Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 412

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аяған – ұстазы сияқты адал тарихшы ғана емес, адамды бағалай білетін мейірімді, адамгершілігі мол, ақылды жан, тағы қыры – қызбалығы. Ғалым  әділетсіздікке шыдамайды, шындық жолынан тайқымай өмір сүргісі келеді.  Оның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен-ақ көруге болады.  Аяған – профессор туралы ойлайтын да, жаны ашитын да, іздейтін де жалғыз  адам. Алдиярдың ұлы Сыздық ішімдікке салынып кеткендіктен, әкесіне мүлде  қарамайды.Профессордың ресми саясатқа қайшы Кенесары туралы зерттеу еңбегі халыққа жат деп жарияланып, жала жабылып, қудалауға ұшырап, психологиялық орасан зор қысым көрген атақты ғалым сал ауруына ұшырайды. Ал оның шәкіртіне жабылған жала романда былай суреттеледі: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық  Кенесарин туралы мадақ мақала жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына  от жағу үшін Сыздық сұлтан туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. Пиғылы жат, ойы бөтен адам. «Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы – үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу» деген. Ауғанстандағы соғысқа қарсы үнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған.Кеңес үкіметі  басшыларының беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы
деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл, сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында қызмет істеуіне болмайды» т.б. Осылайша, Аяған тып-тыныш істеп жүрген қызметінен қуылып кетті. Алдияр Ақпанұлынан іргесін аулақ салып, ректордың  ыңғайына көніп, сол кісінің дегенімен қимылдаса, ұрттап ішіп, шайқап төгіп  жүрмес пе еді. Бастаған ісінің арты жақсы аяқталмасын біле тұра, сүйекке бітті қыңырлығына басып, ағысқа қарсы жүзді. Жоғарыдан келген тапсырманы  әдейі қисайта салды. Шындықты іздеп, ең ақыры сол адамның алдына баратынын білсе, емтихан тапсырған қызына жақсы баға қойып, жақсы атқа ие болар ма еді?!

48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз

Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.

Баққожа романы ХХ ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол 
Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.

Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді

49. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз ойыңызды дәйектеп жазыңыз.

Мектеп түлектерінің дұрыс бағдар алып, мамандықты дұрыс таңдауына өз ықпалын тигізіп жүрген маман, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Алмагүл Құрманбаеваның айтуынша, жастардың мамандықты дұрыс таңдамауы бұл мәселенің бірден-бір себебі бола алады.



"Тағы бір жылды артқа тастап кезекті ҰБТ-ның уақыты жақындап қалды. Жастардың алдында "Қайда барамын, кім боламын?" деген сауал тұрғаны рас. Мамандық таңдау бұл өміріміздің ең күрделі шешімдерінің бірі. Мамандық таңдар алдыңда "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?", деген сұрақтарға жауап беріп, ойланғаны дұрыс. Ол үшін әрбір жоғары оқу орындарында жылына 2-3 реттен ашық есік күндері болады. Кәсіби бағыт-бағдар беретін мамандар оқушылармен, талапкерлермен түсіндеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Сол адамдардың кеңесіне жүгініп, білмейтін тұсын сұраса құба-құп болар еді. Мамандық иесі болып шығу үшін ЖОО дипломын алу аздық етеді. Ол үшін әрбір түлектің бойында қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен талапкершілік қасиеттері болуы керек", - дейді Құрманбаева.

Айтуынша, қазіргі таңда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар өте көп.

"Кеше ғана педагог мамандығын бітіріп, сатушы болып немесе дәрігерлік дипломы бар жас маман жүйке ауруынан қандай дәрілерді жазып беруді білмей, Интернеттен іздеп отырған жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Бұл өз таңдауымызды кезінде дұрыс таңдамағанымыздың кесірі. Сондықтан, жасөспірімдер мен олардың ата-анасына айтатын кеңесім, балаларыңызбен бір күн емес, жылдар бойы қандай мамандықты таңдағысы келеді, сол жөнінде жұмыс жүргізсеңіздер екен. Бірінші ҰБТ тапсырып алсын, соның балына қарай көрерміз, деген сылтауды ересектер тарапынан көрсетілген енжарлық дер едім. Өйткені балаға дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың міндеті. Мектепті бітірген бала ол өмірге енді аяқ басқалы тұрған сәби секілді, оған дұрыс бағдар беру керек", - дейді ол.

Құрманбаеваның сөзіне қарағанда, жастардың көбі өз қалауын әлі күнге дейін білмейді. Бірен-саран алдына нық мақсат қойғандары болмаса, басым бөлігі ата-ананың айтқан оқу орнына құжаттарын тапсырады.

"Мамандық таңдау кезінде ата-ананың рөлі басымырақ түсіп жататыны бесенеден белгілі. Қазір ата-аналар көбінесе экономистік және заңгерлік мамандықтарды балаларына тықпалай береді. Ол баланың сол мамандық иесі болу құлқы бар ма, жоқ па онымен санаспайтын да болғанбыз. Кейде оқушылардан қандай оқу орнын таңдадыңыз деп сұрай қалсаңыз"мамам дәрігер боласың деді" деген жауапты аласыз. Бала өз таңдауымен сүйіп келген мамандығы болмаған соң, ол да кеттім-бардым оқып, әйтеуір бітіріп шығады. Дипломды ата-анасына әкеліп береді. Содан кейін ата-ана жүгіріп жүріп ол баланы мамандыққа мүлде жарасы жуыспайтын жұмысқа орналастырады. "Әйтеуір жалақы алып жүрсе болды" деген көзқарас. Сондықтан қазіргі таңда елімізде өз жұмысын тыңғылықты орындай алмайтын, оның байыбын аяғына дейін толық түсінбеген жас мамандар барлық салада жұмыс істеп жүргенін көріп жүрміз", - деді Құрманбаева.


50. «Зияткерлердің сыртқа кетуін тоқтату үшін болашақ ұлт маманы ретінде не істер едің?» Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын көрсетіп, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.

Мемлекет басшысының Жастар форумында берген тапсырмаларының бәрі де аса маңызды және олар өз деңгейінде орындалатын болады. Осы тұста, мына жайтқа да тоқталғым келеді. Бұл - ауыл жастарының мәселесі. Шыны керек, осы жерде отырған көбіміз ауылдан шықтық. Ауыл - Қазақстанның алтын бесігі, біз үшін сакралды туған жер.  Жастар жылында біз ауыл жастары мәселесін жан-жақты шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Оның ішінде, Елбасы айтқандай, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға барған жастардың алғашқы жәрдемақысы 100 айлық есептік көрсеткішке өсіп отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ведомство ауылға баратын жас мамандар үшін арнайы кәсіпорындарда квотаның санын ұлғайту, білім гранттарын көбейту мәселесін қарастырып жатыр.

«Ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңарту, жаңа жұмыс орындарын, медициналық-мәдени ошақтардыңқұрылысын салу Аумақтық даму жоспарларына нақты енгізілуі қажет деп есептейміз. Сондай-ақ, «Серпін», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларының  мақсаты бір - ауыл жастарының ахуалын жақсарту. Әрине, бүгінгідей урбанизациялық, цифрлық, жоғары технологиялық дәуірде ешкімді ауылға байлап отыра алмайсың. Алайда, тым болмағанда, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы қаламен теңесе бастайтын болса, ауылдың оты ешқашан өшпейді деп ойлаймын!»,
 Жас маман бола жүріп, мен нені ұқтым? Нәтижеге жету үшін жұмысыма махаббатпен, ерекше құлшыныспен кірісуді жөн көрдім. Өз ісіме, жауапкершілікпен қарауды, өз ісіме есеп беруге үйрендім. Жаңашыл болуға, тың нәрсені байқап, жаңа жол табуға талпындым. Ізденісті тоқтатқан жағдайда мұғалім атынан айырылатыным анық. Сондықтан да, үйренуден жақсыға ұмытулға жалыққан емеспін.

Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы болып табылатын биология ғылымы қызықты, әрі күрделі. Жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысатын биология пәнін оқытуды мақтаныш санаймын. Жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген әр сабағым түрлі тәсілдерге толы, жаңа үлгіде қызықты өтеді. Оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейіне қарай тапсырмалар топтастырылып беріледі және бағалаудың әртүрлі әдістері қолданыс табады.
Шәкірттердің теорияда алған білімдерін практикада пайдалана білулері өте маңызды. Яғни, біз мұғалімдер оларға білім беріп қана қоймай, оны өмірде пайдаға жарата алуларына жағдай жасауымыз қажет. Осы орайда биология пәнінен арнайы факультатив, үйірме жұмыстарының тиімді іске асып жатқанын да тілге тиек етемін.


Жас жеткіншектердің ұшқыр қиялын, шығармашылығын дамытатын тұлға – ұстаз. Оқушыларымды түрлі шараларға, ғылыми жұмыстар мен байқауларға тарта отырып, өзім де білгеннің үстіне біле түсудемін. Жаңалық ашуға жетелейтін ғылыми жобалар – болашаққа бастар баспалдақ іспетті. Әсіресе, биологияда зерттеп зерделеуді қажет ететін қаншама қызықты тақырыптар бар. Соларға оқушымен бірге дайындалып, оның жаңалық ашуына ықпал етсем құба – құп. Кім біледі, мүмкін олар еліміздің болашақ ғалымдары болар?

Бүгінгі жас мамандар – еліміздің ертеңі. Олар Қазақстанның дамуына үлесін қосар азаматтар, болашақ білікті мамандар, өз ісінің шеберелері. Заман талабына сай қызмет еткен жас маманның нағыз майталман маманға айналмауы мүмкін емес. Ол үшін әрине, елбасымыз айтқандай, әрбір жас өз – өздерімен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдерін, кәсіби құзырықтарын арттыру қажет.