Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 180

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тәрбиесі «қиын» балалардың пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын-отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:

- біріншіден, баланың күнделікті жүріс-туыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;

  • екіншіден: тәрбиенің көзі- баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

  • үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.



Сурет 11. Тәрбиесі ауыр балалар
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте де баланың жеке басын сыйламай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.

Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді төмендегіше топтан өткізуге болады.

  1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Ұжым арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймын.

  2. Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл таба алмай, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдері: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазаламау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б. қолдану, дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.

  3. Кейбір педагогтердің кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығынан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған.

Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.


  1. Оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі- сынып жетекшілері. Сынып жетекшілері жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады. Сондықтан ол әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыру тиіс. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты білуге ұмтылған дұрыс. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі нақты анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға, өнерге бейімділігін тағы басқа ескеруі керек.

Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: Сынып жетекшісі әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. М.Дулатов «Жақсы білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.» деген [35].

Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды, бейғамдықты көтермелейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады» дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «Адам» болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең, жауапкершілігі мол күрделі процесс екенін ұқтырса керек.

12 сурет. Тәртібі қиын бала өмірі
Қазіргі таңда тәрбиесі «қиын» балалар мәселесі қатты алаңдатып отыр. Ахмет Байтұрсынов айтқандай (балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұлт қайдан болсын). «Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет [36].

  1. Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)

  2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)

  3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.

  4. Жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адагершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі .

Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.



Педагогикалық шешім:

а) отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына әсер ететіндігін анықтау;

ә) қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау;

б) дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және басын сыйлау, оның дамуына обьективті жағдайлар туғызу.

Қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар.

  1. Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.

  2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз-қарасты ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.

  3. Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілетті мен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

  4. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Мектепішілік есепке әр сыныптан тәртіп бұзуға бейім оқушылар тізімі алынды. Сыныптар бойынша қоғамдық тәрбиешілер бекітілі. Әр қоғамдық тәрбиешінің жеке, әр сынып жетекшісінің сыныпқа арналған бақылау күнделігі бар. Әр сынып құжаты ішінде

  1. Қоғамдық тәрбиеші туралы жалпы мәлімет

  2. Мінездеме

  3. Пән мұғалімдермен байланыс, пікірлер

  4. Хаттамалар

  5. Түсінік хаттар

  6. Табель көшірмесі

  7. Бақылау, зерттеу күнделігі.

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен «Қателесу, оны түзету жолдары», «Қысым мен қиянат қарсы әрекет туғызады», «Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті», «Кекшілдік», «Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшілігі», «Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жұмыс ерекшілігі» тақырыптарымен әр түрлі типтегі іс-шаралар өткізілді.

Мектепішілік есепке алынған балалармен көңілділер, тапқырлар, ептілер және «Бәрекелді, сайып қыран» сайыстары өтілді. Ерекше бақылауға алынған оқушылар қоғамдық тәрбиешілер бекітілген: Алиев Жомарт, Тұржанов Сейілхан, Дәуренов Мақсат, Құлтаев Бақытжан, Көлбаев Қанат тәртіп бұзуға бейім оқушылармен бақылау күнделігін жүргізіп, ол оқушылардың сүйікті ісіне тартылуына (үйірмеге тартылу, мектептен тыс, мектепішілік іс-шараларға) жағдай жасауда.


Қорыта айтқанда, қиын баланы қайта тәрбиелеуде үш кезең бойынша жұмыс нәтижесі шығарылды.


Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің төмендеу себептерін анықтадық. Баланың жалпы психикасын жан-жақты талдап, адамдармен қатынасындағы жақсы қасиеттерін бағдарлауға назар аудардық. Қандай бір қиын оқушы болсын, оның мінез-құлқынан шамалы болса да жақсы нышандар кездестіруге болатынын білдік. Міне, осы жақсы қасиеттерін негізге ала отырып, оқушыны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспарын жасап, оны іске асыруға әрекеттендік.

Екінші кезең – педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие болғанда ғана қиын жасөспірімдермен екі арада сыйластық, сенімдік қарым-қатынастар орнығады. Осындай бір-біріне деген сенім арқылы қиын жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарының ішінен тәуір қасиетін бөліп алып, соған оқушының өз назарын аударуға болады. Жеке қайта тәрбиелеу жұмысын осылай жоспарлы ұйымдастырса ғана, баланы өзінің қыңыр мінезінен жирендетіп, ізгі ой-сезімін ояту мүмкіндігі туады.

Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде қиын баланың ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске шыққан екі қарсыластың бірі- бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары. Бұрынғы теріс қылықтары баланы еліктіріп артқа тартса, үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмысы оны алға сүйрейді. Осы бір сәтте тәрбиеші-педагог баланың жақсы қасиеттерін қолдап, ішкі рухани қажеттерін қанағаттандыру арқылы ілгері жетелеп, қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы балаларды бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынасқа түсіріп, жақсы қасиеттерін молырақ қалыптастырады.

Соңғы үшінші кезең жеке қайта тәрбиелеудің ең нәтижелі – бекіту кезеңі болып есептеледі. Өйткені, қиын жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, мінез-құлқының оңды сипаттарын өз бетінше дамытуға бет түзейді. Бұдан әрі педагог-тәрбиеші сол тәрбие ортасының өзіндік ерекшелігіне қарай белгілі болған ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдаланып, бала өзін-өзі тәрбиелеуге ақыл-кеңестер беріп отырады.

Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды.