ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 151
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу.
Инфрақұрылым[өңдеу | қайнарын өңдеу]
(көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Стратегия пайда болу себебі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске
асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
-
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикізаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын. Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялар туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың іскерлік белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңтүстік кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан —Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экономикалық және технологиялық көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап,инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орталық пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемлекеттік-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттік Басқарудың енгiзiлуi мемлекеттік билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орталық органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экономикалық байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түстi.
-
Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметтеріне сәйкес, бағдарлама жүзеге асырылып келе жатқан 26 жылдың ішінде 13 870 стипендия тағайындалды. Ал қазіргі уақытта 1 199 стипендиат шетелде білім алуда. Стипендиаттардың 44,8 пайызы Ұлыбритания мен Ирландияда, 41,5 пайызы АҚШ пен Канадада, 6,4 пайызы Еуропа құрлығындағы елдерде, 5,5 пайызы Азия мен Океанияда, 2,2 пайызы Ресей Федерациясында оқып жатыр. Елбасы дәл осы жастар егемен елімізді өркендетіп, Қазақстанды заман талабына сай жаңғыртуға атсалысса екен деп тілейтіндігін де сән мәрте айтқаны есте.
Мәселен, осы жылдың 31 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университетінің» бесінші түлектер легі мен еліміздің барлық ЖОО түлектерін оқуды бітіруімен құттықтай келе: «Түлектеріміз егемен елімізді өркендетіп, Қазақстанды заман талабына сай жаңғыртуға атсалысса екен деймін. Біздің көріп отырған болашағымыз, дүниежүзіндегі жағдай - білім мен ғылымы дамыған ел ғана озық бола алатынын, бәсекеге сай бола алатынын көрсетіп отыр. Соған дайын болу үшін мен сендерді дайындадым. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған, осы университетті аяқтаған алдыңғы қатарлы жастар мемлекеттің әрбір саласында жұмыс істеп, елімізді болашаққа бастайды деп сенемін», - деген еді.
Жалпы, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған жастар бүгінде Үкіметте, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік секторда жемісті еңбек етуде. Олардың кейбірінің жемісті еңбек етіп жатқандығын биыл 21 тамызда елордада өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті арнайы атап өткені есте. Елбасы «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жастардың аудан және облыс әкімдерінің орынбасары болып қызмет еткендігін, өкінішке қарай, бүгінде бұл тәжірибе тоқтап қалғанын айтқан еді.
-
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Н. Ә. Назарбаев
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
-
Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы.
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.
Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
Екіншіден
, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.
Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.
Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.
Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
.Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының 2021 жылы 5 қаңтар жұлдызында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланған. Бұл мақаланың тарихи маңызы ретінде мемлекетіміздің даму кезеңі мен тәуелсіздікке қол жеткізудің тарихи процесі айтылып оның даму динамикасы тұжырымдалды. Мәселен, бұнда Қазақстан Республикасының 1991 – 2020 жж. тәуелсіздік кезеңді шартты түрде 3 кезеңге бөліп қарастырыла келе, алдағы 4-ші онжылдықтың болашағы мен жауаптылығы ел мен халық үшін кемел болу жаңа болмыс қалыптастыру керектігін алдыға тартты ал, соны негіздейтін әрі бастан кешірген қиын-қилы, жетістіктерге толы тарихи оқиғаларымен ерекшеленеді. Осылайша, ұлттық құндылықтан, рухани-материалды мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің ұмытылмауы – барлық өркениеттер өзара араласқан аласапыранда жойылып кетпеудің кепілі.