновский әлеуметтiк тұтастықтың iшiндегi бөлiктiң (элементтiң) қызметiн табуға басты назар аударды және әрбiр әрекет пен институт үшiн қызмет немесе қызметтер бар екенiн және қоғамдарда қызметсiз элементтер болмайтынын көрсететiн әмбебап функционалдылық қағидатын анықтады. Ол былай деп жазады: “…өркениеттiң кез келген типiнде кез келген әдет, материалдық объект, идея және нанымдар қайсыбiр өмiрлiк қызмет атқарады, қайсыбiр мiндеттi шешедi, тұтастықтың iшiндегi қажеттi бiр бөлiк болып табылады” (Malinowski B. Antropology // Encyclopedia Britannica. First Supplementary Volume. L.-NY, 1926. P. 132.).

Б. Малиновскийдің ойынша адамдардың мақсаты қоғамдағы тепе-теңдіктің сақталып тұруымен байланысты болу қажет, яғни мақсат соған негізделуі керек және өзінің артынан шиеленістерді алып келмеуі керек дейді. Әртүрлі нормалар шиеленістер мен жанжалды туғызатын әрекеттерге тыйым салады. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты – кез-келген әлеуметтік институттың түрлі қажеттіліктерді толықтыратындағын анықтау болып табылады.

Д. Хоманстың айтуынша, Б. Малиновский мен Рэдклифф-Браунның теорияларын салыстыра отырып, олардың бір-бірін жоққа шығаруын емес, олардың бір-бірін толықтырып тұратындығын көре аламыз. Шындығында да, бір салт (мысалы жерлеу салты) екі функцияны атқара алады – өлген адамын еске алған адамның о дүниеге сенуі оның қайғысын жеңілдетеді және құдайдың ақыр заманының келуінің ескертпесі де болады.

Жүйелік функционализм: Т. Парсонс дінінің теориясы. Діннің функционалдық анализі Т. Парсонстың атымен байланысты, «жүйелік функционализмнің» әлеуметтік мектебінде дамуын әрі қарай жалғастырды. Оның теориялық пән түріндегі әлеуметтануының негізгі қиындығы әлеуметтік жүйелердің интеграциялану мәселесі болып табылады: әлеуметтану – әлеуметтік жүйелердің функционалдық аспектісімен ғана айналысады, атап айтқанда, осы жүйелердің интеграциясына қатысы бар және оған сәтсіз интеграциялар, интеграцияға қолайлы немесе оған кедергі келтірушілерді қосқандағы, құрылымдармен және үрдістермен айналысады. Қоғам мүшелерінің біріккен өмірін ұйымдастыратын нормативті жүйе болып табылады. Жинақты әлеуметтік жүйе ретінде қоғамға шағын жүйелер де енген. Басқаша айтсақ, түрлі деңгейдегі, жалпылықтың түрлі дәрежелеріндегі – жеке тұлғадан біртұтас өркениетке дейінгі әлеуметтік жүйелер бар. Әрбір жүйе өз деңгейіне қарамастан, әрекеттер жүйесінде өзін жүзеге асырады, яғни, ол қашанда әрекет етуі тиіс, кері жағдайда ол жүйе тіршілік етуден қалады. Әрбір әлеуметтік жүйенің төрт негізгі функциядан тұратын жинақтары бар: адаптация, мақсатқа жету, интеграция және «үлгіні ұстап қалу» ( мәдени принциптерді жүріс-тұрыс үлгісі ретінде сақтап қалу және жетілдіру).

Кез келген әлеуметтік жүйенің бар болуының алғышарты оның деңгейі мен көлеміне қарамастан, жүйенің ішкі міндеттерімен, сондай-ақ басқа жүйелермен өзара әрекеттегі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік барлық жүйелер басқа жүйелермен сәйкес келіп, олардан қолдау алып отыруы тиіс. Сөйтіп, әрбір жүйенің ішіндегі, жүйелер арасындағы және сыртқы ортадағы интеграция қажет болады.


Интеграция және тұрақтылық. Интеграция деп Парсонс әлеуметтік жүйенің бөлшектерін атайды, олар қандай да бір рөлді атқаратын адамдар, ұжымдар мен нормативті стандарттар компонеттері арасындағы қатынас арқылы құрылымдар мен үрдістер олардың үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ететін тәсілмен реттеледі.

Сонымен, Парсонстың интеграция түсінігі жүйенің тұрақтылығы түсінігімен байланысты, ал «тәртіп» түсінігі – «өзгеру» түсінігімен, соның ішіндегі радикалды өзгерістермен байланысты. Мәселе, әлеуметтік тәртіп пен өзгеріс арасындағы қарама-қайшылықтар туралы емес, алайда қарастырып отырған әлеуметтік жүйенің ұқсастығын сақтап қалу жолдары да туралы: егер қоғам үздіксіз өзгерістерге ұшырап отыратын болса, онда басқа бірдеңеге айналып кетпес үшін, қандай тәсілмен ол осы өзгерістерде сақталып қалмақ. Қоғамды Парсонс әлеуметік жүйе түрінде бір жағынан, қатысушылардың тұлғасынан бөлектейді, ал екінші жағынан – символикалық маңызды компоненттер мен олардың өзара қатынасы маңайында құрылатын мәдени жүйеден бөлектейді; бұған мәдени мағына символы көрсетілетін кодтар да кіреді. Осылайша бейнеленген әлеуметтік кеңістіктегі әлеуметтанудың басқа да ғылымдарынан айырмасы, әлеуметтану анализінің басты тақырыбы ретінде әлеуметтік әрекеттің институционалды аспектісін таңдап алып, әлеуметтік жүйелердің функционалды аспектісімен айналысу, осы жүйелердің интеграциясына қатысы бар құрылымдар мен үрдістерді зерттейді.

