Файл: Саба Мерзімі Саба таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 173

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бағдарламаның терілген және редакцияланған мәтіні белгілі бір уақытқа дейін компьютердің оперативті жадысында сақталады. Бағдарламаның кейінірек қолданысқа қажеттілігі болса оны компьютердің қатқыл дискісіне жеке бір файл түрінде сақтап қойған дұрыс. Кері жағдайда компьютер өшкен мезетте оның оперативті жадысындағы мәліметтер толығымен жойылады.

Бағдарламаны тексеру

Бұл кезең бағдарламаның трансляцияға (аударғыш) жүктелуінен басталады. Яғни, бағдарлама – транслятор бағдарлама мәтінің толығымен сол бағдарламалау тілінің орфографиясы мен синтаксисіне сәйкес қателерін тексереді. Қате табылған жағдайда транслятор сол қате туралы мәлімет береді. Бұл кезде бағдарлама жұмыс істеуін уақытша тоқтатады. Сондықтан бағдарламашы қатені түзетіп бағдарламаны қайтадан трансляцияға жүктеуі керек. Транслятор бағдарламадан қате таппаған жағдайда, ол бағдарлама мәтінің объектілі модуль деп аталатын машиналық код тіліне аударады. Бірақ, объектілі модуль компьютердің бағдарламаны толық орындауына дайын түрі емес. Себебі, бір де бір компьютерлік бағдарламалар қосалқы бағдарламаларсыз жұмыс істемейді. Мұндай қосалқы бағдарламалар стандартты ішкі бағдарламалар (подпрограммалар) деп аталады және арнайы кітапханалармен бірігеді. Бұл кітапханалар бағдарламаға байланыстардың редакторы деп аталатын арнайы бағдарламаның көмегімен қосылады.

Бағдарламаларды жөндеу, нәтижелерді талқылау.

Бағдарламашы бағдарламаны граматикалық қатесіз дұрыс құрып бірақ нәтижесі дұрыс шықпайтын кездер жиі кездесіп тұрады. Бұл, бағдарламада семантикалық (мағыналық) қате бар дегенді білдіреді. Мұндай жағдайларда бағдарламашының бағдарламалау тілінің тек формальды түрде білгені жеткіліксіз. Ол логикасы, ойлау қабілеті жоғары дәрежелі, бағдарламаның негізгі принциптерімен қателерді табудың ең нәтижелі әдістерін білетін және компьютерлік бағдарламаларды құрастыруда айқын тәжірибелі бағдарламашы болуы керек.

Өңдеушінің интеграцияланған ортасы және оның компоненттері.

Бастапқы бірінші, екінші кезеңдерде есепті тиісті жолмен шешіп және оның нәтижесін алу тәсілін құрастыруда басты құрал бағдарламашының миы болып есептелсе, келесі кезеңдерде көбіне бөлімнің маңыздылығына байланысты адам емес компьютер орындауға қабілетті жұмыстар кездеседі.

Бағдарламалау тәжірибесінің негізінде жоғарғы дәрежелі тілде қосалқы бағдарламалардың қасына транслятор қосу, бағдарламаны құру және тоқтатуды маңызды дәрежеде жеңілдететін процесстерін бірінғай бағдарламалау комплексіне интегралдау ойы пайда болды. Мұндай комплекс интегралданған жүйе немесе бағдарламалау ортасы деп аталады. Берілген комплекс келесі негізгі элементтерден тұрады.


  • Қосалқы (қоса салынған) мәтіндік редактор.

  • Компилятор. Бұл бағдарламалау жүйесінің негізгі ядросы.

  • Байланыс редакторы. Қажетті стандартты кітапханалармен байланысытырады.

  • Бағдарлама-тоқтату. Қате табылған жағдайда мәлімет береді, сонымен қатар қатені сипаттап, көбіне қате табылған қатарды көрсетіп, бағыттауышты (курсор) қатенің үстіне апарады.

  • Анықтама жүйесі.


Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Сонымен, балдар:

  1. Есепті ЭЕМ-де шешу кезінде Есептің құрылымы кезеңінде не істейміз?

  2. Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу дегін нені білдіреді?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр









Үй тапсырмасы:

Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштарын (кезеңдерін) жаттау.

5 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: №1 Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жинақтау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1 Бақылау жұмысы

І нұсқа

1. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок-схеманың басқа өрнектелу жолдарынан ерекшелігі неде?

2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 1-ші, 3-ші және 6-шы кезеңдерін түсіндір.

3. y=x+10a формуласы бойынша есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз.

4. Үш бұрышты a,b,c үш қабырғасы белгілі, осы үшбұрыштың периметрін есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
ІІ нұсқа

1. Алгоритмнің түрлері және қасиеті.

2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 2-ші, 4-ші және 5-ші кезеңдерін түсіндір.

3. Қабырғасы а-ға тең кубтың V көлемін есептеу алгоритмінблок-схема түрінде құрыңыз.

4. X=15b-10 формуласы бойынша есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
Жауабы:

І нұсқа

1. Алгоритм - алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адам немесе компьютерге) жинақы түрде берілген нұсқаулар тізбегі.

дегеніміз не?

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

табиғи (күнделікті) тілде; блок – схема түрінде; алгоритмдік тілде.

Блок-схеманың басқа өрнектелу жолдарынан ерекшелігі: белгілі бір мағына білдіретін геометриялық фигуралар қолданылады, уақытты үнемдейміз

2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 1-ші кезеңі: Есептің құрылымы

Бағдарламаны дұрыс құру үшін, бағдарламашы бағдарлама құру барысында алдымен есепті тура және айқын тұжырымдап, өзі қандай мақсатқа жету керектігін жоспарлап, оның шешімі үшін қандай бастапқы мәлімет қажеттігін және қорытындысы қандай болу керектігін айқындап алуы керек.

3-ші кезеңі: Бағдарламалау тілінде бағдарлама мәтінің жазу (кодтау).

6-шы кезеңі: Есепті шығару, нәтижесін іс жүзінде қолдану.

3. y=x+10a формуласы бойынша есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз.

4. Үш бұрышты a,b,c үш қабырғасы белгілі, осы үшбұрыштың периметрін есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз. P=a+b+c
ІІ нұсқа

1. Алгоритмнің түрлері.

1.Сызықтық 2.Тармақталған 3.Қайталану

Алгоритм қасиеттері.

Алгоритмнің үздіктілігі – информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан тұратын тізбектен тұруы тиіс.

Дискреттік – бұл қасиет есепті шешу кезінде оны өз алдына бірнеше кезеңдерге бөлуге болатының түсіндіреді.


Алгоритмнің түсініктілігі мен анықтылығы – орындаушы (адам немесе компьютер) алгоритмді түсініп орындай алатын болу керек. Оның үстіне түрлі түрде түсіндірілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуге жол қалдырмайтындай етіп және орындалу реттері дәл көрсетіліп жазылуы тиіс.

Көпшілікке бірдейлік – яғни, алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез-келген берілгендеріне бірдейлігі.

Дұрыстық – алгоритмді қолданып шешілген есептің шешімі шындыққа сәйкес болу керек.

Алгоритмнің нәтижелігі

2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 2-ші кезеңі:Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу және сәйкес алгоритм құру.

4-ші кезеңі: Бағдарламаны тексеру.

5-ші кезеңі:Есепті шығаруға керекті мәлімет дайындау.

3. Қабырғасы а-ға тең кубтың V көлемін есептеу алгоритмінблок-схема түрінде құрыңыз. V=a3

4. X=15b-10 формуласы бойынша есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Оқушылардан бақылау жүмыстарын сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда жинап аламын.
Үй тапсырмасы:

Келесі сабақта Есепті ЭЕМ-де шешудің басқыштарын толық жатқа сұраймын, талдау жұмыстарын өздерін орындайсындар.

6 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Бағдарламалау тілдері. Паскаль тілінің тарихы. Тілдің алфавиті және құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы баяндау. Паскаль тілінің тарихын, бағдарламаның ерекшелігін, тілдің алфавитін және құрылымын түсіндіру.

Үй тапсырмасын талқылау:

ІІІ топ оқушы/нан Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштарын ретімен жатқа сұраймын. ІІ топ оқуш/нан әр қайсысынан ір басқышты талдап беруді талап етемін. І топ оқуш/на басқыштарды келесі сабақта толық талдатамын.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Программалау жұйесі – программаны құрудың және жөндеудің автоматтануын қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы. Оның ішіне программалау тілдері, осы тілдерден аударғыштар, бағынынқы программалардың кітапханалары, программалардың құрастырушысы және жөндеуіші кіреді.

Әр ЭЕМ-нің өз программалау тілдері болады – машиналық командалар тілі немесе машиналық тілі және осы тілде жазылған программалаларды ғана орындай алады. Сандар тілі бола тұра, машиналық тіл программалау үшін жарамсыздау, өйткені программаларды жазу және жөндеу үшін көп уақыт жұмсауды талап етеді. Осы себептен машиналық тілмен сай келмейтін программалау тілдері кеңінен тарады. Машиналық тілге жақындығы дәрежесі бойынша – программалау тілдері төмен және жоғары дәрежеліге бөлінеді. Осы тілдердің бірінде жазылған программа сөйлемдердің немесе операторлардың бірізділігінен тұрады және
бастапқы программа немесе бастапқы модуль деп аталады. Программалау тілдері машиналық кодқа қаншалықты жақын болса, программа процессор үшін соншалықты ыңғайлы оның орындалуы да жылдамданады, жадта да аз орын алады. Адам тіліне жақын болған сайын, адамдарға ыңғайлығы артады, бірақ процессор регисторларын меңгеруге арналған командалары азаяды. Процессорға жақын тілдер – төмен дәрежелі программалар деп аталады, ал адамдарға ыңғайлы тілдер – жоғары жәрежелі тілдер.

Программалаудың жоғары дәрежелі тілдері адамға үйреншікті терминдердің көмегімен программалар жазуға арналған. Олар жадтың нақты ұяшықтарымен және элементар нұсқаулармен емес, табиғи тіл командаларымен монипуляция жасайды. Келешекте бұл командалар арнайы программалар көмегімен автоматты түрде машиналық кодқа өтеді.

Паскаль тілінің әліппесі.

Бағдарламалау тіліндегі кез келген бағдарлама символдар түрінде жазылады. Адамдар бір – бірін түсінісу мақсатында қолданылатын орыс, қазақ, ағылшын т.б. тілдері секілді бағдарламашы компьютермен байланысу кезінде қолданатын бағдарламалау тілінің де өзіндік әліппесі бар. Бұл әліппе бағдарлама құру кезінде қолданылатын бас және кіші әріптер топтамасы, сандар және символдардан құралады.

Паскаль тілінің әліппесінің құрамында:

1. A мен Z- ке дейінгі латын әріптері.

2. 0 ден 9-ға дейінгі арап сандар.

3. Арнайы символдар: + - * = {} [] <> . ; : ' # ^ @.

Құрамды символар: = <> <= > =. (**) (..) {}.

Арнайы символдар, сандар және әріптермен қатар Паскаль тілінің әліппесі өзіндік атқаратын міндеттері белгіленген қызметші сөздерден тұрады. Мұндай тұрақты сөздерге келесілер кіреді:

and else inline Procedure unit

asm end interface Program until

array exports label record uses

begin file library Repeat var

Case For mod set While

const Function nil shl with

constructor goto not shr xor

destructor if object string

div implementation of then

do in or to

down inherited packed type

Паскаль тілінде жеке символдармен қызметші сөздер операторлар құрайды. Оператор – деп программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар, алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни, берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті тілде жазылуы.
Бағдарламаның құрылымы.

Берілген есепті шешу барысында бағдарлама жүйелі әрекеттер ұсынатыны белгілі. Бұлар Паскаль тілінде бағдарлама құратын негізгі элементтер болып есептелетін операторлар түрінде беріледі. Операторлар әртүрлі көлемде жұмыс істейді: тұрақтылар (константа) және айнымалылар.