Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 414

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сәйкес айқын көрінетін шекара белгілерімен белгіленеді.

Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп- қатерлерден қорғалуының жай-күйі.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі.

98.Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:

1. Ұлттық қауіпсіздік.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

5. Энергетика ресурстары.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.

7. Кәсіби мемлекет.

Бұл басымдықтар елдің дамуының орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.

99.Жаңа астана туралы бастаманы президент Н.Ә.Назарбаев көтерді.1995жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы бойынша, ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім қабылданды.1997 жылы 10 желтоқсан Президенттің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.1998 жылы маусымда салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық, демографиялық, саяси себептері болды. Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрылығының орталығы болып табылады. Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі де еске алынды.Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс. Үшіншіден, Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ақмола еліміздің географиялық орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасуымен экономиканы басқаруға да, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді. Халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша бір жақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік пен орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Қазақстанның солтүстігінің экономикасын көтеріп, демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағыттаөзгертуге қызмет етеді. Кеңестік дәуірдегі астаналар: Орынбор- 1920- 1924жж, Қызылорда-1924-29жж., Алматы-1929-1997жж.


100 СҰРАҚ

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.

Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.



  1. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау



  1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік



  1. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары



  1. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту



  1. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту



  1. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалары 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы №  670 Жарлығымен 10 Ұлттық жобаның тізбесі бекітілді.

 

Ұлттық жобалар тізбесі: 

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.

8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген.



Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда.

2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу.

101 сурак

101

ҚР сыртқы экономикалық саясаты. Қазақстанның ЕвразЭҚ, ЕЭО, ДСҰ, ДВҚ т.б. ұйымдармен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы, инвестиция тарту саясаты.

ЕвразЭҚ

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) (2001-2014) - бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым. Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру үшін, экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету, сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері, оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды. Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.

ЕЭО

Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО (орыс. Евразийский экономический союз, ЕЭС) — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.

ДСҰ

Жаһан саудасын реттеп, тауар айналымының легін бақылап отыратын Дүниежүзілік ұйым бар. Сауда ұйымы - 1995 жылы құрылған. Бүгінде 160-тан аса ел мүше. Дүниедегі сауда айналымының 98 пайызы осы елдердің еншісінде.


Яғни, ұйымға мүше болуы арқылы осы елдер арасында кедендік салықтың деңгейі төмендеп, алыс-беріс жеңілдейді. Тиісінше, баға арзандап, инвестиция тартуға жол ашылады.

Қазақ Үкіметі осы ұйымға мүше болу үшін аз тер төккен жоқ. Келіссөздер 20 жыл жүрді. Нәтижесінде биыл заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды.

Осы апта Кенияда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің оныншы министрлік конференциясы өтті. Найробиге әлемнің 162 елінен делегат келді. Қазақстаннан халықаралық жиынға Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова бастаған ресми делегация қатысты.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда өтініш берген. Яғни, ұйымның құрылғанына бір жыл өтер-өтпестен оған қызығушылық танытқан.

Алайда, келіссөздер 20 жылға жуық уақытқа созылып, тек биыл 27-шілдеде Женева қаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен конференцияда Қазақстанды ұйымға қабылдау туралы шешім шығарылды

ДВҚ

Қазақстанның демократиялық таңдауы — Қазақстанда 2001 жылы министр және кәсіпкер Мұхтар Әблязов пен Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов құрған қоғамдық-саяси қозғалыс. Қозғалыс өзінің мақсатын «Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістер жүргізу үшін қазақстандық қоғамдағы барлық салауатты күштерді топтастыру» деп мәлімдейді

102 СҰРАҚ

Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы. 2025 жылға дейінгі «Ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.

Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген еліміздің жаңа экономикалық саясатын іске асыру мақсатында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын қазақстандықтар жақсы біледі. Бұл бағдарлама әлемдік экономиканың өсімі бәсеңдеген және экспортқа шығарылатын тауарлар мен шикізат түрлерінің құны төмендеген қазіргі жағдайда іскерлік белсенділікті арттырып, халықты жұмыспен қамтуға, сондай-ақ барлық саланың дамуына серпіліс беретін басты құрал болды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы елімізде тиімді инфрақұрылымдық қағидаттар негізінде макроөңірлік интеграциялау жолымен бірыңғай экономикалық нарық құруға бағытталған.

Президенттің «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағ­дайлар аясында дағдарыс­қа қарсы және ынталандырушы ша­­ралар бағдарламасы ретінде қабыл­дана­ды. Жаңа жолдар құры­лысы, инфра­құрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қол­дау – мұның барлығы ұлттық эко­номиканың құрылысын тұрақты әртараптандыру кепілі болып табылады.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. 

Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің төте жолы ретінде бағаланып отыр.

Қоғамымыздағы түрлі мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүм­кін­діктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер ек­шеліп, сарапталып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек. 

Қазіргі таңда халқымыздың мүд­десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең­гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кәсіби аппа­рат құру, есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын мін­деттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәти­жесінен көруге болады. 

Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады. 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі - Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары) мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі бірінші деңгейдегі құжат болып табылады және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жаңа редакциясы коронадағдарыстың салдарын жоюға және анағұрлым орнықты және инклюзивті экономика үшін экономикалық өсуді жеделдету факторларын дамытуға бағытталған, елдің орта мерзімді кезеңдегі жаңа экономикалық бағдарының негізгі өлшемдерін қалыптастырады.

ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР.