Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 631
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• холестерин - 4,6 ммоль/л (2,9-5,2 ммоль/л)
• глюкоза - 4,3 ммоль/л (норма 3,3-5,6 ммоль/л)
• сілтілі фосфатаза - 985 Бірл/л (норма 122 – 469 Бірл/л)
1. Бұл жағдайда зат алмасудың қандай бұзылысы туралы ойлауға болады? Сіздің қорытындыңызды растау үшін балада қанның биохимиялық анализінде қандай қосымша көрсеткіштерді анықтау керек? Осы ауру кезінде олардың деректері қалай өзгереді? Бұл зат алмасуды реттеуге қандай гормондар қатысады? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Науқаста қандай аурудың дамуын болжауға болады? Бұл аурудың этиологиясы мен патогенезі қандай?
3. Бұл аурудың алдын алу және емдеу принциптері қандай? Неліктен тағам құрамындағы майлардың балансын қадағалау маңызды?
Тапсырма 3. Науқас Н., 42 жаста, 15 жыл бойы ішімдік ішеді. Дене салмағы 45 кг бойы 182 см.
РО2 альв.ауадағы = 108 мм сын.бағ.
РаO2 = 95 мм сын.бағ.
SaO2 = 97%
PvO2 = 78 мм сын.бағ.
SvO2 = 86%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 0,5көл%
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 11
Тапсырма 1. 15 жыл еңбек өтілі бар дәрігер-стоматолог латексті қолғаппен жұмыс істегеннен кейін қолының қышуы мен терісінде көпіршіктердің пайда болатынын байқаған. Гистаминдік H1-рецепторлардың жергілікті және жүйелік блокаторларын қолданған, бірақ ол тиімсіз болған.
Аппликациялық сынама: білектің ішкі бетінің терісінде сынама қою басталғаннан 72 сағаттан кейін латексті қолғаптың тілігімен тері жанасқан жерде эритема, папулалар, көпіршіктер және айқын ісіну пайда болған.
1. Тіс дәрігерінде бар типтік патологиялық процесс туралы дәлелді қорытынды беріңіз. Осы пациенттің аппликациялық сынамасын жүргізу кезінде неге оң нәтиже тек 72 сағаттан кейін бағалануы керек екенін түсіндіріңіз? Бұл патология Рh.G. H. Gell және R. Coombs жіктемесі бойынша қандай түрге жатады?
2. Стоматолог-дәрігердегі патологиялық процестің дамуының ең ықтимал себебін көрсетіңіз. Осы этиологиялық фактор Адо А. Д. жіктемесі бойынша және гигиенистер ұсынған жіктеме бойынша аллергендердің қандай тобына жатады? Стоматолог-дәрігерде дамыған осы патологиялық процестің патогенезінің сатыларын сипаттаңыз.
3. Бұл жағдайда антигистаминді қолданудың тиімсіздігін түсіндіріңіз. Глюкокортикоидтарды жергілікті тағайындау орынды ма? Жауапты түсіндіріңіз.
Тапсырма 2. Нәресте В., 10 айлық, жедел медициналық жәрдем бригадасымен балалардың жұқпалы аурулары ауруханасына жеткізілген.
Анамнезінде: Нәрестенің ауруы жіті басталған, үш күн бұрын дене қызуының 38,70 С дейін көтерілуі, бірнеше рет құсуы және тәулігіне 10 рет көп мөлшерде сулы нәжіспен іші өткен. Баланың анасы симптомдардың пайда болуын қайнатылмаған сүтті ішуімен байланыстырады. Ата-анасы медициналық көмекке жүгінбеген. Олар балаға өз бетінше антибиотиктерді берген және жиі қайнаған су ішкізген. Алайда, балада бірте-бірте суға жиіркену дамыған және сұйықтықты қабылдаған сайын құсу пайда болған.
Объективті: бала әлсіз, терісі бозғылт, құрысулар байқалады. Дене температурасы - 37,20С. Тыныс алу жиілігі – 50 мин-1, жүректің жиырылу жиілігі – 160 мин-1, артериялық қысымы – 80/40 мм сын.бағ.
Бактериологиялық зерттеу: нәжісінде Salmonellа Typhimurium табылған.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Аурудың әртүрлі этаптарында қандай заттек алмасуының бұзылыстары және оның қандай типтік түрлері дамыған? Бұл жағдайда қан плазмасының осмолярлығы өзгереді ме? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Неліктен балада суға деген жиіркенушілік пайда болды? Қандай себептер заттек алмасу бұзылыстарның осыған ұқсас түрін тудыруы мүмкін? Салдары қандай?