Социеталды интеграция. Қоғамдағы діннің алар орны мен рөлін түсіну үшін Парсонстың «социеталды интеграция» деп атайтын жалпы жағдайлары мен механизмдерін ескеру қажет деген. Өйткені, әрекеттегі әрбір жүйе бір-бірінен тәуелсіз әрекет тасымалдаушысына негізделеді, ол: әлеуметтік әрекеттің қандай да бір келісілген құрылымындағы әрекеттің жекелеген тасымалдаушысының интеграциясы арқылы шиеленістер мен ұйымдаққа қарсы нәрсені жоюы тиіс. Қарапайым қоғамда интеграция қоғамдық жүйенің міндеті болып табылады, ал дамыған қоғамда дифференцияция нәтижесінде бұл функция институтталады. Нормативті эспектацияны санкциялаудың түрлі тәсілдері пайда бола бастайды. Парсонс бұндай тәсілдердің төрт түрін атап көрсетеді:

1) дамуы жоғары барлық қоғамдағы нормативті жүйенің негізгі бөлігінің құқықтық статусының болуы: мемлекеттік мекемелер бекіткен, құқық пен міндеттің барлығына міндетті болатын анықтамалары бар; оларды сақтамағаны үшін нақты жазалары да қарастырылған; арнайы мемлекеттік органдарға оларды түсіндіру және мәжбүрлі түрде жүзеге асыру жүктеледі;

2) «моралді негіздеу»; құқықтық жүйенің нәтижелілігі көп жағдайда олардың алатын моралді қолдауына байланысты болмақ (көптеген адамдардың пікірі бойынша, бұл әрекет таралатын, оларға «іштей тән» әділетігі бар, жүйелер тәрізді);


3) практикалық тиімділігіне және икемділігіне деген мүдделік қана емес, сонымен қатар экономикалық және саяси контекстерге сәйкес, ұтымды әрекет етудің міндеттілігі;

4) ұжымның мүшесі ретінде әрбір жеке тұлғадан талап етілетін, ұжымның сол тұлғаға қатысты көрсететін ынтымақтастығының орнына, ниет түзулігінің болуы.

Сонымен, қоғам ішіндегі әлеуметтік жүйе түріндегі бейімделу функциясы, ең алдымен – қоршаған ортаның «физикалық» жағдайларына бейімделген экономикалық шағын жүйе қамтамасыз етеді; қоғам мүшесі қоғамға қауіп төндіретіндей бәсекелестік мақсатты ұстанбайтындай жағдайды қамтамасыз ететін мақсатты бағдарлықтың функциясы – бұл ең алдымен саяси шағын жүйе (бірақ, отбасы мен жақын адамдар белгілі бір үлесін қосары анық); интеграция функциясы, өйткені, мәселе жұмысын атқаратын адамдар мен жекелеген ұжымдарға әрекет етудің басшылығы қызметін атқаруға бағытталған нормалар туралы болып отыр, - санкциялаудың бірнеше құқықтық емес тәсілдерімен бекітілетін, құқықтық шағын жүйе, оның ішінде «моралді» санкцияның алар орны ерекше.

Нормативті жүйе мен діннің легитимациясы. Қандай да бір әрекет үлгісінің міндеті, қандай да бір әркетті жасауға және басқасынан бас тартуға, басқа адамдардың еркіндігін сыйлауға және еркіндікті сол аяда тиісті түрде пайдаланудың жауапкершілігін өзіне алуды көздейтін моралді міндеттеме нормаларды жәй ғана сақтап қалмай, әрекеттегі құндылықтардың көрінісі ретіндегі қызметті атқарады. Әрекетті санкициялаудың бұл тәсілінде нормалар жүйесінің оларды реттейтін құндылықтардың экспектациясымен жікке бөлінуі жүріп жатады, оны Парсонс нормативті жүйенің легитимациясы деп атайды. Мәселе, берілген әлеуметтік жүйеге қатысты трансцендентті болып келетін, құндылықтардың мәдени жүйесімен байланысты, нормативті реттілік туралы болып отыр. «Сайып келгенде, легитимация діни негіздемелерден бастау алады». Осындай жолмен, жүйелі функционализм дінді түсінуді, «мәдени үлгіні қолдауды» қамтамасыз ететін, норма мен құндылықтардың арасындағы түсінікті негіздейді.

Парсонс, күрделі қоғамдарда, діниден басқа, басқа да, заңдандыруды қажет ететін көптеген деңгейлер бар екендігін көрсетеді. Бірақ, бізді қазіргі жағдайда дін, оның нормативті жүйенің легитимациялау мәселесіндегі рөлі, және қоғамның интеграциялануы қызықтырады. Парсонс, нормативті жүйені институттауды жеке адамның тұлғасындағы экспектациялар жүйесінің интернационалдануы толықтыратынын, айтады. Сөйтіп, ол, әлеуметтік интеграцияның негізгі мәселесінің басқа қырына – «мотивациялығына», жеке деңгейдегі индивидтің мотивациясына назар аударады. Интеграцияның жалпы нәтижесі оған қатысушы жеке тұлғаларды қанағатандыратындай, экспектациялардың жиынтығы болып табылады деп санайды, яғни, нормативті жүйенің мәдени легимитациясы түрінде анықталатындай, «жеке тұлғаны қанағаттандыратын функция» болмақ. Бұл міндеттер тиісті мотивациялық құрылымдарды әлеуметтендіру үрдісінде – интарнационалдау үрдісінде шешіледі.