Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті физика пні бойынша 11 сыныпа арналан блім бойынша жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы Тараз 2022 ж. МазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 1368
Скачиваний: 53
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.2.5-шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен
анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну;
11.6.2.6-линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7-әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа
линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;
11.6.2.8-телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын
салу және түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
-
транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен сынған
сәуле бұрышын анықтайды, берілген шынының сыну
көрсеткішін анықтайды және шыныдан ауаға өткен сәуле
жүрісін аяқтайды;
-
мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетеді; -
әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолданады; -
микроскоп арқылы қарағандағы дененің ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Оқушы шынының сыну көрсеткішін анықтау үшін зерттеу жұмысын жасаған. Зерттеу жұмысының сұлбасында шыны пластинаның орыны, түскен және сынған сәулелер бейнеленген.
(а) Транспортирді қолдана отырып, сәуленің түсу және сыну бұрыштарын өлшеңіз.
[2]
(b) алынған мәліметтерді пайдалана отырып, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз.
[2]
(с) шыныдан ауаға өткен сәулені салып көрсетіңіз.
[1]
2. Суретте линзалар жүйесі бейнеленілген.
(а) суреттегі мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетіңіз.Масштабты сақтаңыз.Дене биіктігі 25 см
[3]
3.Екі жағы дөңес линзаның қисықтық радиустары 50 см тең.
Линзаның сыну көрсеткіші 1.5. Есептеңіз:
(і) линзаның фокустық арақашықтығын
[2]
(іі) линзаның оптикалық күшін
[2]
-
Суретте микроскоптың ішкі құрлысы мен АВ денесі берілген.
АВ денесін микроскоп арқылы қарағандағы ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алыңыз.
[3]
Жалпы балл:15
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен сынған сәуле бұрышын анықтайды, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтайды және шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды; | 1 | Транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен сынған сәуле бұрышын анықтайды; Берілген шынының сыну көрсеткішін анықтайды; Шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды; | 1 1 1 1 1 | |
Мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетеді; | 2 | Масштабты сақтады; 1-ші кескінді дұрыс салды; 2-ші кескінді дұрыс салды | 1 1 1 | |
Әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолданады; | 3 | линза жасаушылар формуласын қолданады линзаның фокустық арақашықтығын анықтайды; линзаның оптикалық күшінің формуласы үшін линзаның оптикалық күшін анықтайды; | 1 1 1 1 | |
Микроскоп арқылы қарағандағы дененің ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алады; | 4 | 1-ші кескінді дұрыс салды 2-ші кескінді сәуле жүрісін(тұтас сызық) және сауле жалғасын(пунктир сызық) дұрыс салу арқылы тапты | 1 1 1 | |
Жалпы балл | 15 |
«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Тоғызбаева
«Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.7.1.2-Эйнштейн постулаттары мен Лоренц
түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып,
релятивистік эффектіні түсіндіру;
11.7.1.3-зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс
істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік
эффектіні ескере отырып түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
-
релятивистік эффект салдарынан массаның өсу үшін поезд
қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін
анықтайды;
-
шапшаң қозғалатын бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артатындығын анықтайды; -
зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципіне сүйене отырып сипаттайды және қозғалыстағы зарядталған бөлшектің радиусы неліктен өзгеретіндігін
түсіндіреді;
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
-
Поезд массасы 3000 т. Массасы релятивистік эффект салдарынан 1 г-ға өсу үшін поезд қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін анықтаңыз.
[3]
2. Лабораториялық санақ жүйесінде 0.99 с жылдамдықпен қозғалатын тұрақты емес бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артады?
[2]
3.(а) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштердегі қозғалысын сипаттаңыз.
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................ [4]
(b) неліктен қозғалыстағы зарядталған бөлшектің радиусы өзгереді?
.............................................................................................................................................
.............................................................................................................................................
.............................................................................................................................................
............................................................................................................................................. [3]
Жалпы балл: 12
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білімалушы | |||
Релятивистік эффект салдарынан массаның өсу үшін поезд қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін анықтайды; | 1 | релятивистік эффект салдарынан массаның өсу үшін қажетті формуланы дұрыс жазады; формуланы түрлендіреді дұрыс есептейді | 1 1 1 |
Шапшаң қозғалатын бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артатындығын анықтайды; | 2 | шапшаң қозғалатын бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығын анықтайтын формуланы дұрыс жазады; берілген формуланы қолдана отырып, дұрыс есептеу жүргізеді; | 1 1 |
Зарядталған | 3 | Зарядталған бөлшектердің үдеткіштердегі | 1 |
бөлшектердің | | қозғалысын сипаттайды; | 1 |
үдеткіштерінің | | | 1 |
жұмыс істеу | | | 1 |
принципіне сүйене отырып сипаттайды және қозғалыстағы | | | |
қозғалыстағы зарядталған бөлшектің радиусы неліктен өзгеретіндігін дұрыс сипаттайды; | 1 1 1 | ||
зарядталған | | | |
бөлшектің | | | |
радиусы неліктен | | | |
өзгеретіндігін | | | |
түсіндіреді; | | | |
Жалпы балл | 12 |