ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 318
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
39. Формальдегидтің (формалин) 40 пайыздық ерітіндісі +90С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде бөлме температурасында ұстайды, кейін ерітіндіні мұқият ағызады және формальдегидтің нақты құрамына сәйкес пайдаланады.
40. Мұзды сірке қышқылы +90С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде қышқылды тұнба ерігенге дейін бөлме температурасында ұстайды. Тұнба ерімеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлігін ағызып жібереді және сірке қышқылының нақты құрамына сәйкес пайдаланады.
41. Медициналық қою майлар +100С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде оларды бөлме температурасында ұстайды, деканттайды және нормативтік құжаттың барлық талаптарына сәйкестігіне тексереді.
42. Иісі бар дәрілік заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дайындалған дәрілік нысандарды дәріханаларда оқшауланған тұмшаланып жабылған, иіс өткізбейтін ыдыста атаулары бойынша бөлек сақтау қажет.
Билет №3
1. Дәріхананың орналасуы мен ашу тәртібінің негізгі қағидаларын көрсетіңіз.
Дәрiхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдаланудың Санитарлық ережелерi мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Санитарлық Бас дәрігерінің 2002 жылғы 25 наурыздағы N 9 бұйрығы.
Дәрiханаларды орналастыруға қойылатын талаптар
6. Дәрiханалардың орналасуы:
1) жеке тұрған ғимараттарда;
2) ғимарат құрылымындағы тұрғын үй фондына кiрмейтiн оқшау үй-жайларда;
3) ғимарат құрылымындағы тұрғын үй фондына кiретiн (тек бiрiншi қабатта) оқшау үй-жайларда орналаса алады.
7. Медициналық ұйымдардың дәрiханалары:
1) медицина ұйымдарына тиiстi аумақта оқшау тұрған ғимараттарда;
2) медицина ұйымдары мен мекемелерiнiң ғимарат құрылымындағы (тек бiрiншi қабатта) оқшау үй-жайларда орналаса алады.
8. Дәрiханалар ғимарат құрылымында орналастырылған жағдайда үй-жайлардың оқшау блогы және бөлек кiрер есiктерi болуы қажет.
9. Дәрiхана қоймалары:
1) жеке тұрған ғимараттарда;
2) ғимарат құрылымындағы тұрғын үй фондына кiрмейтiн оқшау үй-жайларда орналаса алады.
Тұрғын үй фондына кiретiн ғимарат құрылымына дәрiхана қоймаларын орналастыруға тыйым салынады.
10. Дәрiхана пункттерi медицина ұйымдарының жанында немесе оның аумағында:
1) ғимарат құрылымындағы (тек бiрiншi қабатта) бөлек кiрер есiктерi оқшау үй-жайларда;
2) үй-жайлар iшiндегi оқшау блоктарда орналаса алады. Келушiлерге қызмет көрсету аумағы, үй-жайлардан тыс негiзгi объектiге тиiстi ауданы бар оқшау блоктарда және қолданылудағы санитарлық ережелердiң талаптарын орындаған жағдайда орналаса алады.
Ұйым құрылымы мен үй-жайдың жоспарлануы:
1) технологиялық өзара байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа қашықтықтағы процесс тасқынын;
2) адамдардың және технологиялық тасқындардың өзара түйiсуiне жол бермеудi;
3) тазалығы бiрдей дәрежедегi үй-жайлардың барынша топтастырылуын;
4) алуан түрлер мен сериялардың: негiзгi шикiзаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын дәрiлiк заттардың араласуына жол берiлмеуi үшiн жабдықтар мен материалдардың ұтымды орналасуын;
5) техника қауiпсiздiгi және өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
Үй-жайлардың жылытылуына, желдетiлуiне, микроклиматына,
ауасына және жарықпен қамтамасыз етiлуiне қойылатын
талаптар
26. Жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесi мен ауаны кондиционерлеу үй-жай микроклиматы мен ауасының оңтайлылығын қамтамасыз етiп, дәрiлiк түрлердiң, химиялық реактивтердiң сапасына, қызметшiлердiң денсаулығына, сондай-ақ жабдықтардың жұмыс iстеуiне жағымсыз әсер етпеуге тиiс.
Стерильдiк материалдарды сақтайтын, асептикалық жағдайларда дәрi түрлерiн дайындайтын үй-жайларда труба құбырлары мен арматуралардың жасырын төсемдерi қарастырылады.
30. Дәрiханалар ұйымдары мен мекемелерiнiң ғимараттарында механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы, терезе жақтауларында, сыртқы қабырғаларда ауа кiретiн форточкалары, үстiңгi және жанама жартылай ашылып-жабылатын терезелерi, тағы басқа да құрылғылары бар табиғи вентиляция, сондай-ақ ауа өздiгiнен қозғалатын желдеткiш арналар қарастырылады.
. Вентиляция жүйесiне арналған сырттан ауа сору жер бетiнен кемiнде екi метр биiктiктегi таза тұстан жүзеге асырылуы қажет.
33. Бөлмедегi ауаға бактерияның жайылуы осы ережелердiң 12 қосымшасының 6-бабында келтiрiлген жол берiлуге болатын деңгейлерден аспауы шарт.
Үй-жайларға және жабдықтарға қойылатын талаптар
40. Дәрiхана ұйымдары мен мекемелерiнiң үй-жайлары қатаң түрде белгiленген мақсатта пайдаланылуы шарт.
41. Дәрiхана ұйымдарының қабырғалары мен төбелерiне қолданылатын жөндеу материалдары ретiнде, жуып-тазалау жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн бояулар, эмальдар немесе ашық түстi глазурленген тегiс кафель плиткаларды, медициналық ұйымдарда қолдану үшiн дезинфекциялауға және ультра күлгiн сәулелерге төзiмдi су өткiзбейтiн заттарды, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, мекемелерiнiң рұқсатымен пайдаланылады.
Күн жақта орналасқан терезелер күн сәулесiнен қорғайтын құрылғылармен (жалюздермен, маркиздермен) қамтамасыз етiлуге тиiс, олар терезенiң сырт жағында немесе рамалардың арасында орналасады.
46. Yй-жайларды желдету үшiн пайдаланылатын фрамугтер немесе форточкалар жылы уақытта ұяларының көлемi 2х2 миллиметрден аспайтын металл немесе пластмасса торлармен қорғалады.
Дәрiханаға кiрер есiк алдында аяқ киiмдi тазалауға арналған орын жабдықталуға тиiс. Осы орынды да қажеттiлiкке қарай, бiрақ күнiне кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.
55. Өндiрiс қалдықтары мен қоқыстар тиiстi белгi соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Контейнерлердi ғимарат сыртындағы арнайы бөлiнген орындарға шығарып, олардың iшiндегiсiн тұрақты түрде шығарып отыру керек.
2.Қазақстан Республикасының ұлттық дәрілік саясатын қалыптастыратын негізгі нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің алға қарай дамуы реформалану стратегиясының негізінде жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласын реформалаудың бағыттары халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ХДҰ) «ХХІ ғасырда барлығына денсаулық» стратегиясы принциптеріне сәйкес Қазақстанның барлық тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту шараларын ескере отырып анықталады.
Денсаулық сақтау саласын реформалаудың стратегиялық бағыттарына келесілер жатады:
• денсаулық сақтау салаларының даму саясатын негіздеу;
• денсаулық сақтау саласын реформалаудың құқықтық-нормативтік базасын қалыптастыру;
• денсаулық сақтау саласының мемлекеттік демонополизациялау;
• денсаулық сақтау саласын дамытуды жүзеге асыруда басқару жүйесін децентрализацилау;
• тиімді және үнемді медециналық технологияларды пайдалану;
• денсаулық сақтау саласын қаражаттандыру жүйесін реформалау;
• денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдық қайта құрылуын бірінші медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді дамытудың басымдылығын ескерту;
• медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлаудың жаңа конценциясын қалыптастырып жүзеге асыру.
Фармацевтикалық жүйенің алға қарай нақты түрде даму стратегиясы денсаулық сақтау саласындағы мемлкеттік саясатқа негізделеді.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
• «Халақтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
• кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсетудің минималды стандарттары жасалынды;
• 2006-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендету, қан құю жүйелері жұмысын жақсарту, имундық жетіспеушілік эпидемиясына қарсы тұру, кордиологиялық және кордиохирургиялық жүйені дамыту бағыттарында салалық бағдарламалар жасалып жүзеге асырылды;
• ел шекараларында санитарлық күзет жүйесі қалыптастырылды. Шекарадағы санитарлық-карантиндік пункттер елімізге аса жұқпалы инфекциялық аурулардың таралуына тосқауыл қойып, ел территориясын сақтандырады;
• балалар мен ересек тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізуді және жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптерін сақтай отырып, бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін реформалау жүргізілді;
• ақысыз және жеңілдетілген дәрі-дәрмектік көмек көрсету көлемі ұлғайды;
• 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі (БҰДЖ) сатылап енгізілуде. БҰДЖ науқастарға ерікті түрде дәрігерлер мен медициналық ұйымдарды таңдауға мүмкіншіліктер бере отырып, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
• Бүкіләлімдік Банкімен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институционалдық реформа жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда;
• Республикада дәрілік заттарды дистрибуциялау жүйесінің Бірыңғай жүйесі енгізілді;
• денсаулық сақтау және фармацевтикалық жүйелерінде республикалық, аймақтық ақпараттық-аналитикалық орталықтарды ашу арқылы ақпараттық технологиялар енгізілуде.
Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап медициналық ғылымды реформалау Концепциясы жүзеге асырылуда. Аталған концепцияға сәйкес республикада медициналық ғылымды басқаруды жақсарту шаралары жүргізілуде. Медициналық ғылыми ұйымдардың көпшілігі еркіндік алу мақсатында шаруашылық жүргізу құқығына ие мемлекеттік кәсіпорындар статусына көшірілді. Ғылыми – білім беру тәжірибелік медициналық және фармацевтикалық кластерлер құрылуда.
Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету, тіркеуден өткізу және сертификаттау жұмыстары реттелінді.
Фармацевтикалық жүйенің нормативтік-құқықтық актілері Еуропалық кеңес елдеріндегі нормаларға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Еуропалық фармкопеялық комиссиясының ресми байқаушысы және дәрілік заттардың қосалқы әсерін монитерингілеудің Халықаралық БДҰ бағдарламасының толық құқықты қатысушы-мемлекеті ретінде ресми тіркелді.
Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасалған дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды дистрибуциялаудың Біріңғай жүйесі фармацевтикалық тауарларды сатып алуға жұмсалатын қаражатты үнемдеп, отандық дәрілік заттарды тұтыну көлемінің өсуіне ықпал жасады.
Қазіргі кезде ақысыз медициналық көмек (ККАМК) көрсету тізбегіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнім, тауарлардың жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағыттылған ұлттық дәрі-дәрмектік саясаттың жобасы жасалуда. Бүгінгі күні Кеден одағына мүше – елдердің бірлескен фармацевтикалық нарығын дамыту мәселесі көтеріліп отыр. Кедендік одақ аясында халықаралық нарыққа шығуда, одаққа мүше елдердің өндіретін дәрілік заттарының бәсекелестікке қарсы тұру қабілетін жоғарлатып, фармацевтикалық нарықты интенсивті түрде дамыту міндеті тұр.
Билет №4
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы лицензиялау.
Фармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1341 Қаулысы.
Фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Лицензияны лицензиар өтініш берушінің фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті қарайды және береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге немесе лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.