Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 181

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сайып келгенде, нарық экономикасы деп жүріп, жасөспірімнің тәрбиесіне айтарлықтай көңіл бөлінбегенін мойындауымыз керек. Нарық экономикасы да бір қалыпқа түсіп, халқымыздың экономикасы жақсарды.

Тараз қаласындағы облыстық арнайы мектеп интернатыда тәрбиеленіп жатқан қиын жасөспірімдердің «Құқық бұзушылы балалардың» мәліметін төмендегі статистикадан көруге болады.
Кесте 1.


Девиантты тәртіптің құрылымы


Девиантты тәртіптің құрылымы


Жасөспірімдердің тәртібіндегі ауытқушылықтың әр түрлілігін көрсету.

1 - топ

2 - топ

Көрсеткіш

%

Көрсеткіш

%

Алаяқтық

19

44,1

26

35,1

Бұзақылық

12

27,9

39


52,7

Қаңғыбастық

2

11,6

18

24,3

Тонаушылық

4

9,3

20


27

Транспорт айдап кету

-

-

10

13,5

1-кестенің жалғасы.


Алкоголды және басқа да заттарды пайдалану және психиканың бұзылуы

33

76,7

61

82,5

Ерте жыныстық қатынас

37

86,1

69

93,2

Суициалдық тәртіп

4

9,3

14

18,9



Диаграмма 1.



Мектептің қиын балалармен жұмыс тәжірибесінен

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі - ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.



Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл-сезімі нашар, жігерсіз нәресте келетіні шындық. Бала ата-анасының психобиоэнергетикалық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің толқыныстарынан пайда болады. Осынау көзсіз де мөлдір қарым-қатынастар арқылы ерлі-зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік дәнін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын таратын көрінеді. Егер ерлі – зайыптылардың ортасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты толық тартуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірдегі жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады. Айналадағы зиянды әрекеттерді бойына тез сіңіріп алатын, тиянақсыз, жақсы нәрселерге жуымайтын содырлар осындайлардың арасынан шығады. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор. Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ.

Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды немесе тақтада жауап беруге қорқады, не істеу керек?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата-ана, әлеуметтік педагог, психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез-құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агресивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.

Болашақ қоғамның негізін-мектеп оқушылары құрады десек, соларға жан жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп өсіру бәріненде бұрын мұғалімдердің еншісінде. Мұндай абыройлы мақсатты атқару үшін, әрине мұғалімдердің өздері сауатты, білімді, ұлттық тәлім - тәрбие мен мінез-құлық мәселелеріне барынша қанық болуы керек. Бірақ олардың өздері осындай білімді қайдан алады деген сұрақ бой көтерері анық.Міне, соған байланысты болашақ ұстаз мамандарға балалармен тиімді қарым-қатынаста болу, әсіресе агрессивті балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды.


Э.Фромның зерттеуінше, агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне байланысты болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді [30].

Психолог-ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі.




Зиянды

Зиянсыз




Қатыгездік пен қауіпке

толы болады

Қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады



Э.Фром бойынша агрессия

9 сурет. Э.Фром бойынша агрессия түрлері

Ал, З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген [31, 32].

Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.

Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдейді. Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайларда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды. Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.

Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар




Мінез-құлқында қиындығы бар

оқушылар



Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері фактолардың әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар




Сурет 10. Мінез-құлқында қиындығы бар

оқушылар


Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады. Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:


І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;

ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету;

ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, жанын сауықтырады» деген қанатты қағидасын әрқашан жадымызда ұстауды ұмытпағанымыз абзал [33].

2.2. Түзету жаттығуларын ұсыну және зерттеу нәтижесін жинақтау
«Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу [34]. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла» деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.

Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу- міндетіміз.

Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.