ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 148
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-20
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік |
Сабақтың мақсаты | Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсерін біледі |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Мәтінмен жұмыс Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; Табиғи апаттардың түрлерін ата? ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Кері байланыс
Үйге тапсырма Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-21
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Техниканы қауіпсіз пайдалану |
Сабақтың мақсаты | Қауіпсіздік ережелерімен толық танысады,білімдері қалыптасады. |
Құндылықтарды дарыту | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушылардың назарын аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сөзімді аяқта» әдісі Оқушылар бірінен соң бірі өз ойларын жалғастырып айтады.Оқушылар «Денсаулық» , «Қауіпсіздік», «Ұқыптылық» деген үш топқа стикер арқылы бөлінеді. Үй тапсырмасын «Ой қозғау» әдісі арқылы сұралады. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы |
Әр бір топ тапсырмалардың жауабын тапқандығын қол көтеру арқылы білдіреді. Әрбір дұрыс жауапқа топ «5»баллдық көрсеткішпен бағаланып отырады. Бұл тапсырма оқушыларды , шапшаңдыққа және бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелейді. «Сергіту сәті» кезінде ән тыңдау арқылы жаттығуларды жасатамын. Оқушыларды слайдтағы жаттығуларды ретімен орындату арқылы сергітіп аламын. ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қойылады. Кері байланыс
Үйге тапсырма Техниканы қауіпсіз пайдалану ережелері | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-22
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мен не жеймін?Азық-түлік қауіпсіздігі |
Сабақтың мақсаты | Азық – түлікті тоңазытқышта сақтау туралы түсініктерін кеңейту, тоңазытқышта дұрыс сақтау жолдарын үйрету, әлеуметтік ортада бейімдеу |
Бағалау критерийі | Азық-түлік қауіпсіздігін біледі; |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту Суреттер бойынша тақырыпқа шығу 1.Суреттерде не көріп отырсыздар? 2.Не ерекше болды? 3.Тақырыпты болжап көріңіз.... Болжамдарын негіздейді Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Біздің денсаулығымыз мықты болуы үшін күнде не істеу керек ? - Сол тағамдарымыз үй температурасында да бұзылып кетіп жатады, ал азық – түлігіміз бұзылмас үшін не істеу керек ? Жазда үйдегі азық-түліктердің бұзылу мүмкіндігі өседі. Сондықтан ыстық маусымда олардың дұрыс сақталуына мұқият болу керек. Мысал үшін осындай кезде тоңазытқышыңыз бұзылып не дұрыс істемей қалса, азық-түлік құртылмауы үшін не істеуге болады? - Тоңазытқыш болмаған кезде бұрынғы біздің ата-бабамыз азық – түлікті қалай сақтаған, қанекей кім жауап береді ? Етті тоңазытқышсыз-ақ сақтауға болады. Оны қағаз сулықтармен құрғатып сүртіп, бетіне сиыр не қойдың майын жағыңыз. Етті пергамент қағазына орап, салқын жерге іліп қойыңыз. Басқа тәсілді де қолдануға болады. Етті бірнеше секундқа қайнап тұрған суға салыңыз. Осылайша оның бетінде қабық пайда болады. Артынан етті кептіріп, қалың жіппен орап, жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Тамаққа қолданғанның алдында еттің қабығын алып, әдеттегідей қуырыңыз не пісіріңіз. Етті сақтаудың басқа тәсілдері де бар: етті сірке суына малынған матаға орау, немесе қатты тұздалған суға салу. Қандай әдісті қолдансаңыз да, бірінші етті тазалап жууды ұмытпау керек. Әрине бұл тәсілдердің ешқайсысы да етті өте ұзаққа сақтауға мүмкіндік бермейді. Қауіпсіздік ережелері . Азық - түлікті және дайын тамақты сақтауға қойылатын талаптар 1. Азық - түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салады, мерзімінен артық сақтауға болмайды. 2. Тез бұзылатын азық - түлікті тоңазытқышта сақтайды. 3. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, ескірген азық - түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін. ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: Азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды; Азық-түлік қауіпсіздігін сипаттайды; өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, Үйге тапсырма Азық-түлік қауіпсіздігі | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-23
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіз ер жетеміз |
Сабақтың мақсаты | табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау |
Бағалау критерийі | Қауіпсіздік ережелерін біледі; Табиғаттағы қауіпсіздікті сипаттайды; |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық дайындық: Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру Сәттілік біздер тілейік, Мен – саған, сен – маған, Күндей күліп жүрейік, Күннің нұрын төгейік, Мен – саған, сен – маған. Қауіпсіздік телефоны арқылы 4 топқа бөлу. (101 - өрт сөндіру, 102 - полиция, 103 - жедел жәрдем, 104 - газдан құтқару) Сабақтың тақырыбын ашу үшін: Бейнежазба қсыныңыз Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Класстер» әдісі арқылы қауіп-қатерлерді жабыстыру және атау. Оған қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? «Фишбоуын «әдісі арқылы жазады тақтаға Дабыл дыбысы шығады (аудио жазба). Оқушылар бұл қай және не үшін болатын дыбыс екенін анықтайды. -Бұл дыбыс сендердің естеріңе нені түсірді? -Осы дыбысты естіп көргендерің бар ма және қай жерде естідіңдер? - Мектепте бұл дыбысты естіген кезде қандай әрекет ету керек? - Айналадағы қауіп-қатерлер туралы не білесіңдер? -Үйде, көшеде, мектепте қандай қауіп-қатер кездесуі мүмкін? -Олай болса мына пазлдарды жинау арқылы кездесетін қауіп –қатерлерді айқындайық. 1. «Суреттер ескертеді» Т.Ж.«Пазл» әдісі Шарты: берілген пазлдарды жинап, қарап қандай қауіп-қатерден сақтану керектігін айтады. 1-топ. Терезе жақтауына барынша асылып сыртқа қарама. 2-топ. Жол жиегінде доп ойнама. 3-топ. Жануарларды қолыңмен ұстама. 4-топ. Үлкендердің басқаруынсыз суға түспе. ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. «Минуттық шешім» Ж. Суреттерге мұқият қара. Жедел көмек көрсету қызметінің атауын және олармен хабарласуға арналған телефон нөмірін жаз. Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу қажет болған жағдайда не туралы айтар едің? Жұптасып диалог құрастыру ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстары ның қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: 1. Қауіп-қатер түрлерін анықтайды. 2.Мәтінді түсінеді, түсіндіреді. 3.Қауіп-қатерден сақтану жолдарын ұсынады Дескриптор -Жедел көмек көрсету қызметінің түрлерін анықтайды -Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу нөмерлерін жазады. -Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу жағдайына қатысты диалог құрастырады өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс
Демек, бұл мынаны білдіреді................. Үйге тапсырма Қауіпсіздіңті болдырмау жолдары | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-24
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің өлкемнің, елімнің экологиясы |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау. |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Ой қозғау 1.Суреттерде не көріп отырсыздар? 2.Не ерекше болды? 3.Тақырыпты болжап көріңіз.... Болжамдарын негіздейді Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Мәтінмен жұмыс Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. GREАT кестесі бойынша туған өлкенің экологиялық проблемалары талдау жасайды
Венн диаграммасын толтыру. 1.Ауылдағы бір көшені таңдап алып, оның экологиялық жағдайына баға беру. 2.Экологиялық жағдайды бұзып жатқан жағдай болса, ол кімнің әрекеті екендігін анықтау. 3.Жайық өзенінің экологиялық жағдайына баға беру. Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру. ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fturkystan.kz%2Fwp-content%2Fuploads%2F2019% Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Кері байланыс - - сабақ маған ұнады,тақырыпты меңгердім -сабақты түсіндім,әлі білгім келетінім бар, қиындықтар болды. - Сабақ маған түсініксіз болды Үйге тапсырма: Қазақстандағы экологиялық мәселелер. Үйге тапсырма Туған өлкенің экологиялық проблемалары және оларды шешу жобалары. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |