Файл: 1 блім. Экономикалы былыс ретіндегі ксіпкерлік Мектеп Мыр орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 129

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Мектеп:Мұқыр орта мектебі

Күні:24.12

Мұғалімнің аты-жөні:Ермұқанова Алмагүл

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1. Жеке кәсіпкер, бизнесмен, қажеттілік, игілік түсініктерін түсінеді.

10.1.1.2. Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді.

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен: - «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерн түсінуіне;

  • Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсіне;

  • кәсіпкерлік кызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалауына;

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы жеке кәсіпкер, бизнесмен, қажеттілік, игілік түсініктерн түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді. Оқушылар алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: кәсіпкерлік кызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалай алады. Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика және терменология: жеке кәсіпкер – индивидуальный предприниматель –individual, бизнесмен – бизнесмен –businessman, қажеттілік – потребность – need, игілік – благо - boon

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі, білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не?







Сабақтың басы ( 3 мин)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрңан оқушыңа сәттілік тілейді.

  2. Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

  3. Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».

  4. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Мұғалімнің сөзі: Балалар сіздер 10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқисыздар. Сендер «кәсіпкерлік», «бизнес», «экономика», «менеджмент», және маркетинг негіздерін меңгеретін боласыздар. Қазіргі нарық жағдайында қажет практикалық дағдыларды қалыптастыра аласыздар.

Біздің бірінші сабақ «Кәсіпкерлікке кіріспе» тақырыбынан басталады. Ол үшін: Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не? сұрақтарына жауап іздеп көрейік.

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаға тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

  1. Сұраққтарға жауап берейік дағдысы. Оқулықтан төмендегі сұрақтардың жауаптарын табыңыздар, негізгі идеяларды талқылаңыздар және дәптерлеріңе жазыңыздар (жеке жұмыс)

  2. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  3. Кәсіпкер ең кемі қандай дағдылар жиынтығына ие болуы керек?

  4. Кәсіпкердің мақсаты қандай?

  5. Жеке кәсіпкер өандай тәуекелдерге барады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2. Карточкалармен жұмыс. Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден (карточкалардан) өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылыұтарын белгілеңіздер.

Кәсіпкерліктің артықшылықтары

  • Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңызды өзіңіз шешуіне, бақылауға мүмкіндік береді

  • Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңмен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөле алатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін болсыз.

  • Егер бизнесіңіз мүмкіндік берсе, қала сыртына, теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс жасай аласыз.

  • Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкердің айтуынша, олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.

  • Кәсіп иесі ретінде сіз өзіңіз шешім қабылдайсыз және белгілі бір идеяны жүзеге асыру немесе сынықтан өткізу үшін біреудің рұқсатын күтпейсіз.

  • Кәсіпкер ретінде сіз жасампаз және жаңашыл адам бола аласыз.

Кәсіпкерліктің кемшіліктері

  • Жауапкершілік көп болған сайын күйзеліс көп. Табыстылық пен жеңіліс тек өзіңізге байланысты.

  • Кәсіпкердің өмірі тұрақсыз болуы мүмкін. Тапсырыстар көлемі мен оларға кететін уақыт, соған сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығы мен табыс қубылып тұрады.

  • Күніне 24 сағат кәсіпкер болу керек, яғни жұмыс пен бос уақыт арасындағы шекара жойылып кетеді.

  • Алғашқы уақыттарда табыс көлемі жалдамалы жұмыспен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

  • Кәсіпке өзі салық, ақылы демалыс жалақыларын төлеп, басқа да пайда болатын көптеген шығындарды есептеуі керек.




2. «Ойланайық, талқылайық» дағдысы. 1. Топтық жұмыс. Топтарға бөлініп сұрақтарға жауап беріңіздер

Бизнес тобы:

1) Неліктен кәсіпкердің басқа жұмыс жасауына мүмкіндігі жоқ?

2) Неліктен кәсіпкерлерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп айтады?

Экономика тобы:

1) Кәсіпкердің бизнесменнен маңызды ерекшелігі неде?

Кәсіпорын тобы:

1) Неліктен кәсіпкерлік жұмыстарды орындаудың дұрыс жолы болып табылады?

2. Кітапта берілген танымал бизнес-тренер Роберт Киийосакидің пікіріне қосымша ретінде болашақ кәсіпкерге тағы қандай әрекеттер керек екендігін талқылаңдар

3. «Талдап, салыстырайық» дағдысы. Топтық жұмыс. 5-6 адамнан бөлініп, Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды тапсырмасын орындаңыздар

Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерін талдаңыздар.

