Файл: 1 блім. Экономикалы былыс ретіндегі ксіпкерлік Мектеп Мыр орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 134

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісі қолданылады. (топтық жұмыс)

Өмірде нарықтық тепе-теңдік не үшін қажет?

Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы неге әкелуі мүмкін? Үш мысал келтіріңіздер.

Мысалы: кеден-баждарының артуы импорттық тауардың ұсынысының азаюын, ал халық табысының өсуі- оларға сұраныстың бір мезгілде ұлғаюын туындатуы мүмкін





Сабақтың тақырыбы

Бизнес неден басталады?

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.1. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлікті талдайды; 10.2.1.2. Заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторын біледі

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлікті талдауына;

  • Заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторын білуіне

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлікті талдайды (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторын біледі (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология: кәсіпкерлік- предпринимательство- entrepreneurship, экономикалық құбылыс- экономическое явление-economic phenomenon , даму факторлары- факторы развития- development factors

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

  1. Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не?

  2. Сұраныс икемділігі дегеніміз не?

Сабақтың басы

( 5 мин)

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.

2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».

4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.

Мұғалімнің сөзі: Біздің екінші бөлімдегі бірінші сабақ –«Бизнес неден басталады?» тақырыбынан басталады.Ол үшін нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не? Сұраныс икемділігі дегеніміз не? Сұрақтарына жауап іздеп көрейік. Практикалық мысалдар келтіріңіздер, кім біледі?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

(10 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім тақтадағы сұрақтарды көрсетеді және оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)

Сұрақтар:

1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2. Кәсіпкерлік функциялары мен принциптерінің мәні неде?

3. Кәсіпкерлік қызметтің шарттары қандай?

4. Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы қандай?

5. Кәсіпкерлік құбылыс және процесс ретінде қалай сипатталады?

6. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі қандай?

7. Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2.«Ойланып, талқылайық» дағдысы: Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады және «Сұрақтарды талқылап, жауап беріңіздер» - дейді

  1. Не себепті ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функциясы болып табылады?

  2. Неліктен кәсіпкерлерге шығармашылық- іздену, инновациялық функциялар тән.

3.«Талдап салыстырайық» дағдысы

  1. Кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі факторлары арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар.

  2. Кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі факторлары арасындағы ұқсастықты табыңыздар.

  3. Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Кестені кәсіпкерлікті дамытудың факторларын жазып, толтырыңыздар.


Кәсіпкерлікті дамытудың факторлары

Ішкі

Сыртқы

Меншік қатынастарының дамуы. Меншік құқығын анықтаудың дәлдігі, меншік нысандарының дамуы, ішкі ұйымдастыру ерекшеліктері, саяси

Технологиялық, экономикалық, институционалдық , құқықтық, табиғи-демографиялық, әлеуметтік-мәдени, иерархиялық құрылымның ерекшеліктері, ұйымды басқару нысаны мен сипаты



Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Кәсіпкерлік процестің тірек-сызбасын сызыңыздар. Бір бағытты таңдап, өз компанияңыздың үлгісінде толтырыңыздар.

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу.

1.Кәсіпкерлік факторларын түсіну не үшін қажет?

2.Сыртқы факторларды түсіну өмірлік жағдайда қандай жетістікке әкеледі?

Сабақтың соңы.

10 мин.

Кері байланыс

(5 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.

Рефлекция

3 мин.

(Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

  2. Бүгін оқушылар не білді?

  3. Сыныптағы ахуал қандай болды?

  4. Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

  5. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

  6. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

5 мин.

  1. Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  3. Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз



ОІМ: Р.Оразбақов.

2 бөлім. Заманауи жағдайдағы кәсіпкерлік

Мектеп:№62.Н.Шойбеков.

Күні:06-12-13.11.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Исахова.

Сынып: 10

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2.2. Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық- құқықтық формалары

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.1. Кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі;

10.2.2.2. Мемлекет экономикасындағы, соның ішіндегі Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді;

10.2.2.3. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

- Кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата білуіне

- Мемлекет экономикасындағы, соның ішіндегі Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінуіне

- Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата білуіне

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі мемлекет экономикасындағы, соның ішіндегі Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді; (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терменология: Әйелдер мен жастар кәсіпкерлігі- женское и молодежное предпринимательство-female youth entepreneurship, әлеуметтік кәсіпкерлік-социальное предпринимательство-social entepreneurship, шағын, орта және ірі бизнес- малый, средний и крупный бизнес- small medium and large business

Құндылықтарға баулу

Сыни тұрғыдан ойлау. Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Джигсо», «Құндылықтар спектрі», «Жеті сұрақ», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

-Кәсіпкерлік дегеніміз не?

- Кәсіпкерлік функциялары мен принциптерінің мәні неде?

Сабақтың басы

( 5 мин)

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі» тренингін ұйымдастырады.

2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Қолайлы психологиялық ахуалды құру үшін оқушыларды «Досыңды сезін» ойынына шақырады. Оқушылар шеңберде тұр. Мұғалім әр ойыншыға кезек-кезек оның ой-сезімін білдіретін іс-қыймылдар жасауын сұрайды. Қалған оқушылар олардың көрсеткен қыймылдарын қайталап, не сезінгенін айтады

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өткен сабақтан қайталау сұрағы қойылады: Бизнес неден басталады?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды

Сабақтың ортасы - тақырыпты өз бетімен меңгеру

(10 минут)

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. «Шешен» әдісі бойынша бетпе-бет сауалнама

Сұрақтар:

  1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қандай кәсіпорындар кіреді?

  2. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне кімдер кіреді?

  3. Кәсіпкерлердің бизнесмендер санатына өтуіне қандай факторлар әсер етеді?

  4. Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлері бар?

  5. Жеке кәсіпорындардың қандай түрлері бар?

  6. Жеке кәсіпкердің қандай құқықтары бар?

  7. ЖК-нің кемшіліктері қандай?

  8. Қандай жағдайда ЖК өзіне тиісілі мүлікпен міндеттемелері бойынша жауап беруге тиіс?

  9. ЖК қандай әдіспен қарыздарын төлейді?

  10. «Серіктестік» термині нені білдіреді?

  11. Шешім қабылдау үдерістерінің серіктестіктердегі ерекшеліктері неде?

  12. Толық жауапкершілікті серіктестік дегеніміз не?

  13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз не?

  14. Акционерлік қоғам дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2.«Ойланып, талқылайық дағдысы»: Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады және оқушылардан сұрақтарды талқылап, жауап беруін сұрайды.

1-топ: 1. Бизнесмен не себепті өз бизнесін дамыту және кеңейту үшін еңбек етуі керек?

2.Өнімдердің жетіспеушілігі неге байланысты туындауы мүмкін?

2-топ: 1. Неліктен кәсіпкерге қосымша қызметкерлерді жалдауға тура келеді?

2.Кәсіпкердің қорқынышы қай кезде нақты қауіп-қатерге айналуы мүмкін?

3.Неліктен кәсіпкерлер үнемі өз өнімдерін алға жылжытып, жарнама жасап отыруы керек?

3-топ: 1. Кәсіпкер бизнесмен болғанда не себепті тауар өндіруін тоқтатады?

2.Неліктен фирма құру әрқашан тәуекелмен байланысты?

3. «Талдап, салыстырыйық» дағдысы. «Құндылықтар спектрі» әдісін қолданып, тапсырмаларды орындаңыздар.

1. Кәсіпкерлер мен ШОБ өкілдерінің арасында қандай айырмашылықтар бар?

2. ЖК мен ЖШС арасындағы айырмашылықтарды табыңыздар

3. ЖК мен ЖШС арасындағы ұқсастық неде?

4.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

Оқушылар өз идеяларын талқылауды алдымен топта бастайды, талдау жасайды. Осылай кейін екінші топ өз пікірін білдіреді. Үшінші топ дұрыс деп санайтын топтың жағына шығады.

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы

Кестеге тиісті кәсіпкерліктің түрін жазып, өз мысалдарыңызбен толықтырыңыздар.




Қызмет

Кәсіпкерліктің түрі

1

Мейрам жалғыз жұмыс істейді. Ол кәсіпкерлік ашуды жоспарлайды

ЖК

2

Ермек пен Айбек тұшпара өндіру цехын ашты

ЖШС

3

Асхат жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша компания ашып, акцияларды сату арқылы инвестиция тартқысы келді

АҚ



2.Кәсіпкерлік қызметтің үш экономикалық және үш әлеуметтік тиімділігін жазыңдар.




Экономикалық тиімділік

Әлеуметтік тиімділік

1

Кез келген тұтынушылық талғамды қанағаттандыра алатын жаңа өнімдерді жасау

Жаңа жұмыс орнын құру

2

Инвестицияларды жандандыру

Ішкі әлеуметтік бағдарламаларды бастау

3

Кәсіпкерлік бастаманы жандандыра алатын орта тапты қалыптастыру

Әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын әзірлеу





Рефлекция

3 мин.