Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18545

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дiннiң қоректендiрушi өзегiн қоғамдық және топтық психологияның жете түсiнiлмеген құбылыстары құрайды. Жете түсiнiлмеген аспектiлер хабарлама, сендiру, елiктеу, өзара жұқтырудың қоғамдық-психологиялық механизмдерiнде, қоғамдық және топтық пiкiрде, дәстүрлер мен салттарда болады.

Бiрге әрекеттесуден шығатын қатынас топтық психологиялық құбылыстарды туындатады. Адамдардың психологиясында өзгерiстер орын алады, индивидтер топтан тыс әрекет еткенде, оларға тән емес ұжымдық түсiнiктер мен күйзелiстер пайда болады. Ұжымдық әрекет неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi, жұмысты жеңiлдетедi, психологиялық шиеленiстi жояды, өмiрлiк энергияны тудырады.

Қоғамдық-психологиялық феномендер – ұжымдық түсiнiктер мен күйзелiстер, топтық пiкiрлер, нормалар мен құндылықтар – индивидуумға қатысты алғанда бұйрықты сипатта және оның еркi мен санасынан тыс оған зорлап таңылады, олардың пайда болу факторлары жеке адамдық психологиядан тыс және тұлғаға сырттай әсер етедi. Бұл феномендерде образ эмоциялық-моторлық элементтермен тұтасқан, сондықтан да арнайы саналы-интеллектуалдық өңдеудiң өнiмi болып табылмайды. Қоғамдық-психологиялық процесстер жеке-адамдықтан тыс, адамға “жоғарыдан” берiлген, оны әдеттегi, күнделiктi өмiр шеңберiнен шығаратын бiрдеме деп түсiнiледi.

Жеке тұлғалық-психологиялық алғы шарттар

Жеке тұлғалық-психологиялық факторлар жеке адам психологиясында әрекет етедi. Бұл - басқа адамдардан жан-жақты тәуелдi болу күйзелiсi, психика мен тұлғалық қасиеттер механизмiнiң берiлгендiгi, жеке қасiрет шегу және қайғы (айықпайтын дертке, жақын адамының қазасына байланысты), өлiмнен қорқу, тұлғаның рухани құлдырауы, жалғыздық мен тасталғандық сезiмдерi, индивидтiң өзi түсiп қалған дағдарыстық жағдаятта тығырыққа тiрелгендiгiн сезiнуi, авторитеттерге табынуға, ерiк пен шешiмдiлiк танытуға бейiмдiлiк, ойлаудың сiресiп қалған таптаурындары (стереотип).

Адамдардың бiрге өмiр сүруi олардың бiр-бiрiне деген көп жақты тәуелдiлiгiн тудырады. Осы бiр адамның қажеттiлiгiн қанағаттандыратын заттар басқалардың билiгiнде болады. Қолдаусыз қалаған әлеуметтiк беделге жету мүмкiн емес. Жеке адам қоршағандардың қамқорлығын қажетсiнедi, жалғыз өзi жасай алмайтын iстерде олардың тарапынан көмек күтедi. Қасiрет шегу, қайғыру, ауырғанда, сәтсiздiктер мен жеңiлiстерге ұшырғанда жұбату аса қажет етiледi.

Дiннiң психологиялық негiзiн табиғат пен қоғамның қиратушы күштерiнiң алдында тұрақты, үздiксiз болатын қорқыныш сезiмi құрайды. “Қорқыныш құдайды жасады”, - деп ежелгi римдiк ақын Стаций (шамамен 40-96 жж.) айтқан.

Қорқыныш шынайы қауiп-қатерге табиғи реакция, мазасыздық белгiсi болып табылады, бiрақ бұл ауыр, жағымсыз сезiм, басқа эмоциялармен салыстырғанда, ол адамды неғұрлым қатты жейдi. Күштi, тұрақты, қатқан қорқыныштың қиратушы күштерi бар: ақиқатпен тiрi байланысты әлсiретедi, сезiну мен қабылдауды бұрмалайды, дерттi қиялды қоздырады, ойды шырмайды, назарды әлсiретедi.


Бұл жағдайларда жеңiлмейтiн, жойылмайтын дәрменсiздiк, тәуелдiлiк сезiмдерi қорқыныш, торығу сезiмдерiн қамтитын психологиялық кешендi және сонымен бiрге жақсылыққа үмiт артуды, бөгде күштердiң езгiсiнен құтылуды тудырады. Нағыз толық құтылудың мүмкiн еместiгi рухани құтылу iзденiстерiне әкеледi. Көрiну, пайғамдарлық пайда болады, оларда апокалипсистiк көңiл-күйлердiң орнына салтанатты толықтыру келедi.

Дiншiлдiктi азықтандыратын эмоциялардың арасынан өлiмнен қорқу эмоциясы үлкен орын алады. Адамға өзiн-өзi сақтауға деген талпыныс, өмiрiн ұзарту ниетi тән. Бейболымға (небытие) деген қатты жек көрушiлiк, өлiмнен - тәндi азаптайтын және туысқандардың, жақын адамдардың, достарының өлiмiне байланысты рухани қасiрет шектiретiн процесстен қорқу индивид психикасын қатты, жанши отырып әсер етедi. Әрине, ол мұндай көңiл-күйлерiнен құтылуға талпынады. Бiрақ индивид өлетiнiн бiледi және өлiм алдында қорқыныш сезiмiн түзету үшiн жанның өлмейтiндiгiне сене алады.

Жеке тұлғалық психологияда, қоғамдық және топтық психологиядағы секiлдi, өзiнен-өзi шығатын, жете түсiнiлмеген құбылыстар кездеседi. Жеке тұлғаның қалыптасуы адамның өмiрiнiң бiрiншi күндерiнен-ақ басталады және адамға байқалмай өтiп жатады. Адам өзiндiк санасы бар тұлғаға айналғанда, ол өзiнiң бойынан ойлау, сезiмдер, ерiктi дайын болған күйiнде табады. Адам өзiнiң өмiрiнiң не басы, не аяғына билiгi жүрмейтiнiн, саналы екенiн, бiрақ санаға санасыз келгенiн, өз еркiнен басқа да ерік бар екенiн және т.б. аңғарады. Индивид психологиясының құрылымы, оның қозғалыс механизмдерi қоғамның әсерiмен қалыптасады. Қалыптасып болған соң, бұл механизмдер салыстырмалы түрде дербестiк алады және қоршаған адамдармен тiкелей қатынастың жоқ кезiнде ғана емес, сондай-ақ индивидтiң еркi мен санасы қатыспаған кезде де әрекет ете алады, өздiгiмен және санасыз түрде iске аса алады. Интуициялар, нұрланулар, көрiпкелдiкте санасыз және өздiгiмен болатын сезiмдер көп. Жете түсiнiлмеген, өздiгiнше болатын процесс жасырын болып келедi, оның нәтижесi дайын, берiлген дүние ретiнде түсiнiледi.

3. ГНОСЕОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАР


Танымның шексiздiгi мен шектеулiгi

Гносеологиялық алғы шарттар дiни түсiнiктер, ұғымдар, идеялар, тұғырнамалардың пайда болуына мүмкiндiк беретiн танымдық әрекеттi бiлдiредi. Танымдық мүмкiндiктер социумдық факторлар бар болған кезде психологиялық алғы шарттардың әсерiмен iске асады.

Адамның танымы дегенiмiз бiлмеушiлiктен бiлiмге, толымсыз бiлiмнен толымды бiлiмге көшу процесi, салыстырмалы ақиқат пен адасушылық арқылы абсолюттi, объективтiң ақиқатқа қозғалыс.

Дегенмен әрбiр берiлген кезеңде ақиқаттың танылмаған салалары, сәйкесiнше бұл салалар жөнiнде бiлiмдер де жоқ болады (“сыры ашылмаған” бiлiм). Алынған бiлiмдердiң өзi де салыстырмалы түрде. Шындықтың бейнеленуi абсолюттi нақты және барабар бола алмайды. Объектiлер жөнiнде дамуының белгiлi бiр кезеңiнде алынған бiлiмдер уақыт өте ескiредi. Таным прогресi терiс көзқарастарды ығыстырады, нағыз ақпараттың көлемiн ұлғайтады, бiрақ тарихи дамитын танымда нағыз бiлiмдер адасушылықтармен қосылып кетедi.


Табиғаты, бейiмдiлiгi, мүмкiндiктерi бойынша шексiз болып табылатын адам танымы мен оның нақты бiр сәтте iске асуының арасында қайшылық бар. Таным адамзат әрекетiн бiлдiредi, бiрақ ол миллиардтаған адамдардың жеке танымы ретiнде ғана өмiр сүредi. Адамзаттың әлемдi шексiз тануы жеке шектелген және танымы шектеулi адамдар арқылы iске асады. Сондықтан бiлiм өзiнiң бойында шектеулiк таңбасын бiрге алып жүредi.

Дiнге қолайлы гносеологиялық негiзi – танымның сезiмдiк және рационалдық сатыларын бiр-бiрiнен бөлу мен оларды практикадан үзуде. Бұл негiз сезiмдiк таным сатылары – түйсiнулер, қабылдау, елестетулерде, сондай-ақ абстрактi ойлау деңгейi – ұғымда, ой-пiкiр, ой тұжырымдарда да болады.

Танымның сезiмдiк сатысында дiннiң алғы шарттары

Түйсiну мен қабылдау сананың дүниемен тiкелей байланысын, затпен қатынасын қамтамасыз етедi. Таным формаларының күшi де осы тiкелей байланыста, қатынаста болып табылады. Түйсiну мен қабылдау осы қасиет пен затқа жұмылдырылған, сезiмдiк аңдау сол сәтте сезiм мүшелерiне әсер ететiн қасиеттер мен заттардан басқаны “естiмейдi”, “сипай сезбейдi”. Ол дара, бiтетiн, шектеулi, өзгермелi, кездейсоқты қағып алады, заттар мен оқиғалардың көп түрлiлiгiн және тәртiптiлiгiн, бiрге тiршiлiк етуi мен бiрiздiлiгiн байқауға қабiлеттi, бiрақ құбылыстан болмысқа, дарадан жалпыға, шектеулiден шексiзге, салдардан себепке көше алмайды, post hocты (бұдан кейiн болатынды) рropter hocтан (бұның себебiнен болатыннан) ажырата алмайды.

Субъективтiк сезiмдiк образдың ерекшелiгi оның сыртқы дүниеге заттық қатыстылығы. Қабылдау өзiнiң объектiсiн өзi нақты өмiр сүретiн жерiнен, яғни сыртқы әлемнен, объективтiк кеңiстiк пен уақыттан табады. Қабылдау кезiнде субъект заттың образын заттың өзiмен салыстырмайды, субъект үшiн образ заттың өзiне таңылған /1/. Әдеттегi жағдайларда зат пен оның образы ажырамаған.

Түйсiну мен қабылдаудың болмысты дәлме-дәл, барабар көрсетпейтiн образдары иллюзиялар болып табылады. Барабар образдар секiлдi иллюзиялар да сыртқы әлемге қатысты болады, олармен “ақиқатты сезiну”, “заттың болуын” сезiну байланысты. Сезiмдiк аңдау иллюзияларының мысалдары ретiнде “Күннiң Жердi айнала қозғалысын”, “Тегiс Жер”, “Аспанның күмбез тәрiздi болуын” және т.б. айтуға болады.

Елестету заттар мен құбылыстардың жалпыланған сезiмдiк образы, ол санада сол заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнсiз сақталады және қайта елестетiле алады. Ол бiр ғана қасиет пен бiр ғана затқа шырмалып қалмаған, елестетудiң олармен байланысы жанама түрде, елестету сананың жалпы барлық заттармен және олардың қасиеттерiмен тiкелей байланысқа түсуiнен пайда болады. Оның пайда болуы үшiн, сол затты бiлдiретiн сөздiң айтылуы жеткiлiктi. Сезiммен аңдау және абстрактiлi ойлау шекарасында бола отырып, ол сыртқы дүниеге қатыстылығын сақтайды.

Елестету әрекетi қиялдау әрекетiмен тығыз байланысты. Қиялдау – ақиқаттың басқа түрге енгiзiлген бейнесi, онда адаммен қабылданбаған заттар мен жағдаяттардың образдары жасалады. Қиялдау әрекетiнiң өнiмдерiнде жалпы нәрсе, ой нақты-сезiмдiк формаға енедi. Бастама материал сезiмдiк тәжiрибеден алынады. Оның негiзiнде қиял зат пен жағдаяттың болашақ образының элементтерiн шығарады. Бiрақ тұтас образ фантазияның өнiмдi жұмысының нәтижесiнде пайда болады. Қиял өндiрiсiнiң барысында объективтiк шындықта жоқ байланыстар, жаратылыстар, түр өзгертулер, жағдаяттар туралы елестетулер жасалады. Ал сезiмдiк образдың сыртқы дүниеге қатыстылығына қарай, көрсетiлген байланыстар, жаратылыстар, түр өзгертулер, жағдаяттарды санадан тыс жорамалдау үрдiсi бар.


Танымның рационалды сатысында дiннiң алғы шартары

Ойлау түйсiну, қабылдау, елестетуге қарағанда, шындықты тереңiрек таниды. Ойлаудың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуi тiл арқылы жүзеге асады, ойлау әрекетiнiң нәтижелерi сөздiк формада көрiнедi. Тiлдiк ұғымдардың тiкелей сезiмдiк элементтерден тәуелсiз мазмұны бар. Ойлау сыртқыдан iшкiге, құбылыстан мәнге, жекеден жалпыға, салдардан себепке, кездейсоқтықтан қажеттiлiкке және т.с.с. қарай қозғалады. Сезiмдiк таным формалаларымен салыстырғанда, ол сыртқы дүниемен неғұрлым жанама түрде байланысты, ақиқаттылықтан алысқа ұшу үшiн көбiрек мүмкiндiктерi бар, шындықтан көбiрек қол үзе алады.

Сананың ерте деңгейлерiнде ойлау сезiмдiк формалардың арқауына өрiлген, логикалық аппарат әлсiз дамыған. Объективтiк пен субъективтiктi, образ бен затты ажырату қабiлетi жоқ. Жеке адамның санасы ұжымдық санамен бiрге бiрiгiп кеткен, адамның табиғаттан нақты айырмашылығы жоқ. Қоршаған орта туралы бiлiм көлемi өте шектеулi. Осы жағдайларда дiннiң гносеологиялық алғы шарттары ретiнде дүниенi рухани меңгерудiң “құбылғыш бейнелiк (оборотничество)” (“барлығы барлық нәрсеге айналады”), “кейiптеу” (адам туралы және қауымдық-рулық қатынастар туралы түсiнiктердi табиғатқа көшiру), партиципация (“бүтiннiң орнына бөлiк”), заттың оның бейнесi немесе атымен сәйкестенуi және т.б.

Практиканың, қоғамдық қатынастардың, еңбек бөлiнiсiнiң дамуына қарай ой әрекетi тiкелей материалды әрекеттен бөлiнедi, абстрактi ойлау қарқындап дамиды. Объективтiк пен субъективтiктi, образ бен затты ажырату қабiлетi қалыптасады. Жеке адам өзiн ру мен табиғаттан бөлмейтiн күйден жеке даралық сана қалыптасатын сатыға көшу iске асады. Бұл жағдайларда дiннiң гносеологиялық алғы шарттары түрiн өзгертедi, жаңа факторлар маңызға ие болады. Дегенмен бұрынғы формалар да түр өзгерткен күйiнде күнделiктi қарапайым сананың белгiлi бiр құрылымдарында көрiнедi.

Ойлаудың абстракциялау, жалпылау, ұғымдарды жасау қабiлеттерi бар. Диалектикалық ойлау объективтi диалектиканы барабар бейнелейдi. Метафизикалық әдiс, танымның кейбiр салаларында тарихи тұрғыдан заңды, тiптi қажеттi болса да, ерте ме, кеш пе бiр жақты, шектеулi болатындай дәрежеге жетедi.

Абстракциялау - ойдың белгiлi бiр қатынастарда маңызды емес саналатын заттардан, қасиеттерден, байланыстардан дерексiзденуi. Абстракциялар заттардың мәнiн тануға жетелейдi, бiрақ олар шындықтан кетудi де бiлдiредi, объективтiк байланыстардың үзiлуiн бiлдiредi: ойлауда бiртұтас заттар мен қатынастар өздерiнiң жеке жақтарымен, үзiндiлерiмен көрiнедi. Аңдау мен елестетудiң бастамасын құрайтын нақты бiртұтастық бөлiнiп кетедi, әр түрлi абстрактiлi анықтамалар түрiнде бейнеленедi. Диалектикалық ойлау мұнымен тоқтап қалмайды, ол содан кейiн абстрактiден нақтыға қарай жүредi, нақтыны көп түрлiнiң бiрлiгi ретiнде елестетедi. Ойлаудағы нақтылық жинақтау процесi, нәтиже ретiнде берiледi. Метафизикалық дұрыс ойлау абстрактiнi нақтыдан ажыратады, осылайша шындықты бұрмалайды.


Ойлаудың жалпылаушы қасиетi ұғымдарды қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Объективтiк әлемде жеке, ерекше және жалпыға бiрдейлер бiрлiкте болады. Ұғым болса, жалпы және мәндi белгiлердi бiлдiредi. Ол басқа ұғымдармен бiрге логикалық процесс шеңберiнде, жеке заттармен тiкелей байланыссыз қозғалуға мүмкiндiк алады. Диалектикалық ойлау, заттардың жалпы және мәндi белгiлерiн анықтай отырып, әрқашан жеке, ерекше және жалпының синтезiн жүзеге асырады. Егер жалпы субъективтiк, метафизикалық түрде жеке және ерекшеден ажыраса, егер ұғымдардың қалыптасу мен қозғалу диалектикасы еленбесе, онда жекеге дейiн жалпының болғандығы жөнiнде елес пайда болуы мүмкiн. Жалпы жекенiң бiр бөлшегi ғана болғандықтан, сәйкесiнше, бұл жекеге әкелiне алмайтындықтан, жалпыны таситын, алып жүретiн “иесiн” табуға деген талпыныс туындайды.

Генетикалық тұрғыдан ойлау сезiмдiк формалардан дамыған, сондықтан сана өз әрекетiнде ойлау мазмұнын осы формаларда көрсету үрдiсiне ие. Ақыл-естiң ұғымдары, абстракциялары елестетумен тығыз байланысты, сондықтан санадан тыс олардың заттық мазмұны елеусiз болжамдалады. Абстрактiлi, жалпы нәрсе жекемен бiрге және одан бөлек өмiр сүретiн фантастикалық жаратылысқа түр өзгертуi мүмкiн. Гипостаздау (грек. hypostasis – мән, субстанция) – жеке қасиеттер, белгiлер, қатынастардың дербес жаратылыстарға ауысу процесi және оларға объективтi тiршiлiк ету белгiлерiн беру процесi жүредi.


Бақылау сұрақтарының тапсырмалары

  1. Дін пайда болуының қандай алғышарттары бар?

  2. Діннің пайда болуына қоғамдық қатынастар қалай ықпал етеді?

  3. Статутарлық және моральдық діндердің айырмашылығы неде?

  4. Гегельдің дінді талдаудағы ұстанымы қандай?

  5. Дінді философиялық түрғыдан талдаудың ерекшеліктерін айқындаңыз

  6. Э. Дюркгейм мен М. Вебердің дін социологиясының негізгі ұстанымдарын ашыңыз

  7. Дінді биописихикалық тұрғыдан талдаудың ерекшеліктерін айқындаңыз

  8. Дінді талдаудағы этнологиялық қадымдарға сипаттама беріңіз

  9. Маркстік дін талдаудың негізгі ұстанымдарын айқындаңыз



Тарау III


ДIННIҢ ЭЛЕМЕТТЕРI МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.


1. ДIНИ САНА


Дiни санаға сезiмдiк көрнекiлiк, қиялмен жасалған образдар, шындыққа барабар мазмұнның қиял, сенiм, рәміздiлiк, сұхбаттылық, эмоциялық толықтылық, дiни лексиканың (басқа да арнайы белгiлердiң) көмегiмен қызмет ету тән. Аталған белгiлер тек қана дiни санаға тән емес. Сезiмдiк көрнекiлiк, қиял бейнелерi, эмоциялық өнерге тән, қиялдар мораль, саясат, әлеуметтiк ғылымдарда пайда болады, жалған ұғымдар мен теориялар жаратылыстануда да жасалады және т.б. көрсетiлген қасиеттердiң дiни санада бiр-бiрiмен қалай байланысты екенiн қарастырайық, олардың дiндегi субординациясы қандай.