Бизнес тобы:

  • Қауіп-қатер (тәуекел, қиындық)

Экономика тобы:

  • Тәуелсіздік

  • Өнертапқыштық

Кәсіпорын тобы:

  • Жауапкершілік

  • Белсенді іздену

  1. «Дәптерге орындайық» дағдысы.. Кестені толтырыңыздар



Қызметтің түрі

Жұмыс иесінің орнында болмаған жағдайдағы табысы

Жауапкершілік

Тәуеклдер

1

Кәсіпкерлік

жоқ

Жоғары

Жоғары

2

Бизнес

Бар

жоғары

Жоғары




Сергіту сәті

2 мин.

Жеті шырық жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді... Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Кәсіпкерлердің қызмет түрлерін анықтаңыздар. Бос ұяшықтарды толтырыңыздар




Қызмет

Қызметтің түрі

1

Әмина мемлекеттік емханада терапевт болып жұмыс істейді

Жалдамалы жұмысшы

2

Әли өзінің жеке клиникасында стоматолг болып істейді

Кәсіпкерлік

3

Әмірдің медициналық орталағы бар

Бизнес

4

Зауреш сауда орталығында өз бутигінде киім сатады

Кәсіпкерлік

5

Батырбек-санаторийде аспаз

Жалдамалы жұмысшы


6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясы қолданылады (топтық жұмыс)

Жалдамалы жұмысшының, кәсіпкердің бизнесменнің қызмет түрлеріне үш мысал келтіріңіз. Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

Жауаптар нұсқасы: жалдамалы жұмысшы: мектеп директоры, сатушы, дәрігер; кәсіпкер: жекеменшік мектеп (дүкен, дәріхана) басшылары; бизнесмен: жекеменшік мектептер (дүкендер, дәріханалар) иесі.

Шығармашылық тапсырма. Кәсіпкердің қасиеттері туралы ойланыңыздар:

  1. Өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсын атаңыз (сіздің кәсіпкер болуыңызқа көмектесетін және кедергі келтіретін қасиеттер)

  2. Әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыздар.

Сабақтың соңы. Кері байланыс

(3минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады.

Үй тапсырмасы

10 мин.

Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді

Рефлекция

5 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қортынды бағалау

2 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.




ОІМ: Р.Оразбақов.

1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Мектеп: № 62.Н.Шойбеков.

Күні:11.09.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Исахова.

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі

10.1.2.2.Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді

10.1.2.3.Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

.

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай білуіне;

  • Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінуіне;

  • Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді




Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

(өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика және терменология: макроэкономика- макроэкономика-, микроэкономика-микроэкономика-, экономикалық өсу- экономический рост-, бәсеке-конкуренция-

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілікке, елжандалық, отансүйгіштік қасиетке, денсаулық сақтауға, сыни тұрғысынан ойлауға, шығармашылыққа баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сені көргеніме қуаныштымын, себебі....», «Шешен», «Джигсо», «Көңіл күй», «Пікірлесі», «Миға шабуыл», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып брйынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмыс және бизнес арасындағы айырмашылықты атаңдар.

Сабақтың басы

( 5 мин)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі....» тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне жақсы жақтарын айтады.

  2. Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ:« Бизнесмен»; 2-топ:« Кәсіпкер»; 3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».

  3. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай тудыру.

Мұғалім: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмысшы және бизнес арасындағы айырмашылықты естеріңе түсіріңдер.

1-топ:« Бизнесмен».....

2-топ:« Кәсіпкер»....

3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».....

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.


Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

(15 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласызыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

  1. Сұрақтарға жауап берейік дағдысы. «Шешен» әдісі бетпе-бет сауалнама.

1.Дағдарыс кезінде халық қандай өнімді сатып алуды тоқтатпайды?

2.Кәсіпкерлік қызмет қандай түрлерге бөлінеді?

3. Өндірістік қызмет дегеніміз не?

4.Кеңес беру қызметі дегеніміз не?

5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында кеңінен таралған кәсіпкерліктің түрі қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізгі идеяларды жазады.

2.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы.« Джигсо» әдісі бойынша топтық жұмыс

1.Неліктен кәсіпкерлер тұрғындардың өміріне қолайылық пен ыңғайлылық әкеледі?

2.Неге кәсіпкерліктің дамуы мемлекет үшін өте пайдалы?

3.Неліктен кәсіпкер нарықтың ең белсенді қатысушысы?

4.Неліктен кәсіпкер дағдарыс жағдайында тұрақтылығын сақтап қала алады?

« Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім әрбір тапсырма бойынша ауызша нұсқаулар береді, топта жасаланған жұмыстаң барысын тексереді.




3.«Талдап, салыстырайық» дағдысы. «Пікірталас» әдісін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыздар

1.Тауарлар, қызмет көрсету және жұмыстар арасындағы ұқсастықты атаңыздар.

2.Кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерінің арасындағы ортақ элементті табыңыздар.

3.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?
4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Оқушылар кестені толтырады.Іс-әрекеттердің дами бастау кезеңдерін таңбасымен белгілеңіздер




Қызметтің_түрі__1990-2000__2000-2010__2010-2020'>Қызметтің түрі

1990-2000

2000-2010

2010-2020

1

Комерциялық

+







2

Өндірістік




+




3

Қаржылық




+




4

Консалтингтік







+


Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді... Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Төменде көрсетілген қызмет түрлерін сипаттаңдар




Қызмет

Қызметтің түрі

1

Мейрам маркетингілік қызмет көрсетеді

Өндірістік

2

Ермек сауда орталығындағы өз бутигінде киім сатады

Коммерциялық

3

Асхат жылжымайтын мүлікті сақтандыру компаниясын ашты

Қаржылық

4

Болат кәсіпкерлерге бизнес бойынша кеңес берумен айналысады

Консалтингтік қызмет

5

Әділбек құрылыс материалдарын өндірумен айналысады

өндірістік


6.«Ой бөлісейік» дағдысы. «Миға шабуыл» әдісі бойынша пікір алмасу.

Серік пен Берік- жанармай құятын бекеттердің иелері. Екі бекетте қаланаң шетінде тас жолдың жанында орналасқан. Қазір олар жанармайды бірдей бағамен сатады. Бұл қалада басқа жанар май құю орындары жоқ. Оқулықта берілген 1), 2), 3) сұрақтарына жауап береді.Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі, бірақ пікір бағаланбайды.

Шығармашылық тапсырма.

1.Кәсіпкерлік қызметтің қай түрімен айналысатын едіңіздер?

2. Өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалтингтік қызмет түрлеріне мысалдар келтіріңдер.


Сабақтың соңы. Кері байланыс

(10 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады.

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлекция

3 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қортынды бағалау

5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.





ОІМ: Р.Оразбақов.

1-Бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Исахова.

Күні:24.09.2019ж.

Мектеп:№62.Н.Шойбеков.

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпкерлік Көзқарас: бастамшылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.2. Кәсіпкерлік және мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады

10.1.3.3. Кәсіпкер біліктілігі ретінде идяның қалыптасуының маңызын бағалайды

10.1.3.4. Бизнес-идеяны қалыптастыру құралдарын қолданады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Кәсіпкерлікті өзін-өзі таныту мен жеке ынталандырудың формасы ретінде түсінуіне

  • Идея қалыптастырудың маңызын кәсіпкерліктің құзіреттілігі ретінде бағалай алуына

  • Идея матрицаларын қалыптастыру құралдарын қолдануға

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейліе нәтиже)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы кәсіпкерлікті өзін-өзі таныту мен жеке ынталандырудың формасы ретінде түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі:

Идея қалыптастырудың маңызын кәсіпкерліктің құзіреттілігі ретінде бағалай алады. Оқушылар алған білімін тереңдетеді.(конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Идея матрицаларын қалыптастыру құралдарын қолдана алады. Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі. (өнімді деңгей) Тақырыаты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық алақан», «Жұптас-бөліс», «Сұрақтарға жылдам жауап беру», «Джигсо», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, слайдтар, маркерлер,«Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақ бойынша, кәсіпкерлік қызмет түрлерінің арасындағы айырмашылықты естеріңізге түсіріңіздер

Сабақтың басы (5 минут)

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» трегингін ұйымдастырады. ( оқушылар өздерінің алақандарын бір-біріне жақын ұстап, мейірімді сөздер айтады, мысалы, «сен әдемісің, ақылдысың» және т.б.)

