ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 314
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет №1
1.Тұрғындарға фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасының фармацевтика саласы.
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі.
Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін негізге ала отырып, Республика тұрғындарына дәрі-дәрмектік көмекті көрсетудің принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:
• тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік түрлі меншіктегі дәріханалық ұйымдар арқылы ұйымдастырып, мемлекет тарапынан реттеу;
• дәрі-дәрмектік көмектің көрсетілу деңгейін қалалық және ауылдық тұрғындарға бірдей мөлшерде жүргізе отырып, оларға мейлінше жақындату;
• дәрі-дәрмектік көмекті қамтамасыз етуді фармацевтикалық ғылым мен тәжірибелердің бірлігі негізінде ұйымдастырып жүргізу;
• фармацевтикалық қызметтің сапасын мемлекет тарапынан қамтамасыз ету;
• тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсетудегі мемлекеттік саясатты дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды тұтынудың қысқа және ұзақ мерзімді жобалануы негізінде жүргізу.
Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектік саясаттың мақсаты – тұрғындарды қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен медицина бұйымдарымен және медициналық техникалармен үзіліссіз, уақытында, жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмектік саясаттың негізгі мендеттеріне келесілер жатады:
• тұрғындардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды тұтынуларына жағдай жасау;
• дәрілік заттар айналысы саласында, оның ішінде дәрілік заттар өндірісіне, дәріханалық ұйымдардан босатылып – өткізілуіне және тиімді пайдаланылуына мемлекет тарапынан жүйелі түрде реттеу, бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейту;
• фармацевтикалық ғылымдарды дамыту, нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді практикалық тұрғыда қолдануды жүзеге асыру;
• шет елдік дәрілік заттарға тәуелділікті азайту, отандық ғылымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде дәрілік заттар өндірісін дамытудың басымдылығын қамтамасыз ету;
• елімізде стратегиялық маңызы бар дәрілік заттар өндірісін дамыту;
• отандық жаңа дәрілік заттарды, бірінші кезекте қауіпті және әлеуметтік маңызды ауру түрлерін емдеуде қолданылатын дәрілерді өндіруге қолайлы жағдайларды жасау;
• дәрілік заттардың сапасын және дәріханалық ұйым, кәсіпорындар жұмыстарын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру шараларын жүргізу;
• Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналысы саласын реттейтін құқықтық-нормативтік базаны нағайту;
• халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, дәрілік заттар айналысы саласында басқару, ақпараттық және бақылау, қадағалау жүйелерін жақсарту;
• халықаралық ынтымақтастық байланыстарды дамытудың негізінде әлемдік фармацевтикалық нарыққа енуді және фармацевтикалық мамандардың кәсіби білім деңгейлерін жоғарылату.
Тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының ажырамас құрамды бөлігі болып саналады. Дәрі-дәрмектік көмек халықаралық денсаулықтарын нығайтуға, азаматтардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін жоғарылатуға және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етуге ықпалды түрде әсер етеді.
Фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын қызмет.
Тұрғындарға кепілді мөлшерде көрсетілетін ақысыз, жеңілдетілген дәрі-дәрмектік көмектi ұлғайту көзделуде.
Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс көлеміне байланысты Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65 Қаулысымен бекітілген «Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді:
I категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:
• нeгiзгi (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кipeтiн дәрілік заттарды, есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды кабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.
П категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:
• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ан аз емес және есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды кабылдауды, сактауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.
I және ІІ категориялы дәріханалар өздерінің фармацевтикалық қызметтерін атқаруда келесі бөлімдерін ұйымдастырады:
I категориялы дәріханаларда:
• дәрілік заттардың қоры бөлімі;
• рецептуралық - өндіріс бөлімі;
• дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;
• дәрігерлердің рецептінсіз дәрілік заттарды босату бөлімі;
• көзілдіріктік оптика бөлімі;
II категориялы дәріханаларда:
• дәрілік заттардың қоры бөлімі;
• дайын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрігердің рецептерінсіз дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;
• көзілдіріктік оптика бөлімі.
Ш категориялы дәріханаларға фармацевтикалық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптарға сәйкес келетін қалған барлық дәріханалар жатады.
2. Дәрілік заттардың жарнамасы.
Дәрiлік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 бұйрығы.
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасы (бұдан әрі - жарнама) – кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгісіз адамдар тобына арналған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жекелеген мәліметтерді немесе мәліметтер жиынтығын қамтитын, оларды ілгерілетуге және іске асыруға ықпал ететін ақпарат;
3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын тарату және орналастыру денсаулық сақтау ұйымдарындағы бұқаралық ақпарат құралдарында, электрондық ақпараттық ресурстарда жүзеге асырылады.
4. Жарнама қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады және олардың ұтымды қолданылуына ықпал ететін дәрілік зат немесе медициналық бұйым туралы толық және дұрыс мәліметтерді қамтиды.
5. Жарнама дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (қосымша парақ), медициналық бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе медициналық бұйымды пайдалану құжатына сәйкес келеді.
Дәрілік затты және медициналық бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа таратылатын жарнаманың мазмұнына әсер ететін өзгерістер енгізілген кезде енгізілген өзгерістер жарнамалық материалдарда көрсетіледі.
6. Жарнама жарнамаланатын дәрілік заттың фармакологиялық қасиеттері мен емдік көрсеткіштерін, медициналық бұйымдарға арналған қолданылу саласын ұлғайтпайды, сондай-ақ басқа дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен салыстыруды болдырмайды.
Жарнама тұтынушыларды олардың сенімін шектен тыс пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтардың нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды.
Жарнама оңай оқылады, анық және түсінікті шрифтпен басылады, сенімді және түсінікті болып табылады (арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай).
7. Дәрілік заттардың жарнамасы мынадай міндетті ақпаратты қамтиды:
1) саудалық атауын;
2) халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді;
3) қолдану бойынша негізгі көрсетілімдерді;
4) қолдану тәсілі мен дозасын;
5) негізгі жанама әсерлерін;
6) негізгі қарсы көрсетілімдерін;
7) балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларды (бар болса);
8) босатылу шарттарын;
9) тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты, көрнекті және түсінікті ұсынымды және "Өз бетімен емдеу сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін" мазмұндағы ескерту мәтінін мұқият оқыңыз;
10) өндірушінің және (немесе) Қазақстан Республикасындағы сауда өкілінің атауын, мекенжайын;
11) тіркеу куәлігінің нөмірі және берілген күні;
12) тіркеу куәлігінің аяқталу күнін.
Медициналық бұйымдар жарнамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) саудалық атауын;
2) қолдану бойынша негізгі көрсетілімдерді (қолданылу аясын);
3) негізгі жанама әсерлерін (бар болса);
4) негізгі қарсы көрсетілімдерін (бар болса);
5) медициналық бұйымды тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты (пайдалану құжатын) және мынадай мазмұндағы "Өз бетімен емдеу сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін" (қолданылуы бойынша) ескерту мәтінін мұқият оқып шығу;
6) өндірушінің және (немесе) Қазақстан Республикасындағы уәкілетті сауда өкілінің атауы, мекенжайы;
7) тіркеу куәлігінің нөмірі және берілген күні;
8) тіркеу куәлігінің аяқталу күнін.
Жарнаманың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін өтініш беруші Орталықпен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізу туралы шарт жасасады және Орталыққа мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) өтінішті;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жарнамалық материалды (модуль, мақала, бейне жарнаманың немесе баннер кадрларын ашу, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні);
3) бейне-, радио арналарда тарату кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі жарнаманың бейне -, аудиожазбаларын;
4) медициналық бұйымның пайдалану құжатын (медициналық бұйымдарға жарнама ұсынылған жағдайда);
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізу үшін өтінім берушінің Орталықтың есеп шотына соманы төлегенін растайтын мәліметтерді ұсынады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізу құнына ақы төлеуді өтінім беруші Орталық бекіткен прейскурантқа сәйкес жүзеге асырады;
Билет №2
1. ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті басқару органдарының ұйымдық құрылымы негізгі деңгейлерін атаңыз.
1)Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастырады;
4) аурулар мен жай-күйлер профилактикасының, диагностикасының, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін ендіреді;
5) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастырады;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін қалыптастырады;
7-1) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек беру тәртібін, түрлерін және көлемін айқындайды;
25) денсаулық сақтау субьектілерінің қызметін үйлестіреді;
26) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;