Файл: Х. Доспанова атындаы 30 жалпы орта білім беретін мектебі Трбие сааты таырыбы Алыс айту парызым Дайындаан Молдашева А. М. Сынып жетекші Какимгалиева Л. Т. Орал, 2022.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Қорытынды: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні»
Дайындаған: Молдашева А.М.
Сынып жетекші: Какимгалиеа Л.Т
Орал, 2022
Тәрбие сағаты: Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы түсінік беру
Міндеттері:
– Наурыз мейрамы туралы түсінік беру;
– Елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, мақал-мәтел, ұлттық бұйымдар, жұмбақтар, ойын түрлері
Өту барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
- Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
ІІ. Әңгімелесу.
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз»-кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!
ІІІ. Тақпақтар.
1-ші бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
2-ші бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Мұғалім: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.
Мұғалім: Көктем-жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем- өте көңілді мезгіл.
1 бала: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
2 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
3 бала: Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
ІV. Жұмбақ
.- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қымыз,шұбат,бауырсақ,құрт,май,қазы қарта,наурыз көже т,б.
V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген.
VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс».
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Ал,балалар,ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
VII. Қорытындылау.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі-бата-тілек білдіру.«Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Осымен, тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық кепілі»
Дайындаған: Молдашева А.М.
Сынып жетекші: Каимгалиева Л.Т.
Орал, 2022
Сабақтың тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Міндеттері:
-Денесін шыңдауға , шымыр да шапшаң , ұқыпты да жинақы , таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
-Дене , жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд , постер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі :
1.Достық шеңбері.
2. Топқа бөліну.
3. Ой қозғау.
4.Топтық жұмыс
5.Қорытынды
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге! Бір – бірімізге жылы лебізімізді білдірейік!
Осы тұста оқушыларды «Суретті таңдау» әдісімен топқа бөлу;
Негізгі бөлім:
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып , еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыз « Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі , көркеюі , сендердің қолдарыңда.Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар , сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңдар , шам үйді жарық қылады , көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсеңдер, көздерің соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын , жан– жағымызға тамаша сәулесін шашатын , өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.
Мұғалім:Балалар, денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуміз керек?
Оқушылар: Шынығып , спортпен дос болып , тазалық сақтауымыз керек.
Мұғалім: Балалар , бүгінгі тәрбие сабағымыздың тақырыбы да « Тазалық – денсаулық кепілі».Мұғалім үш топқа үш плакат береді. Онда жұмбақтар жазылған. Оқушылар жұмбақтарды шешіп, шешуін сурет арқылы көрсетеді.
1-топқа. Шомылған баланы 2-топқа: Ертемен күнде сен
Аймалап алады. Қолыңа сүйкесең.
Сүртеді қолын да, Кетіп кір, ласың,
Сүртеді жонын да. Тап-таза боласың.
3-топқа: Аю, қасқыр тісінен
Ұзын менің тістерім.
Бірақ жыртқыш емеспін,
Шашпен жұмыс істеймін.
Мұғалім: Денсаулық – ол шыныққан , барлық дене мүшесі
Денсаулық – ол тыныққан , жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің , көңіл күйің жадырай
Денсаулық – ол жүруің , ешбір жерің ауырмай.
Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп – өніп , шаң – тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай.Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс. Адамның денсаулығы , еңбекке қабілетті көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы , әсіресе, оның тазалығы белгілі санитарлық – гигиеналық талапқа сай болуы қажет.Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы , күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
Видеоролик: «Тазалық».
Видеороликке байланысты «Сұрақ – жауап» әдісі
-
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет? -
Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек. -
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз? -
Ал тазалықты сақтайтын , жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?