Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 373
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңге қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді...
ІVМағынаны тану. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлең мазмұнымен танысу.
(бұрын таныс емес сөздер бойынша сөздікпен жұмыс жүргізу).
1. Сөздікпен жұмыс
Даңдақ – мәнсіз, бос сөз.
Бишара – бейшара
Надан – пайымсыз, қараңғы, білімсіз.
Кісімсіп – өзін-өзі жоғары, асқақ ұстап дандайсыну, менсінбеу.
Ынсап – қанағат, тойымдылық, ұят,ар-намыс.
2. Сұрақтармен жұмыс. Әр топ берілген сұрақты алдарындағы қағазға түсіріп ортада қорғап шығады.
І топ – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», – дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?
ІІ топ –Абай өлеңді неліктен үлкен өнердеп таниды?
ІІІ топ – Абай «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз» деп неге айтқан?
ІV топ – Абай өзінің ақындық биік мақсатын қалай түсіндірген?
V Сабақты қорытындылау:
«Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» – деп М.Әуезов айтқандай, Абай – дара, дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
VІҮй тапсырмасы: «Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі» эссе жазу.
VІІ Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысы мен белсенділігін ескере отырып бағалау.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақ тақырыбы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау әдісі, талдау, көрнекілік, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: «Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі» эссе жазу.
ІІІ Жаңа сабақ:
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М.Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ, алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті – күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәнін тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы
«сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез»,«Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.
ІV Өлеңді мәнерлеп оқыту:
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
V Талдау:
Оқушыға өлең шумағын талдату.
4 3 4
Мен жаз-бай-мын // ө-лең-ді // ер-мек ү-шін, 11, а
3 4 4
Жоқ-бар-ды, // ер-те-гі-ні // тер-мек ү-шін. 11, а
4 3 5
Кө-кі-ре-гі // се-зім-ді, // ті-лі о-рам-ды, 12, б
4 3 4
Жаз-дым үл-гі // жас-тар-ға // бер-мек ү-шін. 11, а
3 4 5
Бұл сөз-ді // та-сыр ұқ-пас, // та-лап-ты ұ-ғар,12, б
4 4 4
Кө-ңі-лі-нің // кө-зі а-шық, // сер-гек ү-шін. 12, а
Шумақ: 1,
Тармақ: 6,
Бунақ: 3
Буын саны: 11-12
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
VІ Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы жаңа сабақты бекітемін.
VІІ Үйге тапсырма:
VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Сынақ тест
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көз қарасын дамыту. Абай шығармашылығының асқақтығын жан-жақты танытуарқылы шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Тест тапсырмалары арқылы алған білімдерін бекіту;
2. Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тесттер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

ІІ Тест тапсырмалары.
1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; В) 1871ж.; С) 1873ж.; Д) 1875ж.; Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С) Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; В) «Жаз»;
С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»; В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; Д) «Жазғытұры»; Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы; В) шалыс ұйқас;
С) аралас ұйқас; Д) шұбыртпалы ұйқас; Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17; В) 21; С) 23; Д) 25; Е) 27.
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.

В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;
С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5; Е) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.

20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде; В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде; Д) Жиырма бесінші сөзінде; Е) Он тоғызыншы сөзінде.
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов; В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) З. Ахметов.
22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; В) Он сегізінші; С) Он тоғызыншы; Д) Отыз бірінші; Е) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Теңеу; Д) Кейіптеу; Е) Риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».
2 - нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы; В) А. Байтұрсынұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) М. Жұмабаев.
2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға; В) Ақылбайға; С) Әбдірахманға; Д) Мағауияға; Е) Мекайлға.
3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»; В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»; Д) «Жалау»; Е) «Бақа мен өгіз».
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»; В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д) «Көлеңке басын ұзартып»; Е) «Болыс болдым, мінеки».
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты; Д) 35 шақты; Е) 40 шақты.
7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А) 1880; В) 1883; С) 1885; Д) 1886; Е) 1889.
8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».
9. Абайдың руы кім?
А) Найман; В) Керей; С) Тобықты; Д) Уақ; Е) Дулат.
10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.; В) 1886ж.; С) 1887ж.; Д) 1888ж.; Е) 1889ж.
11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге; В) 105тілге; С) 110 тілге; Д) 116 тілге; Е) 120 тілге.
12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім; В) Ахмет; С) Мұхтар; Д) Көкбай; Е) Қиясбай.
13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.
14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876; В) 1876 - 1878; С) 1877 - 1879; Д) 1878 - 1880; Е) 1879 - 1881.
15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.; В) 1881 ж.; С) 1885 ж.; Д) 1887 ж.; Е) 1888 ж.
16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан В) 10 жастан С) 11 жастан Д) 13 жастан Е) 15 жастан
17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас; В) Байкөкше; С) Көкпай; Д) Шөже; Е) Балта.
18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».
19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С) Он алтыншы; Д) Он жетінші; Е) Жиырма тоғызыншы.
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия; В) Метафора; С) Эпитет; Д) Теңеу; Е) Ассонанс.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан; В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан; Д) 1908ж. Петербург; Е) 1909ж. Петербург.
23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4; Е) 5.
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».
25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
ІІІ Үйге тапсырма: «Абай өлеңдерін оқынғаннан кейін түйген ойым» эссе жазу.
ІV Сабақты бағалау: тест тапсырмалары тексеріліп бағаланады.

-
Білімділік: оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі туралы мәлімет беру. Өлеңді мәнерлеп оқыту, жан-жақты талдату;
-
Тәрбиелік: Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу;
-
Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.

Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін қай жылы жазды? -
Өлеңде не туралы айтылады және ол кімдерге арналған? -
Өлең алғаш рет қандай жинақта жарияланды? -
Қандай тілдерге аударылған?
VІІ Үйге тапсырма:
-
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жаттау. -
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Сынақ тест
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көз қарасын дамыту. Абай шығармашылығының асқақтығын жан-жақты танытуарқылы шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Тест тапсырмалары арқылы алған білімдерін бекіту;
2. Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тесттер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 12