Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 623

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Объективті: сана сезімі есеңгіреген, тері жамылғысы бозғылт, суық жабысқақ, мұрын-ерін үшбұрышы цианозды, тыныс алу жиілігі 32 мин-1, пульсі әлсіз, жиілігі 120 мин-1, артериялық қысымы 80/50 мм сын.бағ., олигурия.

1. Организмде пайда болған бұзылыстардың басты тізбегін анықтаңыз. Патогенездің басты тізбегін не үшін анықтау керек? Бұл жағдайда патогенезде қандай "кері айналып соғу шеңбері" дамуы мүмкін? «Кері айналып соғу шеңберін», анықтаудың қандай маңызы бар ?

2. Бұл жағдайда зақымданудың бастапқы деңгейін атаңыз. Кез келген аурудың патогенезінде анықтауға болатын тағы қандай бастапқы зақымдану деңгейлерін білесіз? Бірнеше мысал келтіріңіз.

3. Науқастың жеке реактивтілігін бағалаңыз. Организмнің реактивтілігіне қандай факторлар әсер етеді?

Тапсырма 2. Бала А., екі жаста, Ди Джорджи синдромымен сырқаттанады. қолдары мен аяқтарының сіңірі тартылып қатты ауыртады, тісінің қатты тіндерінің құрылымы бұзылған, тістері өзгерген, тістің шығуының баяулауы байқалады.

Анамнезінде: туа біткен жүрек ақауы бойынша операция жасалған (қарыншааралық қалқаның ақауы), тыныс алу жүйесінің қабынулық аурулары жиі байқалады.

Объективті: балада дене салмағының тапшылығы, бет сүйегінің ақаулары бар (қатты және жұмсақ таңдайдың бітелмеуі, көзі қысық, кеңірсігі кең, құлақ қалқандары төмен орналасқан және деформацияланған ).

Қанның биохимиялық анализі: иондалған кальций деңгейі – 0,57 ммоль/л (норма 1,16 - 1,32 ммоль/л), паратиреоидты гормон - 5,3 пг/мл (норма 15 - 65 пг/мл)

Ультрадыбыстық зерттеу: тимустың гипоплазиясы анықталды.

1. Ди Джорджи синдромы патологияның қай тобына жатады? Аурулардың осы тобының жіктемесін ұсыныңыз. Пациентте организмнің иммунобиологиялық қадағалау жүйесінің қандай тізбегінде ақау бар?

2. Науқаста тыныс алу жолдары ауруларының жиі дамуын, сондай-ақ тартылулар, құрысулар және стоматологиялық статусындағы бұзылыстар туындауын түсіндіріңіз. Неге осы синдромы бар науқастарда онкологиялық аурулардың даму қаупі артады? Жауапты түсіндіріңіз.

3. Науқаста иммунологиялық төзімділіктің бұзылғанын куәландыратын белгілер бар? Бұл жағдайда иммундық жүйенің екіншілікті ағзаларының функциясы өзгереді ме? Орын толтырушы терапия ретінде науқасқа иммуноглобулиндер енгізу орынды ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


Тапсырма 3. Науқас Р., 67 жаста, бүйірлік амиотрофиялық склероз. Ауруы өрши түсуде. Соңғы 3 аптада тілдің фибриллярлы тартылуы, дисфагия, тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіздігі пайда болған.

рН = 7,27

РаСО2 = 60 мм сын.бағ.

SB = 20,3 ммоль/л

AB = 35,4 ммоль/л

ВВ = 37,1 ммоль/л

BE = -3,9 ммоль/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 4

Тапсырма 1. Науқас Д., 28 жаста, көп қабатты үй құрылысында монтаждаушы-биіктікте жұмыс істейтін, қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты биіктіктен құлап, басымен соғылған. Нейрохирургия бөлімшесіне " бас сүйек-ми жарақаты. Бас миының ауырлығы орташа дәрежелі соғылуы. Бас сүйек күмбезі сүйектерінің сынуы" диагнозымен жеткізілген.

Объективті: тері жамылғысының түсі бозғылт, көлденең нистагм байқалады, дене қызуы - 37,80 С, тыныс алу жиілігі – 28 мин-1, пульсі – 100 мин-1, артериялық қысымы – 140/95 мм сын.бағ.

1. Науқаста аурудың пайда болу себептері мен жағдайларын атаңыз. Олар этиологиялық факторлардың қандай топтарына жатады? Аурудың себептері мен даму жағдайларының диалектикалық өзара байланысы неде? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Бұл жағдайда жасушалардың зақымдануының қандай спецификалық және бейспецификалық көріністері анықталуы мүмкін? Жасушалардың зақымдануының жалпы механизмдерін сипаттаңыз.

3. Науқаста дене температурасы көтерілуінің патогенезін түсіндіріңіз. Бұл жағдайда қызуды төмендететін препараттарды, мысалы, аспиринді тағайындау орынды ма? Жауапты түсіндіріңіз.

Тапсырма 2. Науқас С., 48 жаста, зәрінің түсінің өзгеруіне, зәрінің жиі және ауырсынумен шығатынына, жалпы әлсіздікке шағымданды.

Анамнезінде: науқас 20 жылдан астам анилинді бояғыштар, атап айтқанда нафтиламин қолданылатын лак-бояу зауытында жұмыс істейді. Науқас 25 жыл темекі шегеді. Урологда "Несеп тас ауруы" диагнозы бойынша есепте тұрады.


Уретро-цистоскопия: қуықтың артқы және оң жақ бүйір қабырғаларында тіндердің өсуі байқалады, олар терең бұлшықет қабаттарына инвазияланған. Биоптат алынды.

Биоптатты гистологиялық зерттеу: материалда атипиялық жасушалардың көптеп шоғырлануы анықталды.

FISH-зерттеу: p53 генінің мутациялық экспрессиясы анықталды.

1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Қорытындыңызды дәлелдеңіз. Бұл патологиялық процестің тіндік өсудің бұзылыстарының басқа түрлерінен айырмашылығы неде? Пациенттің аймақтық лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін бе? Неліктен?

2. Науқаста осы типтік патологиялық процестің дамуының ықтимал себебі қандай? Этиологиялық факторлардың қандай тобына және қандай класына жатады? Клиникалық симптоматикасы патогенездің қандай сатысына сәйкес келеді? Жауапты түсіндіріңіз және осы сатыны сипаттаңыз.

3. Бұл типтік патологиялық процестің организмге жүйелі әсері қандай? Р53 нәруыз жүйесіндегі бұзылыстардың рөлін және олардың осы типтік патологиялық процестің патогенезіне әсерін көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Науқас Д., 32 жаста, жедел респираторлық аурудан кейін 2 аптадан соң дене қызуы қайта көтерілген, жалпы әлсіздік, тершеңдік, айқын ентігу, жүрек аймағының қысып ауруы пайда болған, олар тыныс алғанда және жатқанда күшейді. Аускультация кезінде "перикард үйкелісінің" шуы анықталды.

РаO2 = 90 мм сын.бағ.

SaO2 = 96%

РаСO2 = 38 мм сын.бағ.

PvO2 = 30 мм сын.бағ.

SvO2 = 35%

О2 бойынша а/в айырмашылық = 9,0 көл%

ҚОС = 20,1 көл%

Гемоглобин = 150 г/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 5

Тапсырма 1. Науқас Д., 28 жаста, автожол апатынан кейін 3 сағаттан соң травматологиялық бөлімшеге жеткізілген. Оған оң аяғының сан сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ашық қиғаш сынығы және сүйек сынықтарының 7 см ұзына бойы ығысуы бойынша операция жүргізілген. Сүйек сынықтарының репозициясы кезінде кенеттен мойны мен бетінің цианозы, терісінің айқын гиперемиясы пайда болған, жүректің жиырылу жиілігі 140 мин-1 дейін артқан, артериялық қысымы

150/100 мм сын.бағ., дейін жоғарылаған. Алайда, 10 минуттан кейін артериялық қысымы күрт төмендеген, перифериялық қан тамырларындағы пульсі анықталмаған. 15 минуттан кейін ұйқы артериясында тамыр соғысы жоғалған, қан қысымы анықталмайды, көз қарашығы кеңейген.

1. Сүйек сынықтарының репозициясы кезінде науқаста перифериялық қан айналымының қандай бұзылысы пайда болды? Себебі мен даму механизмдері қандай? Перифериялық қан айналымының бұзылысының осы түрінің жіктемесін келтіріңіз.


2. Репозициядан кейін науқаста қандай жағдай дамыды? Оған қандай зат алмасу түрі тән? Осы жағдайда қандай негізгі емдеу шараларын жүргізу қажет және оларға патофизиологиялық тұрғыда негіздеме беріңіз.

3.Бұл жағдайда қанның газ құрамы өзгереді ме? Егер иә болса, онда науқаста гипоксияның қандай түрі дамиды және организмнің оттегілік балансының қандай көрсеткіштері өзгереді? Жауабыңызды негіздеңіз.

Тапсырма 2. Науқас О., 56 жаста, эпигастрий аумағының ауырсынуына, тәбеттің төмендеуіне, жүректің айнуына, мезгіл-мезгіл құсу пайда болуына шағымданады. Соңғы 3 айда 8 кг салмақ жоғалтуын атап өтеді.

Анамнезінде: 12 жыл бойы созылмалы анацидтік гастритпен ауырады. Науқас 40 жыл бойы темекі шегеді. 25 жыл бойы асбестцемент бұйымдары зауытында жұмыс істейді. Пациенттің әкесі асқазан обырынан қайтыс болған.

Фиброгастродуоденоскопия: асқазанның сілемейлі қабығының атрофиясы, асқазанның ортаңғы үштен бір бөлігінің үлкен және кіші қисық бойында инфильтрация есебінен тарылуы байқалады. Биопсия жасалды.

Биоптатты гистологиялық зерттеу: асқазанның тығыз ісіктік дифференциялануы нашар аденокарциномасы анықталды.

In situ гибридизациялау әдісі: Эпштейн-Барр вирусы бар ісік жасушаларының қауымдастығы анықталды.

1. Науқаста дамыған типтік патологиялық процесс туралы дәлелді қорытынды жасаңыз. Осы типтік патологиялық процестің жалпы сипаттамасын ұсыныңыз.

2. Науқаста осы патологиялық процесс дамуының қандай қауіп факторлары бар? Бұл жағдайда жасушалардың трансформацияға ұшырауының қандай ықтимал себептері бар? Ол этиологических факторлардың қай тобына жатады? Патогенезін түсіндіріңіз.

3. Пациентте организмнің резистенттілігінің қандай механизмдері бұзылған? Осы типтік патологиялық процесс кезіндегі иммундық қадағалау механизмдерінің тиімсіздігінің себептерін түсіндіріңіз.

Тапсырма 3. Науқас О., 20 жаста, «Қантты диабеттің 1 типі. Кетоацидоздық кома», диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Инсулинотерапия және регидратациямен қатар науқасқа натрий бикарбонатын (Sodium bicarbonate), көктамыр ішіне енгізу тағайындалған. Алайда, жүргізілген емдеу шаралары на қарамастан, науқаста жедел солжақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің белгілері пайда болған. Артериялық қанды зертханалық зерттеу жүргізілді.

рН = 7,53

РаСО2 = 47 мм сын.бағ.

SB = 33,7 ммоль/л

AB = 32,9 ммоль/л

ВВ = 58,8 ммоль/л

BE = +6,7 ммоль/л

[Na+] = 152 ммоль/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.


2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 6

Тапсырма 1. Науқас У., 27 жаста, электр жарақатынан құрсақ және кеуде қуысының ішкі ағзаларының механикалық зақымдануына байланысты жедел жәрдем ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Алкогольден мас болған пациент 3500 В кернеулігі жоғары вольтты желінің ашық сымын ұстағаннан кейін жарақат алған.

Объективті: ес-түссіз, рефлекстері, тыныс алуы, пульсі және артериялық қысымы анықталмайды.Көз қарашығы кеңейген. Тері жамылғысы және көрінетін сілемейлі қабықтары бозғылт, көкшіл түсті. Оң қолдың алақанының II-IV саусақтарының түбінде, кеуде қуысының алдыңғы бетінде және ішінде III дәрежелі электр күйіктері бар. Сол аяғының IV және V саусақтары жұлынған, оның үстіндегі терісі күйіп, күлге айналған.

Науқасқа реанимациялық іс-шаралар жүргізілді және олар тиімді болды. Содан кейін торакотомия және лапаротомия жасалды. Оң жақ өкпенің көлемінің 1,5-2,0 см және бауырдың диафрагмалық бетінің 2,5-3,0 см жыртылған.

1. Науқаста қандай терминалды жағдай (ТЖ) дамыды? Осы ТЖ кезінде электрокардиограмма мен электроэнцефалограммада изолиния тіркеле ме? Неліктен? Осы ТЖ ұзақтығына әсер ететін факторларды атаңыз. Бұл ТЖ басқа ТЖ және экстремалды күйлерден қалай ерекшеленеді?

2. Науқаста ТЖ туындауына ықпал еткен себеп қандай? Бұл фактордың әсері кезінде ағзалар мен тіндердің зақымдануының ауырлау дәрежесі неге байланысты? Оның әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз.

3. ТЖ-дағы науқастарға қандай реанимациялық іс-шаралар жүргізіледі? Реанимациялық іс-шаралар тиімділігінің критерийлерін атаңыз және реанимацияға әсер ететін факторларды атаңыз.

Тапсырма 2. Науқас А., 55 жаста, жүргенде аяғының балтыр бұлшықеттерінің қатты ауырсынуына шағымданады. Жүруді тоқтатқанда ауырсынуы біртіндеп басылатынын, алайда қайтадан жүре бастағанда қайта ауыратынын айтады. Сондай-ақ науқас табаннының мұздауына, сирақ пен табан аймағында "құмырсқа жыбырлап жүргендей" және "инемен шаншығандай" сезімдердің пайда болуына шағымданады.

Анамнезінде: науқаста тыныштық жағдайындағы стенокардия. 25 жыл бойы темекі шегеді. Науқас аз қимылдайды. Науқастың әкесі миокард инфарктынан қайтыс болған.

Объективті: Аяғының тізеден төмен бөлігі бозарған, ұстағанда салқын сезіледі. Аяқтың саусақтарының гиперкератозы, балтыр бұлшықеттерінің гипотрофиясы, әсіресе оң жақта басым байқалады. Табан артериясында және оң аяқтың тізе асты артериясында пульсация жоқ, сол аяқта-әлсіреген. Аяқтарының терісінің сезімталдығы төмендеген.