Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 626
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы холестерин – 8,2 ммоль/л (норма 2,9 - 5,2 ммоль/л), ХС ТТЛП – 5,0 ммоль/л (до 3,3 ммоль/л), ХС ТЖЛП – 0,78 (норма 1,03 - 1,55 ммоль/л), үшглицеридтер – 5,67 ммоль/л (норма до 2,25 ммоль/л).
Аяқ тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы: оң аяғының тізе асты артериясы - 80%-ға, сол жағында – 50%-ға тарылған, стенозға ұшыраған жерлерде қанағыс жылдамдығы өзгерген және қанағынының тұтқырлығы (турбуленттілігі) өскен, тұрақты түйіндер байқалады.
1. Науқастағы заттек алмасуының бұзылысы туралы дәлелді қорытынды беріңіз. Науқастың аяқ тамырларының ауруының негізінде қандай типтік патологиялық процесс жатыр? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Пациентте осы типтік патологиялық процестің дамуына қандай қауіп факторлары ықпал етеді? Оның даму сатыларын атаңыз және сипаттаңыз.
3. Осы типтік патологиялық процестің салдары мен асқынулары қандай?
Тапсырма 3. Науқас Н., 12 жаста, травматологиялық бөлімшеге сан сүйегі ұршығының асептикалық некрозы бойынша емделуге түскен.
РаO2 = 93 мм сын.бағ.
SaO2 = 96%
РаСO2 = 40 мм сын.бағ.
PvO2 = 32 мм сын.бағ.
SvO2 = 48%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 2,8 көл%
ҚОС = 13,6 көл%
Гемоглобин = 75 г/л
Гемоглобин А = 55%
Гемоглобин S = 45%
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 7
Тапсырма 1. Медициналық-генетикалық кеңеске 14 жастағы С., есімді жасөспірім тексеруден өтуге келген.
Объективті: бойы – 180 см, дене салмағының индексі-32,3 кг/м2, әйел типі бойынша майдың жиналуы байқалады, қолдары ұзын, гинекомастия, сыртқы жыныс мүшелері ерлер типі бойынша қалыптасқан, бірақ аталық безінің көлемі кішірейген. Ішкі органдар тарапынан нормадан ауытқу табылған жоқ.
Буккальды сынама: ұртының сілемейлі қабығының қырындысында жыныстық хроматин анықталды.
1. Алдын ала қандай диагноз қоюға болады? Бұл патология қандай аурулар тобына жатады? Оны фенокопияларға және туа біткен ауруларға жатқызуға болады ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
2. Жыныстық хроматин дегеніміз не? Диагностикадағы оның мәні қандай? Жыныстық хроматин денешіктерінің саны өзгеретін синдромдарды атаңыз. Науқаста хромосомалардың ең ықтимал саны қандай? Патологияның осы түрінің этиологиясы қандай?
3. Адам ауруларының дамуында генотип пен қоршаған ортаның рөлін негіздеңіз. Жасушаларда генетикалық бағдарламаның зақымдануына әкелетін негізгі механизмдерді көрсетіңіз.
Тапсырма 2. 3500 метр биіктікте инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын атқару үшін экспедиция келді. Екінші күні геологтардың бірінде бас ауруы, бас айналуы, ентігу, тамақтың құрғауы, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Тыныс алу жиілігі– 30 мин-1, пульсі – 110 мин-1, артериялық қысымы 150/100 мм сын.бағ.
1. Экспедицияға қатысушыда қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Оның түрін анықтаңыз және дәлелдеңіз. Дамуының этиологиялық және патогенетикалық факторларын атаңыз.
2. Симптомдардың даму механизмдерін түсіндіріңіз. Бұл жағдайда қанның газдық құрамының қандай көрсеткіштері өзгереді?
3. Қандай факторлар осы типтік патологиялық процестің жылдам дамуына және өршуіне ықпал етеді? Бұл процесс кезінде компенсаторлық бейімделу реакцияларының механизмдері қандай?
Тапсырма 3. Науқас бала В., 3 жаста, глюкозо-6-фосфатаза ферментінің тапшылығына байланысты аутосомды-рецессивті түрде тұқым қуалайтын генетикалық ауруы бар.
рН = 7,25
РаСО2 = 39 мм сын.бағ.
SB = 16,6 ммоль/л
ВВ = 32,7 ммоль/л
BE = - 6,6 ммоль/л
Сүт қышқылы = 2,9 ммоль/л
Зәрдің титрленетін қышқылдығы = 57 мл сілтілер
Зәрдің NH4 + = 78 ммоль/л
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 8
Тапсырма 1. Бала Р., 3 жаста, туғаннан бастап глутатион-редуктаза ферментінің тұқым қуалайтын тапшылығына байланысты гемолиздік анемия анықталған. Бала жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Объективті: тері жабындары және көрінетін сілемейлі қабықтары сарғайған. Ауыз қуысының сілемейлі қабығында және қызылиектерінде ойықжаралы-некрозды ошақтар бар. Ақыл-ой кемістігінің белгілері анықталады.
-
Бұл жағдайда жасушалық өлім механизмдерін түсіндіріңіз. Глутатион-редуктазаның ферментінің жеткіліксіздігі мен липидтердің асқын тотығу процестері арасында патогенездік байланыс бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
2. Жасушалар өлімінің негізгі түрлерін атаңыз. Олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз және жасушалық өлімнің қандай түрі тіннің құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуын сақтау тұрғысынан ең оңтайлы болып табылатын түсіндіріңіз. Жасушаның өзін-өзі жою механизмдерінің бұзылуы маңызды рөл атқаратын ауруларды атаңыз.
3. Бұл жағдайда гипоксияның қандай түрі дамиды? Неліктен? Бұл жағдайда организмдегі оттегі тепе-теңдігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер қалай өзгеретінін көрсетіңіз.
Тапсырма 2. Науқас А., 35 жаста, мұрын қуысының бітелуіне және қышуына, мұрыннан шырыш бөлінуіне, түшкіруіне, жас ағуына, тыныс алудың қиындауына, дем шығарудың қиындауына шағымданады. Анамнезінде: алғаш рет 5 жыл бұрын мамыр-маусым айларында аскөк пен қайың гүлдегенде мұрынның бітелуі пайда болғаннан бастап өзін ауру санайды.
Иммунограмма: лейкоциттер – 6,7∙109/л, лимфоциттер – 55%, Т-лимфоциттер - 92% (норма 35-70%), Т-хелперлер - 55% (норма 35-50%), Т-супрессорлар – 11% (норма 13-35%), Т-хелперлер/Т-супрессорлар – 5,0 (N 1,2-2,5), В-лимфоциттер – 40% (N 11-16%). Ig M – 1 г/л (N 0,55-2,3), Ig C –3 г/л (N 8,0-16,6), Ig А - 0,1 (N 1,4 - 4,2 г/л), Ig Е – 500 нг/мл (N 30-50).
1. Науқастың иммунограммасын бағалаңыз. Науқастағы типтік патологиялық процесс туралы дәлелді қорытынды жасаңыз.
2. Бұл патология Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктемесі бойынша қандай типке жатады ? Этиологиялық факторларды көрсетіңіз және патогенезін ұсыныңыз.
3. Ерте жастағы балалардағы осы патологияның даму ерекшелігі неде??
Тапсырма 3. Науқас Е., 39 жаста, тыныс алу жолдарының бөгде заттармен обструкциясы.
РО2 атмосф.ауа = 160 мм сын.бағ.
РО2 альв. ауа = 75 мм сын.бағ.
РаO2 = 69 мм сын.бағ.
SaO2 = 60%
РаСO2 = 65 мм сын.бағ.
PvO2 = 35 мм сын.бағ.
SvO2 = 37%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 3,0 көл%
ҚОС = 22,7 көл%
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 9
Тапсырма 1. Науқас Т., 10 жаста, «жіті мегакариобласты лейкоз, GATA1 мутациясы» диагнозымен онкогематология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.
Объективті: брахицефалия, беті жалпақ, көзі қысық, мұрны қысқа пұшық, кеңсірігі жалпақ, алақанында көлденең қатпар, кеуде пішіні үшкір. Бұлшықеттердің гипотониясы, гепатомегалия және спленомегалия анықталды. Ақыл-ойының және сөйлеу кемістігі байқалады.
1. Патологияның тұқым қуалаушылықты екендігі туралы дәлелді қорытынды жасаңыз. Патологияның тұқым қуалайтын түрлерінің қай тобына жатады? Бұл жағдайды туа пайда болған даму кемістіктеріне жатқызуға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Тұқым қуалаудың генотипін және түрін көрсетіңіз.
2. Тұқым қуалайтын аурулардың себептері мен даму механизмдері қандай?
3. Тұқым қуалайтын аурулар мен тұқым қуалайтын бейімділігі бар аурулардың негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіз.Патологияның тұқым қуалайтын түрлерін анықтау әдістері мен емдеу принциптерін атаңыз.
