Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 409
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.
45. «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз.
Табиғат ежелден бері адамға қызмет етіп келеді, бұл оның өмірінің қайнар көзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүрді және оларға табиғи байлық шексіз болып көрінді. Бірақ өркениеттің дамуымен адамның табиғатқа араласуы арта бастады. Мыңдаған түтінді өнеркәсіп кәсіпорындары бар ірі қалалар бүкіл әлемде пайда болып жатыр. Олардың қосалқы өнімдері біз дем алатын ауаны, ішетін суды, астық пен көкөніс өсіретін жерді ластайды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамзат алдында бұрын-соңды кездеспеген бірнеше жаңа, өте күрделі мәселелерді қойды. Олардың ішінде адамды қоршаған ортамен байланыстыратын қарым-қатынас ерекше орын алады. ХХ ғасырда табиғатқа ауыртпалық көбеюдің 4 есеге және әлемдік өндіріс көлемінің 18 есеге өсуімен байланысты болды. Ғалымдардың айтуы бойынша, 1960-1970 жылдар аралығында адамзаттың әсерінен болатын экологиядағы өзгерістер бүкіл әлемде пайда болды, яғни планетаның барлық түкпіріне әсерін тигізді, сондықтан да бұл мәселелер жаһандық сипатқа ие бола бастады.
Жыл сайын өнеркәсіп атмосфераны шамамен 1 трлн тонна шаң мен басқа да зиянды заттармен ластайды. Көптеген қалалар түтіннен зардап шегеді. Кең ормандар кесіліп, өртеніп жатыр. Олардың жоғалуы оттегінің тепе-теңдігін бұзады. Нәтижесінде, жануарлардың, құстардың, балықтардың және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері мәңгіге жоғалып, бірқатар өзендер мен көлдер құрғап кетті. Ауаның және дүниежүзілік мұхиттың ластануы, озон қабатының бұзылуы адамның табиғатпен рабайсыз араласуының нәтижесі болып саналады. Ал бұл – экологиялық дағдарыстың белгісі.
Экологияны қорғаудың маңызын түсінсек, оны сақтап қалудың шараларын қарастырайық:
Біріншіден, су және жарық энергиясын үнемді пайдалану. Бұл табиғатқа ғана емес, сіздің әмияныңызға да пайдасын тигізеді. Яғни, барлық электр құрылғыларын өшіріңіз, ұйқы режімінде де компьютер қуатты тұтынады, үйден шыққан кезде әрдайым шамдарды сөндіргеніңізге көз жеткізіңіз, энергия үнемдейтін шамдарға ауысыңыз, үйдегі барлық сантехниканың жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, өйткені күніне 20 литрден астам су ағып кетуі мүмкін.
Екіншіден, қағазды үнемді пайдалану. Біз көбінесе қағаздың ауадан шықпайтынын және қажет емес баспалардың бәрі ағаштардың қирағанынан пайда болғанын ойламаймыз. Сондықтан бір нәрсе басып шығармас бұрын, оның қаншалықты маңызды екені туралы тағы бір рет ойланыңыз. Қазір билеттерді телефон экранында көрсету жеткілікті, бұл үшін арнайы электронды билеттер іске қосылған. Әрине, ағаш отырғызуыңыз да әлемге кішкене болса да пайдасын тигізер еді.
Үшіншіден, полиэтиленді пакеттерден арылу. Әрине, бәріміздің үйімізде әйгілі «пакеттері бар пакет» бар, яғни бір пакеттің ішіне 100 пакет салып қоямыз ғой. Қане, шындыққа тура қарайық, полиэтиленді пакеттер қоршаған ортаға зиянды, сондықтан дүкенге барарда үйіңізден ескі пакеттерді алып шығуға тырысыңыз және сол пакетті жыртылғанша қолданыңыз.
Төртіншіден, пластикті қолданыстан шығарып тастау. 2015 жылы АҚШ-тың Джорджия технологиялық университетінің профессоры Дженна Джамбек пластикке қатысты «Тек жағалауларда ғана жыл сайын 12,7 миллион тоннаға дейін қалдық жиналып қалады. Дүние жүзі бойынша жағалауларда әр қадам басқан сайын іші қоқысқа толы 15 полиэтилен пакетінің шашылып жатқанын елестетіп көріңізші. Ал сол қалдықтардың биоыдырауға ұшырап, толықтай жойылып кетуі үшін орташа есеппен 450 жыл қажет», деген сенсациялық мәлімет таратты. Сол себепті, пластикті қолданыстан мүлдем алып тастау қажет.
Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең түсінік-пайымы керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.
46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбын экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз
Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 19-тармағын; 2018 жылғы 9-10 мамыр аралығында Алматы облысына сапар барысында Елбасы берген тапсырманы, "5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік кластерлерді құрудың табысты тәжірибесі бар стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген саланы дамытудың негізгі қағидаттарын ескере отырып әзірленді.
Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады.
Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихи-рекреациялық ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.
Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.
Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға бағытталған.
Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды етеді.
Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне жетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында саланың негізгі проблемалары айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды.
47. Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазаққа қызмет етудің, халыққа қызмет етудің хас үлгісін көрсетіп кеткен қайраткер. Сертке адалдықтың, антқа беріктіктің, ұлт алдындағы жауапкершілік жүгін қара нардай көтере білудің үлгісін үйретіп кеткен тұлға. Қазақ «қылыш үстінде серт жүрмейді» десе де, жаны оққа байлаулы шақта да сертінен танбады. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның саяси маңызды тұжырымы – тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне сену болатын. Өзі адал қызмет етуге серт берген қазақты ұлттық тәуелсіздікке бастайтын жол – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру, қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жеткізу деп сенді. Ол осы мұрат жолында аянбай еңбек етті, ғылымда, оқу-ағарту саласында, мәдениет мәселелерінде, саясатта осы ұстанымынан айнымады.
Әлихан Бөкейханның «қазаққа қылған қызметіне» көз жүгіртсек, ұшан-теңіз мұхиттай, кең шалқар даладай түгесілмес еңбекті көреміз. Бірқатарын ғана санамалап өтсек, ол ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған тұлға, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист ретінде қазақтың саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпес із қалдырған жан.
Алаш идеясын, Алаш мүддесін жеткізген Әлихан Бөкейхан: «Қазақтың байырғы жерін қазақтар ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді... Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек... Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» деген сөзі осы күні де жанымызға жақын екенін несіне жасырайық? Біз осы нөмірде сұхбатын жариялап отырған алаштанушы ғалым, академик Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхан есімі ХХ ғасырдағы өзге ұлт көсемдерімен қатар аталатын тұлға дейді. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Әлихан есімін ұлықтау үшін әр ауыл, аудандардағы көшеге оның атын беруіміз керек екенін айтады.
Қазаққа қызмет еткен Әлихан Бөкейханға біздің қызметіміз сол – оның ұлттық идеясын жалғастыруымыз ғой.
Күні кеше ғана қазақ жұрты «Әлиханның есімімен аудан аты аталатын болды» деп сүйіншілей хабар таратты. Аудан емес, одан да зорына есімін беру тұлғаның тақиясына тар келмес еді, ол күн де алыс емес шығар...
Күрескерлік сарын, рухани сабақтастық бір шығармадан бір шығармаға көшкен сайын үзілмей үндесіп, жалғасып жатады. «Өмірзая» романындағы Аяған бейнесі арқылы жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының басынан өткен ұлттық трагедия суреткерлік шеберлікпен көрініс тапқан. Тұяғынан қан сорғалаған жыртқыш, зымиян қоғамның отаршылдық сұрқия саясатының астарын батыл әшкерелейді. Аяғанның басынан өткен оқиғаларды суреттей отырып, сол кездегі қоғамдық ортаны, тағдыры тәлкекке түскен ұлт қасіретін, халықтың аянышты жағдайын жайып салады.
Аяғанның қасіреті – ұлт қасіреті. Лажсыздық, басыңды тауға ұрсаң да, түк шығара
алмайтын шарасыздық ұлт басына түскен ауыр бұғаудың бұлжытпас, мойын бұрғызбас
салмағынан еді. Сол зілмауыр бұғауды сілкіп тастай алмай, кешегі Алаш арыстары да
мынау жарық жалғанның есігін соңғы рет ышқына бір теуіп, жан қиып кете барған болатын. Аяған да сол кепті киіп, фәни дүние қорлығына еріксіз мойынсұнып, бақилыққа аттанады. Міне, «Өмірзая» романы – кеше ғана басымыздан өткен күрделі өмірдің айнасы. Романды оқу үстінде сол Аяған ғұмыр кешкен қоғамда өзің де бірге жүргеніңді сезінгенде жаның түршігеді. Ойға қаласың, өзіңе-өзің сұрақ қоясың. Жазушы оқырманын толғандырғанда ғана, ой салғанда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Баққожа – өз мақсатына да, мұратына да жеткен жазушы. Өйткені Баққожа – өз заманының жазушысы. Қаламгердің ең үлкен бақыты да сонда. Артында өлмес мұрасы барда, қалың ел, өсер ұрпақ барда Баққожаның есігі мәңгі жабылмайды. Ол халқымен бірге жасай береді. Баққожадай асыл ердің рухы қашанда көптің жүрегінде, көңілдің төрінде, өмірдің өрінде!
Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала бастады. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман «Өмірзая» деп тегін аталып тұрған жоқ.
Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер – тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы – профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төретуралы көлемді зерттеу жұмысын жүргізеді.