Файл: Х. Доспанова атындаы 30 жалпы орта білім беретін мектебі Трбие сааты таырыбы Алыс айту парызым Дайындаан Молдашева А. М. Сынып жетекші Какимгалиева Л. Т. Орал, 2022.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нұрым:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе сынып оқушысы Нұрсейіт Нұржанатты «Жетім қыз» монологімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
Айнара:_Нұрым,айтшы_біздің_сыныптың_қыздары_ең_әдемілері_емес_пеНұрым'>Айнара:
Нұрым,айтшы біздің сыныптың қыздары ең әдемілері емес пе?
Нұрым:
Әрине, аналарымызға қарап біздің сыныптың ұлдары сымбатты, қыздары көрікті екеніне дау жоқ.Ұлдары сымбатты ғана емес сегіз қырлы бір сырлы.Билерін де байқадық. Тағы бір өнеріміз бар дейді. Ендеше сері жігіттерімізді ортаға шақырайық.
Айнара: Бәрекелді,ұлдар!Әр мейрам сайын бізді таңқалдырудан жалықпайды екенсіңдер.Сыныптың барлық сұлу қыздарының атынан рахметімді айтамын! Қане қыздар , қол соғып алғысымызды білдіріп қояйық.
Нұрым:
Қыздар,қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыздар.
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар,қыздар,сұлу қыздар!
Айнара: Нұрым, ендеше сен тебіренген сұлу қыздарымызды да «Анаға арнау», шын жүректен шыққан өлең шумақтарымен қарсы алайық!
Нұрым:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпғың,-мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Айнара:
Анасыздар – Ақ Еділ,Жайықсыздар,
Жүзе алмайды теңізде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе лайықсыздар.
Нұрым сонымен аналарымызды ортаға алып бір ойын ойнатсақ қайтеді.Ендеше, «Анашым, мейрамыңмен» ойынын ұйымдастырушы Жанарысты ортаға шақырамыз.
Нұрым:
Өр десек те сіздерді –лайықсыздар,
Төр десек те сіздерді-лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді-лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді-лайықсыздар.
Айнара:
Анасыздар,кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңілңнде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Хор: «Анашым»
Нұрым:
Мына өмір бір рет қана беріледі адамға,
Жарық сәуле, нүрын шашса жанарға.
Қуаныңдар,құлшыныңдар тек алға
Ұмытпа бірақ, құрмет көрсетуге анаға.
Айнара:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен шарамыз аяқталды.
Нұрым: Құрметті қонақтар, аяулы аналар мен қыздар «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік жиынымыз аяқталды.Қош,сау болыңыздар!
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» білім мен іскерлік жарысы
Өткізген: Молдашева А.М.
Сынып жетекші: Каимгалиева Л.Т.
Орал, 2022
Сабақтан тыс іс-шара: «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын»
Мақсаты: Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Балаларға ана тілін білудің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дәріптеу. Білімалушылардың тілге деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеуге, өзін құрметтеуге және тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд , суреттер және стикерлер, түрлі-түсті маркерлер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе бөлімі:
Құрметті білімалушылар бүгінгі «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты викториналық сайысқа қош келдініздер! Тіл-халықтың жаны, сәні ( Language is the soul of the nation, Язык- душа народа) адамды мұратқа жеткізетін құрал. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық тіл, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Сондықтан бүгін осы тілдер жайлы айтпақпыз. Ең алдымен сайысымызды басатамай тұрып топтарға бөлініп алайық.
Негізгі бөлім:
Оқушылар геометриялық пішіндерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді. Топқа бөлінгеннен кейін оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде топ атауларын ойлап табады.
Векториналық сайыстың алғашқы кезеңі.
4 сурет 1 сөз
Мұғалім: Алғашқы топ мүшелері экрандағы суреттерге назар аударайық. (экраннан жаңбыр, аспан, түрлі-түсті қарандаш, температура сияқты суреттер көрсетіледі) Көрсетілген 4 суретті қандай сөз біріктіреді? Жауапты 3 тілде беріңіз. Оқушылар мүғалімнің сұрағына топпен ақылдасып жасуап береді. Жауабы: кемпірқосақ, радуга, rainbow
Мұғалім: Екінші топ мүшелері экрандағы берілген 4 суретке 1 сөзді табыңыз. (экраннан кітап, ғимарат, балалар, мұғалім мен бала сияқты суреттер көрсетіледі) Оқушылар мектеп, школа, school жауабын беру керек.
Мұғалім: Ендігі кезек үшінші топ сіздерге. (экраннан сахна, маска, суретші, домбырада ойнап жатырған қыздың суреттері көрсетіледі.) Топ мүшелері ойлана келе өнер, искусство, art жауабын береді.
Екінші кезең: мақал – мәтелді жалғастырыныз
Әр топқа үш түрлі мақал-мәтелдер беріледі. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет.
І топқа:
Тіл мәртебесі – ......................(ел мәртебесі)
Тіл жүйрік емес, ....................(ой жүйрік)
Піл көтермегенді .................. (тіл көтереді)
ІІ топқа:
(Тіл) ......... – ақылдың өлшемі.
Бас кеспек болса да,
.................................... (Тіл кеспек жоқ)
Тіл қаруы – .............. (сөз).
ІІІ топқа:
Тілін білмеген .....................( түбін білмейді)
Сөз қадірін білмеген - ................. (өз қадірін білмейді)
Тіл сүйексіз болса да, ...................(сүйектен өтеді)
Үшінші кезең блиц сұрақтар
Оқушылар тез арада, шапшаң сұрақтарға жауап береді.
-
ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл? -
Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу? -
Орыс тілінде қосымшаның бір түрі жұрнақ деген бар ма? -
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал ағылшын тілі қандай тіл? -
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
Төртінші кезең. Оқушылар «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» деген сөзді қалай түсінеді, өз ойларын постер қорғау арқылы білдіреді.
ІІІ.Қорытынды:
Мұғалім: Үш тұғырлы тіл саясаты заманның зәрулігінен туындаған қажеттілік деп есептеп, оны игеруден қорыкпауымыз керек. Кім ақпаратты біледі сол әлемді билейді! (Кто владеет информацией тот владеет миром!, Who holds the information that holds the power of world!) демекші әлемді билеп мықты білімді азамат болуларынызға тілектеспіз!.
Бүгінгі векториналық сайысымыз аякталды. Келіп, ат салысып қатысқандарынызға рахмет! Аман сау болыңыздар