ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 447
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияныңтөменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болады. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Қорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшаққа орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығаяды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанғамонғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болады. «Ұлық ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абарханның ұрпағы саналады. Демек, Абархан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Мақмұт Қашқаридыңқыпшақтар арасындагы Табархан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табархан жөнінде ешқандай қосымша мәлімет келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда,
Табархан мен Абархан - бір адам. Осыны негізге ала отырып, Табархан (немесе Абархан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан әскерін басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінген. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілген, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсететін және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болатын. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, юғұрлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінетін. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болған.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отыратын. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
21)Қазақстан аумағындағы Ұлы жібек жолы, оның бағыттары.
Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.
22 22
Түркі өркениеті
Ал VII-VIIII ғасырларда болса, өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі.
XX ғасырдың басында өмір сүрген неміс археолог, түрколог Альберт фон Лекок да осы пікірді қолдайды. Түркі саяси мәдениетінің ықпалында жазылған Иран деректерінде «түркі» сөзінің мағынасы «сұлу адам» деп түсіндіріледі. Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған. Мысалы, еуразиятанушы Лев Гумилевтің түсіндіруі бойынша, «Көктүрк» (немесе Ұлы Түрк) қағанатының (552-745) құрушы қолбасшыларының бірінің «Қара Чурин Түрк» деп аталуы кездейсоқ емес. Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл семантика ерекше назар аудартады. «Түркі» сөзінің басқа тілдерден енбегендігі, сондай-ақ басқа тілдерде ешқандай мағына білдірмейтіндігі де анық мәлім. Түркілер бұл атауды өздеріне өздері берген. Кейін әлем де мұны қабылдаған. VI-VIII ғасырлардан бастап, «түркі» сөзі этникалық, культурологиялық және саяси мағынада түркілердің өздерінің және басқа халықтардың деректерінеь(көбіне қытай, араб, кейіннен Иран, Византия, Рим, Сирия, Тибет, санскрит және т.б.) мықтап, өшпестей қашалып жазылған.

«Түркі» этнонимі жалпы түркі этноқұрамдалудың барлық тарихи сатыларында осы процестің жетекші өркениеті, әрі мәдени, саяси дамуының алға итермелеуші күші ретінде қызмет атқарған. «Түркі» этнонимінің бұдан да негізді түрде зерттелуіне сеп боларлық, бірақ әлі де жеткілікті деңгейде қарастырылмаған сенімді дереккөздер де баршылық. Мысалы, «тарихтың атасы» Геродоттың (б.з.д. 484-425 ) «Тарихитас» атты еңбегі, біздің заманымыздың I ғасырында өмір сүрген ежелгі Римнің тарихшысы, әрі географы Помпоний Меланың «Сипаттамалы география» және Гай Плиний Секундтың «Табиғи тарих» атты еңбектері. Соңғы екі автор «Turcae» немесе «Tyrcae» деп, ал жинақтап айтқанда «түркілер» деп атаған этнобірлестіктің Азак аймағында, яғни қазіргі Азов маңайында, Қара теңіздің солтүстік аймақтарында өмір сүргенін білдірген. Енді сөзімізді түркі өркениетіне қарай бұрсақ. Түркі өркениеті - әлемнің іргелі құндылықтарға ие ең белгілі өркениеттерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда Еуразияның ортасында пайда болған бұл өркениет шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік бағыттарда үнемі кеңейіп, жаңа ерекшеліктермен толығып отырған. Жалпы түркі мәдениетінің өзегінде қалыптасқан түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойы барлық негізгі өркениеттермен (қытай, жапон, үнді, араб, иран, еуропа, славян) үнемі қарым-қатынаста болып, Еуразияның трансконтиненттік архитектоникасы мен мультикультурализм кеңістігін қалыптастыру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырып, көп нәсілді, көп тілді, көп мәдениетті және көп дінді түркі қалаларының мультикультуралист дүниетанымының нақты көрінісі ретінде дамыған.