Файл: Х. Доспанова атындаы 30 жалпы орта білім беретін мектебі Трбие сааты таырыбы Алыс айту парызым Дайындаан Молдашева А. М. Сынып жетекші Какимгалиева Л. Т. Орал, 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сергіту сәті: Бас, мойын, қол, аяқ дене мүшелеріне жаттығу жасау.

Мұғалім:

Жақсы бала құлақ сап , айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап , таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық , істемейді шалалық

Тап – таза боп жуынып , алады өзі таранып.

Парыздың бірі – пәк тұтпақ , тазалықпен тәніңді.

Тазалығың тасытар , көңілің мен санаңды.

Денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылымды – гигиена дейді. Әр топ гигиенаға байланысты өз ойларын жинақтап постер қорғау.

Әрі қарай «Кім тапқыр?» ойыны.

                    Ал,балалар ойнайық,

                    Ойнайық та ойлайық.

                    Қандай жұмбақ болса да,

                    Шешпей оны қоймайық!

1 Бес сауысқан,

   Бес сауысқанның басына

   Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)

2 Дымқылдап күнде сен

   Қолыңды сүйкесең

   Кетіп кір,ласың

   Тап-таза боласың

    Бұл не? (Сабын)

3 Шомылған баланы

    Аймалап алады

    Сүртеді қолың да

     Сүртеді жонын да

     Бұл не?  (Сүлгі)

4 Аузы жоқ,көзі жоқ

   Тілі жоқ,сөзі жоқ

   Бірақ та тісі жоқ

   Басыңмен ісі бар

   Бұл не? (Тарақ)

5 Үй ішінде

    Отыз екі батыр,

    Кіргендерді

    Отап,турап жатыр. (Тіс)

6 Кішкене ғана тостаған,

   Жер дүниені бастаған. (Көз)

7 Күмбір-күмбір қарағым,

    Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

8 Жайшылықта жекесің,

   Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)
Қорытынды: Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

 Хормен:    Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!

                   Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!

                   Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!

                   Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Табиғат тал бесігім»

Дайындаған: Молдашева А.М.

Сынып жетекші: Каимгалиева Л.Т.

Орал, 2022

Тақырыбы: «Табиғат тал бесігім»

Мақсаты: Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу;

Міндеттері:

1.Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;


2.Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;

Көрнекілік:слайд, табиғатқа арналған суреттер, қанатты сөздер, сұрақ – жауап.

Өту барысы:

Мұғалім: Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!

Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар...

Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

1-оқушы. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!

Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.



Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

2-оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.

Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

4-оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

• Қарға қарқылдаса -қар жауады.

• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.


• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.

• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.

• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады.

5-оқушы:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.

Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін

«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

Мұғалім:

Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.

Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.

Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.


Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.

Гүлдей бер, Жер-Ана!

Аспаның ашық болсын!

Аспаныңды бұлт торламасын!

Тоғайың аң мен құсқа толсын!

Суың мөлдір, таза болсын!

Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Әке- отбасы тірегі»

Дайындаған: Молдашева А.М.

Сынып жетекші: Каимгалиева Л.Т.

Орал, 2022

Тақырыбы: «Әке – отбасы тірегі»

Мақсаты:

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)

ІІ. Кіріспе.

ІІІ. Әдеби - монтаж.

ІҮ. «Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)

Ү. Әкелерге балаларына байланысты сұрақтар қою.

ҮІ. «Әке мен бала» (көрініс)

ҮІІ. Қорытынды

Мұғалім сөзі: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – асқар тау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отаға-сының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласа-ды. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғам-дағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспен-шілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілеймін.