ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 245
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Үркер» - тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен толғайтын кең құлашты күрделі роман.
Бұл романның негізгі тақырыбы – қазақ халқының 18 ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі болып табылады. Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған. ...Романда Қазақстанның Россияға қосылуының табиғи заңдылығы шынайы көрініс тапқан». Әсіресе романның бас кейіпкері, әрі өз тұлғасымен жазушыны шабыттандырған Әбілқайыр бейнесі ерекше берілген. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегінен өте көрсетіледі. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді
Әбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелігін саралап өтсем.. Ең алдымен, ол — хан тұқымы, сұлтан. Ол – хан, ақылға да, айлаға да жүйрік; тарихи дәуір мен оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттамаларын саяси әлеуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды; халқының тағдыры үшін батыл шешімдер қабылдайды; қайсарлығын таныта отырып, елдің игілігі үшін дұшпандары мен жаударына қасқайып қарсы тұратын ардақты ер деп толықтай айтуға болады.
Менің ойымша, Әбілқайырдың алғырлығы мен қайсарлығын романды оқи отырып анық байқайтындаймыз. Ол әуелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды. Іске де, сөзге де мығым келеді. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқаныкі болғанымен, ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл басқа сұлтандардан үстем болып өседі. Ол өзінің осы қасиетін байқап қана қоймай, өзгелердің сол қасиетіне көздері жеткенін қалайды. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс ақсақалдардың, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып, көрсете біледі.
Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін әділ болып шыққанын көруге болады.
Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Әбілқайырдың Ресейге қол артуы, оған бағынуға ант беруі жалпы қазақ мүддесіне де, оның мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес екенін, оған қарсы болушылардың ойы тек түсінбестік пен бәсекелестіктен туғанын көрсетуге жазушы ерекше көңіл бөледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса біледі. Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық та сол ортаның шындығынан туады
Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете білген Әбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын. Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.
27. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз
Алғашқы қадамын поэзиядан бастап, шағын жанр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады. Патшалық Россия мен Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын.
Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайылықпен шығарманың өзегіне алынған. Романның басты қаһарманы – Демежан. Оқырман бұл кейіпкермен роман оқиғасының басында Шәуешек аймақтық губернатор – Ши-амбының қарауында тілмаш болып қызмет істеп жүрген кезінен танысады.Өзгелерге ұқсамайтын ерекше тағдыры бар Демежанның өмір жолы, тіршілік соқпағы, Шәуешек аймағының әміршісіне бағынатын мекендерде тіршілік кешкен қазақ руларымен тығыз байланыста көрсетіледі. Қала өмірінің өзіндік ерекшеліктері, дала тіршілігі, күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар нанымды суреттелген.
Демежан тек малмен ғана кәсіп қылу тым аз, кәсіптің басқа түрімен де шұғылданған жөн деп тауып, бейнетқор жұртпен бірлесіп, Боздақ даласына егін салады. Өзіне сол егіс басына таяу жерден қора-жай салдырады. Алғашында бұл ісіне өзгелерді иландыра алмайды. Тіпті өз әкесі Керімбай да наразы. Дегенмен, алғанынан қайтпайтын бір беткей ұл өз дегеніне жетеді. Бұрын қазақта жоқ үрдісті бастап, зәйімке салдырады. Маңына жарлы-жақы байларды, зәбір көрген қарапайым адамдарды жинайды. Қыр еліне түскен алым-салықтың ауыртпалығы халықты қатты күйзелткенде осы Демежан ара түседі. Жергілікті мәнжу, сібе-солаң, қалмақ жұртына алым-салық жиналмайды. Бар ауыртпалық қазақтарға түседі. Бұл жайт қазақтардың наразылығын туғызады, алым-салық жинаушылармен арада араздық туады. Халықтың жағдайын жанымен сезінген Демежан
Ши-амбының алдына барып, салықтың шектен тыс ауыр екенін айтады. Ақыры, Ши амбыны өз сөзіне иландырып, “Сары ноқта”, “Қара шығын” салықтарын алдырып тастайды. “Қан божы” деп аталатын салықты ғана күшінде қалдырады. Әйтпесе қазақ рулары шекара асып көшіп кететін қауіп туады. Керімбай дүние салып, орнына Демежан үкірдайлыққа сайланғанда, ағайын арасының күңкілі ушығып, бір шындықтың беті ашылады. Ол шындық – Демежанның нәсілі Керей, Керімбайға бар болғаны жиен екендігі. Елі үшін еңіреп жүрген Демежанның іс-әрекеті, ұлықтар алдындағы беделі отбасынан асар ойы жоқ кейбір биліктегілердің ішін тарылтып өзіне өшіктіре түседі.
