ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 148
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6 | Себу, минерал- дық тыңайтқыш- тарды қоса | Себу кешендері: «Morris Concept-2000» «FIexicoil» «John Deer-1895» «Horsch-Агро- Союз» | Асбұршақ – 20-27мамыр, ноқат-15-20 мамыр. | Тыңайтқыш сіңіру- 10кг. N, 20кг Р2О5. Себу тереңдігі 6-8см., ауыр топырақтарда 4-5см. Себу мөлшері:асбұршақ- 0,9-1,1 млн.өңгіш тұқым 1га; ноқат-0,4-0,5млн.(кең- қатарлы). 0,7-0,8 млн. өңгіш тұқым1 га.(қатарлап себу). |
Егістіктерді баптап-күту | ||||
7 | Көктемей тұрып тырмалау | БЗСС-1,0 | Сепкеннен кейін 4-5 күн аралығында. | Агрегаттың қозғалу жыл- дамдылығы 6-8 км/с. |
8 | Егістіктер көктеген кезде тырмалау | БЗСС-1,0 | 3-5 жапырақ кезеңінде | Агрегаттың қозғалу жыл- дамдылығы 5 км/с, себу бағытына көлденең немесе көлбеу бағытта. |
9 | Қатараралық өңдеу(ноқатты кеңқатарлы сеп- кенде 2 рет). | КРН-4,2 | 3-6 жапырақ кезеңінде | Тереңдігі 6-8см, қорғаыш аймағы 10-12см.Екінші өңдеу, тереңдігі 8-10см. |
10 | Егісті,түйнектік -бізтұмсық қоңыз дарға қарсы өңдеу | «John Deer-4720» «FIexicoil» 67. | Көктеу кезеңінде. | Каратэ 5% к.э. -0,2 л/га. |
11 | Егісті, битке, ас- бұршақтық дән- екке қарсы өңдеу | «John Deer-4720» «FIexicoil» 67. | Бүрлену кезеңінде. | Децис 2,5% к.э. -0,2 л/га. |
Егінді жинау | ||||
12 | Тікелей ору (ноқатты) | «John Deer» Мега 350/360, Медион 310-330 | Толық піскенде, дәннің ылғалды- лығы 14-16%. | Ору биіктігі 4-6 см. |
| Дестеге жығу | СК-5+ЖРБ-4,2 | Бұршаққындар қоңырлана бастағанда | Ору биіктігі 5-6 см. |
| Дестелерді жинап, астықты бастыру | Мега 350/360, Медион 310-330 «John Deer» | Дәннің ылғалды- лығы 14-16% болғанда. | Агрегаттың қозғалу жыл- дамдылығы 5 км/с. Барабанның айналымы 400-500 а/мин. дейін. |
Бақылау сұрақтары
Асбұршақ
1. Асбұршақ тұқымының химиялық құрамы.
2. Асбұршақтың агротехникалық маңызы.
3. Өну және көктің пайда болуы.
4. Солтүстік Қазақстанда асбұршақ өсіретін негізгі аймақтар.
5. Асбұршақтың жарыққа, ылғалға, жылуға, топыраққа сұранысы.
6. Асбұршақтың тамыр жүйесінің құрылысы. Тамырларда түйнектердің өсуі,
олардың міндеті.
7. Асбұршақтың жапырақтары мен сабақтарының құрылысы.
8. Асбұршақтың түрлері, топтары, топшалары.
9. Асбұршақ тұқымының бөрту және өсуі үшін қанша ылғал керек.
10. Асбұршақтың топыраққа және топырақ ортасының әсерлігіне талабы.
11. Асбұршақтың гүлдеуі және жеміс құрастыруының ерекшеліктері.
12. Өсімдік және жыныстық мүшелердің пайда болуы үшін керекті температура.
13. Асбұршақтың ылғалға қатысты сындық мезгілі.
14. Асбұршақ үшін көң төгу керек пе?
15. Қарқынды технологиядағы сорттқа қоятын талаптар.
16. Солтүстік Қазақстанда зерттеуге жіберілген асбұршақ тұқымдары.
17. Асбұршақты қарқынды технологияда өсірудің жағдайы.
18. Асбұршақтың ауыспалы егістіктегі алатын орны.
19. Асбұршақты ауыспалы егістікте неше жылдан кейін қайта себуге болады?
20. Неге асбұршақ егістерін орналастырғанда, басқа көпжылдық бұршақ
шөптерінен, арақашықтықты сақтауымыз керек.
21. Топырақты күздік өңдеу.
22. Жел эрозиясына бейімді аймақтарда, топырақтарды өңдеу ерекшеліктері.
23. Егіс алдындағы топырақты дайындау жүйесі. Ол неге байланысты?
24. Асбұршақ тұқымдарын дәрәлеу қашан жүргізіледі? Қандай препараттармен?
25. Тұқымдарды биопрепараттармен өңдеу.
26. Тұқымдарды микроэлементтермен өңдеу.
27. Себу мерзіміне дәлелдеме беріңіз.
28. Егіс алдындағы топырақты дайындаумен, себудің арақашықтығы неге көп
болмауы керек.
29. Асбұршақтың себу мөлшері, ол неге байланысты болады.
30. Асбұршақтың себу мөлшерін есептеңіз, егер 1га-ға 1млн. өңгіш тұқым себілсе,
1000 дәннің массасы 250г., тазалығы 99%, өңгіштігі 95%.
31. Тұқымды себу тереңдігіне. Анықтама беріңіз.
32. Асбұршақ егістігінде арамшөптерман күресудің агротехникалық әдістері.
33. Асбұршақ егістігін тырмалау.
34. Асбұршақ егістігінде арамшөптерді жоятын топырақтық гербицидтер.
35. Асбұршақ егістігін эиянкестерден сақтау.
36. Асбұршақты жинауда қолданатын негізгі әдістер. Анықтама беріңіз.
37. Асбұршақты қандай кезеңінде дестеге жығуға болады?
38. Тұқымның қандай ылғалдығында дестелерді бастыруға болады. Бастыру режімі.
Әдебиеттер
1. Голубева Г.С. Пути увеличения производства зернобобовых культур.М.:
ВНИИТЭНагропром, 1987,40с.
2. Бенц В.А. Горох. А-Ата, 1976.
3. Макашева Р.Х. Горох. Колос, 1973.
4. Формирование урожая основных сельскохозяйственных культур. М.: Колос,
1984, 367с.
5. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывния
гороха. М.: Агропромиздат, 1982, 49с.
Ноқат
1. Республикамызда ноқаттың ауылшаруашылық маңызы.
2. Дақылдың тарихы.
3. Ноқат тұқымының химиялық құрамы.
4. Республикамызда ноқатты өсіретін негізгі аймақтар.
5. Ноқаттың жапырақтары мен сабақтарының құрылысы.
6. Ноқаттың жылылыққа әсерлілігі.
7. Ноқаттың ылғалға, топыраққа сұранысы
8. Гүлдену және жемістену кезеңіндегі дерлік температура.
9. Ноқаттың ылғалға қатысты сындық мезгілі.
10. Солтүстік Қазақстанда зерттеуге жіберілген ноқаттың тұқымдары.
11. Ноқат үшін алғыегіс.
12. Егіс алдындағы топырақты дайындау.
13. Топырақтық гербицидтерді қолдану.
14. Тұқымды себуге дайындау.
15. Себу мерзімі. Оны қалай анықтаймыз.
16. Ноқат үшін көң төгу керек пе?
17. Ноқаттың тыңайтқыштар жүйесі.
18. Ноқат еістігін баптау, арамшөптермен, зиянкестермен күресу.
19. Ноқатты жинаудағы негізгі әдіс. Анықтама беріңіз.
20. Ноқатты бөлектеп жинау, қандай жағдайларда тиімді?
21. Ноқатты себу мөлшері, ол неге байланысты.
22. Ноқаттың салмақтық себу мөлшерін есептеңіз, егер 1га-ға 0,58млн. өңгіш тұқым
себілсе, 1000 дәннің массасы 260г, тазалығы 99%, өңгіштігі 97% болса.
