Файл: Х. Доспанова атындаы 30 жалпы орта білім беретін мектебі Трбие сааты таырыбы Алыс айту парызым Дайындаан Молдашева А. М. Сынып жетекші Какимгалиева Л. Т. Орал, 2022.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 85
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультетінің
Қазақ филологиясы кафедрасы
Тәрбие сағаттар мен сыныптан тыс іс – шаралар жоспары
Орал, 2022
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Алғыс айту парызым»
Дайындаған: Молдашева А.М.
Сынып жетекші: Какимгалиева Л.Т.
Орал, 2022
Тәрбие сағат тақырыбы: «Алғыс айту-парызым!».
Мақсаты:
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңйту, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда адамгершілік, кішіпейілділік, ізеттілік қасиеттерін одан әрі жетілдіру;
Міндеттері:
1. Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнеіліктері:слайдтар көрсету, суреттер, видеоматериал, мақал-мәтелдер
Өту барысы:
I. Өмірге риза болып, алғыс айт.
- Қайырлы күн, балалар!
- Көңіл күйлеріңіз қалай!
- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!
-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.
- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.
- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.
Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.
- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.
Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.
Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".
-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.
II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!
- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...
Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!
- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.
- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.
Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.
- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?
- Осы шаңырақта кімдер тұрады?
- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.
Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!
-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?
Атам-ақыл бағбаным, Ағам-қамқор,асқарым,
Әжем-асыл ардағым. Інім-мөлдір аспаным.
Әкем- өмір тірегім, Қарындасым-қанатым
Анам-күнім,жүрегім. Биіктерге қонатын!
Постер құрау «Алғыс айтамын сізге»
Ал енді балалар қазір біз шағын шығарма жазамыз «Алғысым шексіз»
Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.
(Балалардың ойларын ортаға салу.)
1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.
2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.
3. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.
Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.
III. Бірлігіміз жарасқан -
Таусылмайтын жыр дастан.
- Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?
- Мемлекетіміз қалай аталады?
- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
- Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет..
- Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н. Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!
Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.
Постер құрау «Рахмет айтам»
- Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!
- Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!
- Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!
Құрметті, оқушылар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз.
"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата - аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір - бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер." - С.А. Назарбаева.
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешқашан ешкімнен аямаңдар, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті»
Дайындаған: Молдашева А.М.
Сынып жетекші: Какимгалиева Л.Т.
Орал, 2022
ТАҚЫРЫБЫ: «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті»
Мақсаты: Оқушының «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
-Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үнтаспа, түрлі –түсті қағаздар, суреттер, слайд, ұанатты сөздер
Өту барысы:
Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар! Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.
Абайдың 14 сөзімен таныстыру
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік
жарастық махаббат
шыдамды Мейірімділік шуағы рақымшыл
ынтымақ бауырмалдық
жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық.
«Мейірімділік» өлеңін оқу:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
«Болады-болмайды» тренингі
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).
Мұғалім: -Балалар жаңа өздерің көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы Ана кешірімді
әдепті жақсы жанашыр
«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.