Файл: 3 1 оытуды р трлі кезедерінде ауіпсіздік ережесіні дадылары мен абілеттерін тану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 343

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Күні:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алдыға домалау артқа домалау

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

Сабақтың мақсаты

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындардың көмегі арқылы қозғалыс дәлдігі, реакция жылдамдығы дамыту. Қозғалыс дәлдігін, зейін қою, реакция жылдамдығын дамыту.

Бағалау критерийі

Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімдердің қасиеттерін анықтайды және мән береді.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады
Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.

Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді


суреттер

Ортасы

(Б, Ж, Тәж)

Негізгі бөлім

Алға домалау жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап үйрену.

Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.

Жауырынға тұру бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып, арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.

Акробатикалық жаттығулар алға, артқа домалау.

Т.Қ.Е таныстыру.

Гимнастикалық арнайы жаттығуларды орындау.

1 Төсенішке жатып аяғымызды жинап тербелеміз.

2 Аяқты тік үстап кеудемізді көтереміз.

3Төсеніште жатып қолды жоғары созып аяқты тік үстап домалаймыз .

Алға домалау үшін төсеніштің шетіне отырып қолды алға қоямыз басты кеудеге қарай иеміз, төсенішке басымызды қойып жауырынымызбен домалап,аяқты жинап, бастапқы қалыпқа келеміз.

Артқа домалау үшін төсеніштің шетіне аяқ өкшесін қоямыз.

Қолды жерге тіреп, басты төмен екі тізеге жақын үстаймыз.

Жауырнымыз төсенішке тиген кезде қолды тіреп аяқты артқа қарай өз денеміздің күшімен домалаймыз.

Волейбол добымен ойын. « Орта доп »

«Командалық қуаласпақ».

Сынып екі командаға бөлінеді. Олардың біреуі реттік нөмірлері бойынша саналады және волейбол алаңынан тыс сызықтың бойынша біркелкі орналасады. Басқа команданың ойыншылары 3-4 шағын шеңбер салынған алаң шеңберінде еркін орналасады. Мұғалім нөмірді атайды, осы нөмірі бар бар ойыншы алаңды таңдайды және қарсылас ойыншыларды қуып жетуге тырысады. 10-15 секундтан кейін келесі нөмір айтылады. «Қуаласпақтан» қашып, ойыншылар қорғаныс шеңберлеріне кіре алады, онда бір ойыншыдан артық болмауы тиіс.

(Б, Ж, Тәж, Ф) «Соңғысын ал».

Оқушылар екі командаға бөлінеді және сөренің ортақ сызығында бағанға сапқа тұрады. Бағанның алдында 15 м қашықтықта қалашықтар, шоқпарлар, текшелер бір қатарға қойылған. Заттар саны екі командадағы жалпы қатысушылар санынан біреуі кем. Сигнал бойынша бағандардағы қатысушылар заттарға жүгіреді және шетінен бастап бір жағынан, біреуі оң жағынан, екіншісі сол жағынан алады. Артқа оралып, өз бағанын артынан айналып жүгіреді және өз бағанындаы келесі ойыншыға қолын тигізеді. Сол ойыншы затқа жүгіреді. Ойыншысы соңғы затты алған команда жеңіске жетеді.

Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістікт. Жүгіруге арналған шаңғы жолы (таңдау бойынша, уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта).

Әр оқушыға арналған 40-50 метірлік оқу жаттығу шаңғы жолы.

Мұғалім үшін ысқырық, шаңғы құралы және секундамер.

https://www.youtube.com/watch?v=mnVdlpMrobY

. Бағалау

Формативті бағалау.

Оқушыларды әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.

1. «Қол шапалақтау»

2. «Бағдаршам»

3. «Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»

4. « "Қолмен белгі беру"

әдістері бойынша бағалайды.

Оқушылар әр тапсырмадан кейін бір-бірін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.

Сабақ соңында

өз-өздерін бағалайды

«Қол шапалақтау»,

Бағдаршам»,

«Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»

«Шоқ жұлдыз»,

"Қолмен белгі беру"


.Рефлексия

Рефлексия:

Мұғалім қортындылап, рефлексия жүргізеді. Оқушыларға сабақ жайында өз ойларын айтуды ұсынады.

Мұғалім үйге тапсырма береді: шаңғы спортының терминдерін біліп алу.

Таң ертеңгілік жаттығу, пресс, таянып жатып еденнен итерілу, кермеден тартылу.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қайықтарын суға жіберу арқылы білдіреді.

"Білім теңізі" әдісі





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Арқанға өрмелеу Сатыға өрмелеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

Сабақтың мақсаты


Төзімділік, ептілік және зейінділікті дамытуға ықпал ету

Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.

Бағалау критерииі

"Көшбасшылық" сөзінің мағынасын біледі.

Қашықтықты жылдам жүгіріп өтеді.

Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық дағдыларды көрсетеді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.

Жүгіру жаттығулары.

Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Негізгі бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу сабақ мазмұнын түсіндіру.

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.

Бірінші топ: Арқанға өрмелейді.

Екінші топ: Гимнастикалық төсенішке алға, артқа домалайды.

(осы екі топ ауысып жаттығуларды қайталайды)

  1. Арқанға өрмелеу.

Бастапқы қалып.

Арқанға өрмелегенде қол мен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Арқанға өрмелеудің екі тәсілі қолданылады.

а) Арқанды аяққа орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу.

ә) арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.

  1. Алға домалау.

Бастапқы қалып. Аяққа отырып, қолдарын төсенішке тірейді, алға ұмтыла домалау.

  1. Артқа домалау.

Бастапқы қалып. Аяққа отыру арқылы артқа домалау

.

Қорытынды бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау, қателіктерін айту, бағалау. Оқушылардың тыныс алуын қалыпқа келтіру.

Арқаңға өрмелеп шығу жаттығулары. 

1.Орындықта отырып, қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып

ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.

2.Арқанға «байланып тұру», яғни өрмелеп бара жатып тоқтау.

3.Арқанға асылып тұрып, аяқты алдыға соза жоғары көтеру.

4.Асылып тұрған қалыпта аяқтың үшін қолға тигізу.

5.Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м).

а) аяқты бүгіп асылып тұрып, тізені кеудеге жақындата прқанды не табанмен, не аяқтың үстімен немесе тіземен қысып ұстау.

б)қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.

в)арқанды аяқпен ұстауды сақтай отырып,екі қолды кезекпен ауыстырып ,арқанның жоғарғы жағынан ұстау.

6.2,2,5 және 3м еңкейтілген арқанмен (аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеу, кейін гимнастикалық төсенішке секіріп түсу.

7.Бұл да сондай ,кейін қолмен саумалдап түсу.

8.,2,5 және 3 м –лік биіктірге бекітілген тіке түсірілгшен арқанға қолмен өрмелеу, төменгі қолдардың және аяқтардың көмегімен түсу.

9.Бұл да сондай ,кейін аяқтың көмегінсіз қолдармен түсу.

10.Мүмкін қателерді талдау.


тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, тапсырмаларды орындайды

ойын ережесін көрсетеді

- Өз жолымен жүгіреді.

- Ережені бұзбай жылдам жүгіріп өтеді.

- Жарыс кезінде жылдам қозғалады

Кеудені оң, сол жаққа барынша еңкейтеміз
Жаттығуды көрсету арқылы түсінеді.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды өрсетеді.

Дұрыс орындалуын жұппен көрсетеді. Көмек беру.

Жаттығу барысында қолды жіберіп қоюға болмайды.

Кеуде тік, бармақтары ықшамды болуы керек.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Жүгіруге арналған шаңғы жолы (таңдау бойынша, уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта).

Мұғалім үшін ысқырық, шаңғы құралы және секундамер.

com/watch?v=mnVdlpMrobY

Сабақтыңсоңы


Кері байланыс:«Тастарды жина» сабақтың басында мұғалім оқушыларға екі-үш тастан таратады. Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан қолдарыңдағы тасты кімге бергісі келетінін сұрайды. Оқушылар қолындағы тасты өдерінің ойынша сабақта белсенділік танытқан оқушыларға табыстайды. Оқушылар өздерінің жасаған таңдауларын дәлелдейді.
Мұғалім: Оқушылардың алынған тастарына қарай бағалайды.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы











Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:







Сабақтың тақырыбы

Тепе теңдікті дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады


Сабақтың мақсаттары

Гимнастика туралы түсінік алу және жаттығулар жасау

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету







Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқушының әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы



Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру ,

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде

5 .Жылдамдыққа жүгіру

6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Спорт киімдерін

қадағалау

Жаттығулар жасау

Сабақтың ортасы


Қауіпсіздіктехникасы

Гимнастика қауіпсіздік техникасын қайталау, әнгімелесу, түсіндіру, көрсету. Қауіпсіздік техникасын журналына оқушылар тансыну арнайы аты жөніне қарама- қарсы қол қояды.

Мектепте және денешынықтыру сабағында тәртіп ережелерін сақтауды жүруді қайталау, түсіндіру, әнгімелесу.

Тепе-теңдікті дамыту

Жүру белгі бойынша басталады. Оқушылар орындық тақтайшасы арқылы жүріп өтуі керек. Гимнастика қауіпсіздік техникасын сақтау қажет
Бұл суретте көрсетілгендей гимнастикаға арнайы жаттығуларді орындау қажет.

Қауіпсіздік ережені сақтау біледі.


Тапсырма

(«Кім күшті» ойыны

Екі ойыншы бірі-біріне арқасымен қарап тұрады Қолдарын бір-біріне кигізіп қарсыласты жерден көтеруі керек.Қай ойыншының аяғы жерден көтерілсе сол ойыншы жеңіледі.Ал жеңген ойыншыға бір ұпай беріледі.

Дескриптор

Дұрыс орындауына қарай бағалау

Жарайсың!Тамаша,керемет,сенің қолыңнан келді

2 тапсырма

«Әтештер сайысы»

Оқушылар екі топқа бөлінеді.Бір екі қайта санау арқылы.Әр ойыншы аяқтарын көтеріп,келесі қолдары артына қойып иықтарымен қағысады.

Қай ойыншы бірінші болып аяғын жерге түсіріп алса сол ойыншы жеңіледі

Ойын осылайша жалғасады

Дескриптор

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бағаланады.

«Бас бармақ» әдісі


.


Жаңа анықтамаларды ережелердіі тыңдайды, қайталайды, арнайы тапсырмаларды орындайды
- Өз жолымен жүгіреді.

- Ережені бұзбай жылдам жүгіріп өтеді.

- Жарыс кезінде жылдам қозғалады


Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Гимнастикалық төсеніштер талаптарға сай болу керек

Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

Сабақтың соңы



демалу тынысын қалпына түсіру жаттығулары . қатарға тұрғызу орындыққа отырғызу . сабаққа қорытынды жасау . үйге тапсырма беру Таңғы жалпы дамытаттын жаттығу жасау

Рефлексия:

Сабақта нені үйрендік?

Сұрақтарға жауап береді?

Нені білдім нені түсіндім?

Нені толық түсінбедім ?

Қандай жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?

Қима қағаздан гүлдің суретін жинау арқылы 3 топ құрылады.

стикер




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қарлығаш бейнесіне тұру


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады


Сабақтың мақсаты


1. Оқушыларға ойындағы тактика және стратегия туралы түсіндіру

2. Оқушыларды тактикалық әрекеттер мен оны қолдануға үйрету

Бағалау критерииі

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы


Тепе-теңдік жаттығуларын үйрету.

1.Бір аяқпен тұрып, екінші аяқты артқа созып, денені еңкейтіп, екі қолды екі жаққа созып «Қарлығаш» бейнесін жасау.

«Қарлығаш» жасау.



2.Екі қолға екі доп алып екі жаққа созып, гимнастикалық бөрене (орындық) үстінде жүру.
3. Басына кітап қойып сызық бойымен жүру.
4.Екі бала бөрене (орындық) үстімен қарама-қарсы жүріп келіп, құламай өту.



Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта жүргізуші таңдалады. Ол қалпақты кигізіп, қалған оқушылардан қашады, қалпақты қолмен ұстауға болмайды. Қуып жетушілер жүргізушіден қалпақты шешуге немесе құлатуға тырысады. Осыдан кейін қалпақ жүргізушіге тапсырылады. Егер қалпақ өзі құлайтын болса, ойын қайта басталады. Жеңіске қалпаққа көбірек ие болған жетеді. Ойын уақытқа жүргізіледі.

) Жүргізуші таңдалады. Оқушылар бірбірінің қолынан ұстап шеңбер құрайды. Жүргізуші теріс қарап тұруы керек. Сол кезде оқушылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп шатастырады. Оқушыларға ұстаған қолдарын үзуге тыйым салынады. Осыдан кейін жүргізуші шеңберді үзбей, бастапқы қалыпқа қайтаруы керек.

Дескриптор:

  • Жүргізуші сайланып, қалған оқушылар шеңбер жасап тұрады

  • Жүргізуші теріс қарап тұрады да, сол кезде ойыншылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп, шеңберді шатастырады

  • Жүргізуші жедел түрде шеңберді өз қалпына келтіреді

  • Жүргізуші командалық ойында өзінің көшбасшылық әрекетін дамытуға талпынады

  • Сол үшін түрлі қимыл арқылы іс-әрекеттер жасайды

Бағалау

  • Бес саусақ әдісі арқылы


Кері байланыс

  • Көшбасшылық іс-әрекетті дамыту қаншалықты қиынға соғады?

  • Көшбасшы үшін шеңберді бастапқы қалпына келтіру оңай ма?



Қорытындылау



Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді

Оқушылардың берілген тапсырмаларды нақты орындауларына көңіл бөледі,

Тізе бүкпеу ережесчін үйреніп отраға шығып көрсетеді.

Жаттығуды дұрыс орындауын жұппен бағалайды

Жылдам ережеге сәйкес, тез орындауына көп көңіл бөледі.

Қауіпсіздік ережесін сақтауын біледі

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Мұғалімге ысқырық, бор, фишкалар, қағаз(қалпақ).



Сабақтыңсоңы


Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Сабақта не түсініксіз болды?

  • Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Не қосу қажет деп ойлайсың?

  • Өзіңізге нені жетілдіру қажет?

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Акробатикалық жаттығулар орындау Артқа домалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.5.1. Қажет болған жағдайда  шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құра алады;

Акробатикалық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай алады;

Кең-ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және орындалу реттілігін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін көрсете біледі

Бағалау критерииі

Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиларын және композициялық идеяларын анықтайды.

Жеке орындалатын жаттығулар жинағын көрсетеді және бағалай біледі.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы мұғалімге сабаққа қатысу туралы мәлімет береді.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсатын айтады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Акробатикалық техникадағы дұрыс орындалу әрекеттерін қадағалау және дұрыс орындату;

  • Жаттығуларды өз дәрежесінде орындауын қадағалау;

  • Жаттығу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқушыларды екі топқа бөліп жалпы дене жаттығуларын жасату.

«Допты бір-біріне беру» ойыны. Ойынның шартын түсіндіру. Допты жерге түсіріп алмау керектігін ескерту. Топ басшыны сайлау. Жылдамдықты арттыру ойыны. Денені ширатады.

Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Ақыл добы» әдісі пайдалану.


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Топтағы оқушылар мұғалімнің көрсеткені бойынша акробатикалық жаттығуларды жеке-жеке орындайды және дұрыс орындауын қадағалау, талап ету.

1) Алға қарай аунау, артқа қарай аунау, екі қолын жерге тіреп, аяқты көтере тік ұстап аунау.

2) Аунау кезінде дененің салмағын мойынға, басқа салмау.

3) Алақанды жайып, екі қолды жерге тіреп, алға қарай аяқты жинап аунау.

4) Артқа аунау кезінде алақанды жайып, екі қолды жерге тірей аяқты жинап аунау.

Дескриптор:

  • Қауіпсіздік шараларын сақтайды;

  • Бір-біріне құрмет көрсетеді;

  • Аунау техникасын біледі;

  • Іске асыру әдісін дұрыс көрсету;

  • Әріптесті сақтандырады;

Саралау жүзеге асырылады.

Физиологиялық сипаттамалар: ұлдар жоғары жүктеме жас айды, қыздар азырақ жүктеме жасайды.

Физикалық қабілеттерге:

  • Оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделірек жаттығулар жасауға әрекеттенеді.

  • Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар екі жұлдыз, бір тілек айту арқылы өткен сабаққа кері байланыс береді.

Оқушыларға сұрақ қою:

Жаттығуларды талапқа сай дұрыс орындау өз дәрежесінде болды ма?

Ынталандырушы сұрақтар қойылып, тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын байқау.

Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды, және көрсетеді.

Пәнге тән лексика мен терминологияны жаттайды :

  • Тепе-теңдік, айналу;

  • Алға-артқа аунау;

  • Тәуекел, қауіпсіздік;

  • Акробитикалық сайман;

Байланыс, реттілік, топ қалыптастыру

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары.

Ынталандыру сөйлемдері жазылған автокөліктер суреттерінің карточкалары.

Мобильді (интерактивті) тақта.

https://www.youtube.com/watch?v=de5fCK

Сабақтыңсоңы


Рефлексия. Мұғалім оқушыларға «Баспалдақ сатысы»стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар «Өз келбетіңді таңда» смайликтерін іледі.

Бағалау. Екі топтың бағаларын айтып, топ мүшелерін ауызша мақтап-мадақтау.

Оқушылардың берген кері байланысы арқылы келесі сабақты жоспарлау.

Үй тапсырмасы.

  • Пән терминологиясын жаттау;

  • Таңғы жаттығу жасау, жүгіру, кеудені жерден көтеру, пресс жасау, алға, артқа аунау.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы