Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 418

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Президенттің бұл шешімі 2007 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында оқылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси жүйе, мемлкеттік басқару және азаматтық қоғамды жаңартудың жаңа парақтарын ашты.

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады

94. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесі. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы.

Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993жж.) мен өтпелі кезеңіндегі (1994-1997жж.) әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басқару тетіктерін іздестіру бағытында төмендегідей маңызды экономикалық реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды: а) бағаны ырықтандыру;б) мемлекеттік меншікті жекешелендіру;в) ұлттық валютаны енгізу;г) қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру;д) нарықтық инфрақұрылымды дамыту;е) шетел инвестицияларын тарту, т.б. реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне (1998-2001жж.) өтуге, нарықтық экономикаға қажетті алғышарттарды қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды. 1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан бағаны ырықтандырды. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс өршіп, инфляция үрдістері күшейді.Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%-ды құрады. Бұл елдегі инфляцияны өршітті. Әлемдік практика көрсеткендей кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің нәтижесі мен тиімділігі олардың меншік формасына байланысты еді. Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.Жекешелендіру Қазақстандабірнеше кезеңмен өтті. Осы жылдары жекешелендіру туралы бірнеше заң жобалары қабылданып, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.Бірінші кезеңде(1991-1992 жж) «Кіші жекешелендіру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік саудажәне қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді. Бұл кезеңде барлығы 4770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар

52осы кезеңде тұрғын үй нарығы қалыптасты. Тұрғын үй қоры тегін жекешелендірілді.

Екінші кезеңде(1993 -1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды.Бұл кезеңде жұмыс істеушілерінің саны 200 адамнан 5 мың адамға дейінгі мемлекттік меншік нысандарын жекешелендіруді көзделді.1996 жылыреспубликадағы бұрынғы мемлекеттік бөлшек сауда, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету жүйесі толық жекешелендірілді, бәсекені дамыту мақсатында шағын жеке меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді.Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. . Үш күн өткен соң 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығына айналымға енгізілді. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат қөріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған

1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. 1995 жылғы 30 наурызда ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.

95. 2000-2010 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономикалық реформалар.

ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi.
2000 — 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агро-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемлекеттік агротехникалық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. . Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агро бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.

96. 2011-2022 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономикалық реформалар

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ел экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым бағыттарды айқындап берді. Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген. Бірінші кезең–2003-2005 жылдарға жоспарланған. Екінші кезең2005-2010-жылдар. Үшінші кезең-2011-2015 жылдарға жоспарланды.Негізгі күтілетін нәтиже-экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Жолдауды іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыәзірленді.Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстардың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуді көздейді. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республиксының Ұлттық қорынан 2015 жылы –796 млрд. теңге, 2016 жылы –379 млрд. теңге, ал 2017 жылы –3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарланған. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алды. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысты. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді». Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. «Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.

97.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу және Ұлттық кауіпсіздік жүйесін құру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы ҚР аумағының шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тігінен өтетін жазықтық және ҚР-ның мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.

Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.

Мемлекеттік шекараны межелеуге , шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді ҚР-ның және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.