Файл: 3 1 оытуды р трлі кезедерінде ауіпсіздік ережесіні дадылары мен абілеттерін тану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 349

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Тоғызқұмалақ есептеу жолдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1. Қажет болған жағдайда  шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы орындай алады:Тоғызқұмалақ ойынын біледі

Оқушылардың көбісі орындай алады:Тоғызқмалақ ойынының әдіс-тәсілдерін қолданады

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады : Тоғызқұмалақ ойынын жақсы ойнай алады

Бағалау критерииі

ұлттық ойынның тарихын таныса отырып, негізгі ережелерін үйренеді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәті ( Сапқа тұрғызу ,сәлемдесу )

  • Бір орында тұрып орындалатын саптық жатығулар

  • Жүру жаттығулары

  • Жүгіру ,жаттығулары

  • Тынысты қалыпқа келтіру

  • Жалпы дене жаттығулары

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Тоғызқұмалақ. Жүрістердің санын есептеу/

Ой қозғау. Сонау бағзы заманнан бірге жасап мазмұн алып, тұрмысқа жатырқап қарамай өмірден берік орын алған ұлттық халық ойындары қаншама.
Оқушыларға сұрақ: 1.Тоғызқұмалақ ойынында жүрісті тез есептеу үшін қажетті қандай
сандарды білу міндетті? 10, 19, 28, 37.
2.Ілгері – кейінді есептеу қалай жүзеге асады?
3.Қазақтың ұлттық ойындардың атаңдар? Көкпар, арқан тартыс, аударыспақ, күрес, ақ сүйек, санамақ, тоғызқұмалақ, қыз қуу, жанбы ату, теңге алу, алтыбақан т.т.б. Әрбір ойынның өзіндік ойын барысы, ойын шарттары, ережелері, тәрбиелік мәні бар.
Тапсырма: І топ: Ойлау қабілетін дамытатын ойындарды жазыңдар.
Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, нарды.
ІІ топ: Күшті, ептілікті қажет ететін ойындарды жазыңдар.
Көкпар, арқан тартыс, аударыспақ, күрес, тенге алу.
Топтастыру: І топқа: Тоғызқұмалақ ойынындағы тоғыз санына қатысты топтастыру.
9-отаудан тұздық Әр ойыншыдаалынбайды. 9 отаудан бар.
Әр отауда Отаулардың 9 тарихи 9 құмалақтың атауы бар.
ІІ топқа: Тоғызқұмалақ ойынын топтастыру.
Ойлау қабілетін Жүрісті дәл көрсетудамытатын ойын. ойыны.Есептеу ойыны. Ұлттық ойын.
Ақыл-ой өнері ойыны.
Мағынаны тану: Тоғызқұмалақ ойынындағы жүрістің санын есептеу жолдары.
Ойыншының ойынның ортасы мен аяқ шенінде тек өз жағындағы жүрістердің ғана мақсатын белгілеп, құмалақтарды дұрыс салу және барлық жүрістердің санын есептеу ғана жеткіліксіз. Жеңістен үміткер қарсыласының барлық жүрістерінің санын есептеп отыруы қажет. Оның мақсатына қарсы жоспар жасағаны дұрыс.
Мысалы, ойын барысында тақта үстінде мынадай позиция пайда болды делік.
74
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 3 4 1 6
4 2 4 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9
58
Мұнда тақтада «тұздықтар» жоқ. Жүріс кезегі ақ жағынан. Мұнда тек санаулы құмалақтар қалған. Екі жақтың да мақсаты бір-бірін атсырату. Яғни өз құмалақтарын 9-отауға жинап қарсыласын атсыратпақшы. Мынадай сұрақ туындайды. Сонда олардың қанша жүрісі қалғанын білуге болама?. Әрине болады. Төмендегі тақтада әрбір отауда бір-бір құмалақтан бар делік.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 1 1 1 1 1 1 1 1
1 1 1 1 1 1 1 1 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Бұнда 8-отаудағы бір құмалақ 9-отауға жеткенше бір жүріс жасайды. 7-отаудағы бір құмалақ екі жүріс, келесі отаудағы бір құмалақ 3 жүріс т.с.с. Барлық жүрісті қоссақ,1+2+3+4+5+6+7+8=36, яғни 36 жүріс жасауға болады екен. Отауда жатқан екі құмалақтың жүріс санын табу үшін жүретін отау мен құмалақтар жинайтын отаудың арасындағы отаулар санын отаудағы құмалақ санына (яғни екіге) көбейтсек болғаны. Мысалы, бұл сызбада 5-отауда жатқан екі құмалақ 9-отауға жеткенше
2
1 2 3 4 5 6 7 8 9
4 рет қарғиды екен, яғни ол екі құмалақ (4х2=8) сегіз жүріс береді. Үшінші отауда жатқан 2 құмалақ (6х2=12) он екі жүріс береді т.с.с. Отауда жатқан үш құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, жүріс жүретін отау мен құмалақ жинайтын отау арасындағы қарғу санын отаудағы құмалақтар санына көбейтіп, сол көбейтіндіден 2 (екі) санын алсақ болғаны. Мысалы,
3
1 2 3 4 5 6 7 8 9
3-отауда жатқан үш құмалақпен 9-отаудың арасына алты рет қарғып жетеді. Яғни 3-отаудағы үш құмалақ (6x3)-2=16 он алты жүріс береді. Енді осы ережені (заңдылықты) талдап көрейік. 3-отаудағы үш құмалақты таратқанда мына сызбадағыдай позиция пайда болады.
1 1 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Енді бұл шағын құмалақтардың жүрістерін есептеу қиындық тудырмайды. Есептеп көрелік: 5-отауда жатқан бір құмалақ 9-отауға жеткенше - төрт жүріс, 4-отаудағы бір құмалақ – бес жүріс, 3-отаудағы бір құмалақ – алты жүріс. Барлық жүрістерді қоссақ 1(3 құмалақты таратқан жүріс)+4+5+6=16 жүріс. Жоғарыдағы ережеміз дәлелденді. Оқушыларға тапсырма:
І топқа:
6-отаудағы төрт құмалақтың,
4
1 2 3 4 5 6 7 8 9
4-отаудағы алты құмалақтың,
6
1 2 3 4 5 6 7 8 9
2-отаудағы сегіз құмалақтың,
8
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ІІ топқа:
3-отаудағы бес құмалақтың,
5
1 2 3 4 5 6 7 8 9
3-отаудағы жеті құмалақтың,
7
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1-отаудағы тоғыз құмалақтың
9
1 2 3 4 5 6 7 8 9
талдау арқылы жүрістің санын анықтап, алым сандарын табу. Нәтижесінде жүрістердің санын есептеу жолының математикалық заңдылығының ең қажеттісі - отаудағы құмалақ санын қарғу санына көбейткен соң одан алатын тұрақты санды тез табу. Бұл заңдылықты төмендегі кестеден көресіздер.
Отауда жатқан құмалақ саны. Қарғу
саны. Көбейтінді Алатын
Сан Барлық жүрістердің саны.
1 X 1X - 1X5 » 5X 9 5X-9
2 » 2X - 2X6 » 6X 14 6X-14
3 » 3X 2 3X-27 » 7X 20 7X-20
4 » 4X 5 4X-58 » 8X 27 8X-27
9 » 9X 35 9X-35
Сонда бізге көбейтіндіден алатын тұрақты санды біліп отыру қажет екені белгілі. Бірақ бұл тұрақты санды жаттап алудың қажеті жоқ. Неге? деген сұрақ туындайды белгілі. Себебі кестеге назар аударсақ, мынадай заңдылық бар. Егер отауда 3 құмалақ жатса, оған өзінің тұрақты алатын санын екіні қоссақ нәтижесінде отауда жатқан 4 құмалақтың алатын саны шығады. Ойыншыға алатын сандардың алғашқы біреуін немесе екеуін білуі шарт. Мысалы, 2 мен 20 санын білген дұрыс.
Бекіту сұрақтары: 1. Тоғызқұмалақ ойыны қандай ойын?
2. 3-отаудағы екі құмалақтың 9-отауға дейінгі жүріс саны қанша?
3. 4-отаудағы бес құмалақтың 9-отауға дейінгі қарғу жолы қанша?
4. Отаудағы бес құмалақтың, алым саны қанша



Оқушылар

жаттығуларды бірге жасайды және дұрыс орындалуын есереді
Ойын ережесінің қатаң түрде сақталуын ескереді.

л ойынының негізгі техника элементтерімен танысады, соны дұрыс орындау ережесін меңгергенін оойында көрсетеді


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»





Сабақтыңсоңы


«Сабақты қорытындылау»

Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:

- мен бүгін ... туралы білдім;

- маған … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

- … мені таң қалдырды;

- мен … жасағым келді және т.с.с.

Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қазақтың ұлттық ойындары


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1. Шығармашылық қабілеттерді және идеяларды түсіндіру және көрсету

Сабақтың мақсаты


Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдау және қолдану.



Бағалау критерииі

Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдайды және қолданады;

Команда бойынша өзінің «күн немесе түн» екенін дұрыс анықтайды;

Допты бір қолымен алып жүреді.



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы


Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы


Аударыспақ ойыны.Оқушылар екі топқа бөлінеді.Әр топқа көмбе яғни шеңбер сызылады.Әр топтың ойыншылары бір-бірден өзара кездеседі.Ойын ережесі: Ойыншы қарсыласты өз алаңына бір қолмен тартып, ( аударып ) алуы қажет.Жеңіліс тапқан ойыншы жеңген ойыншының көмбесіне барып тұрады.Ойын соңында көмбедегі ойыншы санына байланысты жеңімпаз топ анықталады.

Арқан тартыс. Ойыншылар екі немесе төрт топқа бөлінеді.Ойында 7-8 метр болатындай арқан болады.Арқанның қақ ортасына қызыл шүберек байланады.Төрешінің берген белгісі бойынша ойыншылар арқанды тартып, қызыл шүберек байланған орынды өз алаңына тартып алуы керек.

«Тақия тастамақ» ойыны

«Қол күрестіру» ойыны

2-тапсырма

Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек.

Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау

3-тапсырма

«Ақсүйек»

Бастаушы ақсүйекті басқаларға көрсетпей жасырады. Ойыншылар қай жаққа жасырғанын көрмей тұрады. Жасырып болғаннан соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер»  деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген  есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Сұрақ-жауап

Қандай қиындықтар болды?

Шешу жолдары?

Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы,
Постер қорғау. Оқушылар «Ұлттық ойындар» арқылы екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне берілген ұлттық ойын түріне байланысты постер жасап, қорғайды.

«Арқан тартыс» ойынының шартын сақтап ойнайды;

мектепте және мектептен тыс уақытта ойнайтын ойындарды сипаттайды;
«Аударыспақ» ойынының шартын сақтап, ойнайды.

Тақия тастамақ» ойынының шартын сақтап, ойнайды.

«Қол күрестіру» ойынының шартын сақтап, ойнайды.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.

Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I

«Көршіңізге айтыңыз стратегиясы

Сабақтыңсоңы


 

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қауіпсіздік ережесі Этафеталық қозғалмалы ойын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1.   Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды


Сабақтың мақсаты


Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығуларды сабақ барысында стратегия элементтерін пайдалану.

Бағалау критерииі

Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығулардыңмаңызыдылығын анықтайды сабақ барысында орындайды және түсінеді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Сәлемдеседі, жақсы тілектер айтады, сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын айтады, сұрақтарға жауап береді.


Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға болады.

Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Жетекші шеңбердің ортасына тұрады және допты мына сөздермен жоғарыға лақтырады: «Допты аспанға!». Басқалары осы уақытта шеңбер ортасынан мүмкіндігінше әрі қарай жүгіруге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» деп айқайлайды Басқаларының барлығы тоқтайды, ал жүргізуші орнынан түспей, өзіне ең жақын орналасқан адамға допты лақтырады. «Тигізілген» жеткізушіге айналады. Жеткізуші мүлт кетсе, онда ол шеңбер ортасына қайтадан барады, допты жоғарыға лақтырады, ойын жалғасады.

Топтарды ортаға шақырайық. Енді сайысымыздың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз он кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар,тапсырманы мұқият тыңдап, белгі берілгеннен кейін бастау керек. Бақтарын сынағалы отырған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын жасау. Сайыскерлерге сәт сапар тілеймін.


    1. Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)


    2. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)


    3. Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.


    4. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп 
      шығу)


    5. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)


    6. Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.


    7. «Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.


    8. Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.


    9. Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.


    10. Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді. 

Оқушылар ондық бөлшектер туралы өз ойларын ортаға салады

. Әр оқушы өз деңгейінің түсніктерін көрсетеді

Қимыл-қозғалыс ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды сақтайды


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық.

Ойын 5-сыныптар үшін қозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме:

http://www.fizkult-ura.ru

Сабақтыңсоңы


Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі. Оқушылар әр топтық екі сәтті жұмысын, бір ұсынысын береді.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қауіпсіздік ережесі Этафеталық қозғалмалы ойын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1.   Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды


Сабақтың мақсаты


Эстафеталар, біріккен ойындар барысында әр-түрлі жаттығулар жинағын орындау, қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды белсенді орындау.

Бағалау критерииі

Қозғалыс қызметінде белсенді қимылдайды, эстафеталар, біріккен ойындар барысында қимыл-қозғалыстың пайдасын талқылайды және сипаттайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Спорт киімдерінің дұрыстығына назар аудару

Ортасы

«Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»

Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.

«Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

Алдыңғы, кейінгі келе жатқан әпіптесіңе кедергі жасама.

Қолды түзі ұста.
Денені барынша артқа бұр.

Тізені бүкпеу керек.

Тарсылдатпай жасау керек

Уақытқа жүгіру

дұрыс орындауларын ескереді


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»


Үлкен кең алаң, ысқырық, бор, Швед қабырғасы, гимнастикалық баспалдақ, дистанцияны белгілеуге арналған конустар

Сабақтыңсоңы


 

Тазалық»

Еттартқыш- ақпаратты оқуым,толықтыруым керек

Чемодан-тақырып бойынша алған керекті ақпараттар

Қоқыс жәшігі- Керек емес артық ақпарат
.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Белсенді қозғалыс және төзімділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1  Дене жаттығуларын орындау кезінде  ағзадағы  өзгерістерін қалай бақылайтынын  біледі.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу

Бағалау критерииі

Негізгіқимыл-қозғалысжаттығуларыныңбайланысынанықтайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу. Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру ,

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде

5 .Жылдамдыққа жүгіру

6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Қауіпсіздік техникасы

) «Секіргішпен жүгіру». Екі ойыншы әдеттегі қысқа секіргішті екі қолына алады және алаң бойынша жүгіреді, бос қолмен басқа ойыншыларды ұстауға тырысады. Бірінші ұсталған ойыншы жүргізуші арасында тұрады және бір қолымен секіргіштің ортасынан ұстайды. Ол басқа ойыншыларды ұстауға да қосылады. Үш жүргізуші өздерінің міндеттерінен босатылуы үшін (секіргішті жіберместен) олардың әрқайсысы (әр түрлі) бір ойыншыны ұстауы керек. Екі соңғы ойыншы секіргішті жүргізушіден алады және қайтадан ұстай бастайды.

Ойыннан кейін оқушылардан өздерінің физикалық күйлерін осы ойынды жүргізу кезінде қалай басқаруға болатындарын сұраңыз (дем алу, қалпына келу және т.б)
Эстафетные игры
Қозғалыс ойындар

Ойын ережесімен танысады.  

Ойынның мақсат міндетін дұрыс орындайдыу. 

Қауіпсіздік ережесін айтады. 


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»



Оқулық. Кеспе мәтіндер.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Сабақтыңсоңы


 

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы