Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 280

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-- Жеңіл дәрежедегі жүктілер құсуы

-- Ауыр дәрежедегі жүктілер құсуы

-- Тоқтаусыз жүктілер құсуы

-- Созылмалы холециститтің өршуі

-- Жүктіліктің күмәнді белгісі

{@A@}
*** Емхананың дәрігеріне қабылдауына 25 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 28-аптасында әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:

--АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау

--Терапия бөлімшесіне жатқызу

--2-деңгейлі перзентханаға жатқызу

--3-деңгейлі перзентханаға жатқызу

--Акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу

{@A@}
***Жүкті А., 28 жаста, УДЗ мәліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына сәйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?

--жүктіліктің 33-34 аптасында

--жүктіліктің 31-32 аптасында

--жүктіліктің 35-36 аптасында

--жүктіліктің 37-38 аптасында

--жүктіліктің 39-40 аптасында

{@A@}

***Емхананың қабылдауына 26 жасар жүкті әйел жүктіліктің 31 апталық мерзімінде келгенде алғаш рет АҚ 140/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:

--артериялық қысымды қайта өлшеу

--допегит таблеткасын ішуге беру

--нифедепин таблеткасын ішуге беру

--күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін салу

--перзентханаға жатқызу

{@A@}
***Жүктіліктің 31-аптасындағы әйел емхананың дәрігеріне бас аурғаны, эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 165/90 мм с.б., 160/90 мм с.б.. Барынша негізделген тәсіл:

--магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу

--допегит таблеткасын беру

--нифедепин таблеткасын беру

--нормодепин ішкізу

--диуретиктер салу

{@A@}
*** Емхананың дәрігеріне қабылдауына 24 жастағы жүкті әйел жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық және соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?


--қанның клиникалық талдамасы

--RW-ға қан тапсыру

--АИТВ-ға қан тапсыру

--хламидия, тазалық дәрежесін анықтауға сүртінді тапсыру

--кеуде ағзаларын флюрографиядан өткізу

{@A@}
*** Гинекология бөлімшесіне 29 жастағы әйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,60С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 92. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тәрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында және солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тәрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,6×1012/л, лейкоциттер – 22×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:

--жіті сальпингоофорит

--жатырдан тыс жүктілік

--жіті аппенидицит

--анабез ұшының бұратылуы

--жіті эндометрит

{@A@}
*** 28 жастағы пациент, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 38,9 0С -қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:

--бартолини безінің абсцесі

--бартолини безінің жылауығы (киста)

--сарпай аймағының гематомасы

--сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі

--парауретралық жылауық

{@A@}
***28 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:

--ТТГ деңгейін анықтау

--гонадотропиндердің деңгейін анықтау

--рилизинг-гормондармен сынама

--пролактин деңгейін анықтау

--АКТГ деңгейін анықтау

{@A@}
***ІІІ дәрежелі жатыр мойны жыртылуында, не істеу керек: -- Асептика,антисептика сақтау

-- Терең жансыздандыру -- Бірінші тігісті жыртылған жерді жоғары салу -- Ректалды тексеру -- Жатыр қуысын қолмен тексеру {@E@} ***Жалған толғақтарды ұзақтығы: -- 8 сағ дейін -- 12 сағ дейін -- 6 сағ дейін -- 10 сағ дейін -- 4 сағ дейін {@A@}