Файл: 3 1 оытуды р трлі кезедерінде ауіпсіздік ережесіні дадылары мен абілеттерін тану.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 348
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Асық ойынымен танысу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.7.1. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді | ||||
Сабақтың мақсаты | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру арқылынегізгі қозғалыс дағдыларын орындау. | ||||
Бағалау критерииі | Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыс дағдыларын орындау. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Оқушылар шеңберге тұрып қолмен, аяқпен, көзбен амандасады. Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |
Ортасы | Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады сықтың түрлері: Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда: Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады. Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Шүкейт – жас малдың асығы. Қойлық – қойдың асығы. Ешкімек – ешкінің асығы. Құлжа – құлжаның асығы. Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық. Топай – сиырдың асығы. Жабай – ірі асықты айтады. Қолқар – арқардың асығы Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату Асықтың құрылысы Асықтың тұрысының атаулары: Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі. VII.Асық ойын түрлері Хан талапай Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру. Омпа Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді. Тас қала Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады Хан Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін. Құмар Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі — «Құмар». Бұл ойынды үлкен - кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5 — 6 адамнан аспауы керек. «Құмар»— үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі - түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеді. Асық ойынының негізгі ережелері Сергіту сәті: Ойын ережелерін түсіндіру.Дене тәрбиесінің мұғалімін ортамызға шақырып балдарға асық ойнату Асыққа байланысты ырымдар: А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі. Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені. Асық ескерткіші Алматыда асық ескерткіші 1999 жылы тұрғызылған екен.Авторы – Сәкен Нарынов. Ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 4 метр Ату түрлері: Ұра ату-шеңбердің сыртында тұрып ату.Қыңқайта ату-егер асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса,оны алыстан көздеп атпай,қыңқайып жайпай ату.Бұл үшін ойыншы бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып,екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен,Яғни орталық арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсіретіндей әдіспен атылады.Қадап ату-асық шеңбер сызығынан бір метрдей ары жатпаса,оны қадап атады.Төрден ату-асық шеңбер сызығынан 40см-ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жатса,ал сақа шеңбер ішінде болса,төрден атады.Шертіп ату-жоғарыдағы ату тәсілдердің қайсыбіреулерінен кейін бар асқтар атылып алынып,ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа,ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса,осы тәсіл қолданылады. | Жалпы дамыту жаттығуын көрсетеді . а)жүру,жүгіру жаттығулары ә)құралсыз орындалатын дамыту жаттығулары Топпен бірлесе отырып жауап береді. Ойын барысында ережелерді сақтайды | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік. Мұғалім ысқырығы Керекті спорттық жабдықтар және инвентарь: | |
Сабақтыңсоңы | Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Қазақтың ұлттық ойындарымен таныс | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3. 3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды | ||||
Сабақтың мақсаты | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескенқимыл-қозғалыстар арқылыкөшбасшылық қасиеттерді таныту. | ||||
Бағалау критерииі | Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Постер, маркерлер Бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=hy_pDEt1Q1Y | |
Ортасы | Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, бірлескен іс-әрекетке тәрбиелейді. (К)«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады. | Саптық жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуы. а)жүру,жүгіру жаттығулары ә)құралсыз орындалатын дамыту жаттығулары Топпен бірлесе отырып жауап береді. Сұрақтарға жауап беру. Ойын барысында ережелерді сақтау | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, шарттарын белгілейтін кеглилер. | |
Сабақтыңсоңы | Ой-толғаныс. «Синкуейн» әдісі – «Секіру». ( Оқушылар «секіру» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады.) Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру - Сапқа тұрғызу. - Сабақты қорытындылау. - Жақсы қатысқан оқушыларды өте жақсы деген бағамен мадақтап бағалау. - Үйге тапсырма беру. - Оқушылармен қоштасу | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||||||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||||||||
Күні | | ||||||||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қыз қуу эстафеталық ойын | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.5.1. Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескенқимыл-қозғалыстар арқылыкөшбасшылық қасиеттерді таныту. | ||||||||||
Бағалау критерииі | Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. | ||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |||||||
Ортасы | Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады. Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді. Қыздын ұру үстінде Қазіргі кездегі қыз қуу спорт жарысында күшті теңдестіру үшін әлсіз жаққа берілетін тиімді шартты еске салады. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды. Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді. Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан орамалды қолымен іліп алып кетуі қажет. | ойынын құрастырып, оны көрсетеді және ойындағы қиындық ережелерін үйренеді ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орында йды | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | АКТ-ні пайдалану Видеоролик көруге арналған планшет, жеңіл гимнастикалық төсеніштер, https://www.youtube.com/watch?v=FkvHN6YHHw8 https://www.youtube.com/watch?v=IknYT0Xye3g | |||||||
Сабақтыңсоңы | Рефлексия
| Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Ынтымақтастық және әділ ойын | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.5.1 - өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады | ||||
Сабақтың мақсаты | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру арқылынегізгі қозғалыс дағдыларын орындау. | ||||
Бағалау критерииі | Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыс дағдыларын орындау. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |
Ортасы | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру. Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады. «Бәйге» - екі команда анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен шабады. Оқушылар гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай болады. | Қозғалысты жеке және бірге орындауды көрсетедіі ;
| Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау Б «От шашу» | Интерактивті тақта Презентация көрсету | |
Сабақтыңсоңы | Рефлексия. Күннің суретіне Білімімді толықтырған мәліметтер Айдың суретіне Сабақтың мен үшін қызықты тұстары Жердің суретіне Сабақта не қиын болды? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Тоғызқұмалақ ойын ережесі Жазу тәсілдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.5.1. Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерииі | Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ» ережесін біледі; Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді; Ойын кезінде әртүрлі әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы | Ұйымдастыру сәті ( Сапқа тұрғызу ,сәлемдесу )
| Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы | Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады . Мысалы: 711 саны жазылса , ондағы 7-отаудың реттік саны да 11- сол отаудағы құмалақ саны . Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады . Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудың құмалақ саны жазылады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай шығады : 711-815. 815 –қарсыластың жүрісі : 15 құмалағы бар 8-отаудан басталған жүріс дегенді білдіреді .оғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай ,яғни , сағат тілінің бағытына қарсы жүреді . Құмалақ салынған әрбір отаудың өзінше атауы бар Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы , өзі осыдан бастаған дұрыс деп есептеген отауында бір ғана құмалақ қалдырады да,содан кейінгі отауларға бір-бірден салып шығады да, өзінің соңғы құмалағымен қарсыласының тақ отауын жұптап,өз қазанына салады. Екі жақты тоғызқұмалақ ойынын ойнату Тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіру. Жүріс жасау ережесі Құмалақ ұту ережесі Тұздық алу ережесі Атсырау ережесі Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. 9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Міне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады. 9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9 | | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Ысқырық, уақыт өлшегіш Тоғызқұмалақ тақтасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс
5. Үйге тапсырма: Сіз жазғы демалыста Оңтүстік Қазақстан өңіріне «Туған Елге тағзым» бағдарламасы бойынша сыныптастарыңызбен саяхат жасап бардыңыз. Сол өңірдегі тарихи жерлерден алған әсеріңізбен бөлісіп, жоспар құра отырып шағын эссе жазыңыз. 100-150 сөз. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |