Файл: Халы денсаулыы жне денсаулы сатау жйесі туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 316

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      27) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      28) тәуекелге бағалау жүргізуге және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеуге құқығы бар ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды;

      29) денсаулық сақтауды цифрландыру стратегиясын әзірлейді және бекітеді;
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

      Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

      5) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      6) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      7) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;

      8) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;


      2) өз құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      3) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

      Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      3) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

      1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті



      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:

      1) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды;

      2) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әртүрлі топтарын сақтау ережесі.


Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы. 
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:

      терең салқындату -150С-тан төмен;

      тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;

      салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;

      бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау:

      1) Кодекстің 231-бабына сәйкес дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта, олардың қаптамаларының таңбалануында көрсетілген пайдалану құжаттарында өндіруші белгілеген шарттарға сәйкес олардың бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін;

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады;

      3) медициналық бұйым қалыпты пайдалану жағдайларында туындауы мүмкін әсерлерге ұшыраған және техникалық қызмет көрсету қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілген жағдайда медициналық бұйымның пайдалану сипаттамалары мен тиімділігі өндіруші айқындаған пайдалану мерзімі ішінде пайдаланушылардың және үшінші адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін дәрежеге дейін өзгертілмейді.

      5. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар оларға қандай да бір әсер етуге жол бермеу үшін басқа өнімнен бөлек сақталады, жарықтың, температураның, ылғалдың әсерінен қорғалады.

      6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауды жүзеге асыратын объектілерде денсаулық сақтау субъектісінің басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты адамды тағайындайды.

      7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау процесінде жауапты тұлғамен айына бір реттен сиретпей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қаптамасының (ыдысының) жағдайын және олардың сыртқы өзгерістерін көзбен қөру арқылы сапасын бақылау жүзеге асырылады.

      8. Дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сақтауды жүзеге асыратын субъектілер қағаз және электрондық жеткізгіштерде жарамдылық мерзімдерін есепке алуды жүргізеді.

      9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау:


      медициналық-санитариялық алғашқы және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріхана пунктінің, оптика, медициналық бұйымдар дүкендерінің;

      медициналық ұйымның – бөлімшелері, кабинеттері мен мейіргер посттарында;

      дәріхана қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасының, медициналық бұйымдар қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымның сақтау үй-жайларында (аймақтарында) жүзеге асырылады.

      10. Барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар оларға әртүрлі сыртқы орта факторлары әсерінің физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты мыналарға:

      1) жарық әсерінен қорғауды талап ететін;

      2) ылғал әсерінен қорғауды талап ететін;

      3) буланып ұшудан қорғауды талап ететін;

      4) жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

      5) төмен температурадан қорғауды талап ететін;

      6) қоршаған ортадағы газдардың әсерінен қорғауды талап ететін;

      7) иісі бар, бояғыш;

      8) өрт қаупі және жарылу қаупі бар болып бөлінеді.
Дәрілік заттар сақталатын үй-жайларда мыналар қарастырылады:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған стеллаждар, тұғырлар, тауар қойғыштар, шкафтар;

      2) температуралық режимді құруға арналған технологиялық жабдық;

      3) температура мен ылғалдылықты тіркеуге арналған аспаптар;

      4) тиеу-түсіру жұмыстарына арналған механизация құралдары;

      5) санитариялық режимді қамтамасыз етуге арналған дезинфекциялық құралдар мен жинау мүкәммалы;

      6) санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және дәрілік заттардың сақталуын қамтамасыз ететін өзге де жабдық пен мүкәммал жатады.
Сақтай үй-жайларында дәрілік заттар:

      1) фармакологиялық топтар бойынша;

      2) қолданылу тәсіліне байланысты (ішкі, сыртқы);

      3) агрегаттық жағдайына байланысты;

      4) физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне сәйкес бөлек сақталады.

      Дәрілік заттар, фармацевтикалық субстанциялар, қосымша заттар ластануға, шатастыруға және айқаспалы контаминацияға жол бермейтін үй-жайларда сақталады.
Жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар бөлмедегі (+15 - +250С), салқын (+8 - +150С) температурада сақталады. Кейбір жағдайларда сақтаудың анағұрлым төмен температурасы талап етіледі (00 - +100С), бұл затбелгіде, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта, нормативтік құжатта көрсетіледі.