Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті физика пні бойынша 11 сыныпа арналан блім бойынша жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы Тараз 2022 ж. МазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 1370
Скачиваний: 53
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.8.1.5-фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны
қолдануға мысалдар келтіру;
11.8.1.6-фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін
есеп шығаруда қолдану;
11.8.1.8-фотосинтез және фотография үдерісін мысалға
келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау;
11.8.1.13-сутегі атомының энергетикалық құрылымына
сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру;
11.8.1.18-де Бройль толқын ұзындығының формуласын
есептер шығаруда қолдану;
11.8.1.19- де Бройль болжамын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Ішкі және сыртқы фотоэффект құбылыстарын бір-бірінен ажырата отырып, фотоэффект құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіреді; -
фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтайды; -
жарықтың химиялық әсерін сипаттайды; -
Бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын ескере отырып, орбитада орналасқан сутек атомының энергиясы әртүрлі қанша квант шығара алатындығын анықтайды және сутек атомындағы электрон бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге ауысқанда, атомның энергиясы қалай өзгеретіндігін біледі; -
сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, оның шығару спектрінде қанша сызықты көруге болатындығын анықтайды; -
де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолданады; -
де Бройль болжамын дәлелдейтін тәжірибені сипаттап жазады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
-
(а) Ішкі және сыртқы фотоэффект дегеніміз не?
Ішкі фотоэффект...................................................................................................................
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
Сыртқы фотоэффект.............................................................................................................
.................................................................................................................................................
................................................................................................................................................. [2]
(b) Фотоэффект құбылысының қолдану аясына екі мысал келтіріңіз.
...................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................. [2]
2. Электрондардың күмістен шығу жұмысы 7.85×10-19 Дж. Күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтаңыз.
[2]
3.Жарықтың химиялық әсерін сипаттап жазыңыз.
.....................................................................................................................................................
................................................................................................................................................. [1]
4.(а) Электрон үшінші орбитада болса, сутек атомы энергиясы әртүрлі қанша квант шығара алады? Энергетикалық деңгейлер диаграмманы алып көрсетіңіз.
[2]
(b) Сутек атомындағы электрон бірінші энергетикалық деңгейден екіншіге ауысқанда, атомның энергиясы қалай өзгереді?
.............................................................................................................................................
........................................................................................................................................ [1]
5.Сутегі атомының қозбаған күйінде электрон 12 эВ энергия алады. Сутек атомының негізгі күйінің энергиясы -13.6 эВ. Осы электрон төменгі энергетикалық күйге өткенде, сутек атомының шығару спектрінде қанша сызықты көруге болады?
[2]
6.Сутегі атомының бірінші Бор орбитасында электронның де Бройль толқын ұзындығын анықтаңыз. Бірінші Бор орбитасының радиусы 5.3×10-11 м, электрон массасы 9.1×10-31 кг, электрон заряды 1.6×10-19
Кл, h=6.63×10-34Дж×с;
[3]
7.(а) Атақты француз ғалымы Луи де Бройль жарықтың әрі толқындық әрі корпускулалық екі жақтылық қасиетін одан ары дамытты. Осыған орай де Бройльдің болжамын жазыңыз.
...............................................................................................................................................

[1]
(b) Де Бройль болжамын дәлелдейтін тәжірибені сипаттап жазыңыз.
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
[2]
Жалпы балл: 18
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білімалушы | ||||
Ішкі және сыртқы фотоэффект құбылыстарын бір- бірінен ажырата отырып, фотоэффект құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіреді; | 1 | ішкі және сыртқы фотоэффект құбылыстарын бір- бірінен дұрыс ажыратып жазады; фотоэффект құбылысының қолдану аясына дұрыс екі мысал келтіреді; | 1 1 1 | |
фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтайды; | 2 | күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын формуланы қолдана отырып, дұрыс анықтайды; | 1 1 | |
жарықтың химиялық әсерін сипаттайды; | 3 | жарықтың химиялық әсерін дұрыс сипаттап жазады; | 1 | |
Бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын ескере отырып, орбитада орналасқан сутек атомының энергиясы әртүрлі қанша квант шығара алатындығын анықтайды және сутек атомындағы электрон бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге ауысқанда, атомның энергиясы қалай өзгеретіндігін біледі; | 4 | Электрон үшінші орбитада болса, сутек атомы энергиясы әртүрлі қанша квант шығара алатындығын дұрыс анықтап, суретін салады; Сутек атомындағы электрон бірінші энергетикалық деңгейден екіншіге ауысқанда, атомның энергиясы қалай өзгеретіндігін дұрыс жазады; | 1 1 1 | |
Сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, оның шығару спектрінде қанша сызықты көруге болатындығын анықтайды; | 5 | электрон төменгі энергетикалық күйге өткенде, сутек атомының шығару спектрінде қанша сызықты көруге болатындығын дұрыс анықтайды; | 1 1 | |
де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолданады; | 6 | Сутегі атомының бірінші Бор орбитасында электронның де Бройль толқын ұзындығын формуланы қолдана отырып, дұрыс анықтайды; | 1 1 1 1 | |
де Бройль болжамын дәлелдейтін тәжірибені сипаттап жазады; | 7 | де Бройльдің болжамын жазады; Де Бройль болжамын дәлелдейтін тәжірибені сипаттап жазады; | 1 1 1 | |
Жалпы балл | 18 |
«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоғызбаева
«Атом ядросының физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын есептер
шығаруда қолдану;
11.8.2.3 - атомдық ядроның байланыс энергиясын
есептеу және меншікті байланыс энергиясының ядроның
массалық санына тәуелділігін түсіндіру;
11.8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық
және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;
11.8.2.6 - магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің
қозғалыс сипатын түсіндіру;
11 8.2.8 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс
істеу принципін сипаттау;
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
радиоактивті ыдыраудың формуласын қолдана отырып,
берілген заттың жартылай ыдырау периодын және ыдырап
кеткен массаны анықтайды;
-
атомдық ядроның масса ақауын анықтай отырып, оның байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықтайды; -
ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолданады; -
протонның магнит өрісіне енген кездегі қозғалысын салып көрсетеді; -
ядролық реакторлардың құрылысын біледі және нейтрондарды жұтып алатын заттарды атап -
жазады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Радиоактивті заттың активтілігі 8 күн ішінде төрт есе кеміген.
(і) берілген заттың жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
[2]
(іі) егер заттың ыдырауға түскенге дейінгі массасы 4 г болса, ыдырап кеткен массасын анықтаңыз.
[2]
2. 4???????? ядросы берілген. (4???????? =4.00260м.а.б., ???????? = 1.00728
м. а. б., ???????? = 1.00867 м. а.
2 2
(і) масса ақауын анықтаңыз
[2]
(іі) байланыс энергиясын анықтаңыз
[2]
(ііі) меншікті байланыс энергиясын анықтаңыз.
[2]
-
(а) Стронций атомын адам сүйектерде сіңіре алады. Бірақ сүйектердегі стронций адам өміріне өте қауіпті. Осы қауіптілікті түсіндіріңіз.
.................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
(b) Стронций ядросынан бета бөлшек ыршып шыққан. Төмендегі теңдеуді толықтырыңыз
[2]
4.Ядродан протон босап шығып магнит өрісіне енгендігі төмендегі суретте көрсетілген.
Протонның магнит өрісіне енген кездегі қозғалысын салып көрсетіңіз.
[1]
5.Суретте ядролық реактордың құрлысы бейнеленген.
(а) Әр бөліктің атауын жазыңыз.
1. ......................................................................................................................................................
2. ......................................................................................................................................................
3. ......................................................................................................................................................
4. ......................................................................................................................................................
5. ......................................................................................................................................................
6. ......................................................................................................................................................
[6]
(b) нейтрондарды жұтып алатын заттарды атап жазыңыз.