Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 197

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


17-БИЛЕТ

Оқыту әдістері және тәсілдері туралы ұғым, топтастыру. Оқытудың интербелсенді әдістері.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.

Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Ағылшын тілінен келген «Inter» - өзара, «act» - әрекет жасау деген мағынаны білдіреді, яғни біреумен сұхбаттасу, әңгімелесу немесе өзара әрекет ету мағынасын білдіреді.

Интербелсенді оқыту әдістерінің

артықшылықтары:

- Оқу үрдісіне белсенді қатысқандарды мадақтайды.

- Көңіл-күйге бағытталады.

-Материалдардың тиімді игерулеріне мүмкіндік береді.

Оқытудың интербелсенді әдістері және түрлері:

-Қысқа дәріс

-Топтық жұмыс

-Ой шабуыл

-Рөлдік ойын

-Сұрау

-Сұхбат

-Сахналау

Интерактивті әдістерге әр түрлі көмекші құралдар пайдаланылған презентация, тақталар, кітаптар, видео, слайдтар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.б. жатады интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті болып табылады:

жағымды психологиялық орта орнату;

үйренушілерде білім игеруге қызығушылықтарын (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;

білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.

Интербелсенді оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті:

• Бірінші - үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнату.

• Екінші—қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, “жұмсақ” әдістерді қолдану.

18-БИЛЕТ

Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.

Оқытуды ұйымдастыру формасы –
оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.

Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.

Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға” тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.

Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский. Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.

XIII-ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.

Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады.



Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.

Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды.
Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен Оқыту мүмкін болмады.

Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды.
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар.

19-БИЛЕТ

Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар

XX ғасырдың бас кезінде америка философы-идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюи (1859—1952) келешекте мектеп болмайды деген болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ та жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше сабақ бүкіл дүниежүзі елдеріндегі мектептерде бірте-бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.

Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту..Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.

Логикалық бірлік - бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері; қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа
мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.

Психологиялық бірлік оқушылардық танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік - бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес-типологиялық ерекшеліктері.

Ұйымдастыру бірлігі - бұл сабақта алдын ала жабдықтарды және оларды рет ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойынша да оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа койылатын кейбір төмендегідей:
1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс, Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы. Тәрбие мақсаты - жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні - тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, кабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты.
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таддап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұныда сәйкестігі.

Сабақ типі

Сабақ кезеңдері

Оқыту әдістері

Жаңа

Білімді

Игеру

сабағы

І- кезең баяндау

Лекция, әңгіме, әңгімелеу, кітапен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс

ІІ-кезең алғашқы бекіту

Әңгіме, жазба жұмыс,есеп шығару, оқыту машинасымен жұмыс

ІІІ-кезең үйге тапсырма беру консультациясы

Оқулықта қосымша әдебиеттерді пайдалану, тапсырманы орындау әдістері



5. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
6. Оқытудың білімді терең ұғуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестігін үнемі бақылап есепке алу.
7. Сабақты ұйымдастыруды дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру - оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі.
Осы талаптардың негізінде қарастырсақ, сабақ - бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі - жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
ә) даму - оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбие - ғылыми дүниетанымын, құндылық қасиеттерін өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.

Сабаққа қойылатын талаптар

Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:

• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;

• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді т.б.

I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;

• оқыту принциптерін қолдану;

• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау т.б

II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

• оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;

• оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;

• жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;

• оларға жеке тапсырмалар беру;