3. Бұл пациентте гипоксия дамиды ма? Егер иә болса, оның түрін көрсетіңіз және даму механизмдерін түсіндіріңіз. Антибиотиктер қызуды түсіретін препарат болмаса да, оны қабылдаған кезде, неліктен баланың дене температурасы төмендеді?
Тапсырма 3. Науқас К., 42 жаста, Геморрагиялық панкреонекрозбен ауырған. Науқаста ұйқы безінің сыртқы жыланкөзі дамыған. Тәулігіне ол арқылы 1,0 л-ге дейін панкреатикалық сөл бөлінеді.
рН = 7,3
РаСО2 = 42 мм сын.бағ.
SB = 12,8 ммоль/л
ВВ = 30,3 ммоль/л
ВЕ = -7,6 ммоль/л
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 12
Тапсырма 1. Ер адам, 45 жаста, дәрігер-наркологтың көмегіне жүгінген. Пациенттің айтуынша, ол соңғы 10 жыл ішінде жүйелі түрде ішімдік ішеді. Соңғы жылдары ішімдіктерді қабылдауды тоқтатқанда ашушаңдық, жүрек айнуы, жүрек соғуы, бас ауруы, терлеу, ұйқының бұзылуы пайда болатынын байқаған. Жағдайын жақсарту үшін ол қою шәй немесе кофе ішетін болған. Алайда, соңғы жарты жыл бойы ішімдік ішпеген кезде пайда болатын және қою шәй мен кофеден кейін басылатын жайсыздық (дискомфорт) жағдайы үдеп, тек алкогольді ішкеннен кейін ғана жойылатын болған. Сонымен қатар әрдайым оның дозасын арттырып отыруға мәжбүр болған.
-
Пациентте патологияның қандай түрі дамыған? Бұл жағдайда пациентте токсикомания дамығаны туралы айтуға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Пациентте бар патологияның дамуына ықпал ететін негізгі қауіп факторларын атаңыз.
Пациентте маскүнемдік дамыған Маскүнемдік – спирттік ішімдікті ұзақ және жиі көп мөлшерде қабылдау салдарынан болатын әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық үрдістерінің бұзылыстары. Маскүнемдік нәтижесінде адамның әл-қуатын, ойлау қабілеті әлсірейді, өмірге деген құлшынысы төмендейді. Ішімдікке рухани және физикалық тәуелділік дамиды, оны тоқтатқаннан кейін де доғару синдромы көрініс табады. Маскүнемдікке көбіне 20-29 жастағы жас адамдар ұшырайды. Балалар мен жеткіншектерде ішімдік салдарынан жалпы дамуы, жетілуі, білім алуға деген ынтасы әлсірейді, қандай да бір істі үйренуге және әлеуметтік жағдайларға бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Қарт адамдарда маскүннемдік аса жиі болмайды Әйелдерге қарағанда ер адамдар маскүнемдікке 5 есе жиі салынады
Бұл жағдайда науқаста токсикомания дамығаны туралы айта аламыз Себебі токсикомания – есірткіге жатпайтын заттарды қабылдау. Ең жиі қолданылатын заттар- психотроптық дәрілер, көңіл-күйді сергітетін заттар (фенамин, кофеин), химиялық реактивтер, желім, этил спирті т.б жатады. Ал кофе құрамында кофеин бар
Токсикомания себептері
-токсикомания туралы білімнің жетіспеушілігі, жаңа сезімдерді іздеуден туған қызығушылық
-стресс, қиын психологиялық жағдайлар, жарақаттар
-қоршаған орта әсері
-қиын әлеуметтік жағдай
-тұқым қуалайтын бейімділік.
2. Пациентте патологияның дамуына ықпал еткен себепті атаңыз. Ол этиологиялық факторлардың қандай тобына жатады? Осы фактордың метаболизмін және оның әсер ету механизмдерін сипаттаңыз.
Берілген жағдаяттық есепте пациентте маскүнемдік дамуына қандай себеп әсер еткені туралы нақты айтылып көрсетілмеген. Маскүнемдіктің пайда болуына жалпы 3 этиологиялық фактор әсер етеді: әлеуметтік, психологиялық және дара-биологиялық. Әлеуметтік факторлар – өмір сүру жағдайларының ауыр болуы, дұрыс тамақтанбау, мәдени ойын-сауықтың болмауы, үмітсіздік сезімі - маскүнемдіктің кең таралуының себептері, бұл шын өмірдегі қиындықтарды ұмытуға көмектесетін шара болып табылады. Психологиялық факторлар – мазасыздық жоғарылауы, тұрақты мүдделердің болмауы, қоғамда бейімделу қабілетінің жеткіліксіздігі, физикалық және эмоциональды стресске төзімділігі төмен, әлеуметтік-позитивті көзқарас болмауы, бос уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау, ләззат алуға деген гедонистік көзқарас және т.б. Осындай жағдайларда расымен де алкоголь қолдану көмектеседі. Себебі, алкоголь ми жасушаларындағы гамма аминомай қышқылы рецепторларын белсендіреді, нәтижесінде сол адамды тыныштандырады, эйфория қуанышты сезімін тудырады. Дара-биологиялық: алкоголизмге бейімділіктің тұқым қуалаушылығы.
Науқас 10 жыл бойы алкоголь қолданып жүргендіктен, оның организмі алкоголь-дегидрогеназа(АДГ) ферментін көп мөлшерде бөлуге үйреніп қалған, нәтижесінде АДГ ферментінің әсерінен спирт молекулаларынан қалыптыдан көп ацетальдегид түзіледі, ал ацетальдегид-дегидрогеназа ферменті ацетальдегидті ыдыратып үлгермейді. Ацетальдегидтің жинақталуы метаболизм процесстерінің бұзылысына әкеледі:
- Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күрт диспропорциялар;
- Ацетаттың артық жиналуы, май қышқылдары мен холестериннің көбеюіне алып келеді;
- Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуы, қышқыл өнімдердің ағзада және ұлпада жиналуы;
- Тағам өнімдерінен қоректік заттардың дұрыс сіңірілмеуі.
Осындай өзгерістерден жүрек-қан тамырлық жүйе, бауыр, бүйрек, жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Клиникалық көріністері:
- қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуынан, жүрек аритмиясы, бас айналу, бұлшықет әлсіздігі, ентігу байқалады;
- ұйқыбез қызметінің бұзылуымен, қанда глюкоза концентрациясы артады;
- бауырдағы аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі жоғары;
- қанда несепнәр мен креатинин анықталуы.
3. Осы патологияның даму сатыларын атаңыз және сипаттаңыз. Науқаста патогенездің қандай сатысы байқалады?
Маскүнемдіктің даму сатылары. Маскүнемдіктің үш сатысы бар. Бірінші сатысы 1 ден 4 жыл аралығында. Бұл сатыда адам көп ішеді, артық ішкеннен кейін құсу болмайды, масаю кезінде ес түсін білмейді. Рухани тәуелділік дамиды үнемі ішкісі келіп тұрады, ішпесе өзін-өзі жайсыз сезінеді. Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқала қоймайды.
Екінші сатысы (5-15 жыл) ішімдікті ішу әдетіне айналады. Көңіл-күйі қобалжуы енді басылмай, керісінше қоздырады. Память жоғалады, ішімдік ішпесе ашушаң болады. Бар ойы ішімдік ішу туралы болады. Адамгершілік ұғымдарынан алыстай түседі. Ішпеген жағдайда жұмысқа деген қабілеті жоғалады ішкеннен кейін күші артады.
Доғару синдромы: бет әлпеті ісінеді денесінің жоғары жақтары қызарады, тәбеті төмендейді, ұйқысы қашады, басы айналады, жүрек және құрсақ аумақтарында ауыру сезімі болады. Адамның құлшынысы жоғалады мастық кезінде ғана байқалатын ашушаңдық енді тұрақты боладыы. Ішімдікке төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. Сол себепті бұл адамдарға наркоз беру үшін қолданылатын наркоздық дәрілердің мөлшері өте жоғары болу керек
Бұл сатысы кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауырдың, ас қорыту жолдарының аурулары дамиды.
Үшінші сатысы (5-10 жыл) кезінде ішімдікке төзімділік төмендейді. Аз мөшерде ішсе де қатты масаяды. Ішімдіктің денені енді сергітпейді, тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұрады. Сосын ауыр психологиялық өзгерістер орын алады. Ішімдік адамның өмірінің бір мәні болып есептеледі. Нәтижесінде науқас адам өз шамасын бағалай алмай жиі өлімге ұшырайды.
Науқаста маскүнемдіктің 2 сатысы байқалады
Тапсырма 2. науқас А., 52 жаста, оң құлақ маңындағы сілекей безі аймағындағы ауырсынуға, дене қызуының 380С-қа дейін жоғарылауына, соңғы үш айда айтарлықтай салмақ жоғалтуына, тез шаршайтынына, жалпы әлсіздікке шағымданады.
Анамнезінде: 15 жыл бұрын ауыз қуысының сілемейлі қабатының атрофиялық өзгерістері, гипосаливация анықталған.
Құлақ маңындағы сілекей бездерін ультрадыбыстық зерттеу кезінде: ісіктік тін анықталған. Биоптат алынған.
Аспирациялық биопсия нәтижелері: без тіндерінде қарапайым, атипиялық жалпақ жасушалы эпителиальды ошақтар анықталған.