ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 247
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл поэма қазақ жастарына, сол арқылы бүкіл қазақ ұлтына түзу бағыт сілтеді. Шынайылықты, адалдықты, ұлы достықты дәріптеген бұл шығармасында ақын жалаң насихаттың жетегінде кетпейді. Мұхтар ақын үшін байлықтың үлкені, оның ұғымындағы ұлы достық оп- оңай қол жеткізетін нәрсе емес. Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар ұлы достықты бойына жинақтай білуің шарт. «Танакөз» поэмасы осы ретте көпшілікке ғибратты бағыт сілтейді. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызың түсіндіреді. Екі достың ғашық болған Танакөзі ол бір махаббаттың мөлдірі, сүйіспеншіліктің сусыны, алғашқы екеуі бірдей гүл ұсынғанда Мұраттың бойынан қызғаныш оты шарпып өтсе де, ес тоқтатып сезімді ақылға жеңдіреді. Танакөзді өзі ішінен қимас, силас досына ұйғарады. Өзі Зеркүлге үйленеді.
Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді. Поэма адамдардың тағдыры, мінезі, кейіпкердің ой-толғанысы арқылы ашылады. Ақын лирикалық қаһармандарының рухани биіктігіне сүйсіну арқылы оқырманнын да достық пен махаббаттың ұлы қасиетіне үнілуге шақырады. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.
Өзіне мінез-көркі, рухы сай адал жар табу қашан да ер жігіттің басты арманы болып келді және бола да бермек. Шындап сүйе білу – қашан да зор талант. Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп. Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні де содан. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаң өмірге қадам басасыздар.Армандарыңыз орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,-Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп,рухани бай болуға шақырамын
21. Ә.Нұрпейісовті «Арал Хиросимасының куәгері» деп атаған қырғыз режиссёрі Болат Шәмшиевтің пікіріне «Соңғы парыз» дилогиясынан дәлелдер келтіріңіз.
«Ә.Нұрпейісов «Соңғы парызда» бүтін бір ғасырдың сұмдық зұлматымен жекпе-жек шығып, онымен есеп айырысуға кіріскен деуге болады. Бұл – нағыз лирикалық эпопея! Әрине «Соңғы парыз» ажал аузында жатқан теңіздің азалы жоқтау жыры ретінде де өте тартымды оқылады «Міне көз алдымызда бір кездегі арнасынан асып, ақтолқынын аспанға шашып жататын алып теңіз ауру меңдеген адамдай жантәсілім еткелі жатыр». «Арал теңізі жойылып барады. Ауа уланған. Халықтың күнкөрісі қиындап кетті. Олар соған қарамастан ата-бабасының сүйегі жатқан, өздері жар құшып, ұрпақ сүйген туған жерінен табан аударып басқа жақтағы ешбір жұмаққа барғысы келмейді. Жаратқанның осынау керемет көркем де ақылды ұрпағы мұндай жантөзгісіз, мұндай қорлық жағдайда өмір сүрмеуі керек еді ғой. Жаны да, тәні де қансыраған оларды сор мен тұз жегідей жеп, кеміріп жатқан осынау қасіретті өңірге құрбандық қылуға болмайды ғой!». «Соңғы парыз» ең әуелі өліп бара жатқан теңіз туралы зілмауыр қайғы-қасірет пен сол ажал алдындағы теңізге арналған ащы зарлы мұңлы әуен ретінде керемет тартымды. Бұл – романның негізгі арнасы. Жанының азалы жыры. «Бір кездері арнасына сыймай асып-тасып жататын алып теңіз енді міне, сенің көз алдыңда адамзат баласының ашкөздігі мен санасыздығының құрбаны болып, ауруы әбден меңдеген адамдай азаптан қатты қиналып өліп барады». «Арал ажал аузында. Ауа уланған. Халық кедей. Сол халық сөйте тұра туған жерін, ата-бабадан қалған, кіндік қаны тамған, ғасырлар бойы тамыр жайған жерін тастауға қимай әлі де осында табан аудармай өмір өткізуде. Егер әділдік дегеннің жер бетінде бар екені рас болса, адам баласы мұндай қорқынышты да қорлық пен мазаққа толы жағдайда тұрмауы керек еді ғой!» «Осы бір күл үйінділерін суырып, көкке ұшырып аңызақ жел еседі. Бүгінде балықшылар поселкесінің ақсақалды қарттары ғана осы бір репеті жаман құланды төбешіктердің маңынан өтіп бара жатып мұнда қашан, кім тұрғанын есіне түсірген болады. Міне, мынау Кәленнің үйінің орны, оның қасындағы Достың үйіне таман сірә, Мөңкенікі болу керек. Ал анау жарқабақтың басындағы ысырма құмның астында қалған от орнындай ғана кішкентай төбешік – баяғы аңғал-саңғал болып тұратын берекесіз Судыр-Ахметтің үйінің орны ғой.» …
Көрнекті қырғыз режиссері Болат Шәмшиев «Соңғы парызды» оқып шыққаннан кейін авторға жазған хатында Әбдіжәміл Нұрпейісовті «Арал Хиросимасының куәгері» деп атайды. Хатынын үзінді келтіріп өтсек.: «ХХІ ғасырдың кіреберісінде беті ашылған, іркілмей айтуға болатын үлкен бір қасірет болса, ол – «Жаһандану» деп аталатын құбыжықтың адамзаттың қарсы алдында аузын арандай ашып тұрғандығы туралы болуы мүмкін. Ол әлдебіреулер таңдап алған қасіретті жолдың үстінде тек адамдарды емес, сонымен бірге Жер деп аталатын бүкіл ғаламшарды жойып жіберуге дайын тұр. Сондықтан егер осы тақырыпта әлі де жазар болсаңыз, мына «жаһандану» (глобализация) деп аталып жүрген тажалдан сақтандыруға көбірек көңіл бөлгеніңізді қалар едім. Ойлап көріңіз, төрт құбыласы түгел қарһәлләзи Еуропа да, семіздіктен жарыла жаздап жүрген Америка да оған бас қатырмайды. Оларға керегі де сол. Олар бізге қарағанда әккі де тісқаққан ақылдылар ғой, не нәрсені де теориямен, ережемен есептейді. Бірақ Жапонияға ядролық бомбаны тастап кеп жібергенде ғана зәресі зәр түбіне кетті. Ал Аралда не болып жатқанына олар әзір пысқырмайды да, бас ауыртпайды. Тіпті Алматы мен Бішкектегілердің өздері де бұл сұрапыл сұмдықтың байыбына баруға жетесіз болып отырғанда америкалықтарға не жорық?! Қазір ажалдың өңешіне қара құрдымға қарай кетіп бара жатқан жердің зарын, бүгінгі тіршілік атаулыға қатар төніп тұрған қауіп-қатерді айтып, жаһанға жан даусымен айқай салу үшін тек Сіздегідей жүрек, Сіздегідей сана керек!» - деген болатын Ал оны ары қарай Н.Анастасьев пікірімен жалғастырар болсақ, былай дейді: «Жеке өз басым «глобализм» - жаһандану дегеніміз дәстүрлі сана мен постиндустриялық сананың тоғысындағы әлемдік кеңістіктен бағыт-бағдар табуға тырысушылықтың бір түрі деп білемін. Ал мұндай тоғысу апатқа, міндетті түрде дағдарысқа, тіпті ұлы жарылысқа да әкеледі. Ал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парызында» тек Аралдың емес, бүкіл жұмыр жердің тас төбесіне келіп төніп тұрған экологиялық апат туралы терең ой, саналы адамзаттың қабырғасын қайыстырар қайғы дерті жоқ дей алмайсыз» Бұл айтылған пікірлерден авторға айтылған бағаны көріп отырсақ, бір жағынан елге деген жанашырлық танытуды, қолдау білдіруді көріп отырғандаймыз. Бұдан шығатын қорытынды адам табиғаттың сақтау керек, яғни, біздің парызымыз-
экологияны сақтау.
18. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында «Мәңгілік қазақ» бейнесінің сомдалуын өлең жолдары арқылы талдаңыз.
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен – қазақпын» поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы
асқақтата көркемдеп жырлай білді. «Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен»... деген өлең жолдарынан — ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.
«…Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым», —
деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән — күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:
….Күй емес пе, ботасыз нар идірген?
Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?–деп, қазақ халқының ән — күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:
Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді… —
деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.
«Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті...»,—деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Мен — қазақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән — салтанат, салтымды сүйемін мен, —
… Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.
Қазақстан гербі де, жалауы да, —
деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.
Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —
Айта бергім келеді, айта бергім, —
деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. « Мәңгілік ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – «Мәңгілік қазақ» перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!-деп айтқан Елбасының сөзімен эссемді қорытындылай келе ұрпаққа ,яғни, бізге артқан сенімімінен шығамын деп ойлаймын.
20. Т.Ахтанов романының «Шырағың сөнбесін» деп аталу себебін оқиғалар негізінде талдап, көзқарасыңызды мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.
Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.
«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – СОЛ. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын СОЛ тірі жан иесі... ». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «СОЛ». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «СОЛ» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын.
Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей. Өмір үшін күрес дегеніміз не? Менің ойымша, өмір үшін күрес – алдағы толқын жолдарға төтеп беру, мойымау, қиындықтарды жеңе білу.
Сөзімді қорытындылай келе, «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкер тағдыры келешек ұрпаққа үлгі. Себебі қайталанбас батырлық пен жау тылында жаумен бетпе-бет келу кез-келген адамның қолынан келмейді. Өшпес тұлғалар ерлігі ел есінде. Нәзирадағы ерлік өз болмысын аша түскендей. Аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Нәзирадай рухты қазақтың ұл мен қыздары көп болса игі еді. Еліміздің болашағы – рухты жастар қолында!Е ндеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!