Тапсырма 2. Науқас В., 18 жаста, 5 жастан бастап қантты диабеттің 1 типімен ауырады. Инсулин қабылдайды. Диетаның бұзуына байланысты ол инсулиннің үлкен дозасын енгізген, одан кейін денесі ыстықтап және ашығу сезімі, жүрек қағуы, тремор, бас айналу, қорқыныш сезімдері пайда болған. Содан кейін науқас есінен танып қалған.
Объективті: сана-сезімі және рефлекторлық іс-әрекеті жоқ, тырысулар байқалады, терісі суық, ылғалды, жабысқақ. Артериялық қысымы - 70/35 мм сын.бағ., ЖЖЖ – 120 мин-1.
Жедел жәрдем дәрігері науқастың көктамырына 100 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізді.
1. Науқаста зат алмасу бұзылуының қандай типтік түрі дамыды? Жауапты түсіндіріңіз. Сіздің болжамыңызды нақтылау үшін қандай зертханалық зерттеулер жүргізу керек? Науқаста пайда болған жағдайдың себебін атаңыз. Мұндай жағдайдың дамуына тағы қандай себептер ықпал етуі мүмкін?
2. Осы жағдайдың патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. Науқаста симптомдардың даму механизмдерін түсіндіріңіз. Сіз науқастың қантты диабетпен ауыратынын ескере отырып, дәрігердің жасаған іс-әрекетімен келісесіз бе? Жауапты түсіндіріңіз.
3. Науқастағы зат алмасу реттелуінің бұзылысын түсіндіріңіз?
Тапсырма 3. Жасөспірім қыз, 12 жаста, сөйлеп отырып асығыс тамақ жеу барысында шашалып, бірден жөтел ұстамасы пайда болып, тыныс алуы қиындаған, сөйлей алмайды. Жедел жәрдем ауруханасына асфиксия жағдайында жеткізілген.
рН = 7,22
РаСО2 = 77 мм сын.бағ.
SB = 36 ммоль/л
ВВ = 43 ммоль/л
ВЕ = -3,2 ммоль/л
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 10
Тапсырма 1. Науқас Ф., 22 жаста, ЖИТС. Қазіргі уақытта пневмония бойынша ем қабылдауда. Пациентті қақырықпен жөтел, терең тыныс алу және жөтел кезіндегі кеуде қуысының ауыруы, үдемелі ентігу, бас ауруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, дене қызуының 39,30С дейін жоғарылауы мазалайды.
Жалпы қан анализі: Нb - 100 г/л, эритроциттер - 3,1·1012/л. лейкоциттер – 2,9·109/л: эозинофильдер – 1%, базофильдер - 0%, т/я нейтрофильдер – 7%, с/я нейтрофильдер - 81%, лимфоциттер - 10%, моноциттер - 1%. Тромбоциттер - 130,0·109/л. ЭТЖ - 45 мм/с.
Полимеразды тізбекті реакция көмегімен респираторлық жолдағы бөліндіні зерттеу: ДНК Pneumocystis jirovecii (carinii) ДНҚ-сы анықталған.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Бұл жағдайда инфекциялық процестің дамуы туралы айтуға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Бұл жағдайда макро - және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы қандай? Инфекция қоздырғыштарынан организмді қорғаудың қандай механизмдері бар?
2. Бұл жағдайда пирогендердің шығу тегі қандай? Қандағы лейкоциттердің жалпы санының төмендеуі аясында науқаста дене қызуының жоғарылауын түсіндіріңіз. Бұл жағдайда ыстық түсіретін препараттарды тағайындау керек пе және неге?
3. Ерте жастағы балалардағы қызба дамуының және температуралық гомеостаздың ерекшеліктерін атаңыз.
Тапсырма 2. Нәресте М., 11 айлық, педиатрға тексерілуге келген. Анасының айтуынша бала соңғы 3 айдан бері мазасыз, ұйықысы нашар, тершеңдік, кейде құрысулар пайда болады.
Анамнезінде: нәресте қыста, шала туылған. Бала емізуде 3 айға дейін болған, содан кейін жасанды тамақтануға ауыстырылған. Жиі суық тиіп ауырады. Таза ауада сирек болады.
Объективті: басында маңдай дөңесі мен шүйде бұдыры айқын көрінеді. Тісі - 2. Желкесінде шашы жоқ. Бұлшықеттерінің айқын гипотониясы, бала өздігінен отыра алмайды, оны отырғызуға тырысқан кезде омыртқасының деформациясы байқалады. Кеуде қүысы деформацияланған – «құстөс көкірек», қабырғаларында - «тәспі тәріздес» бұдырлар байқалады. Аяқтары — Х-тәрізді қисайған. Баланың психомоторлық дамуы артта қалған.
Биохимиялық қан анализі:
• жалпы нәруыз - 63 г/л (норма 51-73 г/л)