ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 249
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Батырбай. Жақыпбек Батырбай өткізген сабақтарға қатысып түңілді. Жауынбаев бесінші, алтыншы сыныптарға арналған тоз-тозы шыққан кітапты алып келіп, балаларға кезектестіріп оқытып қояды. Оқушылардың сұраған сұрағына жауап бермейтін Батырбайдың сабақ беру әдісінің осал әрі тиімсіз екендігін ұқты. Жақыпбек мектеп директоры Күдеріден Батырбайдың ісі туралы сөйлесіп, талай рет ұрысып қалды. Сонда да өз айтқанынан қайтпай, осы істі түбегейлі өз жағына шығару үшін тер төкті. Ақыры айтқаны орындалып Батырбаймен қош айтысты.
Осыдан кейінде мектепте көптеген өзгерістер орын алды. Оқушылар физикадан, биологиядан, химиядан алған білімдерін колхоздың бай шаруашылығында қолданды. Ауыл мен мектеп арасындағы бірлік күшейді. Ауыл өмірінде кең тыныс пайда болды. Осы тыныс ауыл мен мектепті бір-біріне егіз қозыдай етіп, ұжымдасуына себеп болды. Оқушылардың колхоз өміріне араласуы, ауылдың көркін күшейте түсті. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, балалардың шаруашылыққа деген көзқарасы күн санап өзгерді. Ауыл тынысы мектеп тынысына айналып,махаббаты жарасқан жұптай жұбын жазбады.
Жақыпбек ауыл болашағының жарқын болатынына кәміл сенімді болды. Ол күлімсіреп, бұл тек алғашқы айлар ғой деп іштей қуанды. Оны алдағы уақыттағы ауыл өмірі қатты қуантты. Бар әлемді құшағына сыйғызып тұрғандай, Жақыпбек іштей қуаныштан жылап, айға көз қиығымен ұзақ қарады.
«Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Қорыта айтқанда, «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбектің өз заманындағы жаңашыл ізденістерін көреміз.
16. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы негізгі кейіпкер Абдолланың ерлігі көзсіз батырлық па, әлде Отан алдындағы міндет пе? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов...
Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға.
Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.
«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.
Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы, майданда көрсеткен ерлігі туралы. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
Жалын тілі тұрды сүйіп... Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап.
Өрт топанып кешіп Нұхтай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап.
Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады.
Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады
15. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Аман бейнесіндегі мінез өзгешеліктерін талдап жазыңыз.
Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды ұжымдастыру дәуірінің шындығын суреттеуде Ғабиден Мұстафиннің « Дауылдан кейін » атты романының елеулі мәні бар.Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз». Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр. Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы. Намысшыл. «Бұл – Аман. Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла
бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды». «Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр. «Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі. Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.
13. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат» дастанындағы жақсылықтың салтанат құруын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға Мәшһүр Жүсіптің нәзира дәстүрімен жазған осындай шығармаларының бірі «Гүлшат-Шеризат» дастанының оқиғасы Бағдат патшасының балаға зарығу желісінен басталады. Бұл желі көптеген халықтардың ертегі-аңыздарында бар. Шығарма оқиғасы одан әрі былайша өрбиді: патшаның тілеуі оңынан болып, әйелі бала көтереді. Алайда патша аңға шыққанда орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттанады. Ақырында осы жарақатынан айыға алмай дүние салады. Өлерінде өсиет етіп, өз орнына уәзірі Парахзатты қалдырады. Алайда «Егер әйелім ұл туса, менің мұрагерім сол болсын» деп қалдырған өсиетін Парахзат орындамайды. Ол қазынашы болған Барысты шақырып, әйелді өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерінен мәңгілік құтылмақ болады. Барыс 10 жігітпен әйелді өлтіріп тастайды. Бірақ Барыс баланы кім тауып алса, сол асырар деп қасына 10 гауһар мен хат қалдырады. Бала өліп жатқан анасының омырауынан 3 жыл қорек алып өседі. Баяғы арыстан да балаға тиіспей, керісінше аңдар да балаға қамқорлық жасайды. Бір керуен баланы көріп, оны бастап келе жатқан Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып өсіп, ер жетеді. Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп, Парахзаттың қызы Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып, сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесін өлтірмек болғанмен, Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды. Бұл желі атақты «Мың бір түндегі» Шехризаттың патшаны райынан қайтарып, мысал айтатын оқиғасына ұқсайды. Жыр адамгершілікке, имандылықа тәрбиелей отырып, екіжүзділік пен жауыздықты әшкерелейді.