Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 177
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу оқушылардың негізігі қызметі болып табылады, сондықтан қиын оқуышларды мектепке қайтару, оқуға қызығуын арттыру – аса күрделі әрі әлеуметтік педагогтің беделін артытыратын іс. Себебі, қиын балалардың 90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте-бірте тарту әлеуметтік педагогтердің және пән мұғалімдердің қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде жеңіске жету оларды басқа да істерге табысты болуға жетелейді.
Ол үшін әлеуметтік педагог адамның өзін-өзі дамытушылық қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін есепке алуы керек.
Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай белсенділігі мен талпынысына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сеніммен ұлғайтады.
Қиын оқушыларға әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі. Әлеуметтік педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.
-
Қиын оқушылардың отбасылық жағдайын өзгерту.
Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.
Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы отбасыдан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз» [25].
Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын біраз жәйттер де бар. Өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде тәрбие жұмысында фемизиациялану үрдісі жүріп жатыр немесе бала дүниеге келгеннен бастап әйелдердің тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана тәрбиесі мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген жағдайда табиғи теңдік бұзылатыны айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.
Анасы баланы көтергеннен бастап оны тоғыз ай бойы өз бойында сақтайды, құрасығында жетілдереді. Сол уақыттың бәрінде ана мен баланың арасында тығыз биологиялық байланыстар орнайды. Ананың көптеген қасиеттері балаға беріледі. Дүниеге келген соң да бала ана сүтімен қоректеніп, жүргенге дейін тек анасының қамқорлығында болады. Бала-бақшаға баратын жағдай туды делік, онда да оны қарсы алатын өзінің анасы сияқты тәрбиешілер, бастауыш сыныпта да әріп танытатын әйел мұғалімдер. Осы факторлар ер балаларда ер адамға лайық мінездердің толық қалыптаспауына әкеп соғады. Себебі, үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың алатын үлгісі тек «ақ жаулықты аналар» болғандықтан, олардың мінез-құлқы солай қалыптасады. Біз бұл жерде әйелдерді кемсітуден аулақпыз, тек осындай мәселенің бар екенін айтпақпыз. Мінезі солай қалыптасқан ер бала жігіттің сөзі, намыс, уәде, ар сияқты еркекке тән ұғымдарды бойына дарыта қоймайды да ұсақтыққа көбірек кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез өкпелегіш, біріне-бірін шағыстырғыш, өтірік айтуға бейім болып қалыптасады.
Біз бұл жерде ер балаға әкенің тәрбиесінің қаншалықты әсерлі екенін көрсетуді мақсат етіп ғана айтып отырмыз. «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата баласының ат меңіндей белгісі болады», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім-тәрбие берудегі рөлі мен орнын көрсететіні сөзсіз. Ал жапон мақалы «Ербалаға жүз мұғалімнен бір әке артық» десе, белгілі педагог В.Сухомлинский «ер бала үшін жақсы министрден жаман әке артық» деп түйіндейді [26].
Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусыз. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде ол ата-аналарды кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыптарында шығарма жаздырған жөн. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын ала терең жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланғаны дұрыс: Төртіншіден, барлық жүргізілген жұмыстар өзінің оң нәтижесін бермесе, онда атқарушы органдарға немесе құқық қорғау орындарына, басқа да комиссия және сотқа жүгінген жөн.
Сурет 7. Ата-аналар топтары
Бірінші тарау бойынша қорытынды
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.
«Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.
Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
жүргізілген жұмыс тәжірибелері |
2.1 Мектеп психологының оқушылардың жеке басындағы қиындықтарды анықтауы |
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушы балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының басты себептерінің бірі тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмеуінен деп есептеймін.
Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы ежелден – ақ, өз ұрпақтарының болашағы мен тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ерекше көңіл бөлген.
Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты: дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесі қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қоғам жан – жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Тәлім – тәрбиенің мақсаты - баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, салауатты ұрпақты тәрбиелеу. Қоғамдық тәрбие халықтың педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйенсе, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.
Бала тәрбиесін жалпы үш түрге бөлеміз болады
рухани тәрбие
ата-ана тәрбиесі
стихиялы тәрбие
8 сурет. Бала тәрбиесінің түрлері
Жасөспірімдерге берілетін осы үш тәрбиенің қазіргі жағдайы қандай?
Рухани тәрбие. Кеңес дәуіріндегі коммунистік рухани тәрбие қазір жоқ екендігі баршамызға аян. Оның орнына қазір халықтың педагогика негіздерін пайдалану қолға алынып жатыр.
Жас ұрпақ – иіліп тұрған көк шыбық. Оның түзу немесе қисық өсуі бағбанның дұрыс күтіп, бағуына байланысты. Сол сияқты баланың болашағы да оның ата-анасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесінің сапасына тікелей байланысты. Жас ұрпақтың рухани тәрбие алуына ұстаздардың берері мол.
Ұстазы білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі. Ұстаз - ұрпағымыздың адамгершілікке, азаматтыққа, ана тілін және ұлттық салт – дәстүрлерді ардақтауға тәрбиелейді. Мектептегі тәрбие жүйесіне тікелей жауапты мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алдындағы міндеттер өте жауапты әрі күрделі. Негізінен мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен, әлеуметтік педагог – психологтармен және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Тәрбие ісінің меңгерушілері өздерінің күнделікті қызметінде «сынып жетекшілер әріптестерімен, отбасымен, жұртшылықпен бірігіп жұмыс істейді» деген түсінікте. Бірақ қазіргі таңда бұл пікірді анықтау қажет сияқты:
а) біріншіден, сынып жетекшілер оқушыны тәрбиелеу жөнінде өзара келісті, ал оқушы бұл жағдайдан - бейхабар. Ол оқушыға осы жағдайда қандай көмек қажет немесе ол өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма? Бұл жағы тасада қалады. Сондықтан, көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырылмаған абзал-ол оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Оқушының қалыптасуына ықпал жасайтын жағдайлардың бірнеше түрлерін атап өтсек. Олар: баланың бос уақыты, баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс - қалпы және мектептен тыс мекемелеріндегі (спорт мектебіндегі) тәлім-тәрбие.
Оқушының бос уақытын ата-анамен бірлесе отырып тиімді ұйымдастырылса, оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық - ауық белгілі бір модаға байланысты «эпидемиялар» болып тұрады. Мысалы «Бригада» фильміне еліктеу. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек) сыныптарындағы, құрбыларындағы киім тағы басқа және сол сияқты заттар болмағанына налып, кемісітіп жатады. Сондықтан, көп жағдайларда ата - аналармен келіспеушілік туады.
Осымен рухани тәрбие жөнінде қорыта келе ұстаздардың басты назарында - оқушы - Адам, оқушы - тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға қолайлы ортаға айналуы керек.
Ата-ана тәрбиесі. Қайтсек күнімізді көреміз деп базарда тиын санап жүрген ата-аналар балаларының тәрбиесіне дұрыстап көңіл бөлуге мүмкіндіктері мүлде аз. Сабақтан тыс бос уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар компьютер клубында немесе сая бақтарда уақытын өткізуде. Бұл жастарға кері әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 баптың 2 тармағында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, Қазақстан 2030 бағдарламасында «Әкелер мен аналардың өз балалары алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз...» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған [27].
Баланың өсу процесінде ата-анаға деген көз қарасы үш бөлімнен тұрады:
Сәбилік кезең. Бұл кезеңде сәби ата-анасын сөзсіз жақсы көріп, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.
Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айтқан сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, оның айтқанын істемеуге тырысады.
Үлкейіп ақыл тоқтатқан кезең. Бұл кезеңде баласы ата-анасын мойындап, сыйлап, құрметтей бастайды.
Атақты педагог А.С.Макаренко «бес жасқа дейін тәрбие көрмеген баланы қайта тәрбиелеуге тура келеді, бірақ «қиын» болады» деп айтқандай бала ең алдымен өз ошақ басына қарап өседі. Баланың бас ұстазы ата-ана болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс-әрекеті балаға бұлжымас заң тәрізді әсер етеді» [28].
Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы балалар құқығы туралы» заңының 24-ші бабында Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеттері жазылған. Осы заңның аясында және Қазақстан республикасының әкімшілік кодексінің 111, 112, 113, 114, 115, 117, 331, 337, 338, 333-ші баптары бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-аналарға әкімшілік шара қолданып, айып пұлдар салынса, ата-ананың жауапкершілігі артады [29].
Стихиялы тәрбие. Жасөспірімдер нені үйреніп жатыр? Компьютерлік ойындар мен теледидардан, бейне таспалармен интернеттен қатыгездік пен эротикалық фильмдер көріп, батыстан келіп жатқан сорақы тәрбиенің ықпалынан кері әсер алуда. Шекара асып келе жатқан есірткінің де әсері аз болып жатқан жоқ.