2.Сыныпты топқа бөлу

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Жұптас-бөліс» әдісі қолданылады

Төмендегі сұрақ талданады: Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің арасындағы айырмашылықты естеріңізге түсіріңіздер

Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім сабақтың тақырыбын анықтайды. Олар сабақтың мақсаты мен міндеттерін болжайды

Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут)

4. «Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы

«Сұрақтарға жылдам жауап беру» әдісін пайдаланып, сұақтардың толық жауаптарын дайындаңыздар (жұптық жұмыс)

  1. Кәсіпкерлер дегеніміз кім?

  2. Кәсіпкерлік идея қандай факторларға негізделуі керек?

  3. Сұраныс дегеніміз не?

  4. Технология дегеніміз не?

  5. Идеялар матрицасының мәні неде?

  6. «А нүктесі» дегеніміз не?

  7. «В нүктесі» дегеніміз не?

  8. «А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы аралық нені білдіреді?

Бір-бірін толықтыра отырып, жұптар өз кезегінде жауаптарын береді.Олар мұғаліммен негізгі идеяларды талқылайды, оларды дәптерлеріне жазады.

5.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс). Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады, сұрақтарды талқылап, жауап беру керектігін айтады

1-топ:

1. Кәсіпкердің жалдамалы жұмысшыдан айырмашылығы неде?

2.Кеңес берушілер жас кәсіпкерлерге қабылдаған ақпараттың дұрыстығын анықтаудың қандай әдісін ұсынады?

2-топ:

1. Қай жағдайда түйіндемелерді қарау мен сұхбаттасуға шақыру саны артуы мүмкін?

2.Қандай жағдайда түйіндемені қарастыру және сұхбаттасуға шақыру санының көрсеткіші төмен болуы мүмкін?

3.Кәсіпкерлікте сұраныс және тахнологиялық факторлар қалай қолданылады?

3-топ:

1. Қандай жағдайда маман жалдауға немесе серіктестік қабылдауға болады?

2.Қанша уақытқа дейін және қанша мерзім бойы кәсіпкерліктің қаржылық қауіпсіздіктегі берік тірегі болуы керек

3.Идеялар матрицасын пайдалану үшін қандай білім қажет?

«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді.Мұғалім әрбір тапсырма бойынша нұсқаулар береді, топта жасалған жұмыстың барысын тексереді. Топ оқушыларының негізгі міндеті- тапсырмаларға жауап беру және бір ортақ презентация дайындап, оны сынып алдында қорғау. Оқулықтарды пайдалану рұқсат етіледі. Басқа топтағы оқушылар жауаптарын толықтырады.

Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

«Талдап, салыстырайық» дағдысы. Мұғалім: тақырыптың мазмұнына талдау жасап, өз жауаптарыңызды дәлелдеңіздер (жұптасып пікір алмасу)

  1. Кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылардың айырмашылықтарын анықтаңыздар

  2. «А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар.

  3. Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

«Дәптерге орындайық» дағдысы. Оқушылар алған білімдері негізінде дәптерлеріне «Кәсіпкерлік көзқарас» тақырыбы бойынша кластер қорғайды.

« Қолданып көрейік» дағдысы. Қызметтің сипаттамасына сәйкес «+» немесе «-» белгілерімен кестені толтырыңыздар.




Қызмет

Сұраныс

Технология

1

Сіз аймағыңызда бірде-бір шаштараздың жоқтығын, көршілеріңіздің шашиарын алдыру үшін үнемі алысқа, қаланың басқа жағына баруға тиіс екендіктеріне шағымданып жүргенін білесіз. Бірақ сіз бұл бизнестің не екенін қалай жұмыс істейтінін білмейсіз, себебі сіз шаштараз емессіз, мысалы, сантехниксіз.

+

-

2

Сізде тоңазытқыштарды жобалау және оны жинақтау дағдылары бар, бірақ солтүстік полюсте өмір сүресіз. Мұнда жыл бойы суық, оның үстіне ғылыми экспедициялар мен ақ аюларды санамағанда, онда ешкім өмір сүрмейді

-

+

3

Сіз ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдарын білесіз, алайда ол ауданда біде-бір тіл үйрету орталығы жоқ.

+

+

4

Сіз ыстық аймақта өмір сүресіз, «құлақшындар» тіккіңіз келеді, сонымен қатар сізде өндірістік дағдылар жоқ.

-

-


«Ой бөлісейік» дағдысы. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісін пайдаланып, пікір алмасыңыздар.

1.Сұраныс пен технология қызметтерін сипаттайтын екі мысал келтіріңіздер.

2. «А нүктесі» мен «В нүктесі» сипаттайтын бір қызметке мысал келтіріңіздер

Шығармашылық тапсырма

1)Бизнес құру идеясын жазыңыз (алдын ала ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығына жатпайтын шағын бизнеске арналған әлеуетті идеялар тізімімен танысыңыз)

2)Бизнес құру туралы идеяңызды мына параметрлер бойынша талдаңыз: сұраныс, нарыққа кіру мүмкіндігі, бәсеке, баға деңгейі, сұраныс тұрақтылығы, әлеуетті тұтынушылар

3)Кәсіпкерлік идеяны бағалананда мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Неліктен сіздің өніміңіз тұтынушыларыңызды қызықтырады?

2. Нақты кімдер сізге «тұтынушы» бола алады?

3. Сіздің тауарларыңызды тұтынушыларға жеткізушілерді қайдан іздейсіз?

4. Тұтынушылар сіздің тауарларыңыз туралы қайдан біледі?

Сабақтың соңы.

5 мин.

Кері байланыс (3 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.

Рефлекция

5 мин.

(Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз




ОІМ: Р.Оразбақов.

1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Мектеп:№62.Н.Шойбеков.

Күні:02.10.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Исахова.

Сынып: 10.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өндіріс процесіне қатысатын ресурстар

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;

10.1.4.2 Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді.

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

- Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісне қажетті ресурстар мен факторларды білуіне;

- Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінуіне.

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушылар нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделі үдерісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Джигсо», «Құндылықтар спектрі», «Жеті сұрақ», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

1.Экономикалық өсу дегеніміз не? 2.Ресурс дегеніміз не?

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі ..... » тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-бірінің жақсы жақтарын айтады

2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Мұғалімнің сөзі: Балала,бүгінгі сабақ «Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар»тақырыбын зерттеуге арналады.Алдымен, есімізге түсірейік: 1. Экономикалық өсу дегеніміз не?2.Ресурс дегеніміз не?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

10 минут

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім оқушыларға карточка арқылы сұрақтар таратады.Оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)

Сұрақтар:

1.Өндіріс ресурстары дегеніміз не?

2.Экономикалық теорияның ресурстары қандай топтарға бөлінеді?

3.Өндіріс факторлары дегеніміз не?

4.Өндіріс факторлары қандай топтарға бөлінеді?

5.Қандай топтар екі жағдайда да аса маңызға ие болады?

2)Оқушылар бірінен соң бірі сұрақтарға жауап береді,оқушымен бірге негізгі идеяларды талқылайды,оны дәптерлеріне жазады.

2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы.(топтық жұмыс). «Раунд робин» әдісі қолданылады.Сынып екі топқа бөлінеді.Әр топ өз міндеттері мен пікірін,идеясын бір-біріне айтып,талқылайды.

1.Неліктен өндірістің басқа факторларының арасында кәсіпкерлік бірегей мағынаға ие?

2.Неліктен өндірістің экономикалық ресурстары өндіріс факторларына қарағанда кең мағынаға ие?

3.Неліктен ақпараттық ресурстар туралы толық ақпаратқа ие болу табысқа жетуге кепілдік бермейді?

топтар кезекпен сұрақтарға жауап бередң.Мұғалім олардың ойын дамуға көмектеседі.Бір идеяны толығымен қарастырмайынша,әр түрлі сұрақтар қойылады.

Сергіту сәті

2 минут

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

«Талдап,салыстырайықшы» дағдысы

1.Өндіріс ресурстары мен факторларының арасындағы айырмашылығы неде?

2.Өндіріс ресурстары мен факторларының арасындағы ұқсастығын табыңыздар.

«Дәптерге орындайық» дағдысы

өндіріс факторлары мен ресурстар тобын сызықтарымен байланыстырыңыздар және әр тізбектің өзара байланысын анықтаңыздар.


Ресурстар

Факторлар

табиғат ресурстары

материалдық ресурстар

еңбек ресурстары

қаржы ресурстары

ақпараттық ресурстар

Кәсіпкерлік қабілеті

Ақпарат

Жер

Еңбек

Капитал


5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Өндіріс факторларының практикалық мысалдарын келтіріңіздер

Мысалы:Жер.Тимурда 30 гектар жайылым бар,ол қой шаруашылығы үшін пайдаланады.

  • Жер; Кәсіпкерлік қабілеті;

  • Еңбек; Ақпарат.

  • Капитал;

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Сіздер

Сабақтың соңы.

Кері байланыс

3 минут

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды.Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту»талаптарына сәйкес,оқу-шылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша,келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігін меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады.Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлекция

5 минут

(Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

10 минут

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз




ОІМ: Р.Оразбақов.

1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Мектеп:№62.Н.Шойбеков.

Күні:15.10.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Исахова.

Сынып: 10.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нарықтық қызмет ету механизмі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 Сұраныс пен ұсыныс таңдарын түсінеді;

10.1.5.2 Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі.


Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

- Сұраныс пен ұсыныс таңдарын түсінуіне;

-Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды білеуіне.

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушылар нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі;Негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделі үдерісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді(конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:сұраныс пен ұсыныс-спрос и предложение-demandandsupply; экзогендік сұраныс-экзогенный спрос-exogenousdemand, экзогендік сұраныс-экзогенный спрос-exogenousdemand.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Джигсо», «Құндылықтар спектрі», «Жеті сұрақ», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

1. Сұраныс қандай көрсеткіштерден құралалы?

2.Сұраныстың бағалық емес детеминаттарын атаңыздар

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі ..... » тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-бірінің жақсы жақтарын айтады

2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінгі сабақ «Нарықтық тепе-теңдік» тақырыбын зерттеуге арналады. Алдымен, есімізге түсірейік: 1.Ақша дегеніміз не?

2.Сауда дегеніміз не?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

10 минут

Мұғалімнің сөзі: Балалар,сіздер топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп,тал-қылап,оны іс жүзінде бекітесіздер.Сабақ өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әрекет-тері арқылы сіздердің алған нәтижелеріңді бағалаумен аяқталады.Сабақ соңында,қа-лауларыңызға қарай,шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік аласыздар.

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім тақтадағы сұрақтарды көрсетеді және оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)

Сұрақтар:

1.Сұраныс заңы дегеніміз не?

2.Ұсыныс заңы дегеніміз не?

3.Экзогенді сұраныс дегеніміз не?

4.Эндогенді сұраныс дегеніміз не?

5.Сұраныстың бағалық емес детерминанттары дегеніміз не?

6.Сұранысқа ықпал ететін бағалық емес факторларына не жатады?

7.Ұсыныстың бағалық емес факторына не жатады?

2)Оқушылар бірінен соң бірі сұрақтарға жауап береді,оқытушымен бірге негізгі идеяларын талқылайды,оны дәптеріне жазады.

2.«Ойланып, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс).«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырмаларды талдайды,бір-біріне түсіндіреді.

1.Сұраныс заңының табиғатын түсіндіріңіздер№

2.Неліктен тауар бағасының өсуіне қарай ұсыныс шамасы(көлемі) арта түседі?

3.Неліктен салауатты өмір салты туралы жарнамалық науқан спорттық тренажерлар-мен табиғи өнімге деген сұранысты арттырады?

4.Неліктен толықтырушы мен алмастырушы тауарлардың бағасының өзгеруі негізгі тауардың нарықтағы сұранысына айтарлықтай әсер етеді?

5..Неліктен тұтынушылардың экономикалық үміттері бағаның өзгеруінебайланысты болуы мүмкін?

3.«Талдап, салыстырайық» дағдысы.

Экзогенді және эндогенді сұраныстың айырмашылықтарын сипаттаңдар.

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Кестені толтырыңыздар


Сұранысқа әсер ететін факторлар

Ұсынысқа әсер ететін факторлар

Мысалы:Жарнаманы пайдалану

Мысалы:Алмастырғыш тауарлардың болуы







  • Басқа тауарларға (әсіресе,тауар-алмастырғыштарға немесе өзара толықтыратын тауарларға)бағалардың өзгеруі;

  • Болашақ экономикалық болжамдар;

  • Қоғам көзқарасының өзгеруі;

  • Тауарлардың қолжетімділігі;

Сергіту сәті

2 минут

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Икемділік түрлері бойынша практикалық мысалдар келтіріңіздер

Икемділік түрлері:

Мысалы: сұраныс бағасы бойынша икемділік. Конькидің 15-ке қымбаттауы кезінде сұраныс көлемі 20-ке төмендейді

  • Табыс бойынша сұраныстың икемділігі

  • Баға бойынша сұраныстың икемділігі

  • Баға бойынша сұраныстың айқас икемділігі

  • Сұраныстың нүктелік икемділігі

  • Сұраныстың доғалы икемділігі

  • Баға мен жалақы арақатынасының икемділігі

  • Техникалық алмастыру икемділігі

  • Түзу сызықтың икемділігі