Әдебиеттер
1. Орлов В.П. и др. Зернобобовые культуры в интенсивном земледелии. М.: 1986.
2. Черноголовкин В.П. Зернобобовые культуры и бобовые травы в Казахстане.
А-Ата, 1960.
3. Журнал: «Зерновые культуры», «Вестник сельскохозяйственной науки
Казахстана».
3. ТҮЙНЕК ЖЕМІСТЕР
3.1 Картоп
Картоп - өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен
кеңінен және әр түрлі тағамға пайдаланылатын азық-түліктік зат.
Картоп – спирттік, крахмал-сірнелік, декстриндік, глюкозалық, каучуктік және басқа да көптеген өндірістерде пайдаланылатын бағалы шикізат.
Картоп крахмалы азықтық, тоқымалық, қатырма қағаздық, сіріңкелік және басқа
да салаларда кеңінен қолданылады. Картоптың Солтүстік Қазақстандағы басты маң- ызы – азықтық дақыл. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жан-жануарлар үшін де
таптырмайтын бағалы азық.
Солтүстік Қазақстанда соңғы жылдары картоптың өнімділігі суармағанда 140-180 ц/га, ал суармалы танаптарда 250-300 ц/га-ның деңгейінде.
Картоптың қоректік, ылғалдылық, және ауалық режімдерге қоятын талаптары, бұл дақылдың алғы егістікке сұранысына сәйкес келеді. Далалық ауыспалы егістегі
жақсы алғы егістер:көпжылдық шөптердің өңделген жерлер қыртыстары, тыңайтыл-
ған күздік және дәнді бұршақ дақылдары, қант қызылшасы, майлы зығыр. Көкөніс-
тік ауыспалы егістікте: тамыржемістілер, қырыққабат, қияр. Картоп отырғызу үшін,
топырақты өңдеу күзде басталады, егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату
мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармен (ЛДГ-15, ЛДГ-20 т.б. немесе мала-
мен (БИГ-3) өңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Содан кейін сүдігер жырту, тереңдігі 25-30см жүргізіледі, сол кез-
де шашылған шіріген көң (30-40т/га) де топыраққа еңгізіледі. Фосфорлық және кал-
ийлік тыңайтқыштар да күзде (жартылай мөлшері) еңгізіледі, ал қалқан бөлігі көк-
темде төңіректене жалдарды дайындағанда сіңіріледі. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде еңгізген дұрыс.
Алдын –ала тілінетін қырқалар (жалдар) күзде қазан айының бірінші жартысын-
да немесе көктемде, отырғызудан 1-2 күн бұрын, кейде отырғызу кезінде бірге тілі- неді. Қырқаларды тілуге сыдыра қопсытқыштарды КОН-2,8, КРН-4,2, КГФ-2,8-ды
пайдаланады.
Солтүстік Қазақстанда картопты отырғызуға пайдалау үшін жорамалданған со- рттары отырғызылады.
Картоп сорттары:
Весна – ССРО ғылым академиясының генетика институтының Опорный пунк-
тісінде шығарылған. Ерте пісетін асханалық бағыттағы сорт, жоғары өнімді, қар-
қынды түріне жатады. Раққа төзімді, саңырауқұлақ және вирус ауруларымен нашар
залалданады. Түйнектері ашық-қызғылт түсті, төбесі доғаланып бітітін ұзынша со-
пақ формалы, көзшелері ұсақ және ашық-қызғылт түсті, жұмсағы ақ.
Приекульский раний – Приекуль селекциялық тәжірибе станциясында шығар-
ылған. Өте ерте пісетін, рак ауруына төзімді, жоғары өнімді сорт. Ерте және ортадан
ерте пісетін сорттар өнімін салыстырғанда стандарт болып табылады. Дәмдік сапа-
сы жақсы, крахмалдылығы орташа (13-15%), сақталуы қанағаттанарлық. Аймақта
фитофтора және тазбен әлсіз, ал вирус ауруымен қатты залалданады. Түйнектері ақ,
формасы дөңгелек, көзшелері таяз. Қабығы тегіс, жұмсағы ақ. Өркендері қызғылт-
күлгін түсті.