Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 376
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл – Абай жаңалығы. Ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы – үскірік, аяз бен қарды кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі кеңінен суреттеледі.
Бұдан кейінгі күзге арналған екі өлеңі – «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» (1889). Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды.
«Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым - ай»,- деп ренжіп байға: «жас бала, кемпір - шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сенде», - деген тілек айтады.
«Жазғытұры»(1890) өлеңінде – мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі – «ата - анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
«Желсіз түнде жарық ай» Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы4тармақты5шумақтантұрады. Өлең – ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.
Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозиторЛ.А.ХамидиӘрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
- Саяси-азаматтық лирика
- Махаббат лирикасы
- Философиялық лирика
- Табиғат лирикасы
Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.
Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.
Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.
IV Жазбаша жұмыс:
Өлеңге сатылай кешенді талдау:
Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.
Идеясы–Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.
Жанртүрі–лирика,поэзия (өлең)
Шумақ–5
Тармақ–4
Бунақ–2
Буын–7-8
Ұйқас–шалыс ұйқас (а-б-а-б)
Эпитет– Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.
Кейіптеу– су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.
Риторикалықсұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні–сұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.
VШығармашылық жұмыс.
Қос жазба күнделігі.
Өлеңнен маған ұнаған үзінді | Менің ойым |
| |
VІ Білімді бекіту: Бес жолды өлең әдісі.
Кім? (бір зат есім)
Қандай? (екі сын есім)
Не істеді? (үш етістік)
Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем)
Синоним (бір синоним сөз)
VIIҮйге тапсырма беру:
-
Абайдың табиғат лирикасы туралы түсінік. -
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.
VIIІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, Абайдың реалист ақын екеніні таныту;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:
-
Абайдың табиғат лирикасы. -
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.
ІІІ Жаңа сабақ:
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі
Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл – Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.
Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.
Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар – дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.
Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі – Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі – Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді.
Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?
1. Кедейдің жүдеу өмірі;
2. Қара қи;
3. Жалшы ұлының күйі;
Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.
Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар аударайық.
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.
Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету — әр адамның борышы.
Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел – осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.
Ай аттары. Қараша – бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады. Желтоқсан – «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айды «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.
ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.
1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?
V Үйге тапсырма беру:
-
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту. -
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:
-
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту. -
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?
ІІІ Жаңа сабақ:
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
«Көлеңке басын ұзартып» –Абайдың 1900 жылы жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Оданда шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына «Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады. Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс кездеседі. Мүрсейітқолжазбаларында, 1909, 1939, 1954жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы «Жай жүргенді өрт қылып» деп алынса, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді уерд қылып» болып берілген. Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған кезеңі 1895 ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.