ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 425
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген
«Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы
басқалары. Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының басты шарты – қазақ тілі болыпт абылады.Осы Заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін
меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Тіл туралы заң, тілді мемлекетте қолдануды реттейді. Тіл заңы – мемлекеттің негізгі қолданыс құралы. Әрбір мемлекеттің Конституциясында тілді қолданудың жалпы бағыты көрсетіліп,оның қоғамдағы орны мен заңға сәйкес дұрыс қолданылуы қамтамасыз етіледі. Тіл заңын нақты іске асыру үшін үкімет пен парламентте арнайы комиссия құрылады. 20 ғасырдың 20 – 90-жылдар аралығында жарияланған
Қазақстандағы Тіл туралы заңның құқықтық актілері, қаулылары, бұйрықтар “Қазақстандағы тіл саясаты. Құжаттар жинағы. 1921 – 91 жылдар” атты
еңбекте жинақталып, жүйеленген. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі. Қазақстанда заң жүзінде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жөнінде жаңа тілдік жағдай қалыптастыру саясаты қолға алынған (“Тілдер туралы” Заңы, Мемлекеттік бағдарламалар, т.б.). Қазіргі таңда
Қазақстанда қазақ тілін модернизациялау шаралары жүргізілуде.
Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді,
Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды
92 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Осы уақыттан бастап республика егеменді, демократиялық мемлекет мәртебесіне ие болып, өз территориясында өкімет билігін толық иеленіп, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізе бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз эволюциялық даму мен сала-матты прагматизмнің пайдасына, қарапайым адамдардың берекеттілі-гі мен өркендеуі үшін тоталитарлық өткеннен, сілкіністер мен жұмылдырушылық жолынан біржолата бас тарттық» деп атап өтті. Қазақстандықтар мемлекеттік стратегияны басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда, саяси жүйені жетілдіріп, демократиялық институттарды дамыту үстінде. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту – Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген біздің еліміздің магистральдық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл «2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапты. Бұл міндетті шешу жаңа технологияларды құру мен енгізуді, озық жобаларды жүзеге асыруды, еліміздің зияткерлік әлеуетін шоғырландыратын ғылыми-өндірістік кешендерді құруды талап етеді. Отандық жоғары мектепті халықаралық білім стандарттарына жетуге бағыттайтын бұл мақсаттар, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» және «Ғылым туралы» жаңа Заңда ескерілген. Бұл еліміздің негізгі құқықтық құжаттарында, ең алдымен, Конституциясында негізге алынған стратегиялық басымдықтардың көрінісі болып табылады. Үнемі алға қарай жылжу, қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер айқын ілгерілеушілік сипатқа ие болуда. Қазақстан Республикасы әлемдік аренада өзін сенімді түрде танытып келеді. Бүгінгі таңда еліміз өзгерістерге, халықаралық интеграцияларға, халықтың тұрмысын жақсартуға ұмтылысымен тартымды болып отыр.
Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген». Сонымен қатар бұл стратегиялық бағыттың сәтті болуы көбінесе тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Президент негізін салған құқықтық іргетасқа негізделеді. 1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қазақ мемлекеттілігінің егемендік құқығын нығайту үшін негізгі, түбегейлі құқықтық нормаларын белгілеп берді. Декларация Қазақ КСР аумағында Конституция мен заңдардың үстемдігін жариялады. Жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі болып жарияланды. Сонымен қатар декларация Қазақ КСР-індегі заң шығарудың ұлттық жүйесі туралы маңызды қағиданы бекітті. Бұл кейін мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда көрініс тапты. Қазақстандық қоғамның демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құрулар туралы басты идеяларын негізге алған осы Декларациядан, толық мемлекеттік тәуелсіздікті құру жолындағы елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың дайындық кезеңі басталды.
93
Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды.
Елтаңба:
Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты.Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов
Ту:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған
Әнұран:
Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды. Әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау.
1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды.
Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. Қазақстан Республикасы — барлық азаматтарының құқықтық теңдігін қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп танылды. Халықтың атынан билік жүргізу құқығы өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілді.
Кейіннен 1993 жылдың Конституциясы мемлекеттік құрылымды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды дамыту жолында құқықтық кедергіге айналды. 1994–1995 жылдардың арасында орын алған парламенттік дағдарыс Қазақстанның саяси жүйесінде ескіліктің орын алып отырғанын көрсетті. Жоғарғы Кеңес пен президент институты арасындағы антогонистік қайшылықтардың болуы президенттің елді басқару міндетін өз қолына алып, қоғамда демократиялық қатынастарды орната алатынын дәлелдеді.
1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды. Еліміздің заңгерлеріне заман талаптарына жауап беретін жаңа конституция жобасын дайындау міндеті қойылды. Құқықтанушылар мен заңгерлерден құралған команданың құқықтық мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту үшін негіз бола алатын конституцияның тиімді жобасын дайындау жұмыстары күтіп тұрған еді. Құрамына қазақстандық құқықтанушылардан басқа екі француз саясаткері-де кірген Сараптамалық-консультативтік кеңес конституцияның алғашқы нұсқасын сараптау нәтижесінде оған елеулі өзгерістер жасады. Жобаға жасалған пысықтаулардың нәтижесінде конституция мемлекет басшысына маңызды өкілеттіктер беретін деголлдік президенттік республиканы бекітті.
1995 жылы 30 тамызда «Жобасы 1 тамыздағы басылымдарда жарияланған Қазақстан Рсепубликасының жаңа конституциясын қабылдайсыз ба?» сұрағы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілді. 1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді [1].
Конституцияның негізін Жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі декларацияда, Экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде бекітілген құқықтық ережелер құрады. Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. [2]. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған.
Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды. Қолданыстағы Конституцияда алғашқы рет «Қазақстан — ежелден келе жатқан қазақ жерінде оның халқы тарапынан құрылған мемлекет» екендігі бекітілді. Осы көзқарастың арқасында ұлттық мемлекет идеясы азаматтық қоғамды құруға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істей бастауына мүмкіндік берді.
1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады.
Конституцияға тағы бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды.Конституцияда бекітілген құқықтық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүмкіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыды. Бұл түзетулерге сәйкес елдің саяси өмірінде Парламенттің ролі айтарлықтай күшейтілді, екі палатаның спикерлерінің статустары көтеріліп, олар мемлекеттік иерархия бойынша Премьер-Министрден жоғары тұратын болды. Президент тарапынан бекітілген мерзім мен тәртіп бойынша әкімдерді (ауданнан төмен) сайлау мүмкіншілігі; бір айдың ішінде президент сайлауын өткізіп, президенттің өкілеттік мерзімін азайту мүмкіншілігі; соттарда алқа билер институты; Үкіметтің мүшелеріне сенімсіздік таныту ережелері енгізілді; Президент пен Жоғарғы Сот Кеңесі лауазымдары бөлінді.