Демежан – бәрінен де биік тұрған тұлға. Не әрекет қылса да еліне пайдалы істі ойлап жүрген азамат Абдыра мен Қараүңгір өзендерінен тартылатын екі тоған суға қағаз жасатып, оны Іле жаңжұңына бекіттіртіп алған. Осы жайт халдайлардың Демежанға деген өшпенділігін қоздырады. Оңтайлы сәтінде олар Демежанды ықтырып алғылары келгенмен, досына дархан, жауына өр болып жаралған Демежан бой бере қоймайды. Реті келгенде алмастай тілмен орып түссе, кейде күшпен де айбат көрсетеді. Әр кезде әлсіздің қорғаны болып жүрген аптал азаматтың жауы көбейген үстіне көбейе түседі. “Жау — жағадан алғанда бөрі — етектен” дегендей, халдайлардың араздығы аздай, өз басының ғана қамын жеген пасық қандастары Демежан айналасына тор құрып, тынысын тарылта түседі. Демежанның атақ-абыройын қызғанған Ысқақ халдайлармен ауыз жаласып, Демежанның көзін құртпаққа бекінеді. Ысқақтың ойынша – Демежан оған үлкен кедергі. Ел ішіндегі ұрлық-қарлықты тыю үшін жасаған әрекетін де жаулық деп қабылдаған Байсерке сияқтылар да солармен жақтасады. Ақыры Демежанға қастандық оғы атылады. Атушылар – Дохалдайдың бұзақы інісі Бужыңқа мен Ысқақ. Алайда, оқ дарымай, Демежан аман қалады. Тоған суына талас кезінде халдайлармен арада болған қақтығыста әбден ызаға булыққан Демежан халдайлардың басшысы Дохалдайдың айдарын кесіп алады. Бұл оқиға Демежан басына үйірілген бұлтты қалыңдата түседі.
Құлжаға Демежанның үстінен арыз айтпақшы болып, Дохалдай аттанса, оның соңынан ұрлығы үшін абақтыда қамалып жатқан Байсерке аттанады. Екеуі бірігіп, Демежанға қарсы іс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы Демежанға жабылған жаланы ұлғайтып, оны қамауға алады. Ең ауыр жаза – дарға асуға үкім шығарады
Маншың өкіметі құлап, Матен амбы да қор өліммен өлген. Демежанның өзі өлсе де, ісі өлмеген. Өзі отырықшылыққа үйреткен ел егіншілікті кәсіп қылып, күн көруде. Демежан тоғанының кілтін ұстаған, егінші қауымға ақылшы аға болған Бөке қарт, оның айналасындағы адамдар Демежандай дегдар азаматты ауыздарынан тастамайды. Кезінде Демежан салдырған мешіт-медрелесер халық игілігіне қызмет етуде.
Менің ойымша, жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-әрекеттерін, оның ойын әлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап, жамандықты ұмыту қажет. Әрине, бұл оңай емес, бірақ бәріміз де пендеміз, бәріміз де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнәләрді кешіріп, жақсылықты есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп ойлаймын
26. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінде Балзия шекара асып, елді бастап Қытай жеріне кетеді. Қалай ойлайсыз, бұл шарасыздықтан ба, әлде жеке бас амандығын сақтау ма? Ойыңызды дәлелдермен жеткізіңіз.
Заманай мен Аманай" - Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр береді «Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады. Тазалықтың туасы тектіліктен екендігін дәлелдей отырып, арттағы атамекеніне қайтар ертеңін дәтке қуат еткен күшті характер иесі. Жалғыз ұлы Заманайын туған еліне жеткізе алмаса да, одан қалған жалғыз тұяқ немересі Аманайды кіндік қаны тамған Отанына оралтуға бар күшін салады. Автор бар өмірінде көрген қиыншылығы аздай, қартайғанда ауру, өлмелі кемпірдің тау асып, тас кешуі – Отанға деген махабаттан туған жанкештілік дейді. Осыдан аттай елу жыл бұрынғы жіберген кемшілігін түзеу, бабалардан тағылым алу, «тойған жерінде емес, туған жерінде» қалу оның арманына айналады.
Шығарманың түйіні, Балзия ананың өзін құрбан етуі, ұрпағының болашағы үшін, тәуелсіздік үшін талпынысы деген ой салады. «Кешір, кешіре гөр! Соңғы жолға Аманайымды жеткізе алмадым. Менің қыл көпірім де, соңғы сызығым да осы шығар. Мені осалдық жасады деме. Өйтпесем болмайды. Мені қарайлап, Аманайымның кетер түрі жоқ. Аш бала енді бірер күн аялдаса, шыдай алмайды. Аштықтан бұрлығып өледі».
«Бұдан әрі менің, қарағым, сүйретілер мұршам жоқ. Менің көзім жоғалса, күдер үзіп, Аманайым да бұл арадан тезірек кетер. Елді табар. Барым осы, кешір» – деп С.Жүнісов қаһарман бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін, өмірдің қонағы емес, қожасы болсам деген өршіл талабын оқушы зердесіне шеберлікпен жеткізеді.
Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп беріп, туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын, қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап, су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады. Қорыта айтар болсақ жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүргегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.
25. М.Шахановтың «Танакөз» поэмасының негізгі идеясы - адал достықты өз ортаңыздағы достарыңыздың іс-әрекетімен байланыстырып жазыңыз.
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес,бірегейі. Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың«Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптейді.